Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Рамазан айының келуін астрономиялық есептерге сүйеніп анықтауға бола ма?



Рамазан айының келуі мен аяқталуын анықтаудың шариғатта екі тәсілі ғана бар деп жоғарыда айтып өткен едік:

1. Айды көру арқылы.

2. Және бұлтты күні, ша`бан айының отыз күнін санап шығу арқылы. Оның отыз бірінші күні Рамазан айының бірінші күні болып есептеледі. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Айды көрсеңдер, ораза тұтыңдар да, айды (тағы) көрсеңдер – ауыз ашыңдар. Ал егер оны (бұлттардың себебімен) көре алмайтын болсаңдар, онда алдынғы айды (Ша`банды) отыз күнмен аяқтаңдар» (әл-Бухари 1909, Муслим 1081).

Бірақ, Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздеріне көптеген мұсылмандар бүгінгі күндері көңіл бөлмей жүр. Олар адамдарға оразаның басталу және аяқталу күнін астрономиялық есептерге сүйеніп, жыл бұрын алдын-ала хабарлап қояды. Ал пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болса, айды көргенде ораза бастап, оны тағы да көргенде аяқтауды бұйырған ғой!

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары да, ізгі ата-бабаларымыз (сәләфтар) да бұған ұқсас ештеңе істемеген. Әрі Рамазаның басталуы мен аяқталуын осындай тәсілмен анықтау дінге енгізілген жаңалық, әрі үммет имамдарының бір ауыздан келіскен пікірге қарсы келген іс болып табылады (Қараңыз: “Бидәятул-мужтәһид” 1/423, “Хашияту Ибн ‘Абидин” 2/393, “Фәтхул-Бәри” 4/159).

Көптеген ғалымдар Рамазан айын анықтауда астрономиялық есептерге сүйенуге болмайтыны жайлы үмметтің бірауызды пікірін (ижма`) жеткізді.

Хафиз ибн Хажар айтқан: «Ибн әл-Мунзир оразаны астрономиялық есептерге сүйеніп анықтауға болмайтыны туралы бірауызды пікір (ижма`) жеткізді» (Қараңыз: “Фатхул-Бәри” 4/147).



Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деді: «Сүннет пен сахабалардың бірауызды пікірі астрономиялық есептерге сүйенуге болмайтындығына нұсқаған, әрі мұнда ешқандай күдік жоқ! Ал кім айдың басын анықтауда оған сүйенетін болса, ол шариғатта адасқан, дінге жаңалық енгізуге жақтасқан және өзінің ақылы мен есебінде жаңылған болып табылады» (Қараңыз: “Мәджму’ул-фатәуа” 25/207).

Демек, бұл мәселеде ғалымдардың бірауызды пікірі бар, ал бұған қарсы айтылған сөздердің астында ешқандай негіз жоқ.

Бірақ, тіпті имамдардың бірі Рамазанның басталуы мен аяқталуын астрономиялық есептерге сүйеніп анықтауға болады деген пікір білдірген күнде де, бұл ол істің рұқсат етілгендігін дәлелдемейтін еді. Шейхул Ислам Ибн Тәймия айтқан: «Шариғи дәлел – бұл Құран, Сүннет және ғалымдардың бірауызды пікірі (ижма`)! Ал кейбір немесе көпшілік қалалардың әдеттері, немесе ғалымдардың көпішілігі, немесе қарапайым құлшылық етушілердің және т.с.с. пікірі туралы айтар болсақ, онда бұлардың ешқайсысы да Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздеріне қарама-қарсы тұра алмайды» (Қараңыз: “әл-Иқтида” 1/270).

Имам Ибн Қудама былай айтқан: «Кімде-кім оразаның басталуын анықтауда астрономдардың сөздеріне, олар ақиқатына сай келіп қалған болса да, сүйенсе, оның оразасы есептелмейді. Бұның себебі, оразаны анықтаудың мұндай әдісі негізделуге рұқсат болған шариғи дәлел болып табылмайды. Әрі мұндай тәсілдің бары жоқпен тең. Ал пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: “Ай көрсеңдер, ораза тұтыңдар да, оны (тағы) көрсеңдер ауыз ашыңдар”, ал басқа хадисте: “Ай көрмейінше ораза тұтпаңдар да, оны (тағы да) көрмейінше ауыз ашпаңдар!” - деген» (Қараңыз: “әл-Муғни” 3/9).



