Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ифтар (ауызашар) алдында Аллаһқа дұға ету керек



‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Расында, ораза тұтушының, ауызашар алдында жасаған дұғасы қайтарылмайды» (Ибн Мәджаһ 1753, әл-Хәким 1/422. Хафиз Ибн Хаджар, әл-Бусайри және Ахмад Шәкир хадитің сенімділігін растаған).

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауызашардан кейін былай айтатын еді: «Шөл басылды, тамырлар нәр алды, Аллаһ қаласа, сауап та бізді күтіп тұр» (Әбу Дәуд 2357, әл-Бәйһақи 4/239. Хадистің сенімділігін әд-Дәрақутни, әл-Хәким, әз-Зәһаби, әл-Әлбәни деген иамамдар растаған).

/Зәһаба ззома-у уәбталлятил-‘уруқ, уә сәбатәл-әджру иншә-Аллаһ/.

Айтпақшы, бұл пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауызашар кезінде айтқан дұғасы туралы жалғыз ғана сенімді хадис болып табылады.

 

  1. Оразаны бұзатын нәрселер

1. Әдейілеп ішіп-жеу.

Аллаһ Тағала былай деген: «Таңның ақ жібі мен қара жібін ажырата алғандарыңша, жеңдер де, ішіңдер. Сосын кешке дейін ораза тұтыңдар» (әл-Бақара, 187).

Шейх Ибн әл-Қайим айтқан: «Әдейілеп ішіп-жеу ораза бұзатынында ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ» (“Зәдул-мә’ад” 2/60).

Рамазан айы күндіз әдейілеп тамақтанған адам үлкен тәубені талап ететін ұлы күнә жасады.

Сондай-ақ, ғалымдардың көбісі егер адам тістерінің арасында тұрып қалған тамақты әдейілеп жұтып қойса, оның оразасы есептелмейді деп санаған.

Имам Ибн Қудама былай айтты: «Тістерінің арасында тамағы қалған адамның жағдайы екі түрге бөлінеді: егер тамақтың кішкентай ғана шағымы жұтып қойылса, әрі оны түкіріп тастауға еш мүмкіндік болмаса, онда ораза бұзылмайды, өйткені бұл түкірік секілді. Ибн әл-Мунзирдің айтуынша, ғалымдар бұған бір ауыздан келіскен. Екінші түрі – бұл, егер тамақтың үлкен шағымы қалса, әрі оны түкіріп тастауға мүмкіншілік бар. Бірақ адам ол шағымды әдейілеп жұтып қойса, онда оның оразасы ғалымдардың көпшілігінің пікірі бойынша бұзылады. Себебі, ол тамақтанумен тең» (“әл-Муғни” 3/260).



Бұған тағы да құнарлы (нәрлі) уколдар да жатады.

Темекі шегу де оразаны бұзады, ол аздай, бұл оразаны харам нәрсе арқылы бұзу болып саналады (“Фатәуа исләмия” 2/183).

2. Рамазан айы күндіз жыныстық қатынаста болу

Хадисте былай айтылған: «Расында, жақындасу оразаны бұзады» («Сахих Ибн Хузайма» 3/242).

Кімде-кім Рамазан айында ораза кезде, екі жыныстық мүше бірігетіндей, мүшенің басын әйелінің мүшесіне немесе артқы айланшығына кіргізіп, әдейілеп жақындасқан болса, оразасын бұзып алды. Әрі ұрық шашылған-шашылмағаны ештеңені өзгертпейді. Мұндай адам тәубесіне келіп, сол күні оразасын жалғастыру қажет, кейін сол күннің қазасын әрі жасаған кінәсін өтеп беруі керек. Рамазан айы күндіз жыныстық қатынасқа бару оразаны бұзатындығында, ғалымдар арасында ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ (Қараңыз: “әд-Дарарул-мудыя” 2/22).



Күн батқан соң жақындасуға салынған тыйым алынады. Аллаһ Тағала былай деген: «Ораза кезі түнде сендерге әйелдеріңмен жақындасу рұқсат етіледі. Өйткені, әйелдерің сендердің жамылғыларың, ал сендер олардың жамылғыларысыңдар» (әл-Бақара, 187).

