Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жаңа туған нәрестенің пневмониясы



Төменгі тыныс жолдарының аурулары.

Пневмония. Туберкулез.

Пневмония-өкпе ұлпасының қабынуы. Балалардың тыныс алу жолдарының ауруларының ішінде елеулі орын алады. Жас балаларда жиі кездеседі. Жас балалардың аурулары мен шетнеунің құрылымында алғашқы орын алады.

Этиологиясы: әртүрлі инфекциялар, бактериялар,вирустар, патогенді саңырауқұлақтар, микоплазмалар.

Себепті факторлар:

1.Баланың организмінің реактивтілігінің төмендеуі (қажып шаршау, стресстік ситуациялар, нашар тамақтану т.б.).

2.Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.

3.Фондық аурулар-мешел, анемия, гипотрофия, аллергиялық диатездер.

4.Қатты тоңазу.

Патогенезі: инфекция өкпеге бронхогенді, лимфогенді, гематогенді жолдармен түседі. Өкпенің қорғаныс қызметі төмендеп қабыну процессі дамиды. Өкпенің вентиляциясының және газ алмасуының бұзылыстары гипоксияға және гипоксемияға әкеледі. Зат алмасудың барлық түрлері бұзылады.

Пневмониялардың жіктелуі:

Ошақты;

Сегментарлы;

Крупозды;

Интерстициалды

 

Ошақты пневмония- сәбилерде ошақты пневмонияның клиникалық көрінісі өзгеше. Аурудың алдына ТТ, токсикоз сипаттары шығып, ошақты өкпе өзгерістері кейінірек білінеді. Процесс кейде екі жақты болады. Сәбилердегі пневмонияның бастапқы кезеңінде катаралдық белгілер көрініс алады: түшкіру, құрғақ жөтел, қызуы субфебрильді не өте жоғары болып, баланың жалпы халі өзгереді (мазасыздық, нашар ұйқы мен тәбеттің төмендуі). Емге қарамай жөтел көбейіп, баланың жалпы хал-жағдайы нашарлайды, енжар, өні бозарып, салмақ қосуы тоқтап, кейде үлкен дәреті тұрақсызданады, лоқсып, құсады. Аурудың осылай біртіндеп басталуы науқастардың көбінде кездеседі. Кейбір сәбилерде пневмония сау кезде-ақ, бірден денсеі қызып, күйі төмендеп, ентігу, жөтелдеп басталады.
Пневмонияның алғашқы кезеңінде аускультацияда қатаңдау дыбыс жауырын ұштарында естіледі. Уақ көпіршікті және крепитациялық сырылдар пневмонияның алғашқы күндері ауырған сәбилердің жартысында, кейінірек көпшілігінде естіледі. Пневмонияның айқын белгісіне ошақты сырылдар, ошақты қатаң дем алу жатады. Өкпенің екі жағынан да, әр жерден жайылмалы сырылдардың, оның ішінде ұсақ көпіршіктің де естілуі, бронхиолитттің белгісі. Дегенмен еш өзгеріссіз 5-7 күнге созылған бронхиолит сөзсіз пневмониямен асқынады.



Сегменттік пневмониялар. Ошақты пневмониялар бір немесе бірнеше сегментке жатқызылса, сегментті деп аталады. Көбіне бұндай ауруға диагноз қойылмайды: себебі тұрақты өзгерістер бірнеше күнге ғана созылады, ал ТТ, токсикоз, кейде тіпті жөтел де болмайды, сондықтан диагноды тек рентгенография арқылы қояды. Бұл вирустық инфекция кезіндегі өкпенің сегментті ісінуі болуы ықтимал. Сегментті пневмония ағымының екінші вариантының клиникасы крупоздық пневмониядан аумайды: кенет басталуы, қызыну, аурудын кезеңді ағымы т.б. Сегментті пневмонияның белгісі ретінде іш, кеуде аурыуы да мүмкін.

Крупозды пневмония- пневмококтар қоздыратын өкненің бір немесе бірнеше бөліктерінің және плевраның жіті фибринозды қабынуы. Крупозды пневмония лобарлы пневмония немесе плевропневмония деп те аталады.



Крупозды пневмонияны негізінен пневмококтардың 1-4 типтері қоздырады, ал өте сирек жағдайларда Фридлендердің диплобациласы, Афанасьев Пфейвер бациласы да өкпеде өзгерістерді туғызады

Интерстициалдықпневмониялардың этиологиясы әрқилы. Олар вирустар, пневмоцисталар, хламидия, микоплазма, дертті саңырауқұлақтар, стрептококктар; алайда аурудуан табылған инфекцияның өзін де дерттің себепшісі екенін айыру қиын.

Клиникасы.

