Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ндіеуропа тілдер тобындағы латын тілі



ЛАТЫН ТІЛІ, үндіеуропа шоғырының италиялық тобына жатады. Б.з.б. 6 ғасырда Рим говоры ретінде пайда болып, Жерорта теңізінің батысындағы елдерді қамтыды. Римдіктердің Галлия, Иберия түбегін, Солтүстік Африка, Британия, Норик, Паннония жәнеДакияны жаулап алуына байланысты Латын тілі тарады. Ол үнді-парсы және хетт тілдеріне жақын. 9 ғасырдада Латын тілі сөйлеу тілі ретінде жойылды, дегенмен 15 — 16 ғасырларға дейін батыс еуропа қоғамының, католик шіркеуінің, ішінара әдебиет пен ғылымның, дәрігерлік тәжірибенің жазба тілі болды. Латын тілі италия, сардин, провансаль, француз, каталон, испан, португал,ретороман, далмат және балқан-роман тілдерінің негізін қалыптастырды. Плавт (б.з.б. 254 — 184) комедиялары (20-ға жуық) ең көне туынды ретінде танылды. Цицерон мен Цезарь (“Commentarіі de bello Jallіco”) прозалары, Вергилийдің поэзиясы классикалық Латын тілінде жазылған.

Классикалық латын тілі — латын тілінде жазылған, көне римдіктер «классикалық» деп қарастырған әдебиеттің тілі. Бұл тіл б.з.д. 1-ші ғасыр — 1-ші ғасыр аралығында латын әдебиетінің алтын дәуірінде қолданылды. 2-ші ғасырдағы «Күміс дәуір» әдебиеті де осы тілде жазылған деп санауға болады.

Қазір «классикалық латын тілі» деп аталатын тіл көне латын тілінің әбден өңделіп, икемдестіріліп, әдеби тілге айналдырылған түрі. Ал көне латын тілінде жазылған әдеби шығармалардың қазіргі кезге дейін жеткендері өте аз. Классикалық латын тілі — көне латын тілін Аттикалық грек тілі бойынша өңдеудің, сол тілге еліктеудің жемісі. Класикалық латын тілі Үлкен Катон, Плаут, біршама дәрежеде Лукреций сияқты жазушылардың азанғы латын әдебиетінің тілінен біраз айырмашылығы бар. Мысалы,көне латын тіліндегі 2-ші септеудің -om және (жекеше атау) -os жалғаулары -um және-us түріне ауысты, кейбір сөздердің мағыналары да өзгерді (мысалы, forte енді тек "таңғалдырарлық" деп қана емес, "қатты" дегенді де білдіре бастады)



Рим империясының қарапайым халқының тілі, әсіресе 2-ші ғасырдан бергі уақыттахалықтық латын тілі деп аталады. Халықтық латын тілінің классикалық латыншадан сөз қоры мен грамматикасы жағынан өзгешеліктері болды, уақыт өте айтылуы жағынан да алшақтай бастады.

..2, 3, 6, 8, 10,Латын тілінің шығу және дамуының қысқаша тарихы.Грек тілімен қатар латын тілі Еуропаның ежелгі мәдениетті халықтарының тілдері қатарына жатқызылады. Жалпы тараған лингвистикалық классификация бойынша латын тілі өлі (қазіргі кезде қолданылмайтын) италийлік тілдерге жатады. Италийлік тілдер қатарына Италияда б.з.д. 1 ғ. екінші ширегінен б.з. 1ғ. аралығында мекендеген ежелгі италийлік ьайпа тілдері жатады (тарихқа мәлім оск, умбур, сикул, т.б.). Өз кезегінде италийлік тіл үндіеуропалық тіл тобына жатады, сонымен қатар бұл топқа грек тілі, үнді тілдері, ирандық, славяндық, балтық, германдық және т.б. тілдер жатады. Латын тілінің атауы Тибр өзенінің төменгі ағысында орналасқан Лациум тарихи аймағында мекендеген ежелгі италийлік латын тайпасымен тығыз байланысты. Лациумның орталығы б.з.д.8ғ. латын тайпасы негізін қалаған Рим қаласы болды. Оның негізі латындар мен сабиндік ауылдардан тұрған, ал саяси және мәдени жағынан гректер мен этрускілер үстемдік етті. Б.з.д 753 ж. Римнің қалыптасқан уақытында мемлекеттің басты құрамын итликтер құрып, 2 диалектикалық топ – латын-фалилік және оск-умбрийлік топтарды қалыптастырған-ды. Латындар алғашында ежелгі Лация территориясында өмір сүрген. Оның шекаралары – Тибр және Аниен өзендері, Аппенин, Вольск таулары мен Тирен теңіз аралығы. Римдік жаулап алу соғыстары кезінде олардың тілі бүкіл Италияға, кейін бүкіл антик әлеміне тараған. Латын хаты ежелгі римдіктермен пайдаланып, батыс Еуропа халыұтарының көптеген хаттарының негізі болған. Латын алфавиті алғашқы уақытта көп түрлі алфавиттердің бір түрі еді. Латын алфавиті ежелгі грек алфавитіне ұқсас келеді. Антикалық тарихи әдепке сәйкес жазу өнері Лациумге гректермен Пелопоннестен әкелінген, олар Рим орталығында орналасқан. Паланиге көшіп қоныстанған. Латын алфавиті мен жазуы мен пайда болуының әр түрлі нұсқалары бар. Ең кең таралған нұсқауларына сәйкес латын жазуы б.з.д. 9ғ. қалыптасқан грек алфиті жазуының негізінде жасалған. Себебі Италияның оңтүстік бөлігінде бұрыннан көптеген грек қалалары мен тұрғылықты аймақтары орналасқан және гректер мен латындар арасыда мәдени байланыс ерте орнатылып, тұрақты болған. Мысалы, Рим қаласының маңында орналасқан Габи қаласында да грек мәдениеті үстемдік етіп, онда антикалық аңыздарға сәйкес келешек Римнәі негізін қалаушылар Ромул мен Рем сауат алған. Әрине, латын жазбасы «тез пайда болды» деп айтуға болмайды, тіл қалыптасу жолында барлық процестер ұзаққа созылады, кейде көптеген мыңжылдықтар аралығында қалыптасады, латын тілі мен латын алфавиті баяу және өз ретімен дамыды. Латын алфавитінің қазіргі бізге үйреншікті аяқталған түрі б.з.д. 6-3ғасырында қалыптасқан. Көптеген ежелгі латын жазбалары жазуды оңнан солға қарай жазған. Тек б.з.д. 4ғ. жазу сол жағынан оңға қарай бағытталған тұрақты орнатылды. Кейіннен классикалық латын жазуы да бірқатар өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. 1ғ. бастап у және z тек грек тілінен шыққан сөздерде пайдаланылды. Антик кезеңіненкейін әріптерді жазбаша және қатармен бөлу пайда болды, сонымен қатар тыныс белгілер мен диакритикалық белгілер. Б.з.д. 11ғ. w әрпі, ал 16ғ. у және u әріптері енгізілді. Латын тілі бүкіл Аппенин түбіне тараған, кейін тіпті Галлия мен Испания халықтарымен қабылданды.




Просмотров 1256

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!