Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Латын тілі туралы мәлемет



Ежелгі тілдер жайлы сөз көзғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.

Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.

Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі – Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, «Одиссеяны» аударған.





Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары – рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары– Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы «Анналы» эпикалық («Жылнама») поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар – Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.

Тит Макций Плавт - (шамамен б.з.д. 250-184 ө.с.) грек үлгілеріне сүйенген латын комедиясының негізін салушы. Плавт барлығы 130 комедия жазған, олардың жиырма бірі бізге жетті. Плавтың комедиясында фольклор кең пайдаланылған, осыған орай олар үлкен табысқа жетті.

Публий Теренций (шамамен 195-159 жылдарда ө.с.) барлығы 6 комедияcы бізге жеткен. Бұнда Теренций адамның мінезін аша отырып, күнделікті өмірін суреттейді. Теренцийдің әйгілі «адамдылықтың еш нәрсесі маған жат емес» деген сөздері оның шығармаларының мәнін жақсы көрсетеді. Орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірінде Теренций ең көп оқылатын автордың бірі болды. Оның комедиясының тілі әдеби латынның үлгісі деп саналады. Ең нақты ұлы өрлеудің латын әдебиеті б.з.д. I ғасырда Катуллдың, Лукрецийдің поэзиясында, Цицерон, Цезарь және Саллюстийдің прозаларында орын алады.

Гай Валерий Катуллдың, шамамен, 87-54 поэтикалық мұрасы, 116 лирикалық өлеңдері және аз мөлшерлі эпиграммалары болыпты. Олар оған махаббат лирикасының шебері атағын берді.

Лукреций Кар (шамамен 95-55 жылдарда өмір сүрген) – эпикурдың негізгі ілімдері баяндалатын «Заттар табиғаты туралы» философиялық поэманың авторы.

Марк Туллий Цицерон (106-43 жылдарда өмір сүрген) – әр жақты жазушы және шешен. Оған көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және риторикалық трактаттар, сонымен қатар хаттар жатады. Цицерон тілі әр замандарда латын прозасының қайталанбас үлгісі болып саналды.

Гай Юлий Цезарь (100-44 жылдарда өмір сүрген) ол ұлы мемлекет қайраткері мен әскери басшы ретінде ғана емес, сонымен қатар проза жазушысы ретінде де әйгілі. Цезарьдың шығармалары – «Галл соғысы туралы жазбалар», «Азаматтық соғыс туралы жазбалар» және т.б.

Гай Саллюстий (86-35 жылдарда өмір сүрген) саяси қайраткер және тарихшы, латын әдебиетінің тарихына өзінің тарихи еңбектері («Заговор Каталины», «Югуртік соғыс» және т.б.) арқылы белгілі. Саллюстий тілі бейнелілік, классикалық дұрыстылықпен ерекшеленеді. Орта ғасырларда және кейінгі дәуірлерде Саллюстий беделді авторлардың бірі болды. Б.з.д I ғасырдың бірінші жартысындағы автордың шығармаларында латын тілі және латын әдебиеті өзінің хрестоматиялық мәнін алып, өрлеу дәуіріне кірді.

Фонетика

Алфавит

Фонетика - тіл дыбыстары туралы ғылым. Ол бұл ғылымды дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді. Фонетика (гректің phonetikos – «дыбыс мағанасы» дегеннен шыққан) тіл дыбыстарын зерттейді, оның негізгі объектісі – тіл дыбыстары.

Тіл дыбыстарының пайда болуы, жасалуы табиғатта, өмірде кездесетін дыбыстардың жасалуымен ұқсас. Тіл дыбыстары өкпеден шыққан ауаның дыбысталу мүшелеріне қақтығысып, соғысуынан, дыбыстау мүшелерінің вибрациялық қимылының нәтижесінде пайда болады.

