Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Нерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы



 


Нерв жүйесінің бұзылыстарына әкелетін себептік ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі үлкен топқа бөлінеді.Экзогендік себептік ықпалдарға: биологиялық (микробтар мен вирустар және олардың уыттары), химиялық (улы заттар, металдар, этил немесе метил спирттері, кейбір дәрі-дәрмектер, мәселен стрихнин, хлороформ, кураре ж. б., гипоксия), физикалық (барометрлік қысым, иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, электр ағыны, электромагниттік толқындар ж. б.) механикалық (жарақат, ми шайқалысы), психогендік (жан-күйзелістері, жағымсыз эмоциялар) ықпалдар жатады. Сонымен бірге нерв жүйесінің бұзылыстары адамның ішетін тағамында витаминдердің аздығынан, әсіресе жас балалардың тамағында нәруыздардың (протеиндердің) жетіспеуінен дамуы мүмкін. Бұл келтірілген себептік ықпалдармен бірге адам үшін сөздің маңызы өте үлкен. Бір ауыз сөзбен адамның жанын жаралауға немесе науқас адамға дем беріп, сауықтыруға болады.

 


Эндогендік ықпалдар туа біткен немесе жүре пайда болған болып бөлінеді. Туа біткен эндогендік себептік ықпалдарға тұқым қуалайтын нерв жүйесінің аурулары (Даун ауруы, фенилкетонурия, шизофрения, эпилепсия, микроцефалия т. с. с.) және нәресте басының туылу кезіндегі жарақаттанулары жатады. Жүре пайда болған эндогендік ықпалдарға мида қан-айналымының бұзылыстары (ми тамырларының спазмы, тромбозы немесе эмболиясы, қан құйылу), өспе өсуі, эндокриндік дерттер (қантты диабет, туа біткен гипотиреоз, тиреотоксикоз ж. б.), аутоиммундық үрдістер ж. б. жатады. Бұл көрсетілгендерден басқа нерв жүйесі нервтік-рефлекстік (травмалық шок), шартты-рефлекстік жолдармен бұзылулары мүмкін.



Нерв жүйесінің бұзылыстары тежелудің тапшылығымен, денервациялық және деафферентациялық синдромдармен, нервтердің нәрленістік (трофикалық) қызметтерінің өзгерістерімен көрінеді.

 


1. Тежелудің тапшылығы. Нерв жүйесінің қызметтері екі қарама-қарсы қозу және тежелу үрдістерімен қамтамасыз етіледі. Қалыпты жағдайда нерв жүйесінің жоғарғы бөліктері төменгі бөліктеріне, нервтелетін ағзалар мен тіндерге тежеуші әсер етіп тұрады.

 

Дерт туындататын әсерлерге тежелу механизмдері өте сезімтал келеді. Сондықтан ОЖЖ-де ең алдымен тежелу үрдістері бұзылады, қалыпты тежелудің тапшылығы дамиды. Осыдан күшейген дерттік қозу ошақтары пайда болады. Мысалы, мидың сыртқы қыртысының қызметі бүлінуінде (инсульт) оның тежеуші әсерінен жұлын орталықтары шығып кетуден қол бүгіліп, аяқ еттерінің жазылып жиырылып қалуы (Вернике — Манн кейпі) пайда болады. Мидың жұлынға тежеуші әсері болмауынан жұлында патологиялық рефлекстердің бақылаудан шығып кетуі байқалады. Осыдан Бибинский рефлексі, емізік, қамту рефлекстері ересек адамдарда пайда болады. Бұл рефлекстер әдетте жаңа туған балаларда болады, ал артынан ОЖЖ жоғары бөліктерінің жетілуіне байланысты олардың реттеуші әсерлерімен тежеліп, ересек адамдарда болмайды. Нейрондардың гендік құралдары тежелуден шығып кетсе жасуша мембраналарында нейромедиаторларды қабылдайтын көптеген артық рецепторлар пайда болады (шизофрения, Гентингтон хореясы ж. б.). Осы рецепторлардың артық қоздырылуы бұл дерттердің клиникалық көріністеріне (сандырақ, елес, бұлшық еттердің бірікпей жиырылулары немесе кейбір ет топтарының сіресіп қалуы т. с. с.) әкеледі.



