Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Здік жұмысқа арналған тапсырмалар. 1. «Этика», «мораль», «үрдіс», «дәстүр», «адамгершілік», «мінез-құлық» ұғымдарына анықтама



1. «Этика», «мораль», «үрдіс», «дәстүр», «адамгершілік», «мінез-құлық» ұғымдарына анықтама беріңіз.

2. Әдептілік туралы этикалық әңгіме-сұхбат тақырыптарының үлгісін жасаңыз.

3. Этикалық ой-толғамдарды қалыптастыру тарихында танымал ғұламалар ілімдерін, тарихи деректерді өз ойыңызша пайымдаңыз.

4. «Абайдың этикалық көзқарасы» тақырыбында реферат дайындаңыз .

5. Ұлттық мінез-құлықтың қалыптасуына әдептің қандай әсері бар?

6. Этика ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы неде?

7. Моральдық сананың құрылымы, моральдық нормалар, ұстанымдар және моральдың әлеуметтік мәні туралы өзара пікірлесіңіздер.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Алматы, 2010. Қазақ халқының философиялық мұрасы» сериясының редакциялық алқасы: Ә.Нысанбаев, Т.Ғабитов.т.б.

2. Ұ.Асыл, Ж.Нұсқабайұлы. Әдептің ауылы алыс па?. Алматы. «Білім», 2011, 304б.

3. Назарбаева С.А. Этика жизни. –Алматы, 2001, С. 95.

4. Сәрсенбаев Т. Ұлттық сана сезім және ұлттық қадір-қасиет. –Алматы, 1990. 150 б. Б 39-50.

5. Кәсіби этика. Ж.Ж.Молдабеков, А.Ә. Маханбетова, А.Ш.Оралбаева. Астана.2008. 160б.

6. Золотая книга этикета. Сост. В.Ф.Андреев. – М., «ВЕЧЕ», 2004. -400с.,

7. Все об этикете: книга о нормах поведения в любых жизненных ситуациях. -Ростов н/Д : Феникс, 1995. -510 с.

8.Рыданова И. И. Уроки этикета / И. И. Рыданова. — Минск : ВШ. 1988.

 

Дептің даму тарихы.

Жоспар:

1. Адамзат қоғамында мінез-құлық нормаларын қалыптастыру.



2. Әдептің даму тарихы

3. Қазақтың ұлттық әдебі

4. Әдеп пен дәстүр сабақтастығы

 

Адамзат қоғамында мінез-құлық нормаларын қалыптастыру. Әдеп – инабат, адамгершілік құлық (мораль) адамдардың қауымдасып өмір сүруінің дәнекері болып, қоғамның өн бойына қан тамырларындай тарап кеткен қарым-қатынастардың реттеушісі ролін атқарады.

«Этика» грек сөзі, ал «мораль» сөзі латын тілінен алынған. Сондықтан этика, мораль, адамгершілік сөздеріне байланысты мағыналық түсінікті ажырата білу керек. Шығу тарихы жағынан алғанда бұл үш сөз бір – ақ мағына білдіреді, дәлірек айтсақ, – адамгершілік. Бұл үш сөз қазіргі қолданысында өзара мағыналық айырмашылыққа ие.

Этика – мораль теориясы. Мораль – қоғамдық құбылыс. Ол қоғам өмірінің барлық саласында адамдардың бір – бірімен мүдделік қарым – қатынасын (ал таптық қоғамда таптар арасындағы мүдделік қатынасын) жүйелеу қызметін атқарады. Мораль және адамгершілік бір тұрғыда қолданылады. Сонымен қатар «мораль» сөзі санаға қатысты әлпті білдірсе, адамгершілік ұғымы адамдардың іс – қимылына, яғни, практикалық іс – әрекетінен танылады. Сонымен, этика дегеніміз мораль және адамгершілік мәселесін зерттейтін ғылым болып табылады.. Этика белгілі бір қоғам өмірін зерттеп қана қоймайды, сол қоғам өміріне де араласады.



Әдеп («ethos» деген грек сөзінен шыққан, дәстүр, адамгершілік деген мағына береді) — бұл мораль, адамгершілік туралы ілім. Ең алғаш «әдеп» терминін Аристотель (б.э.д. 384-322) практикалық философияны белгілеуде, адамдардың дұрыс, адамгершілікті қылықтар жасауда не істеу керек деген сұраққа жауап беру үшін қолданған.

