Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Сынылатын негізгі және қосымша әдебиеттре тізімі



Негізгі әдебиеттер

 

1. ҚР статистика туралы заңы. Алматы, Казұлттықстатагенттігі, 1997.

  1. Шокаманов Ю.К., Бельгибаева К.К. Статистика: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы.– Алматы: ЖШС «Радгел», Экономика, 2012. – 522 бет.
  2. Статистика: Оқу құралы В.М. Семичев.- М.: Қаржы және статистика,

2005. – 368 бет.

  1. Архангельская Н.К. «Статистика» пәні бойынша студенттердің өзіңдік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- Алматы: 2007.
  2. Елемесова А.М., Бельгибаева К.К., Кииков Е.М., Молдагулова Г.М. Әлеуметтік - экономикалық статистика: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2005
  3. Елемесова А.М. Ұлттық шоттар жүйесі.- Алматы: Экономика, 2005

 

 

Осымша әдебиеттер

  1. Ефимова М.Р. Статистиканың жалпы теориясы: Оқу құралы.Алматы, 2001.
  2. Елемесова А.М. Ұлттық шоттар жүйесі. – Алматы: Экономика, 2005
  3. Әлеуметтік экономической статистика курсы:Оқу құралы М.Г. Назарова.- М.: Финансы и статистика, 2000.

4. Статистикалық сөздік / Бас редактор М.А. Королев. – М.:Қаржы және статистика, 1989

5. Статистикалық кезеңдік басылымдар:

- Экономика және статистика. Статистика бойынша ҚР агенттігі, ғылыми ақпараттық журнал;

- ҚР ұлттық шоттар жүйесі. Статистистикалық жинақ 2005-2013. Статистика бойынша ҚР агенттігі,;

- Статистикалық жинақ. Статистика бойынша ҚР агенттігі,.

- Статистистикалық бюллетені 2013;

- ҚР әлеуметтік экономикалық статистикалық жинағы;

 

Бағалау саясаты

 

Ұсынылатын бағалау саясаты (8.2.6 п.) жоғарыда көрсетілген.

 

Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.



Пән 100-балдық өлшемде бағаланады.

Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.

_________пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан(ұпайдан) кем болмауы керек.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:

(1-рейтинг + 2-рейтинг):2 (орташаарифметикалық мәні)

1-Рейтинг (2-рейтинг те) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.

Мысалы: Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады, осы бойынша студент/магситрант 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7(баға саны)=72. (1Аб).



1 аралық бақылауда (АБ) бұл студент/манистрант 100 балдан 65 балл алды.

1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.

Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент/магистрант 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.

2-Рейтинг=(2Аб+2АБ):2 құрайды, яғни (63+83):2=73.

ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.

Қорытынды бақылау ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.

Мысалы, студент/магистрант емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) – 65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады. Курстық жұмыс(жоба) тапсырмаған студенттер сол пәннен емтиханға жіберілмейді (егер оқу жұмыс жоспарында курстық жұмыс қарастырылған болса).

Себепсіз дәрістен(лекция) қалу тапсырған тапсырманың бағасын ___ балға, практикалық және зертханалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын ___ балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.

Балмен қорытынды баға (ҚБ) Балдардың сандық баламасы (С) Әріптік жүйемен бағалау (Ә) Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)
95-100 А Өте жақсы
90-94 3,76 А-
85-89 3,33 В+ Жақсы
80-84 3,0 В
75-79 2,67 В-
70-74 2,33 С+ Орташа (Қанағаттанарлық)
65-69 2,0 С
60-64 1,67 С-
55-59 1,33 D+
50-54 1,0 D
0-49 F Қанағаттанарлықсыз

Курс саясаты

 

Курс саясатын студенттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер мен магистранттар үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар Университет студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.

______________ пәнін игеру дәріске, практикалық және зертханалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ/МӨЖ-на міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өздік жұмыс лекция сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды теориялық оқу, немесе лекция сабақтарының теориялық курсына кірмей қалған немесе қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.

Оқытушының басқаруымен студенттің/магистранттың өздік жұмысы дәріс(лекция) сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.

Студент/магистрант ОБСӨЖ/ОБМӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша сауалнама түрінде, билет бойынша, тест түрінде өткізіліп 100 балдық жүйеде бағаланады.(Аралық бақылау қандай түрде өтетіні көрсетілуі керек).

Емтихан тест түрінде өткізіледі.

Студент сабаққа белгілі себептермен (анықтама қағазымен расталса) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау (РК) өткен материалдарды сұрау, билет бойынша(сұрақ,тест) өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады(аралық бақылау қалай өткізілетінін көрсету қажет).

Курсты меңгеру шарты:

Студент/магистрант сабаққа қатысуы 80%-дан кем болмауы тиіс. Ауыруына байланысты сабақ жіберіп алған жағдайда (3 күнге жарамды 095-У анықтамасымен расталған жағдайда) Департамет Директорының (декан) өкімі бойынша жеке түрде тапсырманы тапсыру графигін алуына болады. График мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды. Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, сабаққа қатысуына болады. Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер/магистранттар сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады. Студенттер/магистранттар Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен айналасындарға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс. Оқу тәртібі бұзылған жағдайда оқытушы Департамент Директорының атына шара қолдануға ықпал ету туралы ұсыныс жасайды (пән бағасының күшін жоюы). Бақылау іс шаралары(Аб,АБ,ҚБ) кезінде көшіру және ұялы байланыс құралдарын пайдалану жағдайлары анықталған жағдайда алынған баға күшін жояды.

Практика (семинар), зертхана сабақтарында белсенділік. Студенттер мен магистранттар практика (семинар), зертхана сабақтарында белсенділік көрсетулері керек. Белсенділік көрсетпесе, басқа да бір алаңдатпа әрекетпен айналысса сабақ үшін 0 балл қойылады.

Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ/МӨЖ және т.б орындау.

Курсты меңгерудің міндетті шарты сабаққа мұқият дайындалу болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде қолданған интернет ресурстарын және де басқа ақпарат көздерін оқушылар міндетті түрде көрсетулері керек. Түп нұсқаға сілтеме жасалмай мәтінде 200 сөз қолданған жұмыс плагиат(шығармашылық ұрлық) болып есептелінеді. Плагиат фактісі анықталған кезде оқушы тапсырма үшін 0 балл алады, ал бұл факт қайталанған кезде бағасы күшін жояды.

Тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру. Студенттер/магистранттар тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсырады, немесе жеке тапсыру графигі болса соған сәйкес тапсырады. Жекелеген жағдайда оқытушының келісімімен белгіленген уақыттан кейін 7 күнтізбелік күн аралығында тапсыра алады бұл жағдайда осы тапсырма үшін қойылатын балл 80-нен аспауы керек. Жеті күндік мерзімі өткеннен кейін тапсырма қабылданбайды.


Просмотров 334

Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2020 год. Все права принадлежат их авторам!