Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Астмактиктерге (демікпесі бар адамдарға) арналған оттек қапшықтары



Астма (демікпе) кезінде қолданылатын оттек қапшықтары оразаны бұзбайды, себебі өкпеге баратын қысылған (сығылған) газ – бұл тамақ емес, әрі оған деген мұқтаждық ылғи да бола береді, Рамазан айында да, одан басқа айларда да (Қараңыз: Сәб’уна масалә фи-ссыям” 36).

 

 

  1. Оразаның рухани жағы мен ораза тұтушының тәртібі

Аллаһ Тағала Мұхаммедтің (оған Аллаһтың игілігі болсын) үмметіне ораза тұтуды бұйырып былай деген: «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға ораза тұту парыз етелгендей, сендерге де ол парыз етілді – әрине тақуа боласыңдар» (Бақара сүресі, 183-аят).

Құдыретті әрі Аса Дана Аллаһ Өз құлдарына бір үкімді әмір еткенде немесе парыз қылғанда, онда Ол әдетте тек бұйрықтын өзін ғана атап, оның даналығын баяндамай кетеді. Өйткені, Аллаһтың жалпы даналығы, Өз құлдарына оларды сынап, Оған бағынатындар мен бағынбайтындарды айқындайтын бір міндет жүктейтіні. Алайда, аталмыш аятта Аллаһ Құранда жиі кездесе бермейтін, бір нәрсені атап өтті. Ол - ораза тұту әмірінің даналығының түсіндірмесі: «әрине тақуа боласыңдар».

Бір күні Талқ ибн Хабиб айтқан: "Фитна (бүлік) туған кезде, оны тақуалықпен сөндіру керек". Одан: "Ал тақуалық деген не?" - деп сұрағанда, ол: "Тақуалық - бұл Аллаһтың нұры арқылы Аллаһтың сауабын үміт етіп, Аллаһқа бағыну. Тақуалық - Аллаһтың нұры арқылы Аллаһтан қорқып, Аллаһтың тыйымдарынан аулақ болу", - деді (Ибн әл-Мубәрак 1343, Ибн Әби Шәйба 30356).

Тура сол сияқты Са`ид ибн Джубайр да керемет сөздер айтты: "Расында, Аллаһтан қорқу дегеніміз – бұл сені мен күнәларыңның арасында тұратын нәрсе. Міне осы нағыз қорқу! Аллаһты еске алу (зикр) – бұл Аллаһқа бағыну. Сондықтан, кім Аллаһқа бой ұсынса, Аллаһқа бағынған болып саналады. Ал кімде-кім Аллаһқа бағынбаса, онда ол Құранды көп оқып, Аллаһты жиі мақтаса да, еске алушы боп есептелмейді" (Әбу Ну`айм "Әл-Хилья" 4/276).



Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оразаның міндеттілігінің даналығын түсіндіріп: «Өтірік айтып, өтірік бойынша амал ететіндердің, тамақтары мен суларын қалдырғандарына Аллаһ мұқтаж емес», - деді (әл-Бухари 1903).

Имам Әбу Бәкр ибн әл-`Араби айтқан: «Кімде-кім осы хадисте айтылғанды істейтін болса, оразасы үшін сауабын алмайды!» (Фатхул-Бәри 4/177).

Осы хадистен түсінетініміз, егер ораза тұтушы адам күнәлар жасауды, өтірік айтуды, балағаттауды доғармаса, онда Аллаһ ондай кісінің тамақ пен судан және әйелімен жақындасудан бас тартқанына көңіл бөлмейді (Қараңыз: “Итхафул-Кирам” 187).

Ораза тұту әміріндегі даналық, ол міндетті болса да, мүміндердің тек ұнамды, рұқсат етілген, игі заттардан тыйылулары ғана емес, бұл талап етілетін жалғыз нәрсе емес. Аллаһ Тағала Өзінің ораза тұту әмірін «әрине тақуа боласыңдар» - деген сөздермен аяқтайды.

Осыдан түсінетініміз, оразаның парыз етілгенінің даналығы, мұсылманның ораза кезінде, Аллаһ Тағалаға құлшылықтарын арттыру керектігінде, әрі оның, бұрынғысына қарағанда бойұсынғыш болу және жаманның барлығын қалдыру керектігінде.



Ораза тұтып жүрсе де, жаман нәрселерді қалдырмаған адам, қаланы қиратып, зәулім сарай соғып жатқан адам секілді. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Ораза тұтушы аштықтан басқа ештеңеге қол жеткізбеуі мүмкін» (Ибн Мәджаһ 1690. Хадистің сенімділігін шейх әл-Әлбәни).

