Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Организмнің оттектік ашығу кезіне қорғаныш-бейімделуін сипаттаңыз



Гипоксия - қан құрамындағы оттегінің азаюына (гипоксимия) байланысты бұлшық ет тіндерінде (ұлпа) туындайтын жағдай.[1]

Гипоксия – жасушалардың оттегі жетіспеушілігінен туатын ұлпалардың декструктивтік өзгерістеріне әкелетін патологиялық процесс. Оттегінің ұлпаларға тасымалдануының бұзылуында және тыныс алу жүйесінің клеткаларының оттегін шығаруы бұзылуында пайда болады.

Ұйқы кезіндегі функциональды салмақ интенсивті жұмыс істеп тұрған ағзалардың орташа гипоксия дамуы мүмкін. Бұл гипоксия организмнің қалыпты физиологиялық беімделу реакциясын қалыптастырып, оның дамуын жоғарылатады.

Эмоциясына байланысты гипоксия түрлері:

- экзогенді

- респираторлы

- циркуляторлы

- гемикалық

- біріншілік – ұлпалық

- салмақ түсудегі гипоксия

- аралас этиологиялы гипоксиялар.

Гипоксияның көрінісі, оның пайда болу жылдамдығына, узақтылығына, сатысына, организмнің реактивтілігіне байланысты.

Экзогенді гипоксия – тыныс алу ауасында О2 мөлшерінің азаюында пайда болады.

А) Нормобариялық гипоксия – атмосфералық қысым қалыпты жағдайда (шахтада, құдықта, ауасы тар кіші бөлмеде көп болған кезде).

Б) Гипобариялық гипоксия – атмосфералық қысым төмендеген жағдайда (таулы аймақта). Негізгі түздіруші фактор өкпе гипервентиляциясы және көмір-қышқыл газын көп мөлшерде болу кезінде түзілетін – гипокампния мен газды алкалоз.

Жаттықпаған адамдар таулы аймаққа көтерілген кезде пайда болатын гипоксемия мен гипокапния оларда тау ауруының дамуына әкелуі мүмкін. Тау ауруының дамуы мына факторларға байланысты:



1.Таулы аймақтың климаттық жағдайына – ауа дымқылдығы, түнгі және күндізгі температура айырмашылығы, қар жамылғысының қалыңдығы т.б.

2.Өрге шығу жылдамдығына.

3.О2 жетіспеушілігіне төзімділігінің өзіндік ерекшелігіне.

2000 м биіктікте Нв (гемоглобиннің) оттегімен тойымдылығы 92 %, 4500 м – 70-75 %, 5000 метрде гипоксия қауіпті.

Тау ауруының жедел түрінде адамда бас ауруы, тыныс алудың жетіспеушілігі, тері қабаты бозғылт, ерні көгеріп, жүрегі айнып құсуы мүмкін, ұйқысы бұзылады. Ми ісіп, өкпе ісуі мүмкін.

Респираторлы гипоксия – сыртқы тыныс алу бұзылғанда пайда болады. Туғаннан және жүре пайда болған өкпе ақайларында, тыныс алу бұлшықеттерінің қабынуында, миокардиодистрофияда айқындалатын альвеолярлық вентиляцияның жетіспеушілігінде түзіледі. Нейрогенді миопатияларда (полиомиелит, столбнык, ботулизм) қабырға аралық бұлшықеттер мен көкетті жүйкелендіретін перифериялық нейрондар зақымдалады да кеуде қуысының дем алған кезде кеңеюі төмендейді, альвеолаларға баратын ауа көлемі азаяды. Созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасында, бронхиальды астмада тыныс алу кезінде, тыныс алу жолдарының кедергісі жоғарылап өкпе вентиляциясы төмендейді. Тыныс алу орталығының нейрондарына улы заттар әсер еткенде тыныс алудың ритмі бұзылады (диабеттік, бауыр комаларында). Инсульт және шокта альвеолярлы гиповентиляция дамиды. Қалыпты жағдайдағы альвеолярлы вентиляцияның минуттық көлемінің өкпе арқылы 1 минут ішінде өтетін қан көлеміне қатынасы 0,8-1,2. Бұл санның төмендеуі альвеолярлы гиповентиляцияны көрсетеді.



Циркуляторлы гипоксия – қан айналу жүйесінің жетіспеушілігіндегі ағзалар және ұлпалардағы қан және оттегі жетіспеушілігінде дамиды. Қан қысымының жүйелі төмендуінде көптеген ағзаларда қан және О2 жетіспеушілігі түзіледі.

Жергілікті циркуляторлы гипоксия қантамырларының атеросклерозы кезінде дамиды. Даму аймағына байланысты клиникалық көріністері әр-түрлі жүректің ишемиялық ауруы, ишемиялық инсульт, перифериялық артериялар ауруы. Артериялық қанда О2 нормада, веналық қанда О2 төмен болады.