Мораль («moralis» деген латынның сөзінен шыққан, адамгершілікті деген мағына береді) — бұл адамдар мойындайтын әдептілік құндылықтардың жүйесі. Мораль — қоғамдық қатынастарды, адамдардың қарым-қатынасы мен мінез-құлқын реттеудің маңызды тәсілі. Әдептің маңызды категориялары ­– "жақсылық", "жамандық", "әділеттілік", "жауапкершілік", "міндет", "ар-ұят" және т.б. Мораль нормалары адамның өзін қалайша ұстау керектігі жайлы ортақ түсініктерде, қоғамдық ережелерде, қағидаларда өз көрінісін табады. Мораль әрқашан адамгершілік мұраттың, еліктеуге болатын үлгінің болуын көрсетеді. Олардың мәні мен мағынасы тарихи кезеңдер мен әлеуметтік кеңістікте жетіліп отырады. Оған дәлел еліміздегі ұлттық нышандарымыздың табиғи болмысы бөлек құбылыс ретіндегі тарихтан ерекше орын алатыны мәлім. Олардың пайда болуы, қалыптасуы мен өміршеңдігі қоғам тіршілігінде атқаратын маңызды, әлеуметтік, ақпараттық және мәдени қызметіне тікелей байланысты. Ал мазмұндық құрылымы уақыт, кеңістік, қарым-қатынастың әр түрлі әдістері мен түрлері тәрізді өлшемдерге негізделуі.

Этникалық мәдени орта өкілдерінің бәріне немесе басым көпшілігіне таныс десек, ақпарат көзі ретінде коммуникативтік мақсатқа қызмет етумен қатар, белгілі бір субьектілердің өз ерекшеліктерін, қайталанбас даралығын, өз «менін» («мен-мемлекет») терең сезінулеріне және басқаларға паш етуіне мүмкіндік береді.

Рәміздердің қарапайым нышандардан бастап, ресми саяси белгілерге дейінгі эволюциялық даму жолы олардың ұғымдық және мазмұндық құрылымындағы, қоғамдық саяси өмірде атқаратын қызметіндегі өзгерістерге тығыз байланысты.

Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік рәміздеріміздің ұлт үмітін арқалаған ақжолтай нышандар десе де болады. Өзегі өзін-өзі жетілдіру және даму рухы. Негізгі мағыналық арқау- әрқайсысымыздың және баршамыздың ортақ күш-жігерімізді егемен елдің ұлы мұраттары жолына, ортақ Отанымыздың гүлдене беруіне бағыштауға шақыру, сонымен, болашақ ұрпақты елжандылыққа, әдептілікке, мәдениетке тәрбиелеу болып табылады. Егемен еліміздің ұлттық рәміздеріне деген құрмет кез-келген тұлғаның ұлттық намысын, қайрат жігерін оятуы абзал.

Әдептің даму тарихы.Жеке ұлттық және жалпы адамзаттық арналардан бас құрайтын әдеп үрдістерінің тарихы өте әріде жатыр. Алғашқы қауымдық құрылыстан бастап оның мүшелерінің мінез-құлық, мүдде, тілек және т.б. жақтан бір-бірімен санасуға тура келгені анық. Бұл қажеттілік әрі қарай адамдардың отбасылық, қоғамдық, діни және салт-саналық парыз-міндеттерін орындауымен ұштасқан. Қоғамдық сана мен қарым-қатынастың, мінез-құлықтың аса маңызды формасы ретінде әдеп жайында ежелгі Мысыр мен Грецияда, Үндістан мен Қытайда, Тұран елі мен Иранда, орта ғасырлық Еуропада талай әдеби, дидактикалық жәдігерліктер дүниеге келген. Мысалы, антик дәуіріне жататын скандинавиялық «Эддес» кітабында дастарқан басында сақталатын әдептерге ерекше мән берілсе, 1204 жылы испандық Петрус Альфонс жазған мінез-құлық жөніндегі алғашқы нұсқау құрал «Клерикалис тәртібі» деп аталады. Ал Шығыста әдеп, мінез-құлық, «адамгершілік туралы трактаттар» тіптен көп және олардың тарихы да әріден басталады. Батыс пен Шығыстың ортақ мұрасына айналып, үнді жерінде дүниеге келген әдеп кодексі деп аталатын «Ману бақтарын» (б.з.бұрынғы ІІ ғ.) немесе Ватсьяянаның «Махаббат ғылымын» (үй-жай ұстау, тазалық, бойын күту, инабаттылық нышандары баяндалған), біздің заманымызға дейін Ү-ҮІІІ ғасырда өмір сүрген дәрігерлер Чарка мен Сурсируттың мигерлер әдебі жайындағы еңбектерін атауға болады.