Фонетика ғылымы дыбыс атаулының бәрін бірдей зерттемейді, ол тек адам аузынан шыққан мағналы дыбыстарды ғана сөз етеді. Адам аузынан шыққан дыбыстардың бәрін емес, тек мағналы сөздерді жасай алатын дыбыстарды зерттейді. Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз. Әр елдің өзіне тән дыбыстарды белгілейтін шартты белгісі болады. Қазір дүние жүзінде көп тараған жазудың түрлері – латын, орыс, араб, қытай (иероглифтер) жазуы үлгісінде жасалған таңбалар. Сөзде дыбыс саны мен әріп саны бірдей болып келе бермейді. Әріптердің баспаша, жазбаша нұсқалары және олардың баспаша да, жазбаша да нұсқасының бас әріп, кіші әріп түрлері болады. Сонымен бірге әр әріптің жеке тұрғандағы өз атауы бар. Әріптер белгілі бір жүйе бойынша, тәртіппен тізіледі.

Осылайша әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз. Алфавит деген сөз – грек алфавитының алғашқы екі әрпінің қосындысы, яғни альфа – грек әріптерінің бірінші әрпі де, бета – екінші әрпі болып табылады. Кейін осы сөздер жазу жүйесінде белгілі бір тәртіппен тізілген әріптер жиынтығы болып, алфавитдеп аталып кеткен.

Алфавитті дұрыс білудің жазба тіл үшін, күнделікті өмір үшін және еңбек процесін жеңілдетуде практикалық мәні аса зор. Сондай-ақ, басқа тілді меңгеруде түрлі сөздермен жұмыс істейтін адамдар үшін де алфавитті дұрыс меңгерудің мәні ерекше. Сөздікпен жұмыс істейтін адамдарға ондағы сөздердің түзілу принципін білген жөн. Сөздер сөздікте алфавиттік ретпен беріледі, олардың екінші, үшінші әріптері де реттілікті сақтайды. Фонетикалық жазуды ойлап тапқан финикийлықтар болып есептеледі.

Біздің заманымызға дейін ІХ ғасырда финикийлік жазуды гректер қабылдап, дауысты дыбыстарды белгілеу үшін графемалық (әріптік) өзгерістер енгізген. Жазу Грекияның аймақтарында бірдей болмаған, біздің заманымызға дейін V ғасырда негізінен екі алфавиттік жүйе – біздің заманымызға дейін 403 жылы қабылданған шығыс грек алфавиты мен батыс (халкид) алфавиты. Батыс пен шығыс грек алфавитында әжептәуір айырмашылықтар кездеседеі.

Батыс алфавиттік жүйесі италилік халықтар арқылы, негізінен этрускіліктер арқылы, біздің заманымызға дейін VІІ ғасырда латындармен қабылданған.

Уақыт өте келе алғашқы графемалық белгілер біраз өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға дейін І ғасырда көп халықтардың қазір қолданып жүрген латын әріптер нұсқасы (латиница) пайда болады.

Еуропа елдерінде латын тілі жергілікті халықтың ана тілімен қатар дамығандықтан ана тілінің айтылу нұсқалары латын тіліне әсерін тигізбей қоймаған, сондықтан Еуропа елдерінде латын мәтіндерінің оқылуында жергілікті тілге бейімделіп келеді.

Латын тілінің оқылуы тарихи даму барысында көптеген өзгерістерге ұшыраған. Біздің елдерде оқылудың екі түрі кездеседі: бірі - классикалық кезеңге бейімделсе, екіншісі - орта ғасырдағы латын тіліне жуық. Төменде беріліп отырған соңғы кезде қолданылып жүрген латын әріптерінің нұсқасы. Латын алфавиты 25әріптен тұрады.

Баслуы Жазлуы Аталуы Оқылуы
A a B b C c D d E e F f G g H h I i J j K k L l M m N n O o P p Q q R r S s T t U u V v X x Y y Z z A a B b C c D d E e F f G g H h I i J j K k L l M m N n O o P p Q q R r S s T t U u V v X x Y y Z z а бэ цэ дэ э эф гэ һа и йота ка эль эм эн о пэ ку эр эс тэ у вэ икс ипсилон зэта а б ц, к д э ф г һ и й к ль м н о п к р с, з т у в кс, гс и з

Беріліп отырған алфавиттің классикалық кезеңдегі алфавиттан айырмашлығы бар.

К k әрпі ертеде ғайып болған; кейбір қысқартуларда ғана кездеседі, мысалы K немесе KAL –Kalendae – календалар сөзінің қысқаша нұсқасы, календалар деп әр айдың алғашқы күнін атаған.

Y y және Z zәріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі.