Имам әл-Хараши былай айтты: «Ораза астрономның сөздеріне негізделіп анықталмайды. Шариғат тек айды көру немесе оны көргендердің куәлігі арқылы немесе ша`бан айының аяқталуы арқылы оразаны бекітті. Бұдан басқасын шариғат хабарлаған жоқ. Сондықтан егер астроном айдың басталғанын не аяқталғанын айтса, оның сөздеріне де, есептеріне де сүйенуге болмайды. Әрі жүрек оған сенеді ме, жоқ па – бәрі-бір!» (Қараңыз: “Шарх мухтәсар Халил” 2/237).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оразаның басталуы мен аяқталуын анықтау әдісіне нұсқаған, оны қолдануға әрбір адамның мүмкіншілігі бар. Ал астрономиялық анықтауға келер болсақ, онда оны тек жеке бірліктер ғана біледі, бірақ пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны орнатпаған.

Айта кетерлік тағы да бір жайт, біз айды көру үшін қолданылатын бір құралдар туралы айтып жатқан жоқпыз, бірақ әңгімеміз оразаның басталуы мен аяқталуын астрономиялық есептерге негізделіп анықтау жайында боп жатыр.

 

 

  1. Рамазан айында ораза тастаудың тыйым салынғандығы туралы

Рамазан айында күндіз тамақтанған адам – Аллаһқа және Оның елшісіне (оған Аллаһтың игілігі болсын) бағынбаған, ұлы тәубені қажет ететін үлкен күнә жасаған болды.

Ораза тұтудан, оның міндеттілігін мойындамай бас тартқан адамның кәфир (дінсіз) екеніне ғалымдар бір ауыздан келіскен, өйткені Құранда да, Сүннетте де оразаның парыз екеніне тікелей нұсқаулар бар. Егер де адам немқұрайлылық пен еріншектіктің себебімен, әрі шариғат жағынан ешқандай үзірі болмай ораза тұтпаған болса, онда ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша, ол адам діннен шықпайды, бірақ пасық (күнәһар) болып табылады. Ол ұлы тәубеге келіп, оны ендігі де қайталамауы керек (Итхәф әһлюл-Исләм би хусусыяти-ссыям” 72).

Әбу Умәма әл-Баһили айтқан: «Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі болсын) былай айтқанын естідім: «Бірде маған түсімде екі (кісі) келді де, мені иықтарымнан ұстап алып, шығуы қиын бір тауға әкелді. Олар: «Көтеріл», - деді. Мен: «Расында, мен оны жасай алмаймын», - деп жауап бердм. Олар: «Біз саған жеңілдетеміз», - деді. Сонда мен таудың шыңына жеткенше, көтеріле бердім. Сол сәтте мен қатты айқайлар естідім. Мен: «Бұл не айғай?» - деп сұрадым. Олар: «Бұл тозақ мекендеушілерінің зар еңіреуі», - деді. Сосын олар мені әрі қарай апарды. Сонда мен тамырларына ілініп қойылған адамдарды көрдім. Олардың беттері жыртылып, қан ағып жатқан. Мен олардан: «Мына адамдар кімдер?» - деп сұрадым. Олар былай жауап қатты: «Бұлар уақытынан бұрын ауыздарын ашып қойғандар»» (Ән-Нәсаи “Сунанул-кубра” 3273. Хадистің сенімділігін имам әл-Хәким, әз-Заһаби, хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбәни растаған).

Егер осындай қатал азапқа оразаға немқұрайлы болған және уақытынан бұрын ауызын ашып қойған адамдар салынса, онда орынсыз себепсіз, мүлдем ораза тұтпаған адамның жағдайын елестету қиын!