ХІ ғасырда өмір сүрген парсы жазушысы Кабустың (Кей Кавус Унсур Әл-Маали) біздің халықтарымыздың төл мұрасындай болып кеткен, соңғы жылдары қазақ, өзбек, қарақалпақ тілдерінде басылып шыққан нағыз шығыстың өнеге кітабы «Қабуснаманы» ерекше атап көрсеткен жөн. Аты аңызға айналған данышпан Ұлықпан Хакімнің бір әңгімесінде, патша өзінің уәзірінен «Қашан, қайда барса да адамдар жақсы қабыл алатын кісі кім?» - деп сұрағанда, ол: «Әдепті адам” – деп жауап берген екен дейді. Олай болса, адамның бойына сіңіп, оның мінез-құлқына айналған тамыры тереңнен келе жатқан әдептіліктен асқан абзал қасиет жоқ екен.

Сонымен, адамгершілік, әдеп нормалары әуел бастан, біріншіден қоғамның пайда болуы мен өмір сүруінің шарты болса, екіншіден адамдардың бірлікте өмір сүруге, яғни ізгілікке қабілеттіліктерінің көрсеткіші болып келеді. Әдетте қай-қайсымыз болсын әдепті жанға қарап, риза болғанда «көргенді жердің қызы екен», «әдепті бала», «тәртіпті жан білем» деп тамсанып жатамыз. Ал сол көргенділікті, әдептілікті адам баласы қайдан үйренеді? Әрине, отбасы, ошақ қасындағы тәлім-тәрбиеден. Бірақ отбасындағы тәлім-тәрбиеден адамның бойында жақсы әдеппен қатар жағымсыз әдет те қалыптасатынын жоққа шығаруға болмайды. Олай болса, адам бойында әдептілік пен әдепсіздік әдеттің қайсысы басым болғаны жөн? Кез-келген адам өзін әдепсізбін деп ойламайды. Әрі жағымсыз әдеттерге көп адам ұсақ нәрсе деп қарайды. Осының өзі жаман әдеттен бойын аулақ салуға деген ниеттің болмауын көрсетеді. Олай болса, әдепті болудың жолы қандай?

Әдеп – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған. Әдептілік өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құныдылықтары емес. Әдептілік ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған.

Қазіргі ғылымдағы әдептің қалыптасуына әсер ететін басты үш фактор: жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы, тайпа мүшелерін өлтіруге тиым салу, қариялар мен балаларға қамқорлық ету (альтруизм). Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр, әдеп құрастырады. Егер соқыр сезім (инстинг) жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүрде де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер етеді. Алғашқы рулық қоғамдағы әсер көріністері: «қанға қан, жанға жан» (талион) приципі, сезімнің ақылдан басым болуы, жеке бас бостандығының мүдделерімен тежелуі т.б. осындай жайттардан байқалады.

Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында әдепке ерекше мән беріледі. Әбу Насыр Әл-Фараби «Қайырымды қала адамдарының көзқарастары» атты еңбегінде әдепті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Сондықтан мейірбандық әдеп ұғымын толықтыра түседі, оны ұдайы жетілдіріп отырады.

Мағжан Жұмабаев 1992 жылы жазған «Педагогика» оқулығында әдеп педагогикалық сендіру, мәдениеттілік, тәрбиенің нақты іске асқан үлгісі екеніне мән береді. Педагогика ғылымында әдеп гуманистік әдеп және діни әдеп болып бөлінеді: а) гуманистік әдеп – оқу-ағарту жүйесін және жоғары мәдениеттілікті арттыруға негізделген; ә) демократиялық әдеп – қоғамның рухани дамуы мен экономикалық жетілуінің басты мәселесі ретінде шешуші рөл атқарады; б) діни әдеп – гуманистік және демократиялық әдепті жүзеге асырудың бір тірегі болып табылады.

