Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Этап бойынша жоғарғы балл 100 бал



Тақырып №2: Жатыр мойнының шын және жалған эрозиясы (эктопиясы). Клиникасы,диагностикасы. емдеу әдістері.

Игерілген білім деңгейін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Жатыр мойнының эрозиясына анықтама беріңіз.

2. Жатыр мойны эрозиясының қандай түрлері бар?

3. Жатыр мойны шын эрозиясының клиникалық симтоматикасы қалай көрінеді?

4. Жатыр мойны эктопиясы дегеніміз не? Эктопияның пайда болу себептері?

5. Туа пайда болған және жүре пайда болған эктопияны қалай түсінесіз? Этиология және патогенездік ерекшеліктері

6. Эктопияның клиникалық симтоматикасы қалай көрінеді?

7. Жатыр мойнының шын және жалған эрозиясының зерттеу әдістері

8. Псевдоэрозияның кольпоскопиялық көрінісі қандай?

9. Шиллер сынамасы қандай мақсатпен қолданылады?

10. 3 сіркесу қышқылымен өңдеудің мақсаты қандай?

11. Бездік, пролифирлеуші, эпидермезирлеуші псевдоэрозияның морфологиялық сипаттамасы.

12. Псевдоэрозия терапиясының негізгі ұстанымдарын атаңыз

 

 

Игерілген білім деңгейін тексеруге арналған ситуациялық есептер

Есеп №1

35 жасар М., дегенәйел әйелдер консультациясына профилактикалық тексеруге келді, шағымдары жоқ.

Өмір анамнезі;соматикалық дені сау, Етеккірі 13 жастан , бірден тұрақталған, 5 күне өтеді, 30 күн сайын қайталанады, ауыру сезімсіз. Соңғы етеккірі 2 апта бұрын уақытында болған.Жыныстық өмірі 20 жаста, тұрмыста. Жүктілігі-4, босану-2. Мед.түсік -2.

Объективтік тексеру: Ішкі мүшелер жағынан паталогиялар жоқ.

Гинекологиялық статусы:

Қарауы: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы дұрыс. Түктену әйел типті.

АҚ: жатыр мойнында сыртқы ернеудің тұсында қызғылт түсті диаметрі 1 см болатын, беткейі кедір-бұдырлы аймақ анықталды. Бөлінділер – шырышты.

PV; жатыр мойны цилиндрлі пішінді, тығыз, сыртқы ернеу нүктелі, жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, мөлшері қалыпты, тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылары екі жағынанда анықталмайды, аймағы ауыру сезімсіз. Қынаптың күмбездері терең, ауыру сезімсіз.



Кеңейтілген кольпоскопия:жатыр мойнында жүзім шоғырына ұқсаған қызғылт түсті шар тәрізді өсінділер анықталды, 3 сіркесу қышқылымен тазалағаннан кейін бозғылттанып, рельефі айқындала түсті. Люголь ертіндісімен тазалағаннан кейін – йоднегативті реакция.

Үрпіден жане цервикальды каналдан gn және trich жағынды алу:

  үрпі Цервикальды канал
Эпителиальдық жасушалар клеткалар 3-4 5-6
Лейкоциттер 2-3 4-5
Трихомонадалар таза таза
Гонококтар таза таза
флора Гр. теріс таяқшалар Гр. теріс таяқшалар

Жатыр мойнының патологиялық аймағынан нысаналы биосия арқылы алынған биоптаттың гистологиялық қорытындысы: бездік псевдоэрозия.

Тапсырма:

1. Дүрыс диагноз қойыңыз

2. Салыстырмалы диагностика жүгізіңіз

3. Емдеу іс-шарасын таңдаңыз.

Есеп №2

34 жасар М., деген әйел әйелдер консультациясына профилактикалық тексеруге келді, шағымдары жоқ.

Өмір анамнезі;соматикалық дені сау, Етеккірі 13 жастан , бірден тұрақталған, 5 күне өтеді, 28 күн сайын қайталанады, ауыру сезімсіз. Соңғы етеккірі 2 апта бұрын уақытында болған.Жыныстық өмірі 20 жаста, тұрмыста. Жүктілігі-, босану-2. Медаборт -3.