3. Әдейілеп құсық шығару.

Әбу Һурайра жеткізген хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер құсық еріксіз шыққан болса, онда оразаны өтеу міндетті емес. Ал егер ол әдейі шығарылса, онда оразаның қазасын өтеу керек» (Ахмад 2/498, Әбу Дәуд 2380. Имам ән-Нәуауи, шейхул-Исләм Ибн Тәймия және шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растаған).

Егер адам құсығын әдейі келтірген болса, онда ол тәубе де ету керек болған күнә жасаған болып есептеледі.

Имам Ибн әл-Мунзир айтқан: «Құсығын әдейілеп келтірген адам оразасын бұзып алғанына ғалымдар бір ауыздан келіскен» (Қараңыз: «әл-Иджма’» 47).

4. Менструация (етеккір) және босанғаннан кейінгі қан кету

Егер де ораза кезінде әйелде етеккірі немесе туғаннан соңғы қансырауы басталса, онда ол оразасын доғаруға тиіс. Әрі мұндай жағдайда ауыз бекітуге болмайтынында және оның оразасы есептелмейтінінде, ғалымдар арасында келіспеушіліктер жоқ (Қараңыз: “Сахих фиқһу-Сунна” 2/105).

Егер де әйел етеккірі ертең келіп қалады-ау деп болжамдайтын болса, онда ол ниетін сақтай отырып, оразасын жалғастыра беруі қажет. Ол етеккірі басталмайынша оразасын үзбеу керек.

Еттеккірдің басталуына тосқауыл болатын дәрілерді қабылдауға бола ма?

Ибн `Умардан, етеккірін тыятын дәрі қабылдағысы келетін әйел жайында сұрағанда, ол мұның еш айыбын көріп тұрған жоғын айтты (`Абдур-Раззақ 1219). Дәл осылай Ибн Әби Наджих те жауап берген (`Абдур-Раззақ 1220).

Алайда, бұған ұқсас дәрілер денсаулыққа зиян келтіретін болса, онда оларды қабылдауға болмайды! Әрі көбінесе, осы тәрізді дәрілерден кейін әйелдердің етеккір циклі бұзылады.

5. Оразаны бұзуға ниет ету

Ауызын ашуға ниет еткен адамның оразасы тамақ ішкен-ішпегеніне қарамастан бұзылады, себебі «амалдар ниетке қарай бағаланады» (Қараңыз: “әл-Мухаллә” 6/175, “әл-Муғни” 3/25, «әл-Маджму’» 6/314).

Алайда, бұл мәселеде ғалымдардың бір ауыздан келіскен пікірі жоқ. Басқа ғалымдардың айтуы бойынша, егер адам орынды себептермен, мысалы сапарға шыққысы келді, бір күн ішінде оразасын тоқтатуға ниеттенген болса, бірақ кейін райынан қайтса, онда оның оразасы дұрыс болып табылады. Ол намазда бір нәрсені айтқысы келіп, бірақ оны істемеген адамға ұқсайды.

Алайда, қатеге ұрынбау және келіспеушіліктен шығу мақсатымен, кейінірек оразаны өтеген дұрыс. Өйткені ниет, шейх `Абдур-Рахман әс-Са`ди айтқандай, барлық кұлшылықтардың негізі болып табылады, ол бұзылса – құлшылық та бұзылады!

6. Діннен безу (ридда)

Діннен безу басқа кез-келген істі бұзатындай, оразаны да солай бұзатынында ғалымдар арасында қарама-қайшылықтар жоқ (Қарңыз: “әл-Муғни” 3/25).

Аллаһ Тағала былай деді: «Саған (Мұхаммад) да және сенен бұрынғыларға былай уахи етілген еді: «Егер сен Аллаһқа серік қоссаң, онда істерің жойылып кетеді де, сен зиянға ұшыраушылардан боласың»» (әз-Зумар, 65).


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!