Қазақтың ұлттық әдебі. Қазақ үғымында әдептілік – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты яғни биологиялық тұқым қуалаушылықтан негіз алады. Мәдени ақпараттар, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, діл мен тіл, өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісі өзіндік санасының жанды буынына айналады. Әдеп – адамдармен қарым-қатынас барысында, әңгімелесу кезінде сөз сөйлеп тұрған адамның сөзін аяғына дейін тыңдап, өзін сыпайы ұстай білу. Әдеп – барлық жағдайда, соның ішінде қарым-қатынас жасап тұрған адамның жеке ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Әдеп – басқа адамның кей жайсыз қылықтарын байқамауды діттейді, өйткені қателікті көрсетемін деп, сол адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін. «Әдепті бала өсірсең, ауылдың абыройы», «Сыпайылық жоқ жерде, сыйласуда жоқ», «Ұлық болсаң – кішік бол» деп, ой тоқтататын сөз маржандары халқымыз ұстанған әдеп тәрбиесінің жүйелі бағдарын меңзейді.

Қазақ халқының әдептілік қағидаларыадам баласы үшін ұлы да құнды әдеп номалары болып саналады. 1. Өзіңе де, өзгелерге де адал бол; 2. Ренжісең де, қуансаң да әділ бол; 3. Бай болсаң да, кедей болсаң да сабырлы қалпыңнан айныма; 4. Сені кеудеден итергісі келгендермен де достық қарым-қатынасыңды үзбе; 5. Саған шығын келтіргендерге сен пайда жаса; 6. Саған зиян жасағандарды кешіре біл; 7. Үнсіз тұрсаң да санаң ойға толы болсын; 8. Таным-түйсік мүмкіндігі оқу үшін беріледі».

1. Адалдық. Бұл – имандылық этикасының бірінші қағидасы, бұл адамның жүрегі мен ойларының (ниеті) тазалығын, шыншылдық пен туралықты білдіреді.

2. Әділдік. Әрқашан досыңа да, қасыңа да, бейбіт күндерде де, қиыншылықтарда да тек әділдік көрсеткен жөн.

3. Сабырлық. Бұл қандай жағдайда да байсалды, ұстамды, төзімді болу деген сөз. Өмір болған соң, адамға әртүрлі қиыншылықтар жолықпай тұрмайды, міне, осы кездері ең бірінші сабырлық керек.

4. Кез келген мұсылманмен қарым-қатынасты үзбеу (Бұл, бірінші кезекте, туысқандық, әдептілік қарым-қатынасқа қатысты). Бірінші кезекте, отбасылық байланыс. Бір жанұяның барлық мүшесі арасында жақсы қарым-қатынас ешқашан да үзілмеуге тиіс, бірі қиналса, екіншісі оған қолұшын созуға даяр тұруы керек. Қазақтың «Ағайынның азары болса да, безері жоқ» деген мақалы осыдан келіп шықса керек.

5. Жомарттық. Хақ сенімдегі жандар әрқашан жомарт келеді. Олар қай кезде де, кімге де болсын қолындағысын беруге даяр тұрады. Адамдарға қиын шақта қолұшын беру – үлкен сауап.

6. Кешіре білу. Өзіңе жамандық жасаған адамды кешіру оңай емес. Дегенмен, қазақ ұғымында адамдарды кез келген уақытта кешірімді болуға шақыру имандылық әдебінің басты көріністері. Кешірім – ең көрікті мінез.

7. Ой-толғау. Көп ойланып, тек қажет кезде ғана сөйлей білу – тамаша қасиеттердің бірі.

9. Оқу, білім және сабақ. Біздің көзіміз бен санамыз өмірдегі әртүрлі заттарды білу және қоршаған ортадан сабақ алуымыз үшін қашанда ашық болуы керек.

