Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Деп ұғымының мәні және оның қоғамдағы рөлі



Кіріспе

 

Қазіргі ғаламдық жаһандану жағдайындағы орын алып отырған экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылатын білім беру жүйесіне орасан зор ықпалын тигізуде.

Жоғары мектеп түлектеріне кәсіби білім мен білікті меңгеру ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамның барлық саласындағы жалпы қабылданған ұлттық мінез-құлық нормаларын меңгеруді талап етеді.

Әдептілік құндылығы адамгершілік нормасын, адам өркениетінің барлық даму жолындағы жиынтығын және саяси, экономикалық, мәдени, отбасылық және адамдардың өзара басқа да қарым-қатынасын, студенттік ортада тәрбие жұмыстарын аудиториядан тыс іске асыруына, студенттердің өздерін қызықтыратын белсенді іс-әрекеттеріне негізделген әртүрлі тәрбиелік іс-шараларды өткізуге мүмкіндік тудырады.

Әдептілік - өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі. Курс бағдарламасы студенттердің әр түрлі әлеуметтік орталарда мінез-құлық біліктілігі мен дағдыларын меңгеруге арналған.

«Әдеп негіздері» курсында болашақ маманға қажетті жалпыадамзаттық әдеп білімінің мазмұны мен талаптары және оны сақтау ережелері қарастырылады. Типтік бағдарламаға әдептің даму тарихы, жалпыадамзаттық әдеп нормалары, студенттік әдеп, болашақ маманның әдеп негіздері туралы мәселелер енгізілген.



«Әдеп негіздері» пәнініңмақсаты студенттердің алған базалық білімдері мен мінез-құлық іскерліктерін, әртүрлі әлеуметтік ортада жүзеге асыруды меңгерту болып табылады.

Бұл курс бойынша сабақтың негізгі мазмұны әдептіліктің мәнін, оның шығу тарихын, әдептіліктің түрлері мен формаларын, оның ұлттық ерекшеліктерін; күнделікті және кәсіби – қазіргі заманғы әдептілік ережесінің нормаларын білу; адам өміріндегі және қоғамдағы әдептіліктің мәнін, оларды меңгеру қажеттілігін ұғыну; әртүрлі әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстау іскерлігін қалыптастыру (тұрмыста, қоғамдық орындарда, оқу мекемелерінде, болашақ кәсіби іс-әрекет саласында); сөйлеу әрекеті мен мәдениетін тереңірек меңгерту, өзіндік ойлауы мен жеке шығармашылығын дамыту болып табылады. Оқыту әдісі(ауызша, көрнекілік, т.б.) курстың мақсаты мен міндеттеріне сай болады.



Бағдарламада тақырыптық жоспары, сағат саны мен іс-әрекет түрі көрсетілген. Сабақта мынадай жұмыс формалары өткізіледі: семинар, практикалық жұмыс, тренинг, презентация, жоба және оны қорғау. Дәріс пен практикалық сабақтың арақатынасы мен мазмұны практикалық іс-әрекетке байланысты анықталады.

I Бөлім. Әдептің теориялық негіздері

деп ұғымының мәні және оның қоғамдағы рөлі

Жоспар:

1. Әдеп ұғымы және оның мәні, қызметі.

2. Әдептің моралмен, қоғамдық адамгершілікпен байланысы.

3. Әдеп қоғамдық мәдениеттің бөлшегі.

 

Әдеп ұғымы және оның мәні, қызметі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста ізгілік нормалары болып табылатын әдеп пен тәрбие адамзат дамуының алғашқы кезінен бастап-ақ пайда болған. Жер бетінде «адам» деген ардақты ат дүниеге келген кезден бастап этикалық категория ретінде әдеп нормалары біріншіден, қоғамның пайда болуы мен өмір сүруінің шарты болса, екіншіден адамдардың ізгілікті өмір сүруге қабілеттіліктерінің көрсеткіші болып саналды. Алғашқы қауымдық қоғамдағы әдеп пен тәрбиенің алғашқы үлгілері күн көріс пен табиғаттың дүлей күштеріне қарсы тұрудан басталған. Ол кездегі адамдарды тіршілік заңы мен өмір қажеттігі тәрбиеледі. Бұл қажеттілік адамдардың отбасылық, қоғамдық, діни және салт-саналық парыз бен міндеттерін орындаумен ұштасты. Демек, қазіргі уақытта әдеп нормалары деп аталып жүрген қағидаларды адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынастардың өзара үйлесімі деп айтуға әбден болады. Осылайша әдеп ұғымы бірте-бірте философия ғылымының адамгершілік құлық жөніндегі саласы-әдептанудың арнайы пәніне айналды.