Ибн Мас`уд айтқан: «Рамазанның бір күнін орынды себепсіз бұзған адам Аллаһпен кездескенінше, өмір бойы ораза тұтып шықса да, оны (лайықты түрде) өтей алмайды. Егер Аллаһ қаласа, оны кешіреді, ал егер қаласа, азаптайды» (Ибн Әбу Шәйба 9784. Иснаді сахих).

Имам әз-Заһаби былай деген: «Мүміндер орынды себепсіз Рамазан айында ораза тастаған адамды зинақордан, салық жинаушы мен маскүнемнен де жаманырақ деп есептейді» (Қараңыз: “әл-Кәбаир” 78).

 

 

  1. Оразаның шарттары мен тіректері

1. Ислам дінін ұстану

Ислам дінін ұстану – бұл бүкіл амалдардың қабыл болуының негізінде жатқан аса маңызды шарт. Аллаһ Тағала былай деді: «Иман келтіруден бас тартқан кісінің амалдары жойылады да, Ахырет Күні ол зиянға ұшыраушылардан болады» (әл-Мәида, 5).

Және де Аллаһ Тағала: «Саған да(Әй, Мұхаммед), әрі сенен бұрынғыларға былай уахи етілді: «Егер сен Аллаһқа серік қоссаң, онда сен әлбетте зиянға ұшыраушылардан боласың»», - деді (Зумар, 65).

2. Тыйылу

Жеп-ішу, жыныстық қатынасқа бару сияқты оразаны бұзатын кез-келген нәрседен тыйылу, оразаның бірден-бір шарты болып табылады (“Тухфәтул-фуқаһа” 1/537).

3. Уақыт

Бұл жерде оразаны таң атқаннан күн батқанға дейін тұту жайында айтылуда. Аллаһ Тағала: «...ал сосын кешке дейін ораза тұтыңдар», - деген (әл-Бақара, 187).

4. Ниет

`Умар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Расында, амалдар тек ниетке қарай бағаланады. Шынында, әрбір адам тек өзінің ниеттенген нәрсесін ғана алады» (әл-Бухари 1, Муслим 1907).

Осы хадистен байқайтынымыз, Аллаһтан басқа біреу үшін жасалатын кез-келген іс есептелмейді, әрі амалдарды ықылассыз жасаған адам осы дүниеде де, арғы дүниеде де ешқандай игілікке қол жеткізе алмайды.

Имам Ибн әл-Мунзир айтқан: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Амалдар тек ниетке қарай бағаланады» деген сөздері барлық істерге нұсқайды. Әрі ешқандай амал: парызы болсын, қосымшасы болсын одан ерекшеленбейді (тыс қалмайды)» (“әл-Әусат” 1/371).

 

5. Ораза тұтуға мүмкіншіліктің болуы

Бұл жерде ораза тұту үшін денсаулықтың болуы, сондай-ақ етеккір мен босанғанан кейінгі қан кетуден тазалану жайында айтылуда (Қараңыз: “Хашия әд-Дусуқи” 1/509).

 

 

  1. Оразаға ниет ету туралы

Ораза тұтып жатқанда, мұсылман адам Аллаһтың әміріне бағынамын және Оған жақындаймын деген ниетке ие болу керек. Ал ораза денсаулыққа пайдалы екені үшін ғана немесе барлығы тұта бастағандары үшін ғана, немесе оны адамдар мақтасын деген оймен ауызын бекіткен адамның оразасы есептелмейді. Оразалары қабыл болмайтынымен бірге, олар тағы бұл үшін азапталады. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Көзбояушылықпен (рия жасап) құлшылық еткен ада, ширк (көпқұдайшылық) етті», - деп айтты (Ахмад 4/126. Хадис хасан).

Тағы да Әбу Умама әл-Баһили (оған Аллаһ разы болсын) жеткізген хадисте, пайғамбар (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, Аллаһ тек Оның жүзіне жақындау ойымен, ықыласты түрде жасалған істерді ғана қабылдайды» (Ән-Нәсаи 3140, Шейх әл-Әлбәни сахих деген).


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!