Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






КОРРУПЦИЯ ФАКТОРЫ НЕМЕСЕ ОРТА ТАП ӨКІЛДЕРІ КІМДЕР? 1 часть



Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, ресми стандарт негізінде анықталған орта тапқа Қазақстанда орта буын мамандары, кәсіби жұмысшы тап, коммерциялық құрылымдағылар, бюджет саласындағы менеджменттің орта буыны кіреді. Бұл ретте бюджеттік саладағы топ-менеджмент жоғарғы тапқа өтіп кететіндігін айта кету керек. Бірақ оның да белгілі бір себептері бар дейді социолог.

Оның пікірінше, бюджеттен қаржыландырылатын ортанқол мекемелердің басшыларының ресми алатын айлығын ғана есептейтін

Ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп, орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы кедейлер қатарына түсіп қалып отыр.

болсақ, онда олар орта тапқа іліге де алмай қалады. Сол секілді бюджеттен қаржыландырылатын ірі мекемелердің басшыларының айлық табысын ресми жалақының мөлшерімен теңестіретін болсақ, мұндай жағдайда жоғары тап санатына еніп отырған олардың қоғамдағы мәртебесі төмендеп, орта тапқа шақталып қалады екен.

Бірақ бұл жерде коррупция факторын ескермеуге болмайды дейді социолог. Оның айтуынша, сыбайласқан жемқорлық қолдағы қартаны танымастай етіп өзгертіп жібереді. Алайда ол бюджет саласындағы менеджмент өкілдерінің бәрі осы фактордың әсерінде деп айтуға болмайтындығын ескертеді, бірақ оны толықтай ешкім жоққа шығара алмайтындығын мойындайды.

Сонымен ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп отыр. Коррупциядан түскен «пайданы» кері шегеріп алып тастағанда оның қатарын бюджет саласының топ-менеджменті толықтыратындығын айтып өттік.

Есесіне, бұл ортадан орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы қол үзіп, мүлде төменгі тапқа – кедейлер қатарына түсіп қалып отыр

 

Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз



 

Аномия түсінігін Э.Дюркгейм енгізген. Аномия деп ол қоғам жүйесіндегі нормалардың әлсіреп, бұзылуынан пайда болған өзгеріс, яғни әлеуметтік дезорганизация деп түсіндірді. Өткен ғасырдағы көрінбейтін үлкен апат бұл «антибатыр» синдромы, яғни батыр тұлғаларымыз жойылып, қоғам нағыз потриот роліндегі модельдің болмауына алып келеді. Антибатыр көптеген жастар үшін рольдік модельдерге айналды. Барлық басылымдар мен фильмдерден көрінетін негізгі қозғаушы күш – ақшаға деген махаббат барлық зұлымдықтың бастамасы болып табылады. Негізінен аномия индивидтің барлық тұжырымдарына өзгерістер алып келіп, оның моралды қалыпты ұстанымдарын түпкілікті өзгертетін жеке тұлғалық дағдарыстан да пайда болуы мүмкін.

Өзінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі. Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады. Кез – келген «табиғи» жағдай (отбасын құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы, біреудің ауырып не өлуі, т.б.) және оның нәтижесіндегі қандай да бір мәселелі ситуация , дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап, осыған орай қажетті күш жинауды талап етеді. Оларды «қалыпты стресс» деп атайды.



«Қиын»» деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді. Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балаларда жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс - әрекеттің ұжымдық формасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару-еркелік, қыңырлық, тілазарлық ты болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы.

Мінез – құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез–құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік–психологиялық дезаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез–құлық бұзылуының клиникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда ерекшеліктерінде талқыланды. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама. Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады.

Баланың жеке қасиеттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата – аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік – жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен алып қарауға болады.

Мінезі қиын балаларды мектеп мотивациясы төменгі деңгеймен сипатталады. Мінез – құлқы төмен балалармен жұмыс істеу барасцында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек. Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдары береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналадағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым – қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластыққа лайық екенмін деп санайды, ал егер керісінше, оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа ештеңе қалмайды. Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады.

