Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Зін өзі тексеру сұрақтары



1. Тұрмыстық қарым-қатынастың түрлерін атап айтыңыздар

2. Таныстыру рәсіміне қандай талаптар қойылады?

3. Сәлемдесу мен қоштасудың қарым қатынастағы маңызы неде?

4. Өтініш білдіру ,келісу және келіспеуді, кешірім сұрау, қолдау-қолдамау сияқты әдеп қағидаларны орындаудың қандай шарттары бар?

5. Телефонмен байланыс жасау ережелері туралы не айтар едіңіздер?

 

Здік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Сөз басы– сәлем. Амандасу әдебі

2. Телефонмен сөйлесу әдебі

3. Отбасы әдебі

4. Дастархан басындағы әдептілік

5. Қоғамдық орындардағы әдептілік

6. Сыртқы келбет әдебі. Сән үлгісі.

7.Адамның қимыл- қозғалыс мәдениеті.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Ұ.Асыл, Ж.Нұсқабайұлы. Әдептің ауылы алыс па?. Алматы. «Білім», 2011, 304б.

2. Кәсіби этика. Ж.Ж.Молдабеков, А.Ә. Маханбетова, А.Ш.Оралбаева. Астана.2008. 160б.

3. Золотая книга этикета. Сост. В.Ф.Андреев. – М., «ВЕЧЕ», 2004. -400с.,

4. Алешина Л. Г. О вежливости, о такте, о деликатности… / Л. Г. Алешина. - 4-е изд., перераб. и доп. - Л. : Лениздат, 1990. - 257 с.

5. Безруких М. М. Я и другие Я, или Правила поведения для всех / М. М. Безруких. - М. : Политиздат, 1991. - 318 с.

6. Васильева-Гангнус Л. П. Азбука вежливости / Л. П. Васильева-Гангнус; худож. С. Алимов. - 3-е изд. - М. : Педагогика, 1988. -144 с.

7. Волгин Б. Н. Помогите телефону / Б. Н. Волгин. — М. : Радио и связь, 1983. -167 с.

Сөз сөйлеу әдебі

Жоспар:

1. Сөз сөйлеу мәдениеті әдептіліктің негізгі компоненті.

2. Мәдениетті сөйлеудің негізгі сапалары: сөз байлығы, түсініктілігі, нақты таза сөйлеу, шешен сөйлеу, сөз маржанын тере білу.



3. Күнделікті қарым-қатынас ерекшеліктері: тыңдай білу, пікір алысу, телефонмен сөйлесу. Жастардың сөйлеу мәдениеті және жаргондары.

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің,

салт-санасының негізгі өнеге белгісі.

Бауыржан Момышұлы

Сөз сөйлеу мәдениеті әдептіліктің негізгі компоненті. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңында»: «Тіл - ұлттың аса игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы - тілдің дамуына оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген. Болашақ мамандар өздерінің кәсіби дайындығы кезінде негізгі арнайы білімдерімен қатар сөз сөйлеу мәдениетін де жоғары деңгейде қалыптастырулары қажет, себебі ол жалпы әдептіліктің ең негізгі компоненті болып табылады. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз қарым-қатынас жасаудың тілдік құралдарын дұрыс таңдай отырып әдеби тілдің жазбаша және ауызша нормаларын меңгеру арқылы ойды айқын, әсерлі жеткізе алу. Кәсіби қарым-қатынас жасауда аталып отырған тіл мәдениетін толығымен меңгере алу көптеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.



Сөз сөйлеу әдебі дегеніміз кез келген жағдайларда сөздік, тілдік құралдарды дұрыс пайдалану ережелерінің жиынтығы. Әр маман үшін тіл мәдениетін меңгеру оның абыройының жоғарлауына, кез келген ортада өзіне деген сенім мен құрметке бөленуіне септігі мол. Ал адам бойында дұрыс қалыптастырған тіл мәдениеті оның тәрбиелілігі, жалпы мәдениеттілігі, тұлғалық сапаларының көрсеткішіне айналады. Қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетістіктерге жете алады, жұмысында да беделі, абыройы жоғары болып қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленеді, себебі адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалармен реттеледі.

Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті - кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшкліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады.

Тіл мәдениеті отбасынан басталып, кейіннен мектептің оқу-тәрбиелік үрдістерінде, жоғарғы оқу орындарында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Болашақ мамандар үшін ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасы мен тіл тазалығын сақтай жеткізе білу оның коммуникативтік құзыретілігінің көрсеткіші болып табылады.Сөз сөйлеу әдебін қалыптастыру үшін әр адам өздігінен білім алып, қосымша тренингтер, семинарларға қатысып, анықтамалық, лингвистикалық сөздіктермен жұмыс істеп үйренуі абзал.

