Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары



 


Орталық нерв жүйесі эндокриндік бездердің қызметтеріне реттеуші әсер етеді. Бұл бездердің қызметтерін реттеуге мидың сыртқы қыртысы, алдыңғы таламус, лимбикалық жүйе, гиппокамп, гипоталамус ж.б. ми құрылымдары қатысады.

Әртүрлі жандүниелік күйзелістер ж. б. стрестік жағдайлар кездерінде орталық нерв жүйесі қүрылымдарынан гипоталамусқа нерв жолдарымен ақпарат бағытталады. Ұзаққа созылған жандүниелік зақымданулардың әсерлерінен тиреотоксикоз (Базед ауруы) немесе қантты диабеттің кейбір түрлері дамуы ықтимал. Бұндай эндокриндік жүйенің бұзылыстарын психогендік эндокринопатиялар деп атайды.

Эндокриндік бездерді реттеудегі гипоталамустың маңьізы өте ерекше. Оның шеткі эндокриндік бездерді реттеуінің бұзылуы көптеген себептерден болуы мүмкін. Оларга инфекция, қабыну, қан құйылу, тромбоз, жарақаттану, еспе дамуы, жандүниелік зақымдану ж. б. жатады.

 

БЕЗДЕРДІҢ ӨЗДЕРІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ДЕРТТЕР

 

Шеткі эндокриндік бездерде көптеген дерттік өзгерістер байқалуы мүмкін. Сол себептен бұл бездерде гормон өндірілуі, оның қанға шығарылуы бұзылады. Эндокриндік бездерде дерттік өзгерістер: микробтардың және олардың уыттарының әсерлерінен, қан тамырларымен дұрыс қанмен қамтамасыз етілмеуінен, қан құйылудан, қабынудан, өспе есуінен, без тіндерінің аутоиммундық бүліністерінен, туа пайда болған гормон түзілуінің бұзылыстарынан, ұзақ артық қызмет атқаруынан артынан бездердің қызметі әлсіреуінен т.с.с. жағдайлардан пайда болады.



 

Инфекциялық үрдістер мен уыттардың әсерлері.

 

Көптеген микроорганизмдер және олардың уыттары эндокриндік бездердің бүліністерін туындатады. Мысалы, жұқпалы аурулар ішкі секреция бездері қызметтерінің бұзылуына әкеледі. Менингококтық жұқпа бүйрек үсті бездерінде қан құйылуымен қабаттасуы мүмкін. Күл ауруы көрсетілген бездерде коагуляциялық некрозға әкеледі. Эпидемиялық паротит еркектерде орхит ауруына душар етеді. Сөз ауруы аталық безді бүліндіруі мүмкін. Туберкулез және мерез бүйрек үсті бездерінің, аталық бездердің, қалқанша серік бездердің қызметін бұзады.

 

Бүйрек үсті бездері туберкулез таяқшаларымен бүлінуден бұл бездердің созылмалы жеткіліксіздігі немесе қола түстес ауру (Аддисон ауруы) дамиды. Сол сияқты басқа да бездерде туберкулез дамуы мүмкін және олардың қызметтерінің жеткіліксіздігі байқалады.

 

 

Аурулардың патогенезі мен этиология түсініктері жайлы айтыңыз



Жалпы патогенез

Патогенез(грек: раthos— зардап шегу, ауру,genesis-шығу тегі)дегеніміз — мал ауруының пайда болу механизмі, оның дамып жетілуі туралы ілім. Этиология мен патогенез бір-бірімен тығыз байланысты, патогенез даму үшін алғашқы бүліну процестерінің туындауы қажет. Организмнің патогенді факторлармен өзара қатынасу нәтижесінде ауру пайда болады. Сонымен, аурудың дамуы, барысы мен ақыры организмнің күйіне, тұқым қуалаушылығына, икемділігіне, төзімділігіне, жүйке жүйелерінің функционалдық күйіне байланысты. Ауру бүкіл организмді күйзелтіп, көбінесе жеке ағзаларға зақым келтіреді. Ауру әрқашан жергілікті ошақты және жалпы өзгерістермен сипатталады, олар өзара бірлікте болады. Кез келген жергілікті патологиялық процестер жалпы организмнің өзгеруіне әкеледі. Мысалы, қабыну процесі қанда лейкоциттердің, ЭТЖ көбеюіне, дене температурасының көтерілуіне және де басқа құбылыстарға өкелуі мүмкін.