Классикадық латын тілі кезеңінде uжәнеiәріптері [u], [i] дауысты әріптерін және [v], [j] дауыссыз әріптерін белгілеу үшін қолданылған себебі V v, J jәріптері алфавитке ХVІ ғасырда ғана енгізілген. Көп басылымдардаJ jәріпінің орнына І іәрпі қолданылады. Сондықтан сөздіктерде iam және jam, iniectum және injectum нұсқаларын кездестіруге болады. Герман тілдеріндегі W wәрпі ХІ ғасырда енгізілген.

Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona).

4)Қазіргі ғылымдағы латын тілінің орныҚазіргі уақытта латын тілінің маңыздылығы аса зор болмаса да, ол гуманитарлы білім жүйесінде ерекше мәнге ие. Латын тілі заманауи роман тілдерін оқуда өте қажетті, себебі ол тілдердің фонетикалық және грамматикалық болмыстары, лексикасының өзіндік қасиеттері тек латын тілін білгенде шынымен түсінікті болады. Жоғарыда айтылғандар герман тілдеріне де (ағылшын, неміс) қатысты. Латын тілі орыс-филологқада айтарлықтай көмек көрсетеді, яғни мысалы «компания» және «кампания» сөздерінің орфографиялық ерекшеліктері; «пессимист», «оптимист» сияқты тексерілмейтін дауыстыларға ие сөздердің жазылуын; «факт», «дефект», «дефицит» және т.б. сөздерінің түбі бір екендігін. Латын тілі сөзсіз тарихшыға да керек. Міндетті тіл ретінде оқитын ерте ғасырлар тарихшысына ғана емес, құжаттары латын тілінде жазылған орта ғасырлар зерттеушісіне де қажет. Заңгердің де білімі латын тілін қажет етеді. Себебі Рим заңы латын тілінен бастау алған. Келесі ғылымда айтпауға юолмайды. Медициналық және ветеринарлық институттарда, университеттің биологиялық және жаратылыстану ғылымдарында латын тілі міндетті оқу пәні болып табылады. Қорытындылай келе, латын тілі ежелгі грек тілімен қатар халықаралық қоғамдық-саяси білімнің және ғылыми терминологияның қайнар көзі болып табылады.

8)Латын тілінде жазылған көне ескерткіштер.Латын жазуларының алғашқы ескерткіштері түрлі керек-жарақ заттар мен тастардағы жазбалар болып табылады, олардың ішіндегі ең көнелері б.з.7 ғ. белгіленген. Ең атақтысы болып Рим форумындағы тас сүрлеудегі ескі әріптермен жазылған киелі мазмұндағы (ант немесе қарғыс) жазбалар есептеледі. Римдегі қазба жұмыстары кезінде табылған ыдыстардағы 5 ғасырда жазылған жазбалар салттық сипатқа ие. 12 кесте Заңы ескерткіші өте зор маңызға ие. Шын мәнінде, бұл сот рәсімдері регламенттері белгіленген, жеке және ұжымдық меншіктің қағидалары, отбасы құқықтары ресми мәлімденген, жаза жүйесі бекітілген алғашқы құқықтық кодекс. Латын тілндегі алғашқы ескерткіштер(б.з.д.7-6ғғ.) – қабірлер мен заттардағы қысқа жазбалар, сали әнұранының үзінділері және т.б.; қазірге дейін сақталған әдеби ескерткіштер б.з.д.3 ғасырға жатады. (дәл осы кезеңде Италия Римнің астына бірігіп, Оңтүстік Италияның гректік мәдениетімен интенсивті қатынас жасай басткған). Бұл кезеңнің беделді авторлары – Тит Макций Плавт, Марк Порций Катон Үлкен.

