Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Рамазанның басталуы мен аяқталуын бекіту үшін неше мұсылманның куәлігі қажет?



Рамазан айында ораза тұту парыз

 

Мазмұны

Кіріспе

  1. Рамазан айының және ораза тұтудың артықшылығы
  2. Рамазан айының басталуы мен аяқталуы қалай анықталады?
  3. Рамазан айында ораза тастаудың тыйым салынғандығы туралы
  4. Оразаның шарттары мен тіректері
  5. Оразаға ниет ету туралы
  6. СуҺур (сәрісі) мен ифтардың (ауызашар) әдептері
  7. Оразаны бұзатын нәрселер
  8. Оразаны бұзбайтын нәрселер
  9. Оразаның рухани жағы мен ораза тұтушының тәртібі
  10. Рамазан айындағы мустахаб (қосымша-қалаулы) амалдар
  11. Оразаның өтем ақы істері мен қазалары жайында
  12. Рамазан мен ораза туралы таралып кеткен, бірақ әлсіз не ойдан

шығарылған хадистер

Қорытынды

 

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

 

Кіріспе

Әссәләму `аләйкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті оқырман, қолыңызда танымы мол, әмбебап кітап ұстап отырсыз! Аллаһтың нығметімен, қазақ тілінде мұндай кітап тұңғыш рет жарық көруде. Түрлі ағымдар мен секталар пайда болған мына заманда сенімді әрі сапалы мағлұмат табу өте қиын. Біреулер тек өз ойлары мен пайымдауларына сүйеніп кітап жазады. Ал негізінен Аллаһ толықтырып бекіткен дініміз қателесетін, білімдері шектеулі адамдардың пікіріне мұқтаж емесе. Басқа біреулер Құран мен Сүннетке негізделіп еңбек жазады. Оқып қарасаңыз, аяттары көп, хадистері де жеткілікті. Бірақ, кез-келген жамағат, парпақшалары мен кітаптарында, аудиотаспалары мен бейнероликтерде Құран мен Сүннетке шақырмай ма? Иә, біз елде бүлік шығарып жүрген «Хизбут-Тахрир» сектасының Құран мен Сүннет мәтіндері келтірілген үндеулерін көріп жүрміз. Олар Конфуций мен Черчильдің сөздерін келтірмейді ғой. Сонда олар тура жолда болғаны ма?

Ғалымдар былай айтады: «Мәселе дәлел келтіруде емес, мәселе – оны дұрыс түсінуде!» Демек, біз Құран мен Сүннетті дұрыс түсінуіміз керек. Бізге ортақ бір таразылар қажет. Олар – сахабалар!



Аллаһ Тағала былай дейді: «Егер олар дәл сендер сияқты иман келтірсе, онда олар тура жолда болады» (Бәқара сүресі, 137-аят).

Ибн ‘Аббәс былай деген: “Бұл жерде сахабалар туралы айтылған” (Қараңыз: әл-Харауи “Замм әл-кәләм” 4/39).

Осы аятта Аллаһ Тағала адамдарды жай иман келтіруге ғана шақырмайды, сонымен қатар сахабалар иман келтірген нәрсенің барлығына, дәл солар секілді иман келтіруге шақырады.

Әл-‘Ирбәд ибн Сария жеткізген хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Шынында, араларыңнан ұзақ өмір сүретіндерің көптеген келіспеушіліктер көретін болады, сондықтан менің сүннетімді және менен кейінгі әділетті, тура жолдағы халифалардың сүннетін ұстаныңдар! Оған (Сүннетке) азу тістеріңмен жабысып, берік ұстаңдар! Бидғаттан аулақ болыңдар! Әлбетте, кез-келген бидғат – адасушылық!» (Әбу Дәуд 4607, әт-Тирмизи 2676, Ибн Мәджәһ 42, Ибн Нәср 21. Әт-Тирмизи, әл-Бәззар, әл-Хәким, Ибн ‘Абдул-Бәрр, әд-Дыя әл-Мақдиси, әл-Әлбәни және ‘Абдул-Қадир әл-Арнәут сияқты имамдар бұл хадистің сенімділігін растады).



