Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






СӨЖ күнтізбелік – тақырыптық жоспары



Тапсырмалардың мазмұны Тапсыру мерзімі Тексеру формасы
СӨЖ1 1. Мемлекет жэне оның белгілері, атқаратын қызметтерін анықтаңыз 2. Қазақ мемлекетіндегі құкыктың пайда болу тарихы анықтай алыңыз 3. Қазакстанның конституциялық заңнамасының даму тарихын біліңіз.     4 апта конспект реферат баяндама    
СӨЖ2 1. Неке қатынастарының күкыктық негіздері және кағидаларын анықтаңыз. 2. Қазақстан Республикасының еңбек күкығының түсінігі жэне кұқық жүйесінде алатын орны анықтаңыз. 3. Азаматтык кұқықгың түсінігі, пәні жэне реттеу әдістері ажыратыңыз.   7 апта реферат   Эссе     баяндама    
СӨЖ3 1. Азаматтық іс жүргізудегі кұқықтык қатынастарға анықтама беріңіз 2. Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құкықтық мәртебесі, уәкілеттіктерін біліңіз. 3. Мемлекеттік қаржылар саласындағы баскару каржылык құқықтың жалпы бөлімінің институты ретінде: түсінігі, маңызы, нормативтік-кұқықтык базасын біліңіз. 11 апта Аннотация, тезистер     Конспект, презентация Конспект, презентация      
СӨЖ4 1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік баскаруды анықтаңыз. 2. Жер меншік иелері мен пайдаланушылардың құкыктары мен міндеттерін анықтаңыз. 3. Халықаралық кұкыктык нормалар мен Қазакстан Республикасының заңнамасының ара-қатынастарын анықтаңыз. 14 апта тезистер Сөздік құрастыру Эссе жазу
  Барлығы    

СӨЖ тапсырмаларын орындауда қосымша көмек:

1. ҚР құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретіндегі ерекшелігін қарастыру қажет, ол үшін Ғ.Сапарғалиевтың және Қ.Жоламановтың «Мемлекет және құқық теориясынан» 84-86, 111-113, 117, 129-131, 194-204 беттерінен қарауға болады. Сондай-ақ Конституцияны, «Мемлекет және құқық негіздері» оқулығынан қарауға болады.



2. Мемлекеттің пайда болу себебі мен мемлекеттің дамуының Батыстық және Шығыстық жолдарын ашу үшін Ғ.Сапарғалиевтің «Мемлекет және құқық теориясың оқулығына сүйену қажет. Осы оқулықтың 25,27-28,29-31,46-48 беттерінен жауап аласыз.

3. ҚР-зайырлы мемлекет ретіндегі ерекшелігін ашыңыз. Н. Дулатбековтің «Мемлекет және құқық негіздерінен» 27 беттен, 30-31 беттерінен қарауға болады, жауапты глоссарийден аласыз. Сондай-ақ Е.Баяновтың оқулығынан 169-173 беттерінен қарауға болады. Азаматтық туралы толық мәліметті «ҚР Азаматтығы туралы», „ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі туралы“ заңынан алуға болады

4. Қоғамдық қатынастарды реттейтін болғандықтан әкімшілік құқықтың мәнін,атқарушы билік органдарының атқаратын қызметімен өкілеттігіне тоқталу қажет. Ол үшін Е. Баяновтың оқулығынан 8-13 тараудан,ал әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты «Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің жалпы бөлімінің 3-8 тарауы, 9-22 беттен қарастырамыз.



5. Отбасы құқығы-некелеу,туыстық бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесі нысандарына орай пайда болатын отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы. Оның қайнар көзі - ҚР 26.12.2011ж. шыққан «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстен қараңыз. Оның екінші бөлімінен неке оны тіркеу,тоқтату, мүліктік реттеу туралы, ал Е. Баяновтың «Мемлекет және құқық негіздерінен» 505-528 беттен алуға болады.