Зертеуші мамандардың пайымдауынша тіл мәдениетінің жоғары болуына мынадай негізгі көрсеткіштердің болуы қажет:

1) Сөйлеген сөздің дұрыстығы - әдеби тілдік нормалардың сақталуы (лексикалық, морфологиялық, стилистикалық, синтаксистік). Сөйлеу барысында сөздің дұрыс айтылмауы тыңдаушының назарын бөліп оның мазмұнын толық қабылдауға бөгет болады.

2) Сөздің анықтылығы. Сөздің анық айтылуы тыңдаушылардың қызығушылығын оятып, зейінін күшейтіп сөйлесу процессінің нәтижесін тиімді қылады.Сөздің анықтылығы адамның ойлау қабілетімен, өз ойына деген сенімділігімен, тілдік стильдерді меңгергендігімен тығыз байланысты.

3) Сөздің нақтылығы адамның айтып тұрған нәрсесін терең білуімен, логикалық ойлау қабілетінің толық пайдаланылуымен, өз ойын нақты жеткізе алуымен, сөздерді орынды қолдана алуымен байланысты. Мысалы, емтихандағы студент өзінің нашар жауабын «білемін, бірақ соны айталмаймын» десе, ол оның білімінің жүйесіздігінің, үстіртін екендігін, шалалығының көрсетеді. Сонымен, адамның айтатын нәрсесі нақты болу үшін сол нәрсенің мән-маағынасын ол ең алдымен жақсы түсініп білуі керек.

4)Сөйлесу барысындағы сөздің түсініктілігі тілдік құралдардың дұрыс таңдалуына байланысты. Сөздің түсініктілігі біріншіден, адамның қай тілде сөйлеуіне байланысты. Екіншіден, адам өз тыңдаушыларының жас ерекшеліктерін ескеруі қажет, себебі күрделі ғылыми тілқаншалықты маңызды болғанымен, балалар санасына сыйымсыз болуы мүмкін. Үшіншіден, қай тілде болмасын (орыс, қазақ, қытай, ағылшын т.б.) жалпыға түсінікті, көпшілікке таныс сөздерді қолдану қажет.

5) Тіл байлығы - сөз байлығы. Әр адамның сөз байлығы оның лексикалық қорындағы сөздердің санымен байланысты болып келеді. Әдеби кітаптарды көп оқу, көптеген мағыналы бағдарламаларды тыңдау, газет-журналдарды көп оқу сөздік қордың байи түсуіне септігін тигізеді. Бірақ тіл байлығын тек сөз санымен өлшеу де дұрыс болмауы мүмкін, себебі ол адамның ой байлығымен де тығыз байланысты. Мысалы, өткен ғасырларда бұқаралық ақпарат құралдары болмаған кездің өзінде де қазақ даласында қаншама шешен-билеріміз, ақындарымыз, жырауларымыз, жазушыларымыз ой шеберлігінің шыңынан орын алып отырғанын ұлттық тарихымыздан білеміз. Ана тілінің мол байлығын игерген адам оның құдіретін, қадір-қасиетін түсіне алады. Зерттеуші мамандардың пікірінше қазіргі кездегі адамдардың сөздік қорында 7-9 мыңнан 11-13 мыңға дейін сөз қамтылады.

6) Тіл тазалығы сөйлеу әдебінің негізгі шараларының бірі. Тіл тазалығы – сөйлеу барысында қажетсіз артық сөздердің, бөтен, бөгде элементтердің болмауы. Қисынсыз қолданылған сөздер, немесе қажетсіз болса да қайталана беретін сөздер адамның тілін шұбарлап, тыңдаушының көңілін бөліп, онда жағымсыз әсер қалдырады. Мысалы, жаңағы, манағы, яғни, бар ғой, с.т.с. Адамның сөйлеу әдебін бұзатын осындай й сөздерді ғылыми әдебиеттерде паразит-сөздер деп атайды. Бұндай сөздердің қолданылуының себептері де әр түрлі: көпшілік алдында сөйлеудегі қобалжу, өз ойын сыртқа шығарудағы қиындықтар,сөздік қордың аздығы.