Латын тілінде жазылған ғылыми еңбектерЛатын әдебиетінің «алтын дәуірі» (лат. 'Latinitas aurea') деп шамамен б.з.д. 75 — 14 жылдар аралығын қамтиды. Ол Рим республикасының соңғы он жылы мен Август Цезарьдыңпатшалық құрған заманы. Грек-рим классикасы бойынша мамандардың басым бөлігі осы кезеңді латын әдебиетінің шырқау шыңы, латын тілінде жазғысы келетіндер осы кезеңнің жазушыларына еліктеуге тиіс деп санайды. Алтын дәуірдің ең алғашқы ақыны болып Лукреций саналады. Ол Эпикур ілімін түсіндіретін Заттардың табиғаты туралы деген көлемді философиялық жыр жазған. Катулл одан сәл кейінірек жазды. Оның латын тіліне еңгізген жаңалығы — грек поэзиялық қалыптарын латын тіліне бейімдеп еңгізу болды. Катуллустың өлеңдерінде көбінесе өзінің жеке басынан өткен нәрселер суреттеліп, кейде эротикалық, кейде қуақы, жиі-жиі басқаларды мысқылдайтын сипатта болды. Ол тек грек мәнерінде жазатын әсері тамыр жайып, латын поэзиясына қатты ықпал етіп келді. Тек мәсіхшіліктің пайда болуымен және мүлдем басқа үрдістердің пайда болуымен ғана бұл ықпал жойылды.

Латын тілінің алтын дәуірінің ең көрнекті көрінісі — Вергилийдің Гомерге еліктеп жазған Енеида жыры. Соған ұқсас үрдістерді Горацийдің шығармаларынан байқауға болады: оныодалары мен сатиралары грек үлгілерімен жазылған. Овидий де сол сияқты мифологиялық тақырыптарға көлемді жырлар жазған. Ол Махаббат өнері (Ars Amatoria) деп аталатын жырдың да авторы. Тибулл мен Проперцийлер де грек үлгілеріне негізделген шығармалар жазды.

7) Буын және буынға бөлу

Сөз – белгілі бір ұғымның атауы. Сөздер белгілі бір дыбыстардың жиынтығынан тұрып, ол дыбыстар буын құрайды. Демек, сөздің ең кішкентай бөлігі дыбыс, одан кейін - буын.

Латын тілінде қазақ тіліндегідей дауысты дыбыстардың ерекшелігі – олардың буын құрайтындығы. Демек сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Буындар латын тілінде ашық және жабық болып бөлінеді. Дауысты дыбысқа аяқталатын буын – ашық, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын – жабықдеп аталады.

1. Буындардың саны монофтонг, дифтонг, диграфтардың санына байланысты.

2. Дифтонгтарды, дигрфтарды буынға бөлуге болмайды. Мысалы: cau-sa [кау-за] себеп

3. Екі монофтонгтар қатар тұрса бөлінуге тиіс. Мысалы: de-us [дэ-ус] құдай

4. Muta cum liquida тобын бөлуге болмайды. Олар: cl, cr, gl, gr, bl, br, dl, dr, pl, pr, tl,tr. Мысалы: pa-tri- a [па-три-а] отан, tem-plum [тэм-плюм] храм

5. Тұрақты әріптер тіркесін (ph, rh, th, ch, sch, qu) бөлуге болмайды. Мысалы: pul-cher [пуль-хэр] әдемі, phi-lo-so-phus [фи-ло-зо-фус] философия

6. Үш дауыссыз қатар тұрса соңғы дауыссыз дыбыс бөлінеді (muta cum liquida және тұрақты әріптер тіркесінен басқа). Мысалы: sanc-tus [санк-тус] киелі

13) Екпін

Бірнеше буыннан тұрған бір буыны қалған буындардан күшті айтылып, айқынырақ естіледі. Латын тілінде екпін сөз мағанасын айқындап, саралап тұрады. Кейде екпіннің орын ауысуымен байланысты сөздердің мағаналары бір-бірінен өзгеше болады. Мысалы: édŭco [é -ду-ко] - тәрбиелеу, edūco [e-дý-ко] - алып кету. Екпінді дұрыс қойып оқу арқылы екінші және үшінші жіктеуде тұрған етістіктерді ажыратуға болады. Мәселен: docēre [досéре] – оқыту екпін соңынан санағанда екінші буында тұр, dícĕre [дисере] – сөйлеу екпін соңынан санағанда үшінші буында тұр. Буын латын тілінде соңынан есептеледі. Соңынан бірінші тұрған буынға ешуақытта екпін түспейді, екпін соңынан есептегенде екінші және үшінші буындарда ғана тұрады.