Әдептілік тәртіптілікпен астасып жатқан ұғым. Тәртіп тәрбиемен келеді. Тәртіпсіздікті сынау арқылы біз қоғамның дұрыс болғанын, адамдардың тәрбиелі болуын қалаймыз. Бірақ, тәртіп деген ереже, заң арқылы жазылып, белгіленіп, анықталып жататын дүние. Ал әдеп, адам бойында жазу-сызусыз-ақ, арнайы заң шығармай-ақ қалыптастыруға болатын жағдай. Мысалы, кафеге қалай бас сұғып, қалай шығу керектігін, шанышқыны қай қолға ұстап, пышақты қай қолмен колдану қажеттігін заңмен бекіту керек пе? Болмаса, адамдар алғаш ұялы телефондарды қолданғанда, оның қолдану аясын, ұстау әдебін білмеген болса, заман өте келе қоғамдық орындарда көп пайдалануға, қоғамдық көліктерде қатты сөйлеуге болмайтындығы жайлы ұға бастады. Ендеше, уақыт өте келе әдептілік даму сатысына сәйкес жаңаша түр, сипат алғаны белгілі. Мұның барлығы жазылмаған заңдылық. Ол кез-келген адамның түйсігі, сана-сезімі арқылы ортаға бейімделуі, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуі арқасында қалыптасатын тәрбие үрдіс, олай болса әдептің жазылмаған өз тәртібінің бар екендігіне мойынсұнамыз.

Мінсіз адам болмайды. Бәріміздің де бойымыздан ілуде бір жағымсыз әдеттің көрініс тауып қалуы ғажап емес. Тым болмағанда тамақтанып отырып, кекілімізді қайыру, мұрынды қыса беру, қатты түшкіру, кекіру, мұрынды тыржиту және тағы басқаларды бой үйретіп, әдетке айналдырып алғанбыз. Дегенмен, мейлінше мәдениетті, әдепті болған жақсы. Әдептілік адамның ішкі мәдениетін, тәрбиесін көрсетеді. Отбасында әдептілік туралы жан-жақты тәлім-тәрбие беріледі, оны қазақ халқының өмірлік тәжірибесінен көруге болады. Осылайша, ұрпақ тәрбиесіне терең мән берген халқымыздың әдептілік, тәрбие тағылымдары, өмірлік тәжірибелері көптеп саналады.

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары (мәселен бала-бақша, ясли т.б.) болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, аңыз-әңгіме, ертегі-тақпақ, жұмбақ-жаңылтпащ санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған орта құпиясын болжай білуге үйреткен. Мәселен, жұлдыздарға қарап ауа-райын болжау, әртүрлі белгілерге барып жол тауып жүру, аңдардың ізінен жоғалғанын тауып, ізшіл, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған. Үнемі әңгіме, жыр, өлең тыңдап өскен бала жыр-дастандарды тез жаттап алған. Сөз өнері арқылы мәнерлеп сөйлеу, тілдік қорын дамыту, мағыналы да мәнді, орынды сөйлеуге жаттықтырған. Халық даналығы, шығармашылығы, қызықты әңгімелер жас ұрпаққа қызығушылық тудырып ой-пікірлерін шыңдап отырған.

Қазақ халқында адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті т.б. салт-дәстүрден өзекті орын алып ұлттық әдептілік тәрбиесінің негізіне айналған.

Халық даналығындағы әдеп тәрбиесіне байланысты ой-тізбектерін көптеп келтіруге болады, мысалы:

Тарықпай дәурен сүруге

Түрлі-түрлі себеп бар.

Баға жетпес қазына –

Алтыннан асыл әдеп бар.

Күші асқан залым халықты

Сыйлатам деп жылатар.

Әдепті адам өз басын,

Сүйдіргеннен сыйлатар.

Сөзіне қарап кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Шын сөз қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.

