Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ан алу немесе қан жоғалту



Ораза кезінде қан алудың рұқсат етілгенінде ғалымдар арасында келіспеушіліктер бар. Қан алу оразаны бұзады деп санайтын ғалымдар пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисіне сүйенген: «Қан алған және қан алдырған адам оразаларын бұзды» (Ахмад 4/123, Әбу Дәуд 2369. Хадис сахих).

Ал басқа ғалымдар болса қан алу оразаны бұзбайды деп Ибн `Аббас жеткізген келесі хадиске сүйенеді: «Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза тұтып жатқанында, қан алынған» (әл-Бухари 1939).

Сондықтан, көптеген ғалымдар, қан алу оразаны бұзады деген хадистің күші жойылған деп есептеген. Сол ғалымдардан әш-Шафи`и, әл-Байһақи, Ибн `Абдул-Барр, ән-Нәуәуи, әл-Әлбәни сияқты имамдарды ерекше атап өтсек болады.

Аталған қарама-қайшылыққа Сәбит әл-Бунәниден жеткен келесі хадис айқындық енгізеді. Ол Әнәстан: «Қан алу Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде қайтарылған ба еді?» - деп сұрайды. Сонда Әнәс оған былай жауап береді: «Жоқ, тек егер ол адамды әлсіретпесе ғана» (әл-Бухари 1940).

Тағы да, Әнәс айтқан: «Басында ораза тұтушыға қан алу қайтарылған еді. Әрі бір күні пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қан алғызып отырған Джа`фар ибн Әбу Толибтің жанынан өтіп бара жатқанда: «Бұл екуі оразаларын бұзды», - деп айтқан. Бірақ, кейінірек пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауызы берік адамға қан алуды рұқсат еткен», сондықтан Әнәс ораза уақытында қан алғызған еді (әд-Дарақутни 2/182. Хадистің сенімділігін имам әд-Дарақутни, әл-Байһақи және ән-Нәуауи).

Сондай-ақ, Абу Са`ид әл-Худриден: «Ораза тұтушыға қан алу рұқсат па?» - деп сұрағанда, ол: «Иә, бұның ешқандай проблеммасы жоқ», - деп жауап берді (Ибн Хузайма 3/235. Шейх әл-Әлбәни).



Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып және барлық пікірлерді жинап, келесідей қорытынды шығарсақ болады:

Ораза уақытында қан алу тыйым салынбаған, әрі ол оразаны бұзбайды. Алайда, егер қан алу адамды әлсірететін болса, онда оны жасамаған жақсы. Бірақ егер, қан алу ауызы берік адамды аузын ашуға мәжбүрлейтін болса, онда ол тыйым салынады. Бұл туралы Имам әш-Шәукәни айтқан (“Нәйлюл-Әутар” 4/515).

Дәл осы, қан тапсыруға да қатысты, егер мұнда қажеттілік болса әрі бұл организмнің әлсіреуіне әкеліп соқпаса, онда бұл рұқсат етіледі. Ал керісінше жағдайда жоқ! (Қараңыз: “Сахих фиқһу-Ссунна” 2/114).

Ажет болғанда тамақтың дәмін тату

Керек болып тұрса, ауызы берік адамға тамақтың дәмін тілімен татып немесе оны шайнап жіберуіне болады. Мысалы: одан басқа ешқандай жол таппаған, сәбиді тамақтандырып жатқан ана; ас әзірлегенде, оның дәмін татып көру; сатып аларда тағамның дәмін тексеру. Ибн `Аббас былай деген: «Адамның уксусты немесе сатып алғысы келіп жатқан затының дәмін көруінде еш айып жоқ» (Ибн Әби Шәйба 2/161. Иснад сахих).



Шейхул-Ислам ибн Тәймия айтқан: «Ораза тұтушының тамақтан қажетсіз дәм татуы қайтарылады (мәкруһ), бірақ оразаны бұзбайды. Бұл ауызды сумен шайқау тәрізді» (Мәджму’ул-фатәуа” 25/266).

Алайда, тілмен тексеріп көрген тамақты жұтуға болмайды!

Ауыз шайқау мен шомылу

`Умар ибн әл-Хаттаб айтатын: «Бірде мен ораза тұтып жүргенімде, өзімнің әйелімді сүйдім. Содан соң, мен пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Мен қорқынышты нәрсе жасадым, мен ауызым берік бола тұра әйелімді сүйдім!» - деп айттым. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай сұрады: «Сен ораза кезінде, ауызыңды шаю туралы не ойлайсың?» Мен: «Бұның еш қорқыныштысы жоқ», - дедім. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда несіне уайымдайсың?» - деді» (Ахмад 1/21, Әбу Дәуд 2385, әд-Дәрими 1723. Шейх Ахмад Шәкир, шейх әл-Әлбәни, ‘Абдул-Қадир әл-Арнаут және Шу’айб әл-Арнаут хадистің сенімділігін растады).

Сондай-ақ, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының бірі жеткізген хадисте «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шыжыған ыстықтан сақтанып, басына су құятын», - деп айтылған (Мәлик өзінің “әл-Мууатта” кітабында 1/294, Әбу Дәуд 2365, Ахмад 4/63. Шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растаған).

Осы хадистерден байқайтынымыз, ораза кезінде күндізгі уақытта ыстықтың әсерін басу үшін ауызды шаюға немесе шомылуға рұқсат етіледі. Ораза кезінде ауыз шаю, дәрет алғанда болсын, одан тыс уақыттары болсын, рұқсат етлгенінде ешқандай келіспеушілік жоқ (Қараңыз: “Шархул-Кәбир” 3/44).

Алайда, дәрет алған кезде суды мұрынмен тартпаған жақсы, әйтпесе су тамаққа өтіп кетеді. Ләқит ибн Сабира айтқан: «Бірде мен пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, Аллаһтың елшісі, маған дәрет жайында айтып берші», - деп сұрадым. Ол былай деді: «Дәретті лайықты түрде ал, саусақ араларын және егер ораза тұтып жатқан болмасаң, мұрныңды жақсылап жу!»» (әш-Шәфи’и 1/30, Ахмад 4/33, Әбу Дәуд 142. Хадистің сенміділігін Ибн әл-Қатан, ән-Нәуауи, Ибн Хаджар мен әл-Әлбәни растаған).

 

Сондай-ақ, оразаны келесі нәрселер де бұзбайды:

Сүрмені қолдану

‘Аиша айтқандай, “Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сүрме қолданған” (Ибн Мәджаһ 1678).

Ғалымдар арасында бұл хадистің сеніміділігі жөнінде келіспеушіліктер болған. Бірақ шейх әл-Әлбәни оны сахих деп есептеген. Ал кейбір имамдар Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сүрмені қолданған деген бір де бір сахих хадис жоқ деген.

Соған қарамастан, бұл хадистің мағынасы, яғни сүрмені қолдану оразаны бұзбайтыны дұрыс. Бұған қоса имам әт-Табарани 2/132 Барирадан, ал әл-Байһақи Ибн `Аббастан, олар ораза кезінде сүрмені қолданғандарын жеткізеді. Және Хафиз ибн Хаджар бұл хабарлардың иснадын хасан деп атаған (Қараңыз: “Талхисул-хабир” 2/366).


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!