Сондықтан, ораза – бұл тек ішіп-жеуден тыйылу емес, оған қоса бұл балағаттау, ғайбаттау, өтірік айту және т.с.с. тыйым салынған істерден бас тарту болып саналады. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Ораза – бұл жәй ғана ішіп-жеуден тыйылу емес. Ораза – бос сөздер мен балағаттаудан тыйылу!» (Ибн Хузәйма, Ибн Хиббан, әл-Хәким. Хадис сахих. Қараңыз: “Сахих әт-тарғиб” 1082).

Әрбір мұсылман оразаны бұзатын істер, бұл тек бәріне мәлім болған, ішіп-жеу мен жыныстық қатынас жасау сияқты дене амалдар ғана емес екенін білуге міндетті. Оразаның мәнісі бұлардан тыйылуда ғана емес. Сондықтан да, кейбір ғалымдар оразаны бұзатын нәрселерді екі топқа бөледі. Рамазан кезінде адамдарға уағыз айтатын көптеген дағуатшылар, оразаны бұзатын нәрселер туралы айтып жатқанда, тек іжіп-жеу және жақындасу сияқты, заңдық нормалар жайында ғана сөз қозғайды. Бірақ олар оразаны бұзатын екінші топқа да басты назар аударулары қажет.

Ал енді оразасын тек ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан тыйылумен ғана шектейтін, әрі Рамазаннан бұрын бойында болған бұзық тәртібінде қасарысып тұрып алатын адамға келер болсақ, онда бұл Раббымыз: «әрине тақуа боласыңдар», - деп нұсқаған, осы айда заңдастырылған құлшылықтың дана мағынасына сай келетін ораза болып саналмайды.

Сондықтан да, біз мұсылман бауырларымызға оразаны құнсыз ететін істердің басқа да тобына, ішкі дүниеге де көңіл бөлулерін еске салып, кеңес береміз. Бұл туралы уағыздаушылар мен адамдарды тура жолға салуды қалайтын адамдар өте сирек айтады. Онда ораза бұзатын істердің осы тобын мүлдем білмейтін қарапайым адамдар жайында не айтса болады?!

Әрбір мұсылман пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тіл бәлелеріне қатысты көптеген өсиеттерін есте тұтып жүруі қажет. Жаман немесе пайдасы жоқ нәрселерді айтқаннан гөрі, үндемеген абзал, әсіресе осы ұлы айда. Му`аз ибн Джәбәлдан жеткен хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Үндемей жүре берсең, игілікте боласың. Ал сөйлей бастасаң, онда бұл не сенің пайдаң үшін болады, не саған қарсы айналады» (әт-Табарни “әл-Кәбир” 2/73. Хадис сахих).

Ораза тұтушы осы айда Аллаһқа құлшылық етуде және Оған бойұсынуда қаттырақ тырысу керек. Адамдар келтіретін зәбіріне төзіп, ешкіммен ұрысып-керіспей, дауысын көтермеу керек. Егер ораза тұтушыға біреу ұрысатын болса, онда ол барынша шыдап былай жауап қайтару керек: «Менің ауызым берік!» /Инни соимун!/ Бұл туралы мына хадисте айтылған: «Сендерден ешкім ораза күні жаман сөздер айтпасын, дауысын көтермесін. Ал егер де біреу онымен ұрысатын болса немесе жанжал туғызғысы келетін болса, онда ол: «Расында, менің ауызым берік!» - деп айтсын» (әл-Бухари 1904, Муслим 1151).

Сол сияқты, адам күнәлардан аулақ болып, оның ішінде тыйым салынған нәрселерге қарамай, көздерін төмен түсіріп жүру керек. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Қиямет Күні үш адамның көздері Отты көрмейді: Аллаһтан қорқып жылаған көздер, Аллаһ жолында күзетші болған адамның көздері және Аллаһтың тыйым салғанын көргенде, төмен қараған адамның көздері» (Ибн ‘Асәкир “әт-Тәрих” 1/297. Хадис хасан. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-Сахиха” 2673).

Ибн Мас`удтан пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқаны хабарланады: «Шын мәнінде, ораза – бұл аманат (сеніп тапсырылған зат). Сондықтан, әркім оған сеніп тапсырылған нәрсеге ие болсын!» (әл-Хараити “Мәкәримул-ахләқ”. Хафиз әл-‘Ирақи хадистің иснадын хасан деген. Қараңыз: “Тахридж әл-Ихья” 1/354).

 

  1. Рамазан айындағы мустахаб (қосымша-қалаулы) амалдар

Тәубе ету

Аллаһ Тағала былай деді: «Ал кім тәубе етпесе, солар - залымдар» (Хужурат сүресі, 11-аят).