Сонымен қатар тіл тазалығына бір тілде таза сөйлеу де жатады. Қазіргі кезде екі тілді, немесе үш тілді араластырып сөйлеу де көп кездеседі. Қазақша сөйлеу барысында кейбір адамдар орысша сөздерді араластырып кететінін өздері де байқамай қалады. Мысалы, именно, пожалуйста, и, или, пока, неужели т.с.с. Тереңірек ойланып қарасақ, бөтен тілдердің сөздерін қосатындай қазақ тілі сондай кедей тіл емес. Бұл жерде сөзін алалап сөйлейтін адамның сөздік қорының кедейлігі байқалады. Осы тұрғыда тіл мәдениетін бұзатын диалект сөздерге де тоқталып өтуге болады. Диалект сөздер әр аймақтың адамына түсінікті болғанымен, қазақ тілінде сөйлеушілердің барлығына бірдей ұғымды болмауы да мүмкін. Мысалы, көршілес елдермен шекаралас жерлерде (Өзбекстан, Қырғызстан) тұратын адамдардың да сөйлеу ерекшеліктері көп байқалады. Мысалы, «қай жақта», «мына жақта» деген сөздердің орнына «қа йақта», «ми йақта» деген сөздерді естігенде өзіміздің ұлттық тіліміздің бұрмаланып бара жатқанын сезіп, жанымыз ашиды.

7) Айтылған сөздің мазмұндылығы ондағыберілген ойдың тереңдігімен, сезімге әсерлілігімен, мағыналылығымен, өзектілігімен, шынайылыққа сай болуымен анықталады. Әр сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөзді тыңдаушының санасына сіңетіндей жеткізуге тырысу қажет.

8)Сөздердің қажет еткенде бейнелі, көркем, эмоциялы болуы. Адамның сөйлеу интонациясының, дауыс ырғағы мен оның қойылымының өзін дұрыс ойластыру қажет, себебі сөздің қандай көңіл-күймен айтылып тұрғандығы да маңызды. Сөйлемдер арасында пауза - үзілістер жасау арқылы адам тынысын түзейді. Сөз сөйлеу әдебінде интонацияны да дұрыс қадағалап отыру өте маңызды. Интонацияға қарай адамның қандай көңіл күйде сөйлеп тұрғанын аңғаруға болады. Мысалы, интонация арқылы адам өз пікірін мәнерлі, жағымды, көркем етіп жеткізіне болады.

Әдеби тілдің өзгеріске ұшырауы заманауи технологиялардың дамуына, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өзгерістеріне, салт-дәстүрлердің қалыптасуына тікелей байланысты болып келеді. Осыған байланысты сөйлеу әдебінің де әр-түрлі жағдайларға сай нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады.

«Сөз атасы - сәлем» дегендей, амандаспай тұрып әңгіме бастау әдепсіздіктің белгісі болып табылады. Кез келген мекемеге келгенде кірген адам бірінші амандасуы керек. Ал мекемеден шығып бара жатқанда қалған адамдармен де кетіп бара жатқан адам бірінші болып қоштасуы керек. Кейбір бастықтар өзінің лауазымы жоғары болғандықтан бірінші болып амандаспайды, бұл дұрыс емес.

Сөйлеу әдебінің жағымды жақтары ретінде сыпайылықты білдіретін «кешіріңіз», «рұқсат етсеңіз», т.б сөздер қандай адамға болмасын жарасымды.

Адамның сөз сөйлеу әдептілігі оның әңгімені қалай бастап, қалай қостап, қалай аяқтағанынан да байқалады. Егер таныс емес адамдар арасында сөз сөйлеу керек болса міндетті түрде адам өзін бірінші таныстырып өтуі қажет. Содан кейін тыңдаушылардың жұмыс ерекшеліктерімен, қызметтерімен танысып, жалпыға ортақ қызықты тақырыптар аясын анықтауға болады. Әрине, әңгіменің қызықты болуы адамның қандай ақпараттармен бөлісуіне байланысты. Неғұрлым адам жан-жақты білімді болса, көп нәрседен хабардар болса (саясат, өнер, ғылым, музыка, спорт т.б.), ондай адаммен сөйлесу тартымды болады. Бұндай ортада адам өзінің жеке бас проблемаларын көп айтудан аулақ болғаны абзал, себебі ол мәселе оның өзі үшін өте өзекті болып тұрса да, басқалар үшін қызықсыз, мүлде орынсыз болуы мүмкін. Әңгіме барысында біреулерді жамандау, кемшіліктерін көпшілік алдында талқылау арқылы өзін жоғары көрсетуге тырысу – әдепсіздіккке жатады. Оған қарағанда кішіпейілдік, кешірімділік, түсінушілік сияқты қасиеттер әр адамның беделінің биіктеуіне анағұрлып көп септігін тигізеді.

