Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шағын инновациялық бизнестің шаруашылық жүргізу стратегиясы



1.Қазіргі нарықтық жүйе елдердегі осы жүйенің әрбір он кәсіпорынның тоғызы оларға шағын (ұсақ) бизнестің оған органикалық қосылуымен сипатталады.

Шағын кәсіпкерлік инновациялық кәсіпкерліктің маңызды бөлігін қамтиды. Шағын кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың негізгі бөлігі, шағын кәсіпкерліксіз балансталған, динамикалық түрде дамитын халық шаруашылық жүйесін құру мүмкін емес. Шағын кәсіпорындардың экономикалық мағынасы өте кең, мысалы шағын капиталды жұмсай отырып, шағын кәсіпорындар өзінің тұтыну тауарлары мен қызметтерін экономиканың кез келген салаларында кеңейте алады, бәсекелестікті дамытады, бюджетке түсетін түсімдер көбейтеді.

Шағын бизнестің өркендеуі ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы 70-ші жылдардың басына тұспа-тұс келеді, қазіргі кезде оның әлеуеті одан әрі нығаюда. Жалпы фирмаларының саны бойынша ұсақ және орта кәсіпорындарының үлесі Германияда 95%-дан Жапонияда 99,7%-ға дейін ауытқиды. Бұл секторда барлық жалданбалы жұмысшылардың 45-75%-ы жұмыс істейді.

Қандай кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызуға болады? Бұл сұраққа жауап жұмыс істейтіндердің санына және капитал айналымының мөлшеріне байланысты, сонымен қатар мұнда бизнестің салалық ерекшеліктері ескеріледі. Бірінші критерийге қатысты әлемдік тәжірибеде барлық кәсіпорындарда 500 адамдай жұмыс істесе, оларды шағын және орта бизнеске жатқызған. Осы топтан жеке шағын бизнесті бөліп қарастыратын болсақ, елдер бойынша ерекшеліктер бар. АҚШ және Италияда осы топтың барлық кәсіпорындарын жатқызады, яғни шағын орта бизнесті «жұтады»: Германияда – 49-ға дейінгі жұмыс істейтіндер, Жапонияда - 30-ға дейін, Францияда – 50 адамға дейін. Шығыс Европа елдерінде (Венгрия, Болгария және т.б) шағын кәсіпорындардағы жұмысбастылар саны 30-50 адаммен шектелген. Екінші критерийге байланысты мысал ретінде, Германияны келтіруге болады: оның өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар – 49-ға дейін жұмыс істейтіндері ғана емес, сонымен қатар жылдық өткізу көлемі 2 млн-евро болатын кәсіпорындарды біріктіреді. Басқа жағдай – қызмет ету саласы және транспорт. Мұнда салалық дифференциацияға сәйкес, шағын кәсіпорын деп көлемі 100 мың евроға дейін тауар өткізетін екеуден көп емес жұмыскері бар кәсіпорын танылады. Ұқсастық бойынша белгіленген кәсіпорынның шағын разрядқа сәйкес айырмашылық мөлшері басқа елдермен Қазақстанды қоса алғандай сай келеді. Ұсақ бизнестің, басқаша айтқанда экономиканың монополистік емес секторының өркендеуі экономикалық теорияда өз бейнесін тапты. Егер де 25-30 жыл бұрын жоғары орталықтандырылған жоспарлаушы шаруашылық құрылымдар экономикалық жағдайды бақыласа, енді нарықтық және жоспарлаушы жүйе жөнінде көзқарас кең таралған. Бұл ынтымақтастық өзара пайдалы. Ірі фирмалар шағын бизнесті жоюға немесе басып тастауға тырыспайды, керісінше, олар оны капитал салуға пайдалы сала ретінде қолданады. Ал ұсақ фирмалар өз кезегінде ірі бизнестің қолдауын пайдалана отырып, олармен бәсекелестікке түсуге, сонымен қатар өздерінің фирмаларының трансформациясын үлкейтуге мүлде тырыспайды.





