Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Дептілік – мәдени қарым-қатынас таратудың формасы



Жоспар:

1. Әдептілік тұлғаның қоғамдағы мінез-құлық формасы. Әдептілік қарым-қатынас мәдениетінің жиынтығы.

2. Қарым-қатынас және оның компоненттері

3. Қарым-қатынас құралдары:

а) вербальды (тіл, ырғақ, дикция, сөйлеу темпі)

ә) вербальдық емес (қимыл іс-әрекеті, бітім көрінісі, бет қимылы, тұлғааралық арақатынас).

 

Әдептілік тұлғаның қоғамдағы мінез-құлық формасы. Әдептілік қарым-қатынас мәдениетінің жиынтығы. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Адамдардың сүйікті қызметімен айналысуы тек қоғамдық өндіріс саласындағы жұмысты ғана емес, сонымен қатар жұрттың бәрі қабылдаған қажетті қарым-қатынас ережелерін пайдалануды керек етеді. Бұл ретте тұлғаның мінез-құлқы ерекше мәнге ие.

Мінез дегеніміз адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның бірсыдырғы тұрақты және тұрлаулы жекебас қасиеті. Мінез-кең мағыналы ұғым, онда кісінің әртүрлі қасиеттері мен сапалары тоғысып жатады. Мінез- құлық адамның өмір сүру формасы мен жағдайына орай тәрбие үдерісінде қалыптасып, олардың өзгеруіне байланысты өзгеріп отрырады. Дегенмен, қоғамдық қарым - қатынас әдебінде әр жеке тұлға өз мінезін сол қоғамдық тәртіп пен талапқа сәйкестендіруі тиіс. Қоғамға деген мәдениеттілік қарым-қатынас ережелерін тұлға отбасында, мектепте, ЖОО және әртүрлі әлеуметтік ортада үйренеді. Ең бастысы мәдени әдептілік қарым-қатырастар ережелерін сақтай білу адамды мәдениеттілікке, әдептілікке әкеледі.



Әдептілік қарым-қатынас мәдениетінің жиынтығы ретінде тұлғаның адамгершілік мұраттарын жүзеге асырады. Сол себепті қалыптасқан әдеттерді, қалыптарды қайта құру қиын болса да, оқу мен үйрену ешуақытта аздық етпейді. Олай болса, күнделікті өмірде кездесетін жағдайларда адамның өзін-өзі қалай ұстау керектігіне тоқталып көрейік. Адам үнемі өзгелермен қарым қатынаста болады себебі жеке дара, оқшау өмір сүру мүмкін емес. Ендеше, қоғамдық орындарда қажетті қарым-қатынастар ережелерін талқылайық. Қалай сәлемдесу керек, қашан «сіз», «сен» деп сөйлесу керек. Дүкен және асханада, кинонемесе театрда және барлық қоғамдық орындарда қалай өз-өзімізді ұстауымыз керек? Осылардың бәрін жинақтай келе адамгершілік, мәдениеттілік, әдептілік нормаларын күнделікті өмірде, сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындау қажеттігін бүкіл болмысымызбен түсініп, пайдаланатын болсақ, ешуақытта қор болмаймыз. Мінез-құлық ережелерін қатып қалған қағида деп қарастыруға болмайды. әртүрлі халықтар әртүрлі өмірлік жағдайларда оларды сол жағдайларға сай қолданады. Бірақ барлық ережелердің бәріне ортақ қағида өмір қуанышы көңілді жай-күй, денсаулық негізі – қайрымдылық, қажеттілік және гигиена талаптарының орындалуы болып табылады.



Қарым-қатынас, оның компоненттері.Адамдар арасындағы қарым-қатынас, өзгелермен тіл табысу әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығына, ақыл-ойына және т.б. байланысты жүзеге асады. Тіл табысып, өзгелермен қатынас орнату адамның өзінің талап-тілегін, ынта-ықыласын, көзқарасын жете түсінуін талап етеді.

