Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Рамазан айында күндіз жыныстық қатынасқа барған адамның өтемі ақысы (кәффәра) жайлы



Бұзылған оразаның өтем ақысын тек қана Рамазан айында күндіз жыныстық қатынасқа барған үшін орындау қажет. Одан басқа ештеңені қайта өтемейді!

Әбу Һурайра айтқан: «Бірде біз пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) отырған кезде, оған бір адам келді де: “Әй Аллаһтың елшісі, мен құрыдым!” - деп дауыстады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Саған не болды?” - деп сұрады. Ол: “Мен ораза кезінде әйеліммен жатып шықтым”, - деді. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан: “Босатып жіберу үшін құлдарың бар ма?” - деп сұрайды. Ол: “Жоқ”, - деп айтады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Ал сен екі ай үзбей ораза тұта аласың ба?” - деп сұрайды. Ол: “Жоқ”, - деп жауап береді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Ал сен алпыс кедейді тамақтандыра аласың ба?” - деп сұрақ қояды. Ол: “Жоқ”, - деп тағы да жауап қайтарады».

Әбу Һурайра жалғастырып, былай дейді: «Бұдан кейін пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір уақыт үндемеді. Біз осылай отырғанымызда, пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрмаға толған, үлкен кәрзеңке әкеледі. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Сұрақ қойған кісі қайда?” - деп сұрайды. Ол: “Мен осындамын”, - дейді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған былай айтады: “Мынаны ал да, садақа ретінде тарат!” Сонда әлгі кісі: “Әй, Аллаһтың елшісі, мен бұны өзімнен де кедей адамға таратуым қажет пе? Аллаһпен ант етемін, Мәдина өлкесінде менің отбасымнан кедей отбасы жоқ!” - дейді. Сол кезде пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тістері көрінгенше, күле бастады. Сосын: “Онда онымен үй ішіңді тамақтандыр» ( әл-Бухари 1936, Муслим 2/781).



Хадистің басқа нұсқасында Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған былай деп айтқаны хабарланады: «Мынаны отбасыңмен бірге же! Осы күнді өте де, Аллаһтан кешірім тіле» (Әбу Дәуд 2393, Ибн Хузәйма 1954. Хадистің сенімділігін имам ән-Нәуауи, хафиз Ибн Хәджар, шейх Сыддиқ Хасан Хан, шейх Ахмад Шәкир және шейх әл-Әлбәни растаған. Қараңыз: “Ируәул-ғалил” 4/91).

Осы хадистен түсінетініміздей, Рамазан айындағы ораза кезінде, күндіз жыныстық қатынасқа әдейі барған адам сол күнді толықтырып, онымен қатар өтем ақы істерін жасау керек.

Өтем ақы істері – бұл бір құлды босату. Егер адамның мұндай мүмкіншілігі болмаса, онда ол екі ай бойы үзбей ораза тұту керек. Ал егер де ол екі айлық оразасын орынсыз себептермен үзетін болса, күн санағын басынан бастау керек. Егер ол мұны да орындауға шамасы жетпесе, онда алпыс кедейді тамақтандыру қажет. Ал егер ол кедей болып, алпыс кедейді тамақтандыра алмаса, онда ол өтем ақы істерден, сондай мүмкіншілік пайда болмайынша босатылады (Қараңыз: “Итхафул-Кирам” 190).

Ғалымдардың көпшілігі хадисте аталған ретті сақтау қажет деп санаған (Қараңыз: “Бидәятул-муджтәһид” 1/451, “Фәтхул-Бәри” 4/198).



Егер да адам бір күні бірнеше рет әйелімен жақындасатын болса, онда барлық ғалымдардың айтуы бойынша, бәрі-бір де ол бір өтем ақыны ғана орындайды. Алайда, егер ол жыныстық қарым-қатынасты бөлек күндері жасаған болса, онда ол сонша өтем ақы істерін орындайды (Қараңыз: «әл-Маджму’» 6/370).

 

Рамазан айында күндіз әдейілеп ішіп-жеген адам өтем ақы орындау керек пе?