Орта және ұсақ кәсіпорын қызметтерінің жағымды сәттері неде? Біріншіден, олар нарық конъюнктурасына және өндірістегі өзгерістерге тез бейімделеді. Екіншіден, өндірістегі сериялық, ірі масшабтық тұрақтылықты бұзатын, мәнді айрықша фактор ретінде – принципиалды жаңа техника шығару үшін ірі фирмалардың мүмкіндіктерін жоғарылататын, жаңа техника, технологияны жедел енгізуге және құруға қабілеттілігінің болуы. Үшіншіден, ұсақ фирмаларға талаптылық, іскерлік және динамизм рухы тән. Соңғы жағдай ірі фирмалардың ұсақ фирмалардан айырмашылығын айтуға мүмкіндік береді. Ол өмір сүруге және еркіндікке бірлескен бірлік ынтамен, аздаған ұжымға тән ерекше адамдық қатынастардан және спецификалық әлеуметтік-психологиялық климаттан анық көрінеді.

Ұсақ бизнеске тән қасиеттер нақты жағдайлармен негізделген. Ұсақ фирмаларда аздаған сыйақыларға өздерінің тәуекелдері және қорқыныштары негізінде еңбек етуге дайын көптеген мамандар бар екен. Неге? Ірі фирмаларда өздерінің потенциалды шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға және өзі ерікті болуға ұмтылу қиындатылған. Сондай-ақ ірі фирмалар тәуекелдік іс-шараларды жүзеге асыратын, инновация көздері қызметін, тәжірибесін көрсететін шағын бизнестің дамуына мүдделілік білдірді. Капиталдың төмен көлемінде жоғары еңбек интенсивтілігі, ұсақ бизнеспен айналысатын үлкен қайтымдылықпен біріккен өздігінен пайдалану деңгейі аса жоғары еместігі - шаруашылық өмірдің осы саласын қаражат салудың пайдалы бағытына айналдырды.

Әрине, барлығы оңай түрде емес. Ұсақ фирма өкілдеріне қиындықтармен соқтығысуға тура келеді – сыртқы факторлар әсері және оларға жауап қайтару, сонымен қатар, несиелердің шарттары мен бағалары. Егер ірі фирмалар осы факторлардың өзгеру нәтижелерін орнын толтырса немесе өтей алса, онда ұсақ үшін олар катострофалық болуы мүмкін. Дамыған инфрақұрылымның, тәжірибе және білімнің болмауы, капиталға және шикізатқа шектелген қол жеткізу, басқаруда компетенттіліктің жетіспеуі ұсақ фирмаларға қосымша қиындықтар тудырады, сонымен қатар, олар ұқсас фирмалармен қатты бәсекелестікке соқтығысады.

Ұсақ фирмалар несие алғанда қиындықтардан өтеді. Банктер несиелерді қамтылмаған қарыздың шектелген мөлшері көбірек болып табылатын ірі ұйымдарға беруді қалайды. Сонымен қатар, олар банк басқарушысынан қаражатты алу мүмкіндігі жөнінде ақпарат алуды онша ойластырмайды. Банктердің ұсақ бизнеске деген көзқарасы осыдан түсінікті. Көбінесе, ұсақ фирмаларға инвестициядан қайтарым алу үшін 10-20 жыл қажет, сондай-ақ осы фирмалардың 80%-дан астамы өз мерзімінен бұрын жойылады.

Шағын бизнес жүйесінде өз қызметін инновациялық процеске арнайтын бөлігі маңызды рөл атқарады. Оған жоғары дәрежеде елдің интенсивті экономикалық өсуі және халық шаруашылығының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату тәуелді болып табылады. Шағын инновациялық бизнеске салааралық сипат тән. Мұндай бизнестің объектісі – оны ғалымдардың шығаруынан тәжірибеге енгізуге дейінгі барлық идеялардың ғылыми қозғалысы.

Дәстүрлі инновациялық цикл материалдық өндіріс саласымен байланыстырылады. Оның базалық мәні күмәнсіз, бірақ жаңашылық енгізудің пайда болуы және жүзеге асуы оған ғана байланысты емес. Олар сол инновациялық циклдан өтіп, өндірістік емес салаларда да көрініс табады: медицина, білім және материалдық өнім өндірмейтін басқа да салалар. Осылайша, салалық тағайындалуларына тәуелсіз жаңашылық енгізу, өңдеу барлық зерттеулерді қамтитын инновациялық қызмет болып табылады.