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһ тәубе етушінің тәубесін әрқашан және әруақытта қабылдайды. Бірақ, осы айда өз айыптары мен күнәларының және тәубе етуден бас тартудың себебімен, Раббысының кешіріміне лайық болмаған адамға өкініш болсын. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Маған Жәбрейіл періште келіп былай деді: «Әй, Мұхаммед! Рамазан айына жетіп, сонда да кешірімді ала алмаған адам Отқа кіреді де, Аллаһ оны Өзінен алыстатады. «Әмин!» - деп айт». Мен: «Әмин!» - дедім» (Ахмад, Ибн Хиббән, әт-Табарани “әл-Кәбир”. Хадис сахих. Қараңыз: “Сахих әт-тарғиб” 3/216).

Тәубе еткісі келген адам үшін тәубе есіктері ажалы жетпейінше ашық тұрады. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Ұлы әрі Құдыретті Аллаһ құлы жан тәсілім етердегі қырылын білдірмейінше, тәубесін қабыл етеді», - деді (әт-Тирмизи 3537, Ибн Мәджаһ 4253. Шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деген).

Осы айға жетемін деп армандаған, бірақ дегендеріне жете алмаған қаншама адамдар бар еді. Олар қабірлерінде, ізгі істерін арттыра да алмайтын, көптеген күнәлары үшін кешірім де сұрай алмайтын тұтқынға айналды. Сондықтан, күнәлары қандай үлкен болса да, ешкім тәубе ету мүмкіншілігін назарсыз қалдырмасын, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, өздеріне зұлымдық жасаған Менің құлдарым, Аллаһтың мейірімінен күдер үзбеңдер! Шын мәнінде, Аллаһ күнәларды толығымен кешіреді: өйткені Ол – аса Кешірімді, Мейірімді!» (әз-Зумәр сүресі, 53-аят).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Күнәдан тәубе еткен адам, оны жасамағанмен тең», - деді (Ибн Мәджаһ 4250. Хадис хасан. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 3008).

Сондықтан, күнәлары мен айыптары көп екенімен сылтауратып, олардан құтыла алмайтынын айтып, Аллаһтың мейірімінен үміт үзіп, әрі қарай Мейірімді Раббысына қарсы шығып, күнәларды жалғастыра беруіне болмайды.

Алайда білу керек, Раббымыз Кешірімді және Мейірімді, бірақ Өзінің кешірімі мен мейірімін Ол тек белгілі шарттар орындалған соң ғана, нақтырақ айтқанда, адам Аллаһ Тағалаға толық,әрі ықыласты тәубемен қайтқан соң ғана нәсіп етеді.

Тәубе етудің үш шарты бар:

1) Күнә жасауды доғару,

2) Күнә жасаған үшін өкіну,

3) Келесіде ешқашан оны жасамауға шешім қабылдау.

Егер осы шарттарының біреуі болса да, орындалмаса, онда тәубе қабыл етілмейді! Ал егер жасалған күнә басқа да адамға зиянын тигізетін болса, онда тәубенің төрт шарты орындалу керек. Атап өткендей, жоғарыда аталған үш шарт және тағы да бір шарт орындалу керек. Соңғы шарттың мәнісі – одан зардап шеккен кісіден кешірім сұрап немесе заңсыз тартылып алынған затты иесіне қайтырып, кінәсін жуып-шаю (Қараңыз: “әл-Әзкәр” 321, “Рияду-ссалихин” 28).

Ранды көбірек оқу

Аллаһ Тағала былай деді: «Рамазан айында адамдар үшін нұсқау ретінде, әрі тура жолдың түсіндірмесі ретінде Құран түсірілген» (Бақара сүресі, 185-аят).

Ибн `Аббас айтқан: «Жәбрейіл періште Мұхаммед пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айының әр күні кездесіп, бірге Құран үйренген» (Бухари 6, Муслим 2308).

Хафиз ибн Ражаб былай деген: «Бұл хадисте Рамазан айында Құран үйрену үшін жиналудың абзал екеніне нұсқау бар. Тағы да хадисте, Рамазан айында Құран оқуды арттыру керек екеніне нұсқау бар» (“Ләтаифул-ма’ариф” 189).

