Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Тыныс алу жеткіліксіздігін түсіндіріңіз.Өкпе жетіспеушілігі:туындау себебін,түрлеріне,түсінігіне анықтама беріңіз



Тынысалу дегеніміз - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тынысалу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауатамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қантарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды. Сондықтан ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасын қабылдайды, оның иісін анықтайды. Ауыз қуысы дегеніміз — тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т.б.) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тынысалу және асқорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы — өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек). Мүның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры). Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтан.



Көмекей жартылай сақиналы шеміршектерден тұратын түтік - кеңірдекке ұласады. Кеңірдек өңештің алдыңғы жағында орналасады. Сондықтан ішкі жағында және жартылай сакиналар аралығында жұмсақ дәнекер ұлпатек болады. Соның арқасында ас жентегі кеңірдек шеміршегіне қысым түсірмей, өңешпен еркін жылжиды. Кеңірдек екі ауатамырларға тармакталады. Ауатамырлар шеміршек сақиналарынан құралады. Олар бұрынғысынан да ұсақ ауа тамырлық тармақшаларға (бронхиолдарға) тармақталып, өкпе ішінде «бронхиолды ағаш» түзеді. Ауатамырлық тармақшалардың ең ұсақтары өкпе көпіршіктері - альвеолдармен аяқталады. Көпіршіктердің әрқайсысын қан тарату қылтамырлары торлап жатады. Оларда веналық қан болады, ол оттегіне қанығып, артериялық қан болып шығады. Гемоглобин көмірқышқыл газды беріп, оттегін қосып алады (карбогемоглобиннен оксигемоглобинге айналады). Өкпе көпіршіктері және веналық қылтамырлардын кабырғасы арқылы газ алмасады. Өкпе альвеолдар жәрдемімен өте қан ұяшықтарға бөлініп, газалмасатын үстіңгі қабаттың көлемін өте ұлгайтады. Қанның оттегіне қанығуына өкпедегі ауа құрамы алмасады. Атмосфералық ауа (тыныс алғанда) құрамында 21% оттегі және 3% көмірқышқыл газы болады. Өкпе арқылы (тыныс шығарғанда) өткен ауа құрамында 16% оттегі және 4% көмір қышқылы қалады. Ауадағы азот мөлшері өзгермейді (74%). Өкпе қызметың маңызды көрсеткіші ӨТС-өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы. Бұл өте терең тыныс алған соң адамның тыныс шығара ала-I ми пуп мөлшері. Оның орташа мөлшері 3,5 л немесе 3500 см3. Жаттыққан адамдарда ӨТС бұдан көбірек (5-7 л және одан артықтау) болады. ӨТС неғұрлым жоғары болса, өкпе соғұрлым жақсы қызмет атқарады.



Өкпе мен тыныс алу жолдарының қанды оттегімен қанықтыруын және одан СО2 шығуының керекті дәрежесінде қамтамасыз ете алмау жағдайын сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі деп атайды. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі: өкпедегі ауа алмасуы (вентилляциясы), ондағы қан айналымның (перфузиясы) немесе газдардың өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың мембраналары арқылы диффузиясы бұзылыстарынан болуы мүмкін. Бұл көрсетілген бұзылыстыр жиі біріккен түрде байқалады.
Тыныс жетіспеушілігі– деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериалық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады».
Артериялық қанның газдық құрамының жеткілікті қамтамасыз етілмеуі немесе оның сыртқы тыныс жүйесі функциясының артуымен қамтамасыз етілуі.
Физикалық жүктеме кезінде немесе тыныштық жағдайда өкпенің газ алмасу қызметін толыққанды қамтамасыз ете алмауымен байланысты патологиялық жағдайы.
1 Тыныс реттелуінің бұзылыстары(мидағы тыныс орталығына ісік өскенде, ми жарақаты, миға қан құйылғанда, дәрілердің, есірткілердің әсерінен тежелуі.)
2 Тыныс алу бұлшықеттеріне нерв импульстарының таралуының бұзылыстары
3 Кеуде қуысының қозғалуының бұзылыстары
4 Тыныс алу жолдарының бұзылыстары
5 Өкпе тінінің бұзылыстары

 

 


Просмотров 1070

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!