Қазақ тілінде әдептану термині халықаралық терминологиядағы этика сөзінің баламасы ретінде қолданылады. Ал «этика» ежелгі грекше «ethos» (этос) сөзінен шыққан. Әуелде этос сөзі қоныс, үй, баспана, аңдардың апаны, құстың ұясы мағынасында қолданылған. Бертін келе ол қандай да бір құбылыстың тұрақты табиғаты, салт, мінез-құлық дегенді білдіретін болған. Осыдан бастап ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Грекия сынды елдерінде сол заманның өзінде әдеп пен тәрбие бір арнаға түсе бастаған.

Этика – әдептілік, адамгершілік мінез-құлық ережесін сақтау туралы ғылым. Ғылыми мазмұны мен тәрбиелік сипатында әр халықтың орналасу аймағы, өмір сүру дағдыларына байланысты қалыптасқан ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, тыныс-тіршілігі қалыптасатындықтан этика, яғни әдеп ұлттық сипаты айқындалған ілімдер қатарына жатады. Ал этикет – тұрақты мінез-құлық, қарым-қатынас тәртібін сақтау, қолдану деген мағынаны білдіре отырып, әдептілік қағидаларын жүзеге асырады.

Әдептілік - адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы болғандықтан қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында әдепке ерекше мән беріледі. Әбу Насыр әл-Фараби “Қайырымды қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде әдепті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Сондықтан мейірбандық әдеп ұғымын толықтыра түсіп, оны ұдайы жетілдіріп отырады. Әдеп әр адамның өмір сүру тәсілі мен өмір жолына байланысты қалыптасады. «Жақсы адам болып қалыптасу үшін, жаратылысынан гөрі, жаттығудың ролі зор», -деген ежелгі грек философы Демокрит. Адамның өз басы осы процеске қатыспай тұрып, өзін-өзі тәрбиелеуге икемсіз болады, демек, онсыз әдептілік қалыптаспайды. Бұл - әдептілікке тәрбие арқылы қол жетеді деген сөз.

Әдептілік - турашылдық, азғыруға қарсы тұру, ізеттілік талаптарының бұзылуына, өзін-өзі орынсыз ақтауға қарсы тұру тілегі, ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, мейірбандық көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігі, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет ету тілегі, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік, өзінің ғана емес, өзгелердің де тілектерін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық т.б. сияқты ұғымдарды қамтиды.

Қоғамдық өмірімізде біреулер «әдепті», енді біреулер «әдепсіз » атанып жатады. Әрине осылай баға беруші – халықтың өзі. Халық жеке адамның жасаған әрбір іс-әрекетін бағалаған кезде, міндетті түрде оның әдеп-инабатына қарайды. Ендеше , әркім қоғамдық өмірде өзін әдеп-инабат тұрғысынан дұрыс ұстауға тырысуы керек. Сонымен қатар, әдеп сөзінен әдемілікті де ұғуға болады. Себебі, «Әдептілік-әдемілік» деп бекерге айтылмаса керек. Ал, бұл дегеніміз - әсемдікке әрі жақсылыққа бой ұру, оны өмірге енгізу, сезіне алу және жоғары тұту деген сөз. Әдепті адам ғана әдеміліктің сырын ұғады, оны терең сезіне алады.

Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болуды білдіретін ұғым. Әдеп кісінің басқа кісілермен инабатты қарым-қатынас жасауында, сөйлеген сөзі мен істеген ісінде, көрсеткен қылықтары мен жасаған әрекеттерінде сыпайылық пен мәдениеттілікті талап ететін тәртіптіліктің нышаны болып табылады. Әдептілік(араб. – сыпайылық, ізеттілік)– белгілі моральдық нормалар мен ережелерді бұлжытпай орындауға бағытталған адам бойындағы жағымды қасиет, мәдениеттіліктің белгісі. Әдепті адам ата-анасының, ұжымының, айналасының тәрбиесімен, өзін-өзі тәрбиелеумен өзінің адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра білетіндігімен ерекшеленеді. Әдептілікке көрегенділік, инабаттылық, кішіпейілділік, елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық және адамдардың өзара қырым-қатынасына қажетті басқа да жағымды, сүйкімді қылықтар жатады. Әдеп сонымен қатар тәртіп деген мағынаны қоса білдіреді. Өйткені, әдеп сақтай білген адам ғана тәртіпті болып келеді. Белгілі бір қоғамда жүйелі тәртіп сақталмайынша, алға жылжу мүмкін емес. Ал, оны ілгерілететін басты тәртіп - әлеуметтік тәртіп. Ұрпақтық парыздың бір көрінісі - туған жерді, өз елін, Отанды сүю және адамзатты ардақтау да әдеп сақтаудан басталады.

Олай болса, әдептанудың түпкі мақсаты адам баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіріп, оның шырмауынан құтылуды үйрету; жас буынға тура жолды-әдептілік жолын көрсету; қоғамдағы ең жақсы адам - әдепті адам, әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі екенін ұғындыру болып табылады.

Сөйтіп, әдеп ұғымының мәні мен қызметін айқындай келе төмендегідей тұжырым жасауға болады:

· түрлі этникалық қауымдастықтағы және әр түрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдар арасында жағымды қарым–қатынас орнату;

· жақын туыстар, достар, әріптестер және таныс емес адамдармен әр түрлі жағдаяттарда әдептілік таныту;

· әр түрлі этникалық немесе әлеуметтік топтағы адамдардың мінез құлқын туындап отырған мәселедегі әдеп нормаларына сәйкестендіру;

· басқарушы мен қызметкердің, әйел мен еркектің, әсіресе аса таныс емес адамдардың арасындағы коммуникативтік қатынаста кәсіби іскерлік және достық қарым–қатынас орнату;

· адамның көркемдік мұраттарын қанағаттаныратын сезімдерді әсемдік әлемімен үйлестіру;

· тұлғаның өзіндік мінез–құлық ерекшеліктерін адамгершілік нормалары мен қоғамдық ережелерге сәйкестендіру.

Әдептің мораль және қоғамдық адамгершілікпен байланысы. Адам тәрбиесіне және жеке тұлға қалыптастыруға байланысты тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, Тертуллиана еңбектерінде айтылған. Арнайы ғылым ретінде әдептану яғни «этика» терминін тұңғыш рет Аристотель ендірген. Этикалық деп аталған аристотельдік ұғымды грек тілінен латын тіліне Цицерон «мораль» деп аударды.

«Этика» грек сөзі, ал «мораль» сөзі латын тілінен алынған. Сондықтан этика, мораль, адамгершілік сөздеріне байланысты мағыналық түсінікті ажырата білу керек. Шығу тарихы және қолданылу аясы жағынан алғанда бұл үш сөз бір мағынаны, яғни «адамгершілік» деген ұғымды білдіреді.Дей тұрғанмен, бұл үш сөз қазіргі қолданысында өзара мағыналық айырмашылыққа да ие. Этика – мораль теориясы болса, мораль – қоғамдық құбылыс. Ол қоғам өмірінің барлық саласында адамдардың бір-бірімен мүдделік қарым-қатынасын (ал таптық қоғамда таптар арасындағы мүдделік қатынасын) жүйелеу қызметін атқарады. Мораль және адамгершілік бір тұрғыда қолданылады. Сонымен қатар «мораль» сөзі санаға қатысты әлемді білдірсе, адамгершілік ұғымы адамдардың іс-қимылынан, практикалық іс-әрекетінен танылады.