 

2. Денервациялық синдром. Постсинапстық нейрондарда, ағзалар мен тіндерде нерв әсерлері болмауынан пайда болатын өзгерістердің жиынтығын денервациялық синдром деп атайды. Бұл синдром бұлшық еттердің тұтасып бірікпей жеке талшықтарының жиырылулары байқалады.

 

3. Деафферентация.Ми нейронына шеткі тіндерден немесе шеткі нейрондардан түсетін серпіндер афференттік серпіндер деп аталады. Бұл серпіндердің болмауы нейронның деафферентациясы делінеді. Деафферентация нейронға серпіндердің өтуі тоқталуында (нерв жолдары үзілгенінде, пресинапстық аяқшалармеп нейромедиаторлар шығуы бұзылғанында) немесе постсинапстық нейронда нейромедиаторлардың әсерлерін қабылдайтын рецепторлар тежелгенінде (уыттар, дәрілік заттардың әсерлерінен) байқалады. Нейрондар тобының деафферентациясы патологиялық күшейген қозу ошақтары пайда болуына әкеледі.


4. Нервтік нәрленістің бұзылыстары.
Нейродистрофиялық үрдістер. Жасушаның нәрленісі (трофикасы гр. trophe қоректену) — оның тіршілігін қамтамасыз ететін үрдістердің жиынтығы.

Трофиканың бұзылуы дистрофия деп аталады. Дистрофия кез-келген дерттерде кездеседі.

Трофогендер деп нерв жасушаларыиа және олармен жүйкеленетін ағзалар мен тіндерге нәрленістік әсер ететін заттарды айтады. Олар нейрондарда, шеткі тіндерде, глия және шван жасушаларында өндіріледі. Трофогендік міндет атқаратын заттар қан сары сусындағы нәруыздар мен иммум нәруыздардан құрылуы мүмкін. Кейбір гормондар трофогендік әсер ете алады.

Трофогендерге нейрондардың тіршілігін сақтап қалуын, өсіп-жетілуіне әсер ететін нервтердің өсу факторы жатады. Олар жаңа дамып келе жатқан организмдердің нерв жүйесінде болады. Ал, ересек организмдерде оның түтілуі кейбіреулерінде тоқтап қалады. Бірақ жарақаттанудан кейінгі нервтердің бүліністері кездерінде трофогендердің түзілуі қайта пайда болады.

 


Сонымен бірге, кейбір жағдайларда патологиялық трофо-гендер өндірілуі мүмкін. Олар патотрофогендер деп аталынады. Патотрофогендер нысана-жасушаларда тұрақты патологиялық өзгерістерді туындататын заттар. Мұндай заттар эпилепсияланған нейрондарда өндіріледі. Олар аксоплазмалық ағыммен басқа нейрондарға түсіп, соңғыларында тұрақты эпилепсиялық қасиет туындатады.


34.Патологиялық және сүйелік феномендер:парабиоз,патологиялық басымдылық,соңғы тежелу,патологиялық жүйе жайлы түсінік беріңіз

 

Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Организмде бездерді үш топқа бөледі:

1. Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);

2. Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);

3. Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).

Мазмұны

Эндокриндік жүйенің қызметі[өңдеу]

· Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.

· Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.

· Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:

· өсуді;

· ағзаның дамуын;

· жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;

· энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.

· Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:

· эмоционалды реакциялардың;

· адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.

Гормондар[өңдеу]

Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып келеді.

Гормондардың қасиеті:

1. Гормондар дистантты түрде әсер етеді;

2. Арнайы әсер;

3. Био-физиологиялық белсенділік;

4. Әр түрге арнайшылық;

5. Тек тірі жасушаларға әсер ету.

Ішкі секреция бездері[өңдеу]

Толық мақаласы: Ішкі секреция бездері

Эндокринді бездер (эндокринные железы); (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.[1]

Гипоталамус-гипофиздік жүйе[өңдеу]

Толық мақалалары: Гипоталамус және Гипофиз

Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцинжәне вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.

Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы

Қалқанша без[өңдеу]

Толық мақаласы: Қалқанша без

Қалқанша без — мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т3). Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.

 


Просмотров 1362

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!