Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Алтырауға(лихорадка)заманауианықтамаберіңіз.Терминге,лихорадка этиологиясы,лихорадкалық реакциялардың этиологиялық жіктелуін сипаттаңыз



Қалтырау - ауру қоздырғыштарына қарсы организмде туатын ерекше әрекет. Қалтырау өз алдына жеке ауру емес, әр түрлі аурулардың белгісі ретінде білінеді. Қалтыраудың пайда болуына әр түрлі микроб және оның уы, улы заттар, организмде белокты заттардың ыдырауы, жарақаттану т. б. Жағдайлар әсер етеді. Әсіресе, орталық нерв жүйесінің дене қызуын реттейтін бөлімінің қызметі бұзылғанда организмнің жылу шығаруы кемиді де, жылу түзуі артады. Соның нәтижесінде дене қызуы көтеріледі. Қалтырау кезінде организм алғашында қалтырап тоңады, кейіннен дене қызуы көтеріліп, тер шығып басылады. Кейде кенеттен дене температурасы тез төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайды кризис деп атайды. Сондай – ақ Қ. кезінде зат алмасу бұзылады, науқас сандырақтайды, әр нәрселер елестейді,жүрек соғуы өзгеріп, қан қысымы көтеріледі, , асқазан, бүйрек т. б. органдар қызметіне әсер етеді. Дене қызуының көтерілуіне қарай қ. субфебрильді, қалыпты температурадан жоғары, жоғары температуралы және өте жоғары температуралы болып бірнешеге бөлінеді. Қызудың 41градустан жоғары болуы адам өміріне қауіп төндіреді. Қалтырауды қолдан жасауға, бәсеңдетуге және тоқтатуға болады. Қолдан жасалған Қ. кейбір ауруларды емдеу үшін қолданылады.

Қызба,қалтырау, лихорадка — дененің кейбір ауруларға қарсы қорғаныш реакциясы. Мұндайда температура көтеріледі, ол организмнің қорғаныштық қуатын арттырады. Қызыну жұқпалы және жұқпайтын аурулармен ауырғанда (улану, аллергия, т.б.) пирогендердің микробтар және олардың улары, жат белоктар, олардың ішінде сыворотка (сарысу) менвакциналар; кейбір химиялық заттар әрекеттеріне жауап ретінде пайда болады. Қызбаның аса күшеюі әр түрлі органдар мен жүйелер қызметінің бұзылуына әкеліп соғады, жүйке жүйесі (бас ауыру, бас айналу, есеңгіреу), жүрек-қантамыр және тыныс жүйелері қызметі (жүрек соғуы мен тыныс алу жиілейді), зат алмасу бұзылады, кіші дәрет дұрыс жүрмейді.[1]



Температураның көтерілуі, әдетте пирогендердің “дозасына” байланысты, бірақ дененің температурасы 40,5 — 41°С-дан аспайды. Әдетте нәрестелер мен егде адамдардың, сондай-ақ, қарттардың ыстығы аздап қана көтеріледі. Қызба 3 сатыда өтеді:

1. температура көтеріледі (науқастың денесі қалтырайды);

2. “тұрақтану” (науқастың денесі қызарады, қызады);

3. төмен түсу (температура біртіндеп немесе күрт түседі).

Қызбаның клиникасы әр ауруда әр түрлі болуы мүмкін, ол айнымалы температура деп аталатын түрлі формада бейнеленеді және оның диагностикалық маңызы бар (мысалы, безгекпен ауырғанда температура күрт көтеріледі де, белгілі бір уақыт аралығында күрт түседі; сепсис болғанда температура 39 — 41°С-қа дейін көтеріліп, тәулік бойына түспейді; ал өкпеге суық тиіп, қабынғанда температурара 39 — 40°С-қа дейін көтеріледі де белгілі бір уақытқа дейін осы деңгейде тұрады). Дененің көтерілген температурасын жасанды жолмен түсіру кейде өте қауіпті. Сондықтан дәрігердің кеңесінсіз ыстықты басатын дәрі-дәрмекті науқас өз бетінше қабылдамауы керек.



Дене қызымы организмнің тіршілігін сипаттайтын белгілі тұрақты физиологиялық көрсеткіштің бірі болып келеді. Ол организмнің күрделі термореттеу механизмдерімен қамтамасыз етіледі және қалыпты жағдайда 36,5-37°С деңгейінде ұсталып түрады. Организмнің термореттеу механизмдері жогары деңгейге көтерілгенде дене қызуы пайда болады.

 


Қызба деп әрі бүліндіргіш, әрі қорғаныстык, компенсациялық қүбылыстармен сипатталатын біртектес дерттік үрдістерді айтады. Бұл кезде пирогендік (грек. ругеіоз — ыстық, ... ген-туындататын) заттардың әсерлерінен термореттеу орталықта-рының әрекеттерінің өзгеруі дене қызымының көтерілуіне әкеледі. Қызба кезінде термореттеу механизмдері бұзылмай сақталып, жогары деңгейге көтеріледі.

 


Қызба пайда болу себептеріне қарай инфекциялық жөне бейинфекциялық болып екіге бөлінеді.

 


Иифекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым жануарлардың, мгійда саңырауқүлақтардың әсерлерінен дамиды. Бейинфекциялық қызба тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, инфаркт, қан қүю, ішке қан құйылу, аллергия, ісік өсу, цирроз т. б. жатады.

 


Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын алады. Олар экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге бөлінеді. Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.

 


Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен бірге организмнің даралық реактивтілігі мен иммундық жүйесінің маңызы үлкен. Кейбір аурулар кездерінде температураның көтерілмеуі, ал кейде тым қатты көтерілуі мүмкін. Мысалы, қарттарда және қатты жүдеген адамдарда крупозды пневмония қызбасыз және ауыр түрде өтеді. Бұл организмнің жалпы тезімділігі төмендеуімен, энергия түзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен, зат алмасу қарқынының төмендеуімен және эндогендік пирогендердің түзілуі бүзылуына байланысты. Қызба дамуында пирогендерден басқа заттардың да, әсіресе гормондардың, маңызы үлкен. Тиреотоксикоз кезінде жүқпалы аурулар тым қатты ет ысуымен қабаттасады. Гипотиреоз кезінде қызба сирек дамиды. Глюкокортикоидтар ет ысуын азайтады.

 


Просмотров 1008

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!