Пневмонияның клиникалық белгілері ауру қоздырғышының ерекшеліктері мен науқас адам организінің күйіне байланысты болады. Пневмониямен ауыратын адамның басты шағымдары – жөтел, қақырық бөлу, кеуденің ауыруы, ентігу, дене қызуының көтерілуі. Жөтел құрғақ және қақырықты болады. Қақырық кілегейлі, кілегейлі-іріңді және тот түсті болады. Кеуде қабырғасының ауыруы қосымша плевритке байланысты өкпе қабы беттерінің бір-бірімен үйкелісінен пайда болады, ол тынысты терең алған кезде және жөтел кезінде күшейе түседі, науқас адам ауру жақ бүйіріне жатқанда азаяды. Дене қызу көтерілуінің пневмонияның себебіне байланысты шектелуіне байланысты бой көресетеді. Дене қызуы көтерілуінің пневмонияның себебіне байланысты сипаты әр түрлі болып келеді. Крупозды пневмонияда қызба тұрақты болады, оған қоса қалтырап тоңу кездеседі. Басқа шағымдардан басқа интоксикацияға байланысты шағымдар да болады: бас ауырыуы, миалгия, диарея т.б.

Жаңа туған нәрестенің пневмониясы.

Этиологиясы- стрептокоок,ішек таяқшасы,сирегірек пневмоккок,стафилококк ерекше орын алады. Анасының құрсағында пайда болатын және туғаннан кейін пайда болатын түрі бар,босану кезінде пайда болатын түрі- аспирациялық пневмония.

Сәбилерде пневмония өрбуіне бейімделуші жайларға ауыр перинаталдық дерттер (құрсақішілік гипоксия, асфиксия, асфиксия, туу кещ\зінде ми мен жұлын зақымдары, пневмопатиялар т.б.), аспирациялық синдром, гипотрофиялар, іштен болатын жүрек ақаулары, өкпенің даму ақаулары, тұқым қуалайтын иммундық кемістік, гиповитаминоздар жатады. Мектеп жасындағы балаларда пневмонияға бейімделуші жайларға созылмалы ЛОР, инфекция ошақтары, рецидивті бронхиттер, темекі шегу жатады.

Аллергиялық диатезі бар балаларда- маңызды роль аллергиялық фактор және жиі катаральді қабынуларына байланысты.Қатты приступ сияқты жөтел,жиі обструктивтық синдром қосылады.

Рахитпен ауратын балалар- сау балаларға қарағанда, пневмониямен жиірек ауырады. Бұл бұлшық еттердің гипотониясына, кеуденің деформациясына, тыныс алу жолдарының тонусының томендігіне байланысты.

Гипотрофиямен ауыратын балаларда- иммунитетінің төмендігіне байланысты болады.

Стафилококкты пневмония- ауыр түрде өтеді. Пневмонияның бұл түрімен жаңа туған,шала туған балалар ауырады. Стафилококктық деструкция- стафилакокктық пневманияның катаралді асқынуы. Өкпе ішінде іріңді ошақтар пайда болады. Токсикоз және тыныс жетіспеушілігі тез өршиді.

Емдеу:

1. Микробқа қарсы- антибактерияльды ем.

2. Саңырауқұлақтарға қарсы- нистатин, леворин.

3. Антигистаминді препараттар.

4. Витаминдер.

5. Ылғалданған оттегін беру.

6. Қақырықты шығаратын дәрілер.

7. Іріңді асқынулар кезінде- хирургиялық ем.

Күтімі:

Ауруханада жұқпау үшін бокстарға не болмаса бөлек палаталарға жатқызу. Тәулігіне 3-4 рет ылғалды тазалау жүргізу, кварцтау. Дене қызуы жоғары болған жағдайда төсек режимы. Дем алуды жеңілдету үшін бас жағын көтеріп жатқызу. Қыспай жөргектеу. Таза ауада серуендеу керек. Дұрыс тамақтандыру керек.

Алдын – алуы:

Пневмонияның алдын алу антенаталдық кезеңнен басталады. Әйелдер консультацияларының бәрі жүргізетін патронаж жүкті әйелдің вирусты инфекциялары мен басқа да аурулардан сақтандыру жөніндегі шараларды қамтиды. Пневмонияның біріншілік түрінің алдын алу – көлемді, әлеуметтік-гигиеналық әрекеттер мен халықтың медициналық білімі дәрежесіне сай келеді: маңызды тамақтандыру, массаж бен гимнастика, шынықтыру, тұрмыс жағдайын, үйдегі микроклиматты жақсарту.

Туберкулез.

Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), есікше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру.

Этиологиясы:

Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.

Эпидемиологиясы:

Ең таралған жолы ауа – тамшы арқылы және ауа шаң арқылы.

Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі – науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда – туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады.

Туберкулез көбінесе 3 жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың туберкулезбен ауруы мүмкін.

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады.

Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады

Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты.

Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каверна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

Диагностикасы:

1. Анамнезің жинау.

2. Объективтік зерттеу.

3. Манту сынамасын жүргізу.

4.Рентгеналогиялық зерттеу жүргізу.

