Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Кодалардың бір-бірімен байланысы



 

 

Үзіліссіз кодалар. Мәліметтерді таратып-жеткізу техникасында топталған кодадардан басқа үзіліссіз кодалар жиі қолданылады.

Топталған кодалардан үзіліссіз кодалардың айырмашылығы — үзіліссіз кодалардағы кодалау және кодадан шығару үзіліссіз берілетін символдар тізбегімен жүргізіледі. Үзіліссіз кодалардағы тексеруші символдар ақпараттық символдарды тікелей байланысты түрлендіру арқылы алынады.

Үзіліссіз кодалардағы тексеруші символдар сол тізбектер беріліп жатқан ақпараттық символдардың араларына орналасады. Сонда әрбір берілген n символдың m символы ақпараттық, қалғаны текcеруші символдар болады. Мұндай кодалар m/n қатынасымен сипатталады.

Барлық үзіліссіз кодалардың ішіндегі ең қарапайымы m/n = 1/2 болатын тізбектелген кода. Яғни, барлық символдардың жартысы ақпараттық, жартысы текcеруші кодалар. Осындай кодамен үзындығы l, элементтен тұратын қателер пакетін түзетуге болады. Бірақ ол үшін қателер пакетінің арақашықтыгы l элементтен артық болуы керек. Оны қорғаныстық аралық деп атайды.

Хабардың бір бөлігін белгілейтін символдар саны онда I қолданылатын жүйенің негізіне байланысты болады. Мысалы, екілік жүйедегі символдар саны көп болып, ал ондық немесе одан да көп жүйедегі символдар саны аз болады. Мәліметтерді таратып-жеткізу техникасында топталған кодадардан басқа үзіліссіз кодалар жиі қолданылады. Үзіліссіз кодалардағы тексеруші символдар ақпараттық символдарды тікелей байланысты түрлендіру арқылы алынады.Үзіліссіз кодалардағы тексеруші символдар сол тізбектер беріліп жатқан ақпараттық символдардың араларына орналасады. Сонда әрбір берілген n символдың m символы ақпараттық, қалғаны текcеруші символдар болады. Мұндай кодалар m/n қатынасымен сипатталады.Барлық үзіліссіз кодалардың ішіндегі ең қарапайымы m/n = 1/2 болатын тізбектелген кода. Яғни, барлық символдардың жартысы ақпараттық, жартысы текcеруші кодалар. Осындай кодамен үзындығы l, элементтен тұратын қателер пакетін түзетуге болады. Бірақ ол үшін қателер пакетінің арақашықтыгы l элементтен артық болуы керек. Оны қорғаныстық аралық деп атайды.



Қазіргі іс жүзінде кездесетін байланыс жүйелерінде қабылданған сигнал, алдымен кодалық символдарға, содан кейін хабарға айналдырылады. Қабылданған сигналды бірнеше бөліктерге бөліп, кодалық символдарға айналдырушы құрылғыны шешуші немесе бірінші шешуші схема деп атайды. Бірінші шешуші схема қабылданған сигнал бөлігін белгілі бір кодалық символға телиді. Мұндай жұмысты, әдетте, модуляциядан шығару немесе жай ғана демодуляциялау дейді. Модуляциядан шығару жұмысының нәтижесінде сигнал элементтерінің тізбегі кодалық символдар тізбегіне айналдырылады. Осыдан кейін кодалықсимволдар тізбегі берілген хабардағы әріптер тізбегіне айналдырылуы керек. Оны "кодадан шығару" дейді.Кодадан шығару жұмысы екінші шешуші схемалармен атқарылады.

Бұл сұлба қабылданған кодалық символдар тізбегін топтарға бөліп және сол топтарға келетін әріптердің сәйкестігін шешеді. Кейде кабылданған символдар элементтердің тізбегін кодалық символдарға айналдырып жатпай, бірден хабарлардың әріптерін табатын біріккен схемалар болады. Қабылдаудың мұндай әдісі арқылы "бірден қабылдау" әдісінің "біртіндеп қабылдау" әдісіне қарағанда артықшылығы қабылданған хабарлардың ете жоғары дәрежедегі дәлдігін қамтамасыз етуге болады. Бірақ "біртіндеп қабылдау" әдісі өте қарапайым. Сондықтан жеңіл орындалады. Сол себепті, жоғары дәрежелі дәлдік талап етілмейтін жағдайда "біртіндеп қабылдау" әдісі қолданылады.Шешуші схемаларда қабылданатын көптеген сигналдар элементтерін кодалық символдарға айналдырудың көптеген әдістері бар. Байланыс теориясындағы ең маңызды мәселе — белгілі әдістердің ішіндегі ең қолайлысын табу. Хабар тарату жүйесінің негізгі сипаттамалары модуляциядан шығару әдісіне және оның кодадан шығару ісінің үйлесімділігіне байланысты болады. "Біртіндеп кабылдау" әдісінде қабыдцанған сигнал "бірінші шешуші схемада" модуляциядан шығарылып, кодалық символдарға ("0" немесе "1") айналдырылады. Содан соң n орынды символдардан тұратын кодалық комбинация "екінші шешуші схемада" хабар бөлігіне (әріпке) айналдырылады. "Екінші шешуші схема" кодадан шығарушы жұмысын атқарады.Кодадан шығарушы құрылғы қабылданған символдарда қатенің бар немесе жоқ екенін анықтап, одан кейін егер қате бар болса, оның қай орында тұрғанын анықтап, оны түзетеді.



Шеннонө Фено әдісімен кодалау Негізгі этаптар. Мысалға байланысты, ықтималдықтары кему тәртібімен жазамыз. Пайда болған символдарды екіге бөліп, ықтималдықтар жиынтығы бір біріне максималды жақын болу керек. Префиксті кодта алфавиттің бірінші бөлігі үшін екілік «о» саны жазылады, ал екіншісіне «1». Алынған бөліктерді қайтадан блгенде, оларга да префиксті кодтың екілік сандары сәйкес болады. Сонымен алынған кодтың орташа ұзындығы мына формулага тең болады.


 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!