Сонымен, қазақтың ұлттық әдебі, қоғамның құндылықтар жүйесін, этномәдени білім беруін бейнелейтін әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Әдептілік пен дәстүр сабақтастығы. Философиялық тұрғыдан алғанда сабақтастық – тарихи процестің сатылық сипатын анықтайтын маңызды мәселе болып табылады. Әдеп пен дәстүрдің арасындағы диалектикалық байланыс сабақтастық жолымен дамытылады. Сабақтастық болмаса, әдеп мен дәстүрдің, қоғам мен қоғамның, ұлт пен ұлттың арасында ешқандай байланыс орын алмас еді. Ол тарихи негізде қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып әдеп-инабат формасы болып табылады. Дәстүр өзінің негізі мен қалыптасуы, өмір сүруі жағынан бірінші ұлттық сипатта болады. Жер жүзінде қаншама ұлт пен ұлыс тіршілік етеді десек, солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бар. Олар халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан сол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан, халықтардың айырмашылығы барлық бірліктері айқын байқалады. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып қоғамдағы әлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мәдени деңгейін көтерумен қатар, тәрбие талаптарының негізін құрап, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды формаларын айқындайды. Дәстүр - ұғымы барлық халықтың тарихи негіздегі ұрпақтан-ұпаққа берілетін әдет-ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп-инабат нормасы болып табылады. Дәстүрдің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіру болып табылады. Тұрақтылық болмаса даму да болмайды, демек дәстүрсіз қоғамдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы, өзгеруі мүмкін емес. Тұрақтылықты реттей отырып, дәстүр қоғамдық болмыстың ең маңызды негізін түзеді. Қоғамдық қатынастар тарихи дамудың әрбір жаңа сатысында сақталып қана қалмастан, өзгеріп, жаңара береді, сөйтіп дәстүрлер арқылы қайта жаңғыру пайда болады. Белгілі француз социологы Э.Дюркгейм былай деген болатын: «Дәстүр адамдардың қоғамнан даяр күйінде табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік болып саналады. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін қорғаушы құрал болып табылады.

Дәстүрдің тағы бір қызметі – жақындастыру, бұл жерде дәстүр әлеуметтік бірлікті қалыптастырудың құралы және ұйытқысы, ережесі сипатында көрінеді. Мұның тарихтағы айқын мысалдарының бірі – рулық қауымдастықтар, олардың ауыз бірлігі, тұтастықтарын сақтауға ұмтылушылық. «Кімнің жерін жайласаң, соның жырын жырлайсың» деген мақал соның дәлелі. Дәстүр ақпараттық қызмет те тақарады. Ол әлеуметтік ақпардың жиналуының, сақталуының және басқаларға берілуінің өзгеше құралы рөлін де атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп, қорытылып, қоғам жадында сақталады, сөйтіп, ғасырдан-ғасырға жетеді. Сонымен қатар дәстүр жеке адамдардың жан дүниесіне, көңіл күйіне де жағымды әсер етіп, қуанышқа бөлейді, оларды қоғамға, бірлестіктерге ынталандырады, адамдардың қоғамдағы өзара қарым-қатынастарына әсер етіп, ондағы әлеуметтік, психологиялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдеседі. Егер дәстүр болмаса, адамдардың қоғамдық қатынастардағы көптеген нәселерді алдын-ала білуі, яғни келешекке арналған қандай да ережелерді түзуі мүмкін болмас еді.

Дәстүрлер әлеуметтік іс-қимылды ретке келтіріп, тәртіпке түсіру тетіктерінің бірі ретінде жеке адам үшін қандай қажет болса, оның өмір сүріп жатқан қоғамы үшін де сондай маңызды, себебі олар адамдардың іс-қимылын үйлестіріп, олардың тұрмысын көркейтеді, өмірлеріне жарастық береді. Ал салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлер адамдардың дүниеге көзқарасына, әдеп-инабат нормаларына әсер етіп отырады. Олар қайсыбір халықтың өзіндік психикалық ерекшеліктерін, мәдени даму дәрежесін көрсету арқылы оны басқа халықтан айыратын белгілерге айналып, «Әр елдің салты басқа...» деген ортақ мақалдың тууына себеп болды. Қай халықтың да өзіне тән дәстүрлері болады, олар сол халықтың тарихи тыныс-тіршілігіне, әлеуметтік қарым-қатынас сипаттарына, наным-сенімдерімен адамгершілік, әдептілік жайындағы түсініктеріне байланысты және жеке ұлт, ұлыс ретінде сақталуында ерекше рөл атқарады.

Зін-өзі бақылау сұрақтары

1. «Қазақтың ұлттық әдебі» дегенді қалай түсінесіз?

2. Әдеп жөніндегі дидактикалық жәдігерліктер мен әдеби мұралар қандай елдерде шығарылған?

3. Скандинавиялық «Эддес» кітабы қай дәуірде шығарылған және әдептің қай түріне ерекше мән берілген?

4. Данышпан Ұлықпан Хакімнің бала тәрбиесіне байланысты айтылған қандай ақыл кеңесін білесіз?


Просмотров 1933

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!