Осы хадисте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл үмметте болатын үлкен келіспеушіліктер туралы хабарлады. Сондай-ақ, осындай қиыншылық кезде құтылу үшін не істеу керектігін айтты: пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолын барлық адамдардан жақсырақ білетін сахабалардан болған тақуа халифалардың соңынан еру!

Сонымен қатар, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді, олардың барлығы Тозақта, тек біреуінен басқасы». Сахабалар сұрады: “Олар кімдер?” Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар менің және сахабаларымның артынан ергендер!» - деп жауап берді. (Ахмад 4/102, Әбу Дәуд 2/503, әт-Тирмизи 3/367, Ибн Мәджәһ 2/479. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия, шейх Ибн әл-Қайим, хәфиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растады).

Осы хадисте де Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол жетпіс үш ағымның ішінен тек бір тобы ғана Тозақтан құтылатындығын айтады. Бұл сахабалар қалдырып кеткен жолмен жүрген топ.

Біздің кітап, осы үш ұлы негіздің үстінде құрастырылған: Құран мен Сүннет және сахабалардың түсінігі.

Атап өткенер болсақ, назарыңызға ұсынылып отырған еңбектің мынадай ерекшеліктері бар:

- Құран мен сүннет мәтіндеріне негізделген;

- Қасиетті мәтіндер сахабалар тісінігінің аясында баяндалған;

- Барлық мәселеде ғалымдардың пікірі келтірілген;

- Қасиетті мәтіндерге де, имамдар мен ғалымдардың әрбір сөздеріне де дерек көздерінің сілтемелері жазылған;

- Барлық тақырыптар мен мәселелер жүйелі түрде реттелген.

 

Аллаһ білімдерімізді арттырып, ізгі амал етушілердің қатарында болуымызды нәсіп етсін!

 

 

www.al-hanifiya.kz сайтының ұжымы

 

 

  1. Рамазан айының және ораза тұтудың артықшылығы

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болcын) былай дейді: «Рамазан келгенде Жәннаттың қақпалары ашылады да, Тозақтың қақпалары жабылады және шайтандарды шынжырларға бұғаулайды» (Бухари 1899, Муслим 1079).

Хафиз ибн Ражаб осы хадисті келтірген соң былай деді: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларын Рамазанның келуімен құттықтайтын. Ғалымдар: «Бұл хадис адамдардың өзара Рамазан айының келуімен құттықтасуына рұқсат етлгеніне негіз болып табылады», - деген» (Қараңыз: “әл-Ләтаиф” 279).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және былай дейді: «Рамазан айының алғашқы түні келгенде жындардың ма`арид шайтандары кісендерге бұғауланады; Тозақтың бірде-бір есігі қалмастан бәрі жабылады, Жәннаттың бірде-бір есігі қалмастан бәрі ашылады, содан бір үндеуші: «Әй жақсылыққа ұмтылушы, (жақсылықтарыңды) баста! Әй, жамандыққа ұмтылушы, тоқта!» - деп шақырады. Бұл айдың ішінде Аллаһтың алдында сондай адамдар болады, - олар Тозақтағы азаптан босатылады; ал мұндай босатылу – Рамазанның әрбір түнінде болады» (әт-Тирмизи 682, Ибн Мәджаһ 1642, әл-Хаким 1/421. Сахихтығын шейх Әлбани растаған).

Ма`арид шайтандар – олар жындардан болған алып қуатты шайтандар.

Осыдан түсінетініміз, Рамазан айында кісендерге барлық шайтандар бұғауланбайды, бірақ Ибн Хузейма өзінің «Сахихында» 3/188 айтқандай, тек олардың қатарындағы ма`аридтері ғана бекітіледі.

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Рамазандағы умра – қажылықпен тең» (Бухари 1863, Муслим 1256).