Адамдар арасындағы сөйлеу әдебінде тек сөйлеу шеберлігі емес, сонымен қатар әңгімелесушіні мұқият тыдай алуға да үйрену қажет. Кейбір адамдар осы қажетті қасиет арқылы да өздеріне көпшіліктің назарын аударта алады. Әр адамның сөйлеу мәнері, ілтипаттылығы оның абыройын жоғарлата түседі.

Әңгімелесуші адамның сөзін бөліп-кесіп тек өзіңізді ғана тыңдату әдептілікке жатпайды. Керісінше, оған қолдау көрсетіп, сөзді жалғастыруға байланысты сұрақтар қойып отырсаңыз, әңгіме тиімді нәтижесін күткізбес.

Әңгімені дұрыс аяқтай алу да адам туралы жақсы пікір қалдырады. Сөзді аяғына дейін тыңдамай кетіп қалуға болмайды. Қатты асығып тұрғанның өзінде кешірім сұрап, шұғыл шаруаларыңыз бар екенін ескертіп, қоштасып кеткеніңіз жөн. Көпшілік отырған жерде сыбырлап сөйлеу мәдениетсіздікке жатады.

Қазіргі жастар арасында жаргон сөздер де көп қолданылады. Жаргон (ағылш. slang; jargon;) – әлеуметтiк диалект. Жаргонизмдер деп әдеби тілге жатпайтын, кейбір өзіндік қызығушылықтары қалыптасқан әлеуметтік орталарда ғана қолданылатын сөздерді атайды. Жаргон сөздер көбінесе жастардың тілдерінде бір сөзді қысқартып, немесе басқа тілден енген сөздерді бұрмалау ретінде қолданылады. Мысалы, университет-универ, общежитие-общага, компьютерный клуб-комп, т.с.с. әрбір әлеуметтік ортаға байланысты жаргон сөздердің түрлері де өзгеше қалыптасады: әскери жаргон, журналисттiк жаргон, қылмыстық жаргон, студенттік жаргон, Интернет жүйесіндегі жаргондар т.б.

Ал енді телефонмен сөйлесудің өз заңдылығы бар екенін барша адамдарға білу қажет:

· Егер Сіз біреуге телефон соқсаңыз міндетті түрде алдымен амандасып, өзіңізді таныстыруыңыз керек;

· телефон тұтқасын көтере сала амандаспай тұрып «маған пәленшені шақыршы» деп айту мәдениетсіздіктің белгісі;

· егер Сіз бір мекеменің хатшысы болсаңыз, телефон тұтқасын көтере сала «Алло» деу әбестік. Оның орнына «бұл Сұңқар» фирмасы, сізді тыңдап тұрмын» деу керек;

· телефонда ұзақ сөйлесу әдепсіздік. Телефон әсіресе жұмыс орнында тек қызметтік байланыстарға арналғанын ұмытпаңыз.

· Еер Сіз қателесіп басқа номер теріп қалсаңыз, онда тұтқаның арғы шетіндегі адамнан кешірім сұрап, қайтадан жаңадан телефон соғуға болады.

· телефон тұтасын қоярда «Сау болыңыз» деуді ұмытпаған жөн.

Сонымен, сөйлеу әдебінің басты шарттары: сөзді аяғына дейін тыңдау, дауыс көтермей сөйлеу, сөйлеу барысында байсалды болу, сөйлесіп тұрған адамның жанарына тіке қарау, мейілінше сыпайы болу, өзіңді таныстыру, сәлемдесу, нақты сөйлеу, мүлдем таныс емес болса сыпайылықпен танысу, сөзді орынды қолдану т.б. жатады. Тек осы шарттарды сақтай отырып шынымен тіл мәдениетін меңгеруге болады.

 

Зін-өзі бақылау сұрақтары

1. Сөз сөйлеу әдебі дегеніміз не?

2. Сөйлеген сөздің дұрыстығы дегеніміз не?

3. Сөздің анықтылығын қалай түсінесіз?

4. Сөздің анықтылығына сипаттама беріңіз.

5. Сөйлеу мәдениетіндегі тіл байлығы қандай роль атқарады?

6. Тіл тазалығы дегеніміз не?

7. Диалект сөздер дегенді қалай түсінесіз?

8. Жаргон сөздер дегенді қалай түсінесіз.

9. Сөйлеу әдебінің қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?


Просмотров 1399

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!