«Қатынас» түсінігінің көп қырлы анықтамасының болуы негізінен осы мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастар мен тәсілдердің болып келгендігіне байланысты. Қатынас – адамдар арасындағы байланыстардың қалыптасуы мен дамуының көп қырлы күрделі процесі.

Тәжірибеде «қатынас» және «қарым-қатынас» ұғымдарын көп шатастырады. Олар бір-біріне жақын, бірақ сәйкес келмейді. Қатынас – белгілі бір қарым-қатынас процесін жүзеге асыру.

Қарым-қатынас – бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы іске асады.

Қатынас құрылымының біз өзара байланысты үш жағы:

Коммуникациялықадамдардың өзара апарат алмасуы;

Интерактивті адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;

Перцептивтік – адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.

Қарым-қатынас стратегиясы:

- ашық-жабық;

- монологтық-диалогтық;

- Рөлдік-тұлғалық.

Ашық қарым-қатынас – өз ой-пікірін жеткізе білу және басқа адамдардың позицияларын, пікірлерін есепке алу. Жабық қарым-қатынас – жағдайға қатысты өз ой-пікірін білдіре алмау енмесе білдіргісі келмеу. Сонымен қатар «бір жақты сұрау» және «мәселені истерикалық түрде ұсыну» деген қарым-қатынас стратегиялары да болады. «Бір жақты сұрау» - жартылай жабық қарым-қатынас, мұнда адам өз ой-пікірін айтпай, басқа адамның ой-пікірін білуге ұмтылады. «Мәселені истерикалық түрде ұсыну» басқа адамның ой-пікірін сұрамай, өзінің мәселесі мен сезімдерін ашық түрде білдіру.

Қарым-қатынас тактикасы - қарым-қатынас ережелерінің техникалары мен білімдерін қолдану негізінде нақты бір жағдайда қарым-қатынас стратегиясын іске асыру тәсілі.

Қарым-қатынас техникасы – қарым-қатынас икемділіктерінің жиынтығы: сөйлеу және тыңдау.

Жұмыс бабындағы қатынас – іскерлік қатынас деп аталады. Іскерлік іс-әрекетті формальды деп атайды, күнделікті тұрмыстық – отбасылық қатынасты формальды емес деп атайды.

Іскерлік қатынасбелгілі бір нәтижеге жетуде, нақты проблемаларды шешуде, белгілі бір мақсатты жүзеге асыруда және іс-әрекет, ақпарат алмасуда көрінетін байланыстар мен іс-қимыл процесі.

Қарым-қатынас құралы: вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Сөйлеу – қажеттілік қарым-қатынасты реттейді. Жай сөйлеу үшін деп қарау ағаттық, жүйелі ой, сөйлей білу-рухани таным денгейі. Өз тіліңді білу-ұлттық парыз. Өзге тілді білу- өнер, өрелік. Тіл – негіз (қазына). Сөз- түрткі (мотив).

Қатынастың екі түрі бар: вербальды және вербалды емес. Сөз көмегімен жүзеге асатын қатынас вербалды деп аталады. Вербальды емес қатынаста ақпарат алмасу вербальды емес белгілер (дене тұрысы, мимикалар, дауыс ырғағы, көзқарастар т.б.) арқылы жүзеге асады. Сөз адамның зияткерлік ой-түсіні ретінде қызмет етеді. Сондықтан да сөйлеу әртүрлі идеяларды бекітуге, таратуға, бірлескен іс-әрекетті үйлестіру үшін, адамның ішкі көңіл күй толғаныстарын ой елегінен өткізу үшін, басқа адамдармен өзара қарым-қатынас үшін тиімді қолданылады.

Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады:

1. Cөздердің мәні мен мағынасы сөздері нақты, дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру;

2. Тілдегі дыбыстық құбылыстар – сөйлесудің темпі, ритмі, иннотациясы, дикциясы, дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі, тембрі.

3. Дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар. Мысалы. Күлу, жылау, сыбырлау, т.б.

Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша, күнделікті қарым-қатынастың 7 пайызын сөздер, 40 пайызын дыбыстар, 53 пайызын тілдік емес өзара әрекеттесулер құрайды.

Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдардың пайымдауынша :

1. Кинестика адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді.

· Мимика бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді.

· Жестика дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді.

· Пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрысын, енкею, қисаю т.б. қалыптарын зерттейді.

2. Тактика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтасу, сипау т,б. денеге тию әрекеттерін зерттейді.

3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді. Адамдардың өзара байланысында келесі арақашықтық зоналары белгіленеді:

Мимика – адамның ішкі эмоционалды күйін білдіретін бет-әлпет бұлшық еттерінің қозғалысы. Мимика адамның көңіл-күйі туралы нағыз, дәл ақпарат береді. Ақпараттың 70 пайызынан көбін мимикалық көріністер береді, яғни адамның көзқарасы, қасы, ерні, мұрны оның айтқан сөздеріне қарағанда көп мәлімет береді.

Ым-ишара қарым-қатынас барысында көп ақпарат береді.

Ым-ишараның негізгі түрлері:

1. Иллюстраторлық ым-ишаралар – мәлімет беретін ым-ишаралар: белгілер, пиктография – суреттердің бейнелері, кинстография – денемен қозғалыс, идеографтар ойдағы заттарды біріктіретін қолдардың қозғалысы.

2. Реттегіш ым-ишаралар адамның белгілі бір нәрсеге көзқарасы мен сезімін білідіретін ым-ишаралар. Мыс. күлу, бас изеу, т.б.

3. Эмблемалық ым-ишаралар – қарым-қатынастағы сөздерді белгілі бір қимыл-қозғалыстармен ауыстыратын ым-ишаралар.кол көтеру, рахмет деп бас изеу.

4. Адапторлық ым-ишаралар – адамның қолдарының қозғалысымен байланысты әдеттері. Мыс. басқа адамға қол тигізу, қолдағы заты ұстау, сипау, т.б.

5. Аффекторлық ым-ишаралар – дене және бет-әлпет бұлшық еттерінің қозғалысы арқылы белгілі бір эмоцияларды білдіретін ым-ишаралар. Мыс. көз қиығының қозғалысы, беттің қызаруы, т.б.

Қарым-қатынас барысында кездесетін ым-ишаралардың түрлері:

· баға беру /иегін қасу, тұрып ары бері жүру/;

· өзін-өзі сендіру ишарасы – /орындыққа отырып тербелу/;

· өзіне-өзі сенімсіздік немесе тыныштық таппау ишарасы – саусақтарын қиылыстыру, алақанын шымшу, саусақтарымен столді тықылдату, орындыққа отырар алдында оны тексеру./

· өтірік айту немесе бір нәрсені жасыру ишарасы – қолымен аузын жабу, мұрнына қолын тигізіп отыру, дененің басқа жаққа бұрылуы, көздің ары-бері жүгіруі т.б.

· өзін-өзі бақылау ишарасы – бір қолын екінші қолымен қысып арқасының артында ұстау, орындықта шынтақты тіреп отыру.

· келіспеу ишарасы – қолдарын кеудесінің үстінде қиылыстырып ұстау, денесінің артқа қарай бағытталуы, саусағымен мұрнының ұшына тию.

Осындай ишараны түсіне білу адамдардың мінез - құлық ережелерін ажыратуға, кімнің кім екенін білуге жақсы көмектеседі.

Зiн өзi бақылау сұрақтары

1. Тұлғаның қоғамдағы мінез-құлық формасы қандай болуы керек?

2. Неліктен әдептілікті қарым-қатынас мәдениетінің жиынтығы дейміз?

3. Қарым-қатынас және оның компоненттері туралы не айтар едіңіздер?

4. Қарым-қатынастың қандай құралдары бар? Оларды қалай ажыратуға болады?

5. Қоғамдық мәдениетті сақтаудың қандай ережелерін білесіздер?


Просмотров 1601

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!