Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






I-IV жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі



Етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасы түбіріне төмендегі жіктік жалғауын жалғау арқылы жасалады:

Жақ Singularis Pluralis
-o, -m -mus
-s -tis
-t -nt

а) бұл жалғаулар І, ІІ, ІVжіктік тобындағы етістіктердің түбіріне тікелей жалғанады, тек қана ІVжіктік топтағы етістіктердің 3 жақ көпше түрінде түбір мен жалғауды -uжұрнағы байланыстырады;

б) ал жалғаулар ІІІ жіктіктоптағы етістіктердің түбіріне тікелей жалғанбайды, арнайы ереже бойынша жұрнақ арқылы жалғанады яғни m, s, tәріптеріĭжұрнағы арқылы, rәрпіĕжұрнағы арқылы,nt u жұрнағы арқылы байланысады.

I жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі

Numerus Persona I жіктік топтағы етістіктер ornāre - әшекейлеу
Sing. orno orna-s orna-t мен әшекейлеймін сен әшекейлейсің ол әшекейлейді
Pl. orna-mus orna-tis orna-nt біз әшекейлейміз сендер әшекейлейсіңдер олар әшекейлейді

II жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі

Numerus Persona II жіктік топтағы етістіктер vidēre - көру
Sing. vidē-o vidē-s vidē-t мен көремін сен көресің ол көреді
Pl. vidē-mus vidē-tis vidē-nt біз көреміз сендер көресіңдер олар көреді

IIІ жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі

Numerus Persona IIІ жіктік топтағы етістіктер legĕre – оқу
Sing. leg -o leg –ĭ- s leg –ĭ - t мен оқимын сен оқисың ол оқиды
Pl. leg -ĭ- mus leg -ĭ- tis leg - u - nt біз оқимыз сендер оқисыңдар олар оқиды

IV жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі



Numerus Persona IV жіктік топтағы етістіктер audīre – тыңдау
Sing. audī-o audī-s audī-t мен тыңдаймын сен тыңдайсың ол тыңдайды
Pl. audī-mus audī-tis audī-u - nt біз тыңдаймыз сендер тыңдайсыңдар олар тыңдайды

Етістіктен жасалған формалар: герундий және герундив Герундий – іс-әрекет мәніне ие зат есім (салыстырыңыз: орыс тіліндегі -ние, -тие қосымшаларына аяқталған зат есімдер: оправдание – ақтау, занятие – айналысу, кәсіп, жұмыс түрі). Герундий инфект негізінен етістіктің І және ІІ жақ жіктеуі үшін -nd- жұрнағының, ал етістіктің ІІІ және ІҮ жақ жіктеуі үшін -end- жұрнағының көмегімен жасалады. Герундий есімдерге, сондай-ақ етістіктерге тән белгілерге де ие.



Зат есім ретінде герундий II септеу бойынша септеледі. Ол атау (номинатив) және көпше түр формаларына ие емес. Оның септелу парадигмасын келесі түрде көрсетуге болар еді:

Герундиий Genetivus ереже бойынша мына ретте қолданылады:

1) зат есіммен тіркестегі қиыспайтын анықтауыш ретінде:

arscurandi емдеу өнері (искусство лечения);

2) causa және gratia предлогтарымен: discendi causa – ілім үшін, оқу үшін;

3) ілік септігін (gen. objectivus) қажет ететін сын есімдермен: cupidusimperandi – жаждущий повелевать (бұйрық етуге құмар).

Герундиий Dativus өте сирек қолданылады, тек dat. Finalis сияқты: Quisque locumpugnando cepit. – Әркім соғысу үшін (соғысатын) жер алды (Каждый занял место для сражения).

Герундиий Acciisativus тек ad предлогымен дерлік қана қолданылады да мақсатты, орынды білдіреді: tempestasidonea adnavigandum кемеде жүзуге қолайлы ауа райы (погода (время года), удобная для плавания на кораблях).

Герундиий Ablativus abl. instrumenti немесе modi, яғни құрал немесе қимыл-сын бейнесі мәніне ие, сондай-ақ ex, in, de предлогтарымен тіркесіп қолданылады: Hominismens discendo alitur etcogitando адамның ақыл-ойы іліммен және пайымдаумен толығады (Человеческий ум питается учением и размышлением). Moresridendo emendantur – Әдет-ғұрып күлкімен жөнделеді (Нравы исправляются смехом).

Герундив(gerundivum) – бұл етістіктен жасалған міндеттену ырықсыз етіс мәніне ие сын есім («соымен бір нәрсе жасалуы тиіс біреу» «тот, с которым нужно что-то сделать»). Ол инфект негізінен -ndus, -ndа, -ndum (I және II жіктеу үшін) форманттары көмегімен және -endus, -enda, -endum (III және IV жіктеу үшін) форманттары арқылы жасалады, мысалы:

defendendus, defendenda, defendendum – тот (та, то), которого следует защищать (қорғалуы тиісті адам): ornandus, a, um – тот, которого следует украшать (әдеміленуі тиісті адам) және т.б.. Герундив II сипаттамалы жіктеудің жасалуына қатысады.

18) Негіздерді сөздікте берілетін етістіктің төрт формасы арқылы анықтауға болады:

1)Preasens indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) –етістіктіңосы шақтағы ашық райдағы негіз етістің формасы (І жақ жекеше түрі): orno

2) Perfectum indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) –етістіктің өткен шақтағы ашық райдағы негіз етістегі формасы (І жақ жекеше түрі): ornāvi

3) Supīnum – супин: ornātum

4) Infinitīvus praesentis actīvi– етістіктің осы шақтағы негіз етістегі инфинитивтік формасы: ornāre

Латын тілінің инфинитивтік формасы қазақ тілінде тұйық етістікке ұқсайды. Қазақ тіліндегі тұйық етістіктер немесе етістік атаулары етістік түбіріне жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді, сөйлемде әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы:

І жақ: Менің көруім Біздің көруіміз

ІІ жақ: Сенің көруің Сендердің көрулерің

Сіздің көруіңіз Сіздердің көрулеріңіз

ІІІ жақ: Оның көруі Олардың көрулері

Тұйық етістік сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің қызметін атқарады. Мысалы:

Қайталау – оқу анасы. Repetitio est mater studiōrum.

Ер жігіт Отанын қорғауға міндетті. Vir patriam defendĕre debet.

Балалар латын тілін үйренуде. Libĕri lingua Latīna docent.

Қайталау (repetitio) - бастауыш, қорғауға (defendĕre) – толықтауыш, үйренуде (docent)- баяндауыш болып тұр.

Латын тілінде етістіктер төрт топқа бөлініп жіктеледі.


Просмотров 1198

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!