Хадисте Рамазан айында жасалған `Умраның сауабы Қажылықтың сауабымен тең екені айтылуда, бірақ бұдан біз Рамазандағы `Умраның нағыз Қажылықтың орнына өтеді деп ойлап қалмауымыз керек (Қараңыз: Имам Ибн Батталдің “Шарх Сахих әл-Бухари” 4/438 және имам ән-Нәуауидің “Шарх Сахих Муслим” 9/285).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Шынында, Аллаһ Тағаланың алдында сондай адамдар бар, - Аллаһ оларды Рамазанның әрбір күндізі мен түнінде Оттан босатады. Және шынында, әрбір мұсылман Рамазанның түнінде де, күндізінде де өз дұғасына жауап алып отырады» (Баззар. Сахих хадис. «Сахих ат-Тарғиб» 1002).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы былай дейді: «Кімде-кім Рамазан айында Аллаһтың сауабына үміт етіп және иман келтіріп ораза тұтатын болса, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бухари 38, Муслим 760).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және былай дейді: «Бес парыз намазды орындау, алдыңғы жұма намазы мен келесі жұма намазына қатысу, және (алдыңғы) Рамазан мен (келесі) Рамазанның оразасын тұту – (осы амалдар) олардың арасында жасалынған күнәларды кешіреді, тек егер олардың арасында ауыр күнәлар болмаса» (Муслим 233).

Үлкен күнәлар тек шын ықыласпен жасалған тәубемен ғана кешіріледі.

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Адам баласының әрбір жақсылық ісі еселенеді, жақсылық ісінің ең аз сыйы он есе болады, бірақ жеті жүз есеге дейін де көбеюі мүмкін. Аллаһ Тағала айтады: «Оразадан басқасына. Өйткені шынында, ораза Мен үшін тұтылады және Мен сол үшін қайтарамын. Өйткені адам өз нәпсісін қандырудан және тамағынан Мен үшін тыйылады!» Ауыз бекітушіні екі қуаныш күтіп тұр: бірі – оразасын ашқанда, екіншісі – Раббысымен қауышқанда. Әлбетте, ораза тұтушының ауыз иісі Аллаһ үшін мисктің хош иісінен де жағымдырақ!» (Муслим 1151).

Аллаһ Тағала оразаны басқа құлшылықтардан ерекше атап өтуінің себебі, өйткені онда намаз, жиһад, қажылық және садақа сияқты құлшылықтарға қарағанда көзбояушылық көріністері (рия) өте сирек кездеседі (Қараңыз: “Фатхул-Бәри” 4/107).

Хафиз ибн `Абдул-Барр былай деген: «Басқа құлшылықтармен салыстырғанда оразаның үстемдігі мен құндылығын көрсету үшін Аллаһ Тағаланың «Ораза – Менүшін» деген сөзі жеткілікті болады» (Қараңыз: “Мәджәлису шаһри Рамадан” 15).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Шынында, Жәннатта «Райян» деп аталатын қақпа бар. Қиямет Күні одан ораза тұтушылар кіреді және олардан басқа ол қақпадан ешкім кірмейді. «Ораза тұтушылар қайда?» - деп айтылады, сонда олар алдыға шығады және олардан басқа ол қақпадан ешкім өтпейді. Олар кіргеннен соң ол қақпа жабылады да, одан басқа ешкім кірмейді» (Бухари 1896, Муслим 1152).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Ораза – қалқан, онымен Аллаһтың құлы Оттан қорғанады» (әт-Табарани “Кәбирде”. Хадис хасан. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 386).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы былай дейді: «Кімде-кім ораза тұтып жүріп өліп кетсе, Жәннатқа кіреді» (Баззар. Сахихтығын шейх әл-Әлбани растаған. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 6224).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және былай дейді: «Қиямет Күні Ораза мен Құран Аллаһтың құлына шапағатшы болады. Ораза тұрып: «Иә Раббым! Мен оны күндіз тағам мен сусыннан құр қалдырдым, оған шапағат қылуға маған рұқсат бере гөр!» - дейді. Және Құран: «Иә Раббым! Мен оны түнде ұйқысынан айырдым, оған шапағат қылуға маған рұқсат бере гөр!» - дейді. Сонда олардың шапағаттары қанағаттандырылады» (Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, хафиз әл-Мунзири, шейх Ахмад Шәкир және шейх әл-Әлбәни. Қараңыз: “Сахих әт-тарғиб” 973).