Объективтік тексеру: Ішкі мүшелер жағынан паталогиялар жоқ.

Гинекологиялық статусы:

Қарауы: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы дұрыс. Түктену әйел типті.

АҚ: жатыр мойнында сыртқы ернеудің тұсында қызғылт түсті диаметрі 2,5 см болатын, беткейі кедір-бұдырлы аймақ анықталды. Бөлінділер – шырышты.

PV; жатыр мойны цилиндрлі пішінді, тығыз, сыртқы ернеу нүктелі,жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, мөлшері қалыпты, тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылары екі жағынанда анықталмайды, аймағы ауыру сезімсіз. Қынаптың күмбездері терең, ауыру сезімсіз.

Кеңейтілген кольпоскопия:жатыр мойнында жүзім шоғырына ұқсаған қызғылт түсті шар тәрізді өсінділер анықталды, 3 сіркесу қышқылымен тазалағаннанкейін бозғылттанып, рельефі айқындала түсті. Люголь ертіндісімен тазалағаннан кейін – йоднегативті реакция.

Үрпіден жане цервикальды каналдан gn және trich жағынды алу:

  үрпі Цервикальды канал
Эпителиальдық жасушалар 3-4 5-6
Лейкоциттер 2-3 4-5
Трихомонадалар таза таза
Гонококтар таза таза
флора Гр. теріс таяқшалар Гр. теріс таяқшалар

Жатыр мойнының патологиялық аймағынан нысаналыбиосия арқылы алынған биоптаттың гистологиялық қорытындысы: бездік псевдоэрозия.

Тапсырма:

1) Дүрыс диагноз қойыңыз

2) Дифференциалды диагностика жүгізіңіз

3) Емдеу тактикасын таңдаңыз.

 

Есептің жауабы

Негізгі симптомдары;

- Айнамен жатыр мойнын қарағанда сыртқы ернеудің тұсында қызғылт түсті диаметрі 1 см болатын, беткейі кедір-бұдырлы аймақ анықталды.

Қосымша зерттеу әдістері:

- үрпіден жане цервикальды каналданgn и trichжағынды алу

- кеңейтілген кольпоскопия

- нысаналы биопсия гистологиялық тексерумен бірге

Анализдер интерпретациясы:

- үрпіден жане цервикальды каналданgn и trichжағынды алу

- жатыр мойнында жүзім шоғырына ұқсаған қызғылт түсті шар тәрізді өсінділер анықталды, 3 % сіркесу қышқылымен тазалағаннан кейін бозғылттанып, рельефі айқындала түсті. Люголь ертіндісімен тазалағаннан кейін – йоднегативті реакция.

- гистологиялық зерттеудің қорытындысы: бездік псевдоэрозия

Салыстырмалы диагностикасы:

- Жатыр мойының шын эрозиясы

- Жатыр мойының обыры

Қортынды диагнозы: Жатыр мойны эктопиясы

Емі: жатыр мойнының диатермоэксцизиясы немесе криодеструкциясы

Есептің жауабы

Негізгі симптомдары;

- Айнамен жатыр мойнын қарағанда сыртқы ернеудің тұсында қызғылт түсті диаметрі 2,5 см болатын, беткейі кедір-бұдырлы аймақ анықталды.

Қосымша зерттеу әдістері:

- үрпіден жане цервикальды каналданgn и trichжағынды алу

- кеңейтілген кольпоскопия

- нысаналы биосия гистологиялық тексерумен бірге

Анализдер интерпретациясы:

- үрпіден жане цервикальды каналданgn и trichжағынды алу - патолоиясыз

- жатыр мойнында жүзім шоғырына ұқсаған қызғылт түсті шар тәрізді өсінділер анықталды, 3% сіркесу қышқылымен тазалағаннан кейін бозғылттанып, рельефі айқындала түсті. Люголь ертіндісімен тазалағаннан кейін – йоднегативті реакция.

- гистологиялық зерттеудің қорытындысы: бездік псевдоэрозия

Салыстырмалы диагностикасы:

- Жатыр мойының шын эрозиясы

- Жатыр мойының обыры

Қортынды диагнозы: Жатыр мойны эктопиясы

Емі: жатыр мойнының диатермоэксцизиясы немесе криодеструкциясы

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!