Этика белгілі бір қоғам өмірін зерттеп қана қоймайды, сол қоғам өміріне де араласады. Этика жеке адам өміріне ғана емес, сонымен қатар, қоғам өміріне де әсер етеді. Этика мораль мәселесінің түрлі қырларын негіздейді, жоққа шығарады немесе ғылыми тұрғыдан дәлелдейді. Қоғамдық сананың теориялық көрсеткіші ретінде, этика – адамгершілік сананың қарапайымдылықтан теориялық деңгейіне көтерілуіне алғышарт жасайды. Адам этикалық ілімдермен танысқанда ғана түрлі моральдық көзқарасты тануға, өзінің көзқарасын, таным, түсінігін дәлелдеуге мүмкіндік алады.

Мораль қоғамдағы адам әрекетін бағалаушы аспектілердің негізгілерінің бірі, қоғамдық сана және қоғамдық іс – әрекеттің ерекше формасы. Мораль тәрбие беру, білім беру, үйрету сияқты тұрақты педагогикалық нәтиже бермейді. Моральдық тәрбие беру адамға қоғамдық ықпал етудің абсалютті мақсаты бола алмайды. Ол тек жеке тұлғаның бойында ең негізгі: ішкі рухани адаммгершіліктің негіздерін дамыту және оның бейнесін қалыптастырудың кезеңі.

Мораль деп белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытатын ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасады.

«Мораль», «этика» ұғымдары орыс тілді әдебиеттерде көп қарастырылған. Екеуінің арасындағы байланыс адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынасты айқындайтын өмір сүру ережелеріндегі мінез-құлық нормаларының жиынтығымен айқындалады.

Мораль жеке тұлғаның өмірдің әр түрлі салалары мен іс-әрекеттеріндегі мінез-құлқына қойылатын нормалар, ережелер мен талаптар жүйесі болса, адамгершілік адамның осы нормалары мен ережелерді сақтауға байланысты дағдылары мен әдеттерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Адамның материалдық-рухани, әлеуметтік тұрмысының жинақталған нәтижесі адамгершілік болып табылады. Адамгершіліктің моральдан айырмашылығы, ол күрделі әлеуметтік-психологиялық білім ретінде қарастырылады.

Адамгершілік – рухани өмірдің түйіні, тәрбиеліліктің күші, ол өзін ішкі сенім күшіне жетелейді, ал адамның өзіндік көзқарастары мен сенімдері оның бақылау объектілері ретінде алға шығады. Адамгершілігі жоғары адамдар үшін мынадай этикалық нормалардың маңызы зор:

- идеялық, руханилылық, сенімділік;

- мінез-құлықты тыңдау, адамгершілік, ар-ұят шешімдерін қабылдаудағы ішкі еркіндік;

- өзін-өзі билеу еркіндігі, дербестік, рухани және жеке тұлға ретінде сенімге және өзіне адалдық;

- өзгеше ойлауға шыдамдылық және сонымен бірге адасуларға рухани белсенді қарсы тұру;

- адамгершілік ойлаудың догмалары, тыйымдары мен стеротиптерін өмір шындығына бағыттауға қабілеттілік;

- адамдарға адамгершіліктің негізін салу мен қалыптастырудың жалғыз құралы ретінде ұйымшылдыққа ұмтылу.

Сөйтіп, адамгершілік дегеніміз адамның тұлғалық-өзгешелік қасиеттерінің негізінде оның өзіндік жеке мінез, адамгершілік қағидалары және өмірлік мақсаттарының ішкі байланысы ретінде қалыптасқан қасиеттер, ал мораль – қоғам мойындаған этикалық құндылықтар жүйесі болып табылады.

