Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жүйке жүйесінің бұзылыстарына мысл келтіріңіз.Невроз,депрессиялық күй,күйгелектік жайлы түсінік



Невроз (лат. neurosіs — жүйке тозуы) – адамда болатын психикалық-жүйке жүйесінің өтпелі психогенді, созылмалы аурулар тобы. Невроз шамадан тыс психикалық жағдайдың себепші болуынан дамитын, өте жиі таралған дерт. Негізінен жүйке жүйесі әлсіреген адамдарда байқалады. Жүйке жүйесінің іштен туа біткен әлсіздігі жүктілік кезіндегі жеріктіктен, ал жүре пайда болатын әлсіздік бала кезінде алған жарақаттар мен әр түрлі аурулардың салдарынан пайда болады. Кейде адамдардың өмірінде неврозға ұқсас жағдайлар байқалады. Мысалы, адам ерекше бір хабар күткенде, уайымға батып, сабырсыздық танытады, жүрегінің соғуы жиілеп, денесі дірілдейді, қатты тер басады. Психикалық жарақаттардан кейін болатын Невроздың белгілері: жабырқау, ренжу, үрей, титықтап қажу, тұйықтан шыға алмау. Кейде невроздың белгілері ішкі органдар қызметінің бұзылуынан да болады. Мұндай кезде науқаста жазылмайтын аурумын деген қорқыныш үрей пайда болады. Мысалы, жүрегі шаншыса – инфаркт, асқазаны ауырса – қатерлі ісік (рак) болдым деп, ауру бірнеше дәрігерге қаралумен болады. Клиникалық белгілеріне қарай невроздың: неврастения, истерия деген түрлері ажыратылады. [1]

Невроз – өмірдегі жағымсыз жағдайларға тұлғаның реакциясы. Осы реакция нәтижесінде тұлға бұзылысы, сана және ес бұзылысы туындайды. Невроздардың келесі түрлері бар: неврастения, есіріктік невроз, жабыспалы қалып күй неврозы. Балалар неврозының этиологиясы: психикалық травма, биологиялық факторлар, психикалық факторлар, әлеуметтік факторлар. Невроз аурулары психогенияныд ең көп тараған түрі болып табылады. Невроздың ең бір елеулі ерекшелігі әдетте өзгеше дөрекі психозға, бейнелеуші, танымдық әрекеттің айқын бұзылуына соқтырмайтын, демек, мінез-кұлыктың айқын білінетін дұрыс емес күйлерін өзімен бірге тудырмайтын аурулы күйдің пайда болуы саналады. Дегенмен, бұл ауруда ағзаның үйреншікті қызметі едәуір қиындайды. Қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты оның әдеттегі нәзік тепе-теңдігі қиындайды. Невроздық симптомдардың клиникасы өте алуан түрлі, соған орай, невроздың сипатымен ғана емес, сондай-ақ оның даму сатысымен де сипатталады. Невроздар невроздық реакциялар: 1) неврастения; 2) истерия; 3) жабысқақ күйлердің неврозы болып бөлінеді. Невроздық күйлердің аралас көріністерінің де болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда белгілі бір невроздың диагнозы клиникалық жағынан басым жетекші синдромға қойылады. Неврастения адамға психикалық жарақаттық факторлар ықпал еткенде, бірақ үлкен күшпен емес, ұзаққа созылатын жағдайда, кейде бірнеше жыл бойына әсер еткенде болады. Үнемі психикалық зорлануды тудыратын мұндай жарақатты күй, мысалы, жанұядағы жиі болатын қолайсыздықтарға байланысты, сол сияқты жұмыстағы шиеленіскен қарым-қатынастан, жеке өмірдің сәтсіздігінен пайда болуы мүмкін. Неврастения ауруы негізінен 20-дан 40 жаска дейінгі адамдарда кездеседі. Әйелдерге карағанда еркектер жиі ауырады. Бұған тән симптом ашушаңдық болып табылады. Неврастениямен ауырған адам толқи бастап, бұрын өзі назар аудармаған ұсақ-түйектерді өз бойынан таба бастайды. Көшедегі шу, біреудің катты әңгімелескені, күлгені, кенет шыққан дыбыс, тіпті маңайдағылардың біреуінің түрі де — осының бәрі тітіркенуді туғызады.