Аурудың дамуында патогенездің буындары бірдей рөл атқармайды. Жетекші буындардың ішінде патогенездің негізгі буыны болып аурудың бастапқы дамуы саналады, ол себеп ықпал еткен соң басталады (мысалы, артериялық гиперемияда негізгі буыны болып тамырлардың кеңеюі саналады). Сонымен, патогенездің негізгі буынын жойса, онда патологиялық процестің дамуы тоқтатылады. Мал дәрігері негізгі процестің буынын тауып, себебін анықтап, тиімді шаралар және патогенетикалық емдеуді қолданады және де байқалған негізгі өзгерістерді қалпына келтіре алады. Көптеген аурулардың дамуында жүйке жүйесінің, әсіресе жүйке рецепцияларының маңызы өте зор. Сонымен, көптеген патологиялық процестер рефлекторлы шақырылады. Патологияда жүйке жүйесінің рөлі организмнің қорғаныс реакциясына байланысты. Бірақ патология жағдайында жүйке жүйесі өзі де зақымдалуы (мысалы, қанда жиналған көмір қышқылы, улар) және реакциялары бұрмалануы да мүмкін.

Организмде ауру тудыратын агенттердің таралу жолдары: 1) жалғасу арқылы таралуы; 2) жанаса отырып жайылу; 3) қан, лимфа тамырлары арқылы таралу; 4) жүйке жүйесі арқылы таралу.

Жалгасу арқылы таралу бір орындағы тіннің жақын орналасқан қалыпты тінге ауру тудыратын агенттің әсер етуінен болады (ауыз қуысынан өңешке, қарынға, сосын ішекке таралуы). Жанаса отырып таралу — микробтардың қабынған өкпеден плевраға әтіп, оны қабындыруы. Микробтар мен токсиндер негізінен тамырлармен таралады, оны гематогендік жолмен таралудеп атайды. Жүйке тармағы арқылы негізінен вирустар (құтыру) және токсиндер де (сіреспе) таралуы мүмкін.

Ауруға шалдыққан кезінде организм өзгерудің екі түрі болады: қорғаныс бейімделу реакциясы және патологиялық өзгерістер. Патогендік факторлар ағзаларды зақымдап, патологиялық озгерістер тудырады: ағзалар мен жүйелердің қызметін, қан айналысын, жүйке жүйесінің, эндокринді бездердің қызметін бұзады. Ал орнын толықтыру механизмдері бейімделу реакциялары мен қалпына келтіру факторлары арқылы патологиялық процестерді жойып, организмді қалпына келтіреді.

Этиология— аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы ілім. Аурудың себебі болып әдеттегіден тыс санды және сапалы ерекшелігі бар тітіркендіргіш саналады, организмде ол өзіне тән өзгерістер тудырады. Ауру себептері шартты түрде эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып бөлінеді. Аурудың эндогендік себептері туа немесе жүре пайда болған организмнің дұрыс дамымауымен байланысты болуы мүмкін. Аурудың экзогендік себептеріне сыртқы ортаның организмге әсер ететін факторлары жатады, олар механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Кейбір аурулардың себебі осы күнге дейін анықталмаған. Кейде себептік фактор көптеген экзогендік жөне эндогендік факторлармен бірігіп әсер етеді. Бұл кезде ауру даму үшін организмнің қорғану бейімделу механизмдерінің жеткіліксіздігінің маңызы зор.

Ауру себептерге байланысты былай жіктеледі:

1) жұқпалы емес аурулар(тұқым жөне даму ақаулары, механикалық жарақаттар, химиялық, физикалық тітіркендіргіштердің ықпалынан және жануарларды азықтандыру, күтіп-бағу, жұмысқа пайдаланудың бұзылуына байланысты пайда болатын аурулар.

2) жұқпалы (індетті)аурулар (вирустық, бактериалдық, лейкоздар мен микотоксикоздар).

3) инвазиялықаурулар(протозооноздар, гельминтоздар, арахноэнтомоздар). Ауру туғызатын сыртқы ортаның факторлары жануарларды пайдалану, күтіп бағу, азықтандыру жағдайлары, географиялық және маусымдық климат ауытқуы жөне бейімдеу (тұқым қуалаушылық, құрылымдық, жастық, жыныстық өзгешеліктері, организм реактивтілігі) болып бөлінеді. Бұл жағдайлар бір-бірімен байланысты.

Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.


Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай олардыошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денегетарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты оларжіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.[1]

Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.

Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.

Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді.Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.


Просмотров 1550

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!