Бұл қызметті тек шағын бизнеспен ғана байланыстыру жеткілікті емес. Нақты өмірде ол түрлі ұйымдастырушылық-шаруашылық формаларда, яғни ірі, орта және шағын бизнесте жүзеге асады. Инновациялық процесте қолданылатын әрбір фирманың артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Ірі фирмалардың ҒЗТКЖ және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін үлкен қаржылық мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, олар көбінесе нарық сұранымының реакциясына икемді қозғалмалы, күрделі басқару пирамидасымен салмақ салады. Осының барлығы нарықтық экономиканың қатаң бәсеке жағдайында мәнді кемшілік болып табылатын инновациялық циклды баяулатады. Ол ұсақ фирмаларға тән емес. Олар өндірістегі ҒЗТКЖ нәтижелерін тезірек енгізеді, соңғылардың салыстырмалы шектеулілігі шағын бизнеске ірі масшабтық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермесе де ресурстарды тиімді және үнемді түрде қолданады. АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорының мәліметтері бойынша, бір жұмысбастыға есептегенде шағын бизнес ірі фирмаларға қарағанда жаңа енгізулерді 2,5 есе көп өндіреді (АҚШ-тың өндірісінде шағын бизнес үлесіне ірі өнертабыстарының 50 проценті келеді). Шағын инновациялық кәсіпорындар ҒЗТКЖ-ға салыстырмалы сипатта ірі кәсіпорындарға қарағанда үлкен қаражаттар салады. Шағын кәсіпорындарда (фирмаларда) қорытынды (енгізушілік) процесс ірі кәсіпорындарға қарағанда орташа алғанда бір жылға тезірек өтеді.

3.Жоғарғы технологиялық өндірістерге мамандалған ұсақ фирмаларға шаруашылық жүргізудің өзіндік стратегиясы тән. Ол негізгі төрт кезеңге жинақталады:

1. Дамып келе жатқан жоғарғы технологиялық фирмалар бәсекелестікке мүдделі емес, сондықтан, тар мамандалған өнімдерді құрып, пайданың үлкен бөлігін жаулауға тырысады. Осылайша, мысалы, тар облыста микроэлектроникамен айналысатын комбриджтік топтағы ірі емес фирма «Домино». Бұл фирманың АҚШ-та бір және Европада 2 бәсекелесі бар. Жапонияда лицензия сатып алынған, ол тағы бір бәсекелестің пайда болуына қауіп туғызады.

2. Электроникамен айналысатын фирмалар ірі өндірушілерден қосымша бұйымдарды сатып алып, шығындарды минималдайды.

3. Осы фирмалардың көбісі бір өнім (технология) маңайында құрылды және олардың міндеті бұл өнімді немесе технологияны тұтынушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдетуге шоғырландырылған. Осыдан тұтынушылардың ерекше тобын қанағаттандыратын стандартты өнімді таратуғанегізделген дәстүрлі фирмалардан мәнді айырмашылығы туындайды.

4. Фирмалардың барлығы дерлік мүмкіндігі бойынша өз дербестігін сақтау үшін басқалардың капиталын аз тартуға тырысады. Мамандардың айтуынша, кіші фирмалар қызметі және олардың даму мақсаттарына өнімдер мен технологиялардың дамуымен қатар, тәуелсіздікке және жеке әлеуметтік-мәдени климатқа тырысуы тән.

Шағын фирмалар ірі ұйымдарға тән жағымсыз жағдайларға аса сезімтал. Сондықтан, шағын фирмалардың шапшаң өсуіне қарамастан олардың жеке, сонымен қатар корпоративті мүдделері кіші фирманы іріге айналдыруға бағытталмаған. Кіші фирмалардың менеджерлері банктерге жағымсыз қарайды, олардың пікірінше, банктер қаржылық қолдауды қамтамасыз етпей, бәрінен бұрын істі басқаруға тырысады. Бірақ, кіші шаруашылықтық қалыптасулардың үлкен саны әрекет етіп, жойылатын ерекше заңдар мен ережелер бойынша пайда болатын жеткілікті оқшауланған шаруашылықтық зона қалыптасқанын қорытындылауға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жаңашылдықты енгізуде шағын кәсіпорындардың қандай басымдықтары бар?

2. Шағын инновациялық бизнесі деп нені түсінесіз?

3. Шағын инновациялық бизнестің негізгі ерекшеліктерін атап өтіңіз;

4. Шағын инновациялық бизнестің дамуы қандай факторлармен анықталады?


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!