Рамазан айында күндіз еш себепсіз тамақтану ол күннің өтем ақысын орындауды талап етпейді. Оның жасаған күнәсі соншалықты ауыр, оған өтем ақы пайда бермейді. Ондай кісі тек шын ықыласпен тәубе ету ғана керек. Ал күндіз әдейілеп тамақтанған адамға екі ай бойы үзбей ораза тұтуды міндеттеген имамдарға келер болсақ, онда Рамазан айында күндіз әйелімен жақындасқан адам туралы хадиске қияс (аналогия, салыстыру) жасаудан басқа, Құранда да, Сүннетте де оған бірде-бір дәлел жоқ. Алайда, өтем ақы мәселелерінде қияс жасау орынсыз болып табылады. Имам әл-Бағауи айтқан: «Оразаның жыныстық қатынаспен бұзылуы мен оның басқа себептермен бұзылуын салыстыруға болмайды. Өйткені, шариғат тек жыныстық қатынастың өтем ақысына ғана нұсқаған!» (Қараңыз: “әл-Мухаррир” 1/229).

Ораза кезінде әдейілеп тамақтанған адам оразасын өтемейді деген пікірді Әбу Бәкр, `Умәр, Усмән, `Али, Ибн Мәс’уд және Әбу Һурайра сияқты сахабалар ұстанған (Қараңыз: “әл-Мухаллә” 6/180).

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: «Кім әдейілеп оразасын бұзса немесе намазын өткізіп алса, оларды толықтыра алмайды» (“Ихтияратул-фиқһия” 65).

Рамазан айында күндіз ұмытшақтықпен немесе білімсіздікпен тамақтанған немесе жыныстық қатынасқа барған адам оразасын өтеу керек пе?

Төрт имамды қосып алғанда, көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша, әлі таң атпады деп ойлап немесе күн батып кетті деп пайымдап ораза бұзатын себептердің бірін жасаған адам, сол күнді қайта толықтыру керек (“Фатхул-Бәри” 4/244).

Алайда, ол күнді қайта толықтырудың қажеті жоқ деген пікір дұрысырақ болып табылады!

Әсмә бинт Әбу Бәкр айтқан: «Бірде пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде біз бұлыңғыр (бұлтты) күні ауыз ашқан едік, содан соң күн шығып келді» (әл-Бухари 1959).

Ибн Хузәйма айтқан: «Бұл хабарда оларға сол күнді қайта өтеуге әмір етілді деген нұсқау жоқ!» (Қараңыз: “Сахих Ибн Хузәйма” 4/200).

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтқан: «Егер де пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға сол күнді қайта толықтыруды бұйырғанда, ол бізге парыз болатын еді» (Қараңыз: “Мәджму’ул-фәтауа” 25/231).

Имам Ибн Хазм былай деген: «Түн болды деп ойлап тамақтанған, немесе күн батты деп есептеп әйелімен жақындасқан, немесе қателесіп күндіз су ішіп қойған адамның оразасы бұзылмайды, өйткені ол оразаның уақыты аяқталды деп ойлаған. Әрі мұнда ұмытқан немесе қателескен адамның арасында еш айырмашылық жоқ. Бұл қияс (салыстыру) емес. Аллаһ Тағала былай деген: “Егер оны жасауға жүректеріңде қаламаған болсаңдар, онда қате жасағандарың үшін сендерге күнә болмайды. Аллаһ – Кешірімді, Мейірімді” (Ахзаб сүресі, 5-аят). Сондай-ақ, пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: “Расында, Аллаһ мен үшін үмметіме олардың қателесіп, ұмытып және де оларды мәжбүрлеп істеткен нәрселерін кешіреді” (Ибн Мәджаһ 2045, әл-Бәйхақи 7/356, әт-Тахауи 2/56. Хадис сахих). Бұл ізгі ата-бабаларымыздың көпшілігі ұстанған пікір. Зәйд ибн Уәһб айтқан: “`Умар ибн әл-Хаттабтың кезінде, адамдар уақытынан бұрын ауыздарын ашып қойды. Содан соң күн де шықты. Сол кезде олар: “Біз осы күнді қайта толықтыруымыз қажет”, - деді. Бұған `Умар былай жауап қайтарды: “Не үшін?! Аллаһпен ант етемін, біз күнә жасауды қалаған жоқпыз ғой!” Сондай-ақ әш-Шу`ба, әл-Хәким ибн `Утәйбадан, әлі түн шығар деп пайымдап, күн шыққан соң сәресін ішкен кісі туралы сұрағанын айтқан. Бұған ол: “Оразасын жалғастыра берсін”, - деді» (Қараңыз: “әл-Мухаллә” 6/331).