6. Еңбек кодексінен қарауға болады немесе Е. Баяновтан 536-538, 541-542, 549-552, 552-554 беттерінен

7. Азаматтық заңдар тауар-ақша,мүліқтік,мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін болғандықтан оның реттеу тәсілдері, сүйенетін заңдарын, объектілерімен, субъектілеріне, әрекетпен құқықа қабілеттілігіне тоқталу қажет.Ол үшін«Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінен 1-3,9,12-14,17-18,22-23,27, баптарынан және З.О. Ашитовтың «ҚР Құқық негіздері» 55-82 бет-нен қарауға болады.

8. Қылмыстық құқық реттеу қызметімен қоса қорғау қызметін де атқарады. Бұл мәжбүрлеуден,ықпал ету шараларын қолданудан, кінәлі болса жауапқа тартудан тұрады. Қылмыстық құқықтың қайнар көзі- қылмыстық кодекс.Бұл сұрақтарға жауапты «ҚР қылмыстық құқығы» жалпы бөлімінен 26-29,110-120,123-132, 144-148, 247-255 беттерінен толық мәлімет алуға болады. Азаматтық істерді қарау мен шешу барысында: азаматтық, отбасылық,еңбек,тұрғын үй,қаржы,салық мәселесіне байланысты туындайтын дауларды шешеді.

9. ҚР қылмыстық іс-жүргізуде сот, алдын ала тергеу,анықтау прокуратура органдары қылмыс жөнінде заң қолданып іс жүргізеді,сотқа дейін және соттаөтетін кезеңдері болады. Сондықтан бұл сұрақты толық ашу үшін Азаматтық іс- жүргізу кодексінен, Қылмыстық іс-жүргізу кодексін басшылыққа алыңыз немесе Н. Ағыбаевтың, Е. Алаухановтың оқулықтарынан және әдебиеттер тізімінде көрсетілген әдебиеттерді басшылыққа алыңыз.

10. Құқық қорғау қызметіне тән белгілер, оның мақсаты берілген өкілеттілігі туралы Конституциялық кеңес, сот, прокуратура, әділет, адвокат, ұлттық қауіпсіздік органдары жеке –жеке тоқталу қажет.Ол үшін «Құқық қорғау органдары туралы» заңға немесе Е.Баяновтың оқулығынан 324-365 беттерінен немесе ҚР Конституциясының 6 бөлімінен қарауға болады.

11. Қаржы «Қолма-қол ақша, «Табыс» деген ұғымды білдіреді. Ол қоғамның әлеуметтік – экономикалық саяси жағдайына ықпал ететін негізгі қуаттық құрал. Оның тұрақты субъектісі – мемлекет, ақшалай қатынастардың жиынтығынан тұрады .

12. ҚР салық құқығы негіздері мемлекеттің бюджет есебін толтырады және экономикалық тұрақтылығын күшейтеді. Бұл сұрақты толық ашу үшін Е.Баяновтың «Мемлекет және құқық негіздеріненң 372-417 беттерінен немесе Қ.Ілиясовтың «Қаржы» 6-18, 208-211, 246-249, 292-310 беттерінен алуға болады.

13. Қоғаммен табиғаттың өзара байланысты негізгі екі нысандағы қоғамдық қатынастардың негізінде-табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудан көрініс табады. Қоршаған ортаның құқықтық нормаларын үш топқа: 1.Табиғатты қорғау 2.Экологиялық талапты көрсететін 3. Жауапкершілікке байланысты.

14. Жер қатынастары туралы сұраққа жауап беру үшін Жер кодексінен және Е. Баяновтың оқулығынан 610-640 беттерінен, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодекстен, белгілі ғалым, з.ғд., профессор Л.Қ. Еркінбаеваның «ҚР Жер құқығы . Жалпы және ерекше бөлімі» оқу құралынан қарауға болады.

15. Халықаралық құқық дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің аумағында ғана орын алмайтын ақаматтық –құқықтық қатынастар туралы айтуға болады. Қайсыбір мемлекет азаматтары арасындағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да қозғап өту керек.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!