5. Қақырықта және асқазанды, бронхтардыжуған судан микобактериялардың табуылуына негізделеді.

Емдеу:

Комплексті, ұзақ мерзімде жүргізілуге тиіс. ДОТЦ терапия бойынша емдеу керек.

Ол 2 этапта жүргізіледі.

1 этап – белсенделегі төмендегенше стационарда емделеді.

2 этапта – белсенділігі төмендегенде емханада емделеді.

Туберкулезге қарсы препараттар береледі: белсенді препараттар изониазид 0,008 – 0,01 – 0, 015 г/ кг мөлшерінде немесе фтивазид, рифампицин, пиразинамид.

Бесенділігі орташа препараттар: этамбутол, этионамид, протионамид, стрептомицин.

Белсенділігі төмен препараттар: ПАСК, тибон.

Тамақманудың зор маңызы бар, тамақ алуан түрлі болуы керек.

Санаторийлерде емделу өте пайдалы.

Қазақстанда Туберкулезге қарсы жұмысты Туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орт-нда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика Туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.

Алдын – алу:

Елімізде балаларға 1925 жылдан бастап туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіліп келеді, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 4 күнде іске асырылады. Ревакцинациясы 6 – 7 жаста, 12 жасында, 16 - 17 жасында жасалынады, Манту сынамасы теріс болған жағдайда.

1жатан бастап 15 жасқа дейін жыл сайын Манту сынамасы жүргізілуі қажет. Баланы санитарлы – гигиеналық тәртіпке үйрету қажет. Тұрмыстық жағдайды жақсарту керек.

 

Глоссарий:

 

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Пневмоняның этиологиясын айтыныз?

2. Пневмонияның жіктелуі?

3. Пневмонияның диагностикасы, емі, алдын – алуы?

4. Туберкулездің түрлері?

5. Туберкулездің диагностикасы. Манту сынамасы?

6. Туберкулездің алдын – алуы?

Тарататын материал:тестер, ситуациалық есптер.

 

Манипуляция алгоритмдері:

Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөзжұмбақтар.

ЧЕК-парағы:

Үй тапсырмасы: Төменгі тыныс алу жолдарының аурулары. Пневмония. Туберкулез.

Дәріс.

Қолданатын әдибиет:

К.А. Святкина, Е.В.Белогородская, Н.П.Кудрявцева алматы – «Ана тілі» 1993 ж «Балалар аурулары», 276 - 292 беттер.

Тестер:

1. Туберкулезге тән белгіні таңдап ал:

температурасы 36,0-36,50

*микрополиаденит

құсу

ентігу

терісінің құрғауы

2.Пневмонияны емдейтін препаратты таңдап ал:

*антибиотик

пиперазин

папаверин

фталазол

бактисубтил

3. Туберкулезге қарсы вакцинаны таңдап ал:

АДС

АКДС

полиомелит вакцинасы

*БЦЖ

гамма глобулин

4. Гиперергиялық Манту сынамасындағы инфильтараттың денгейін корсет:

иненің орныі

папуласы 2-4 мм

папуласы 5мм жоғары

папуласы 19 мм жоғары

*папуласы 15 мм жоғары

5. Туберкулезді емдейтін препаратты көрсет:

пеницилин

левомицитин

линкомицин

бисептол

*изониозид

6. Туберкулездің қоздырғышын көрсет:

стафилококк

*Кох таяқшасы

стрептококк

вирус

Лефлер таяқшасы

7. Туберкулезға диагноз қоюдың негізгі әдісін таңдап ал:

*Манту сынамасы

УЗИ

рентгеноскопия

бактериоскопия

қанның биохимиялық анализі

8. Пневмонияның ең жиі кездесетін белгісі:

тыныс алудын жиіленуі

тыныс алудын сиреуі

шулы тыныс алу

тыныс алудын қыйындауы

*қабырға аралығының бұлшықеттерінің ішке тартылуы мен бірге жиі жеңіл -желпі тыныс алу

9. Пневмонияның қандай түрі кездеспейді:

ошақты

сегментарлы

интерстициальді

крупозды

*таралмалы

10. Пневмонияның еміне жатпайды:

антибиотик

муколитиктер

*жүрек гликозидттері

антигистаминді препараттар

витаминдер

Ситуациалық есептер

1. 10 айлық Сашаның анасы дене қызуының жоғарлауына, мұрын желбезегінің ұрленуі мен ентігудің пайда болуына шағымын айты. Жылағанда, айқайлағанда мұрын-ауыз ұш бұрышының көгеруі, ылғалды жиі жөтелі байқалады. Қабырға аралығының тартылуы байқалады. Тыныс алуы минутына 28-32 рет. Балаға өту керек –

 

ЭКГ

ФГДС

іш қуысының ағзаларының УДЗ

*кеуде қуысының рентгенографиясын

іш қуысының рентгенографиясы

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!