Ибн Хазмның кітабы «әл-Мухаллә» кітабына шарх (түсіндірме) жасаған шейх Ахмад Шәкир, оның айтқан барлық сөздерімен толық келісті.

Білімсіздіктің де үкімі осындай. Шейхул-Ислам ибн Тәймия айтқан: «Егер ораза тұтушы ораза бұзатын себептердің бірін, оның тыйым салынғанын білмей жасайтын болса, онда ол ештеңені де өтеуге міндетті емес» (Қараңыз: “әл-Фәтауа әл-кубра” 2/19).

Алайда, егер біреу ораза кезінде қателесіп немесе ұмытып, оны бұзатын себептердің бірін жасайтын болса, оразасын күннің соңына дейін тұтып шығуға міндетті. Мәселен, адам күн батып кеткенінде анық сенімді болып тамақтанып қойса, онда оның оразасы дұрыс, әрі ол ештеңені өтемеу керек, алайда ол оразасын соңына дейін тұту қажет (Қараңыз: “Сахих фиқһу-Ссунна” 2/105.).

 

Сұрақ: «Мен Рамазан айындағы ораза кезінде әйеліммен ойнап-қырындайтын едім, сосын бұл жыныстық-қатынаспен аяқталатын еді. Мен оның тыйым салынғандығын білмедім, әрі ұрық шашусыз болған жақындасу оразаны бұзбайды деген ұғымым бар еді. Менің білімсіздігімді ескере отырып, сұрағыма жауап беруіңізді өтінемін!»

Жауап:

«Рамазан айында әйелімен жақындасқан, ораза тұтушы адамның екі жағдайы бар:

1 – оның Рамазан айындағы ораза кезінде ұрық шашусыз болған жақындасу тыйым салынбаған деген сенімі бар. Сол үшін ол білімсіздіктен әйелімен қосылады.

2 – ол жыныстық қатынастың тыйым салынғанын біледі, бірақ ол істің жазасынан бейхабар.

Дұрысырақ пікір бойынша, ораза бұзатын себептердің бірін немесе ихрам кезінде (қажылықта) тыйым салынған нәрсені, немесе намазды бұзатын істердің бірін білімсіздікпен жасаған адамға ештеңені істеудің керегі жоқ. Аллаһ Тағала былай деді: «Раббымыз! Біз ұмытсақ, не қателесетін болсақ, бізді жазалама!» (Бақара сүресі, 286-аят). Аллаһ бұл дұғаға: «Мен оны орындап қойдым», - деп жауап берді (Муслим).

Ол істің тыйым салынғанын білмей, оның тек ұрық шашу кезінде ғана харам болатынын ойлап, әйелімен жақындасқан кісі ештеңені жасауға міндетті емес.

Ал екінші жағдай туралы айтар болсақ, онда егер адам Рамазан айында күндіз жыныстық қатынасқа барудың тыйым салынғанын білген болса, бірақ оның өтем ақысы (кәффара) бар екенін білмесе, онда ол өтем ақы істерін орындауға міндетті. Өйткені, үкімді (хукм) білмеу мен жазасын (`уқуба) білмеудің арасында айырмашылық бар. Жазаны білмегені үшін адамның мойнынан жауапкершілігі түспейді, бірақ үкімі жайында білмеген адамға кешіріледі. Сондықтан, ғалымдар былай деген: “Егер адам мас қылатын бір сусынды ішсе, бірақ оның мас қылатынын немесе оның тыйым салынғанын білмесе, ол күнә алмайды. Ал егер ол оның мас қылатынын әрі тыйым салынғанын білген болса, бірақ бұның жазасынан бейхабар болса, онда оны жазалайды, әрі жаза мойнынан түспейді”.

Осыған сүйеніп, біз сұрақ қоюшыға былай жауап береміз: егер сен ұрық шашусыз жақындасудың тыйым салынғанын білмесең, онда сен ештеңені істеуің керек емес. Сол сияқты, әйеліңе де, егер ол да бұл туралы білмесе, ештеңе міндетті емес» (Шейх Ибн `Усейминнің жауабы).


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!