Әдеп қоғамдық мәдениеттің бөлшегі. Әдептілік тәртіптілікпен астасып жатқан ұғым. Тәртіп тәрбиемен келеді. Тәртіпсіздікті сынау арқылы біз қоғамның дұрыс болғанын, адамдардың тәрбиелі болуын қалаймыз. Бірақ, тәртіп дегеніміз ереже, заң арқылы жазылып, белгіленіп, анықталып жататын құбылыс. Ал әдеп, жазу-сызусыз-ақ, арнайы заң шығармай-ақ қалыптастыруға тиісті жағдай. Мысалы, кафеге қалай бас сұғып, қалай шығу керектігін, шанышқыны қай қолға ұстап, пышақты қай қолмен колдану қажеттігін заңмен бекіту керек пе? Жоқ. Мұның барлығы жазылмаған заңдылық. Ол кез-келген адамның түйсігі сана-сезімі арқылы ортаға бейімделуі, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуі арқасында қалыптасатын тәрбиесі. Олай болса әдептің жазылмаған өз тәртібі оның қажеттілігін дәлелдей түседі.

Әдеп нормалары әуел бастан, біріншіден қоғамның пайда болуы мен өмір сүруінің шарты болса, екіншіден адамдардың бірлікте өмір сүруге, яғни ізгілікке қабілеттіліктерінің көрсеткіші болып келеді. Әдетте қай-қайсымыз болсын әдепті жанға қарап, риза болғанда «көргенді жердің қызы екен», «әдепті бала», «тәртіпті жан білем» деп тамсанып жатамыз. Ал сол көргенділікті, әдептілікті адам баласы қайдан үйренеді? Әрине, отбасы, ошақ қасындағы тәлім-тәрбиеден. Бірақ отбасындағы тәлім-тәрбиеден адамның бойында жақсы әдеппен қатар жағымсыз әдет те қалыптасатынын жоққа шығаруға болмайды. Себебі отбасы егелері саналатын ата-ананың да білмейтін әдебі болуы әбден мүмкін ғой.

Тәртіп (лат. disciplina) – адамдардың белгілі бір қауымдастығындағы, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, жөн-жосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаты. Ол адам мінез-құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына не әлдебір ұйымның жарғылық талаптарына сәйкес болуы керек.

Тәртіп тұлғаның ұстамдылығын, іштей ұйымдасқандығын, жауапкершілігін, өз мақсаттарына бағыну мен қоғамдық нұсқауларға (заңдар, әлеум. нормалар, қағидалар) бағынуға әзірлігі мен дағдысын қамтиды. Ал қоғамдық тәртіп адамдардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысына үйлесімді сипат береді, ұжымдық іс-әрекеттің өнімділігін, әлеуметтік инабаттардың қалыпты қызмет атқаруының, тұлғааралық қатынастың дұрыс болуының алғышарты болып табылады.

Адамдар арасындағы қарым–қатынаста белгілі бір ереже, тәртіптің сақталуы қоғамдық мәдениетті тудырады. Қоғамдық мәдениетке қоғамдық орындардағы әдептілік нормаларын жатқызуға болады. Қоғамдық мәдениет жеке адамдардың әдептілік, адамгершілік, тәлім - тәрбиесін ғана қарастырып қоймайды, ол сонымен қатар сол қоғамның әлеуметтік - тұрмыстық, мәдени -көркемдік және т.б қажеттіліктерін де өтеуді көздейді.

 

Лағатты сөздер

Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді.

И.Гете

***

Этика дегеніміз - адал іс - әрекетіміз ғана емес, ақ жүректі ерік - жігеріміздің философиясы да.

И.Кант

***

Аға әдепті болса, іні әдепті,

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

Мейірімділікті атадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Қазақ мақалы

Зiн - өзi бақылау сұрақтары

1. Әдептілік дегенді қалай түсінесіздер?

2. Қандай адамды әдепті деп атайды?

3. Күнделікті қарым-қатынастағы әдептілік дегеніміз не?

4. Әдеп, мораль, адамгершілік ұғымдарына сипаттама беріңіз.

5. Моральдың қоғамдық, әлеуметтік ерекшеліктерін атаңыз.

6. Этика, этикет ұғымдарының ара жігін ашып көрсетіңіз.


Просмотров 2643

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!