Гемикалық гипоксия – қанның оттегілік көлемі азайғанда дамиды (анемия, сүйек миында эритропоэз төмендегенде, эритроциттер гемолизінде, бүйрек ауруларында). Артериялық қанда О2 көлемінің азаюымен сипатталады. Эритропениялар тек қана гемоглобиннің төмендеуімен ғана емес, сапасының өзгеруімен сипатталады, кең таралған түрі – орақ клеткалы анемия, талассемия (ген деңгейінде зақымданулар). Жүре пайда болған карбоксигемоглобин (гемоглобиннің көміртегі оксидімен қосындысы). Метгемоглобинемия анилин, бензол, кейбір дәрілер (амидопирин, сульфиниламид, фенацетин) әсерінен пайда болады. Артериялық қанда О2 көлемінің азаюымен сипатталады.



Біріншілік – ұлпалық гипоксия – оттегінің клеткамен сіңірілуі бұзылғанда дамиды. Мысалы: цианидтермен уланғанда цианидтер тыныс алу тізбегінің соңғы ферментін жояды. Организм жоғарғы физикалық жұмыс істегендегі гипоксия.

Әр-түрлі этиологиялы гипоксия – жиі кездеседі. Мысалы: қатерлі ісік кахексиясында пайда болатын ұлпалық гипоксия респираторлық, циркуляторлық, гемикалық гипоксиялармен қатар жүреді.

Тұншығу, асфиксия (грек. asphyxіa; a – жоқ және sphyxіs – тамыр соғуы) – қанда оттек жетіспеушілігінен көмірқышқыл газының көбеюінен болатын адам өміріне қауіпті патологиялық жағдайы.

Тұншығу әр түрлі жағдайларға байланысты, мысалы, жүрек, бронхы демікпесі кезінде, тыныс жолына бөгде заттар түскенде, электр тогымен зақымданғанда, т.б. пайда болады.

Сот медицинасында тұншығуды екі топқа бөледі:

1. механикалық тұншығу;

2. токсиндік тұншығу

Механикалық тұншығу[өңдеу]

Механикалық тұншығу - тыныс алу жолдары сырттан басылып қалғанда не іштен тығындалып қалғанда, мысалы, адам асылып өлгенде, адамды (өлтіру мақсатында) арнайы тұншықтырғанда немесе дифтерия ауруында тыныс жолдарының қабынуына байланысты қабықшалармен тығындалып қалғанда, адам суға батып кеткенде, наркоз кезінде тіл тыныс жолдарын бітеп тастағанда дамиды.

Токсиндік тұншығу[өңдеу]

Токсиндік тұншығу - тыныс алу ортасына әр түрлі улы заттар (стрихнин, кураре) әсер еткенде, тыныс алатын бұлшық еттер зақымданса, кейбір заттар қандағы оттекпен әрекеттескенде, ауадағы оттек мөлшері азайғанда (биіктікке көтерілгенде), т.б жағдайларда дамиды.

Тұншығудың ерекше бір түрі – нәресте асфиксиясы деп аталады. Іштегі нәрестенің тұншығуы анасының денсаулығына байланысты, анасы уланған, жарақаттанған не нәрестенің кіндік қан айналымының жұмысы бұзылған жағдайда дамиды.

Тұншығудың даму себептеріне байланысты алғашқы кезде тыныс алу жиіленеді, қан қысымы көтеріліп, жүрек соғуы күшейеді. Бұдан соң тіндерде оттек жетіспеушілігінен (Гипоксия) жүрек соғуы баяулап, қан қысымы төмендей бастайды, тыныс алу сиреп, адам тіпті бірнеше секундтан бірнеше мин-қа дейін дем ала алмай қалады (мұны терминальды тыныс алу деп атайды), рефлекстер жойылып, ауру есінен танады. Осы кезде науқасқа шұғыл дәрігерлік көмек көрсетілмесе өліп кетуі мүмкін. Тұншыққан адамның беті көгеріп, терісі бозарады, ерні кезеріп, жүзінде қорқыныш үрей пайда болады, суық тер шығады. Ішкі органдарға қан толады, өкпе ісініп, орталық жүйке жүйесінде ауыр дистрофиялық өзгерістер дамиды.

Алғашқы көмек көрсету[өңдеу]

Тұншыққан адамға жедел түрде жәрдем көрсетіліп, жүрекке сырттай массаж жасап, “ауыз бен ауыз” не “ауызбен мұрын” арқылы тыныс алдыру қажет (Қолдан тыныс алдыру). Ауруханада интубация (кеңірдек арқылы ауа жіберу) жасалады. Тыныс алу жолдарын тығындап тастаған затты алу үшін трахеотомия әдісі қолданылады. Содан кейін организмнің жалпы оттек – сілтілік жағдайын, суэлектролиттік зат алмасуын реттеу қажет.[1][2]


Просмотров 1882

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.ru - 2021 год. Все права принадлежат их авторам!