Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жеке патологиялық физиологияның бөлімдерін атап сипаттаңыз



Патологиялық физиология — медициналық ғылымының аурудың пайда болуы, меңдеу барысы мен салдарларын, ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін саласы. Патологиялық физиология жалпы патологиялық физиология және жүйелік патологиялық физиология деген екі үлкен бөлімнен тұрады. Біріншісі организмдегі біртектес үрдістерді (қабыну, қызба, зат алмасудың бұзылуы, ісіктің өсуі, т.б.); екіншісі жекелеген органдар мен жүйелердің (өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек және қанайналым, тыныс алу жүйелері, т.б.) жұмысының бұзылуын зерттейді. Паталогиялық физиология ғылым ретінде 19 ғасырдың басында дами бастады.
Қазақстанда Паталогиялық физиономия жөніндегі зерттеулер 1933 жылы қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университетінде Паталогия факультетінің кафедрасы ашылғаннан кейін басталды. Паталогиялық физиология мәселелерімен, сондай-ақ республикадағы басқа да медициналық университеттердің тиісті кафедралары мен орталық ғылыми-зерттеу лабораториялары, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтты, ҚР Денсаулық сақтау министрілігіне қарасты бірқатар ғылыми-зерттеу институттарының эксперименттік лабораториялары шұғылданады.

Патологиялық физиология-гректің pathos (ауру, дерт, кесел), physis-(фуекция, қызмет), logos-(uiiM, үғым) деген сөздерінен қүралған. Дерттану физиологиясы деген ұғымды білдіреді. Сонда патологиялық физиология ауру организмнің физиологиясы деген үғым. Қалыпты физиология cay организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін болса, патологиялық физиология ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің жэне түтас организмнің қалыптан тыс өзгерулерінің ең жалпы заңдылықтарын анықтайды. Сонымен патологиялық физиологиялық дегеніміз дерттік үрдістердің пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім.



 

Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты жэне олардың, эсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінің, негіздеріне сүйенеді. Сонымен бірге патофизиология патанатомия пәнімен тығыз байланысты. патофизиология бүлінген жасушаның, тіннің, ағзаның, жүйенің және тұтас организмнің қызметтерін дерттің пайда болғанынан бастап, ең соңына дейін бақылай алады, тұтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді. Науқас организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерін, ондағы қорғаныстық-компенсациялық жағдайларды зерттейді.

 

Патофизиология пәні клиникалық пәндердің негізгі. Клиникалық пәндерде жекелеген аурулардың пайда болу себептерін, даму механизмдерін және салдарларын белгілі науқас адамдарда тексереді. Бүл кезде сырқат адамның жасына, жынысына, элеуметтік орналасқан ортасына ж.б.жағдайларға қарай аурудың пайда болу себептері, даму жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан да «дертті емдемей, науқас адамды емдеу қажет» деген қағида қалыптасқан. Ал, патофизиология ауру себептерінің, даму жолдарының жалпы заңдылықтарын тексереді. Аурудың пайда болу себептеріне, организмнің қоздырғышқа жауап қайтару қабілетіне және сыртқы (әлеуметтік) ортаның жағдайына байланысты организмде жасушалардың, ағзалардың және реттеуші жүйелердің қызметтері өзгерулерінің әртүрлі байланыстары пайда болады. Клиникада аурудың жеке түлғаларындағы дара көріністерін зерттеп, емдейді. Мысалы, терінің қабынуын дерматовенерологтар зерттесе, мидың қабынуын-невропатологтар, жүректің қабынуын-кардиологтар, бүйректің қабынуын-нефрологтар, т.с.с.тексеріп емдейді. Ал, қабыну процестерінің орналасқан жеріне қарамай барлыгының даму негізінде белгілі бір жалпы заңдылықтар жатады. Осы жалпы заңдылықтарды патофизиология зерттейді. Сол сияқты ісіктерде орналасқан жеріне қарай эртүрлі клиникалық көріністермен сипатталады және олар онкологтармен зерттелсе, бүл ісіктердің дамуындағы жалпы заңдылықтарды патофизиология тексереді.



 

Эксперименттік әдістердің негізгі мүмкіншіліктері.

1. Аурудың пайда болу себептері мен себептік байланыстарын тексере алады.

2.Аурудың экперименттік үлгісінде ең алғашқы пайда болу сатысынан бастап соңғы нәтижесіне дейін байқауға болады. Клиникалық пәндердің мұндай мүмкіншілігі жоқ. Науқас адам дәрігерге әбден сырқаттанған соң ғана келеді.

3.Аурудың емделмеген түрін байқап, толық тексеруге болады. Клиникаға науқас адам келісімен оған ем тәсілдерін қолданылады да, көрсетілген мүмкіншілік жоқтың қасы болады. Ал, бұл мүмкіншіліксіз аурудың патогенезін анықтау мүмкін емес.

4.Жаңа ашылған қандайда болмасын ем тәсілдері ең алдымен тек жануарларда тексерістен (эксперименттік терапия) өткеннен кейін ғана клиникаға алынады. Сайып келгенде, патофизиологияның басты мақсаты - аурулардың пайда болу себептерін, даму жолдарын, оларды тиімді емдеудің жолдары мен әдістерін түсінуге жеткізеді

Патофизиология пәні жалпы және жүйелік патофизиология деген екі үлкен бөлімнен тұрады. Жалпы патофизиология үш тараудан түрады:

1. Жалпы нозология;

2. Жалпы этиология және патогенез;

3. Біртектес дерттік (патологиялық) үрдістер.

Жүйелік патофизиология жекелеген ағзалар мен жүйелердің дерттерін зерттейді.

Организмнің тіршілігінде өтетін көптеген құбылыстардың реттелуі нерв және эндокриндік жүйелердің біріккен қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйелер өзара бірімен-бірі тығыз байланысты. Сондықтан организмнің біртұтас өзін-өзі реттейтін күрделі жүйеге бірігуі нервтік-эндокриндік реттеулердің нәтижесінде болады.

 


Эндокриндік бездер қанға, тін аралық сұйыққа, гормон (грек, hormao — эсер туындату) шыгарады. Эндокриндік бездерге гипофиз, қалқанша без, паратиреоидты без, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныстық бездер, эпифиз, тимус ж. б. жатады.

 


Эндокриндік жүйенің бұзылыстары үш патогенездік жолдармен дамуы ықтимал:

 


1. Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстарынан;

 


2. Бездердің өздеріндегі орналасқан дерттерден;

 

3. Гормондардың белсенділігінің безден тыс бұзылыстарынан.

 


Просмотров 1788

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!