Егер мұсылман күндізгі уақытын ораза тұтуға, ал түнін Құран оқуға арнайтын болса, онда Қиямет Күні оның екі шапағатшысы болады: бұл – ораза мен Құран. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ораза мен Құран Қиямет Күні Аллаһтың құлына шапағат етеді. Ораза: «Раббым! Мен оны күндіз ішіп-жеуден айырдым, сондықтан маған ол үшін шапағат етуге рұқсат бере гөр!» - деп айтады. Ал Құран: «Раббым! Мен оны түнде ұйқыдан айырдым, сондықтан маған ол үшін шапағат етуіме рұқсат бере гөр!» - деп айтады. Сосын олардың шапағаттары қанағаттандырылады» (Ахмад 2/174. Хадистің сенімділігін имам әл-Хәким, хафиз әл-Мунзири, шейх Ахмад Шәкир және шейх әл-Әлбәни растаған. Қараңыз: “Сахих әт-тарғиб” 973).

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мен оның сахабалары және де олардың артынан ергендер Құран Кәрімнің мағыналарына үңіліп, оны оқып, Рамазан айының күндері мен түндерін өткізетін еді.

Рамазан айы келгенде олар Құран оқуды арттыратын-ды, әрі үмметіміздің ұлы имамдары олардан үлгі алған.

Мысалға, имам Мәлик Рамазан айында өзінің барлық ғылымдарын қалдырып, Құран оқуға кіріскен. Дәл солай Суфьян әс-Сәури де жасаған. Ізгі ата-бабаларымыздан болған кейбір ғалымдарымыз түнгі намаздарында Құранды түгелдей – үш күннің ішінде, екіншілері – жеті күн ішінде, ал басқалары – әр он күнде оқып, бітіріп шығатын (Қараңыз: “әс-Сияр” 5/276).

Алайда, Құранды үш күннен кем уақыт аралығында толығымен оқып шығуға болмайды, өйткені пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі Құранды үш күннен кем уақыт аралығында оқып шықпаған, бұған қоса: «Құранды үш күннен кем уақыт аралығында оқыған адам оны ұқпайды», - деген (Әбу Дәуд 1394, әт-Тирмизи 2949, Ибн Мәджаһ 1347. Шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деген).

Ал Құранды әлі оқи алмайтын адамдар туралы айтар болсақ, онда біз оларға ерік күшін емдеп, араб әліппесін меңгеріп алуларын тілейміз. Содан соң, олар Рамазанда да, одан басқа уақыттарында да осы ұлы сауапқа қол жеткізу мүмкіншілігіне ие бола алады. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһтың Кітабынан бір әріп болса да оқыған адамға бір игі іс жазылады. Ал осы бір игі іс үшін он есе сауап қайтарылады. Мен: «Әлиф, ләм, мим»-ді бір әріп деп тұрған жоқпын. Жоқ, «әлиф» - бір әріп, «ләм» - бір әріп және «мим» бір әріп болып табылады» («т-Тирмизи 2910, Имам Ибн Қудәма мен шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деп атаған).

Са`д ибн Әбу Уаққас айтқан: «Егер адам Құран оқуды түннің әуелгі бөлігінде аяқтаса, онда періштелер ол үшін таң атқанша дұға етеді, ал егер де ол Құран оқуды түннің ақырғы бөлігінде бітірсе, онда періштелер ол үшін кешке дейін дұғада болады» (Ахмад, әд-Дәрими. Хасан хабар. Қараңыз: “әл-Әзкәр” 136).

Сәбит әл-Бунәни айтатын: «Әнәс ибн Мәлик Құранды түгелдей оқып аяқтаған кезде, бала-шағасы мен отбасы мүшелерін жинап, Аллаһқа дұға ететін еді» (әд-Дәрими 2/469, Са’ид ибн Мансур 1/140. Имам ән-Нәуауи, хафиз Ибн Хаджар және шейх әл-Әлбәни иснадтың сенімділігін растаған).

Ибн Утәйба айтқан: «Бірде Мужәһид пен Абда ибн Әбу Любәбә маған (кісі жіберіп) шақыртып алды. Мен оларға келгенімде, олар маған: «Расында, біз сені шақырған себебіміз, Құран тиләуәтін (оқуды) аяқтап жатқан едік. Ал Құран оқудың соңында жасалған дұға қабыл етіледі», - деді» (Ибн Әбу Дәуд. Имам ән-Нәуауи иснадын сахих деп атаған. Қарңыз: “әл-Әзкар” 119).

Ал адамдар заңдастырып алған, Құран оқып болған соң айтатын белгілі бір дұғаларға келер болсақ, онда бұның ешқандай негізі жоқ. Сондықтан, имам әш-Шәтыби оны: «Қосылған бидғат (жаңалық)», - деп атаған (Қараңыз: “әд-Дә’ифа” 13/315).

Сол үшін Құран оқуды аяқтаған соң, Аллаһқа кез-келген дұға арқылы жалбарынса болады, өйткені оның ешқандай белгілі дұғалары жоқ!


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!