1. Екі буыннан тұратын сөздерде екпін қашанда соңынан екінші буынға түседі;

2. Көп буынды сөздерде екпін соңынан екінші буынға қойылады, егер сол екінші буын созылыңқы болса. Мысалы: fortūna [фортуна] тағдыр, magister [магистер] ұстаз

3. Көп буынды сөздерде егер соңынан екінші буын қысқа болса, екпін үшінші буынға қойылады. Мысалы: ratio [рацио] сана, scientia [сциэнциа] білім

Дифтонгтар мен диграфтар

Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) — а, е, і, о, u, у,

Дифтонг - екі дауыстының бір буын болуы (қос дауысты) — аu, еu.

Диграф – (қос таңбалы) -- ae, oe, ue бар.

16) Етістіктің негізгі формалары

Латын тілінің етістігінің екі формасы бар. Олар: жақты (verbum finitum) және жақсыз ( verbum infinitum) формалары.

Латын тілінде етістіктің барлық түрі үш негізден құрылады. Олар:

1) инфект негізі;

2) перфект негізі;

3) супин негізі

Негіздерді сөздікте берілетін етістіктің төрт формасы арқылы анықтауға болады:

1)Preasens indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) –етістіктіңосы шақтағы ашық райдағы негіз етістің формасы (І жақ жекеше түрі): orno

2) Perfectum indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) –етістіктің өткен шақтағы ашық райдағы негіз етістегі формасы (І жақ жекеше түрі): ornāvi

3) Supīnum – супин: ornātum

4) Infinitīvus praesentis actīvi– етістіктің осы шақтағы негіз етістегі инфинитивтік формасы: ornāre

Латын тілінің инфинитивтік формасы қазақ тілінде тұйық етістікке ұқсайды. Қазақ тіліндегі тұйық етістіктер немесе етістік атаулары етістік түбіріне жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді, сөйлемде әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы:

І жақ: Менің көруім Біздің көруіміз

ІІ жақ: Сенің көруің Сендердің көрулерің

Сіздің көруіңіз Сіздердің көрулеріңіз

ІІІ жақ: Оның көруі Олардың көрулері

Тұйық етістік сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің қызметін атқарады. Мысалы:

Қайталау – оқу анасы. Repetitio est mater studiōrum.

Ер жігіт Отанын қорғауға міндетті. Vir patriam defendĕre debet.

Балалар латын тілін үйренуде. Libĕri lingua Latīna docent.

Қайталау (repetitio) - бастауыш, қорғауға (defendĕre) – толықтауыш, үйренуде (docent)- баяндауыш болып тұр.

Бірінші (praesens) және соңғы төртінші (infinitivus) формаларының түбірі (негізі) бір. Оны инфект түбірі(негізі) деп атайды. Екеуі де негізгі формаларға жатады, себебі жалғыз бір формасы бойынша жіктеу түрін анықтау қиындыққа соғады. Екі формасын қатар қолдана отырып, жіктік түрін дұрыс анықтуға болады. Латын тілінде инфект түбірі арқылы негіз және ырықсыз етістерде тұрған, шақтары бойынша аяқталмаған істі білдіретін етістіктер жасалады.

Екінші формасы – перфект түбірі - І жақта жекешетүрде тұрған перфект формасының –іжалғауын алып тастау арқылы анықталады:

1 d.act. Перфект түбірі
ornāvi ornāv-

Перфект түбірінен аяқталған істі білдіретін негіз етіс формасындағы етістіктер формасы жасалады.

Супин (Supīnum) - етістіктен жасалған түбірі - ŭ –ға аяқталып, табыс септігінде тұрған зат есім. Супин қимылды білдіріп, істің мақсатын сипаттайды. Мысалы: Venio ornātum. Әшекейлеу үшін келдім.

Супин түбірін супин формасының –umжалғауын алып тастау арқылы анықтауға болады.

Супин (supinum) Cупин түбірі
ornātum ornāt-

Супин түбірінен перфект қатарына жататын өткен шақта тұрған ырықсыз етіс (рarticipium perfecti passīvi)формасын құруға болады.

Жіктік жалғау

Жіктік жалғауы басқа қосымшалары сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым-қатнасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысып келеді.

Сөздерге жіктік жалғауы үш жақта, жекеше және көпше түрде жалғануын сөздің жіктелуі дейміз.

Латын тілінде етістіктер төрт топқа бөлініп жіктеледі.


Просмотров 4006

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!