 

  1. Рамазан айының басталуы мен аяқталуы қалай анықталады?

Рамазанның келуі екі тәсілмен анықталады:

1. Аспанда Рамазан айын табу арқылы;

Егер ай жиырма тоғыздан отызыншы күнге қараған түні байқалатын болса, онда бұл Рамазан айының басталуын білдіреді. Ол айда ораза тұтып шығу керек, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Сендерден кім осы айда болса, ораза тұтсын!» (Бақара сүресі, 185-аят).

2. Оның алдындағы Ша`бан айының аяқталуын есептеу арқылы;

Егер Ша`банның отыз күні өтіп кеткен болса, онда отыз бірінші күн міндетті түрде Рамазанның алғашқы күніне сай келеді. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Айды көрсеңдер, ораза тұтыңдар да, айды (тағы) көрсеңдер – ауыз ашыңдар. Ал егер оны (бұлттардың себебімен) көре алмайтын болсаңдар, онда алдыңғы айды (Ша`банды) отыз күнмен аяқтаңдар» (әл-Бухари 1909, Муслим 1081).

Рамазанның басталуы мен аяқталуын бекіту үшін неше мұсылманның куәлігі қажет?

Рамазан айын көрді деп бекітуге бір ізгі мұсылманның куәлігі жеткілікті. Ибн `Умар айтқан: «Адамдар туған айды көруге тырысып жатқан, ал мен пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны көргенімді хабарладым. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза тұтуға шешім қабылдады да, басқаларға да соны бұйырды» (Әбу Дәуд 2342, әд-Дәрими 1691, әл-Хаким 1/423. Хадистің сенімділігін Ибн Хузәйма, Ибн Хиббән, әл-Хаким, Ибн Хазм, әз-Зәһаби, әл-Мунзири, ән-Нәуауи, Ибн Хаджар, әл-Әлбәни секілді имамдар растаған).

Ал Рамазан айының аяқталуы мен Шәууәл айын көру туралы айтар болсақ, онда оны бекіту үшін ізгі мұсылмандардан екі куәлік керек. `Абдур-Рахман ибн Зәйд ибн әл-Хаттаб Рамазан айының келуіндегі күмән күнінде былай деді: «Расында, мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының арасында отырдым және олардан ораза туралы сұрастырдым. Олар маған пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын хабарлады: “Жаңа туған айды көріп ораза тұтыңдар да, оны тағы көргенде ауыздарыңды ашыңдар. Сосын діни ғұрыптарыңды атқара беріңдер. Ал егер сендерге ай көрінбейтін болса, онда (алдыңғы айдың) отыз күнін санап шығыңдар. Егер ізгі мұсылмандардың қатарынан екі куәгер куәлік берсе, ораза тұтыңдар да, ауыздарыңды ашыңдар» (Ахмад 4/321, ән-Нәсаи 1/300, әд-Дәрақутни 232. Хадис сахих. Қараңыз: “Ируәул-ғалил” 909).

Сонымен, бізге айды көрген екі мұсылманның куәлігімен, оразаны бастау және аяқтау керек екені түсінікті болды. Алайда, Ибн `Умардың оразаның басталуы туралы хадисі, бұны ерекшелейді де, бір адамның куәлігі де жететінін дәлелдейді. Ал оразаның аяқталуы жайында айтар болсақ, онда бір куәгермен шектелуге болады деген бізде ешқандай айғақтарымыз жоқ (Қараңыз: “Тухфатуль-ахуази” 3/374).


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!