Депрессия (лат. depressio — көңілсіздак, жабыраңқылық) – жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күи жағдайы.[1]

Толығырақ[өңдеу]

Бұл өзі нарықтық қоғам орнаған соң ең көп қолданылатын әрі ең бір «сәнді» сөзге айналды. «Депрессияда жүр едім», «депрессияның салдарынан жұмыстан кеттім» болмаса «депрессиядан айыққан соң бәрін жаңадан бастаймын» деген тіркестер бір ауыздан шығып, екінші біреулердің құлағына ілініп жатады. Құлағына ілінетін себебі – тыңдаушының өзі депрессияда жүр…

Көбінесе күйзеліс, жабығу ең алдымен мегаполис тұрғындарына тән. Өйткені көптеген психологтар депрессияның қалалы жерлерде үлес салмағы басым екенін жазады. Сосын оны үлкен қаладағы өмір ырғағының жоғарылығымен түсіндіреді. Мегаполис тұрғындары үлкен қаланың жақсылығы мен жамандығына қатар төзіп, басқаша айтқанда екеуінің дәмін тең татып күнелтуге мәжбүр. Техника мен технология алысты жақын етіп, қол еңбегін жеңілдеткенімен, мобильді телефонмен күніне бірнеше рет сөйлесу, радио, теледидардан керекті-керексіз ақпараттар алу, негізінен батыстық менталитетті бейнелейтін агрессиялық фильмдер көру, нарықтың басты құндылығы ақша болғандықтан, ақша табу үшін жанталаса өмір сүру, сөйтіп әке-шеше, туған-туыс, қатар құрбыдан алыстау арқылы өз-өзіне тұйықталу адамның жүйкесін шаршатып, депрессияға ұшыратады. Биік-биік ғимараттар да жүйкесі әлсіз адамның мысын басуы мүмкін. Оның бер жағында «жұмыстан шығып кетпес пе екенмін?», «бастығым ұнатпай жүр», «пәтерақының уақыты жақындады», т.б күдік-күйзелістер де мегаполис адамының еңсесін көтертпей, нарықтың күресініне лақтыруға бейіл… Нарықтық экономикадағы халықтың кешкі тоғыз-онға дейін жұмыс істеп, дқрыс дем алмауы да әсер етеді. Кейде жексенбі күндері де шаруа бітірулері тиіс. Уақыттары есептеулі. Шаршап жүреді. Ашуланшақ. Өйткені нарықтың өз заңы, өз моралі бар. Нарық қылтың-сылтың еркелікті көтермейді…

Заманауи зерттеулер бойынша қазір әлемде жүрек ауруынан кейінгі екінші орында депрессия дерті тұр. Яғни, адамзаттың жүйкесінің әлсіреуі жер бетіндегі барлық қоғамды қауіптендіруде. Әлемдік статистикаға сүйенсек, өз-өзіне қол жұмсайтындардың 25 пайызы психикалық аурулар болып келеді екен. Осыдан келіп «біздің үлесіміз қаншалықты» дейтін заңды сауал туындайды.

Күйгелектік– адамның көңіл күйіндегі шапшаң өзгеріске бейім ерекшелікті білдіретін ұнамсыз сипат. К. тез шамдану, ашулану, қызу қандылыққа жол беру секілді жеңілтектікпен ұштас сезімді сыртқа шығарудан байқалады.

Ашушаңдық — тез ызаланғыш, шырт етпе мінез. Намысқой, көдікшіл, ызақор адамның бойында болады. Сондай-ақ, жас өспірімдердің көңіл әуенінің өзгергіштігіне орай жас өспірімдерде жиі кездеседі. өйткені, олардың жүйке қызметінде тежелу процесінен кјрі әозу шапшаңдықы басымыраз келеді. Олар өмір тәжірибесінің жетімсіздігінен сыртқы әсерге шапшаң берілгіш. Ашушаңдық мінездегі ызақорлық, күйгелектік, бос намысқойлық, әсершілдік сияқты қасиеттермен астарласып жатады. Мұндай мінезді жеңе білу адамның ұстамдылығына, табандылығына, саналы әрекеті мен білім деңгейіне байланысты.

 

36.Эндокринопатия түсінігіне анықтама беріңіз.Қалқанша безі қызметінің бұзылысын сипаттаңыз

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттержәне парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.


Просмотров 1485

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!