Міне, тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі - сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы қатар құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді, бұл мінез көбіне мен – менсінген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ, осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық ата- ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әртүрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сенімділіг туады. Мұндай «мен» бейнесі кез – келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

Тәрбиесі қиын балалардың тудыратын себептердің бірі үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінң жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.

Екінші себеп – бұл үйелмендегі сәтсіздік, маскүнемділік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналардың және басқа үйелемен мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу. Үйелмен тәрбиесінде ата – аналардың мінез – құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез – құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын. А.С.Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп, ... егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз.... ал онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпслепция) азап шегеді, олардың ақыл ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата – ана ішкілікке, азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер етуі керек.

Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір үйелмен баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату үйелменде ата – аналар балалардың күнделікті өмірімен, іс - әрекетіне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды. Үйелмен бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез – құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Үйелменде қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, білімнен құлықтың сенімге, сеніммен әрекет етуге ұзақ, күрделі жолдан өтеді. Демек, үйелмен жеке адамның тәртібі және мінез – құлық негізін қалайтын микро – ұжым.

Төртінші себеп сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс - әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – наларын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапйым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан – жақты білу мүмкін емес. В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез – құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі.

 

Азақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.

Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды. Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын – ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтаға бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың сана-сезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды рөлі, т.б. туралы бірінші болып терең ой-пікір айтқан және қоғам құбылыстарының даму қағидаларының бағыты туралы алғаш рет мәселел қозғап, өзінше шешкен. Абай сол кезде қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық жағынан кенже қалу себебін оның көшпенділігінен, бытыраңқылығынан екендігін халыққа түсіндірмекші болды. Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратыны ақиқат, дейді Абай.Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар. Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес. Қоғам біртұтас, бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы, т.б. жатады.Абай дүниенің объективтік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп біледі.Абайды адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық үшінші нақыл сөзінде, тән азағы ішіп-жеу болмаса ол өсіп қуаттанбайды, ал, адамның жан азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Шәкәрімнің әлеуметтік ойының тереңдігі оның қазақ қоғамының шындықтарымен тамырластығында. Ақын халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді. Өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз. Өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді. Еңбектену, білімге ұмтылу, кәсіпкерлік және адалдықты жақтау жетіспейді. Нәпсіні тыймау, бірін-бірі көре алмау, өзара таласу, ақылды мен дарындыны аяқтан шалу қазақты өркендетпейді, оның басқа халықтарға қарағанда әлсіздігіне әкеледі: момын, әділ адамды қазақ талауға дайын. Адамға көмектесу қиын. Себебі, қулық пен арамдықты жолдас қылғандар өте көп. Мақтан мен атақ іздегендер бірігіп күшейіп отыр. Олар жалақор. Адалдықты ұстаймын дегендер, өз бетімен кетіп тыныш өмір сүремін дегендер үнемі олардың, атақ құмарлардың қорлығына, зорлығына душар болады, – деп өкінеді ақын ”Қазақ айнасы” деп аталатын өлеңінде.Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады

 

 

Азіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз

Отбасы деп — шағын адамдар тобын, оларды біріктіретін қан араластық, үлкендер балаларға тәрбие беруге жауапты және күнделікті тұрмыс бірлігі. Қазіргі отбасының сипатын танудағы жемісті әдістерді аса көрнекті американдық әлеуметтанушы Талкотт Парсонс қолданған еді. Оның айтуынша, қазіргі нуклеаралық отбасы (яғни ата-аналар мен балалардан құрылған) мынадай себептер бойынша қазіргі қоғамға сай ыңғайластырылған. 1-ден, қазіргі қоғамның экономикалық өмірі дәл осындай кішігірім отбасының болуын қалайды. Мұндай отбасында, үлкен отбасылармен салыстырғанда, қайшылықтары көп жанжалдардан құтылуға болады. Қалаларда көп ұрпақты үлкен отбасылар аз, олар көбінесе ауылды жерлерде кездеседі. Енді басқа бір қырынан қарағанда, кішігірім нуклеаралық отбасы тез көшіп-қонуға, өзінің тұрған жерін жедел ауыстыруға бейім келеді. Яғни, қазіргі экономикалық өмірдің талаптарына икемделгіш болып келеді. 2-ден, қазіргі шағын отбасы өмірге жеңіл бейімделіп, отбасылық және қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарын да жеңіл таба алады. Үлкен, әулетті отбасында, оның үстіне басқа туыстарымен байланыста болуы өндіріске кері әсерін тигізіп, қызмет тиімділігін кемітеді. Кіші нуклеаралық отбасында бұған соқтықпаудың екі түрлі мүмкіндігі бар: Біріншіден, кішігірім нуклеаралық отбасы әр түрлі туысқандық байланыстарды қысқартады. Екіншіден, мұндай отбасы ішкі отбасылық кеңістікте шектеліп, одан тысқары экономикалық қызметке араласпайды. Отбасының құрылымдық типтері – ерлі – зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым – қатынастар. Рөлдерде бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі – нуклералық немесе ерлі зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі –зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына әлемдегі қазіргі таңда кеңінен жүркіп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері себепші болып отыр. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі таңда отбасының тағы бір түрі – кеңейген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасылар. Онда ерлі – зайптылар өз балаларымен, ата-аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді.Кейінгі жылдары «азаматтық неке» мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Оны жақтаушылар да баршылық. Тіпті олардың заңдастырып алмақ ойлары да бар. Ел арасында «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атап жүр. Бұл сөздердің астарынан «ашыналық» ұғымын көру қиын емес. Бұл жаһандастыру толқынымен батыстан келген құбылыс.Бұл некенің өзгешелігі мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген. Сол себепті заң өкiлдерi мұны әзірге “бейресми некелесу” деп қабылдап отыр.«Азаматтық неке» құбылысының қоғамға демографиялық, рухани және басқа да зардаптары жайында еліміздегі белгілі тұлғалар айтып, бірқатар жетекші басылымдар тарапынан жазылып жүр. Мамандардың есептеуінше, азаматтық некемен өмір сүрген жастардың 80 пайызы кейін бір-бірімен жараспай, айырылысады екен. Тек бестен бірінің ғана дәм-тұзы жарасып, ерлі-зайыпты атанады. Еліміздегі «Дағдарыс» орталығының мәліметіне сүйенсек, оған жыл сайын «азаматтық некеге» тұрып, алданып қалған 15-20 әйел көмек сұрап келеді екен. Оның үстіне, бүгінгі таңда жаңа туған балалардың 22 пайызы некесіз деген дерек бар.

 

 

39. Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.

 

Енді отбасындағы құндылықтарға келетін болсақ, ол әрине шаңырақтан бастау алады. Отбасынан басталған тәрбие бертін келе баланың санасына әсер етіп, одан болашақта елін сүйетін патриот тұлға өседі. Енді осы баланың санасының сыртқы орта тәрбиесін дұрыс қабылдауына, толассыз ақпараттарды басында өңдеуіне, яғни ненің жаман, ненің жақсы екенін дұрыс ажырату қабілеттілігіне де ген әсер ететіні анықталған. Сондықтан да отбасында көптеген жылдар бойы қалыптасқан қандай да болмасын ерекшеліктер гендік қорға тікелей болмаса да жанама әсер ететіні сөзсіз. Мысалы, жалпы ұлт деңгейінде қарайтын болсаңыз, қазақ халқында отбасында бала тәрбиелеуде баланың ісіне тосқауыл қойып отыру бар. Оны жасырмаймыз. Ол баланың санасында қабілетсіздікті, жасқаншақтықты тудырады, яғни «ол нәрсені мен істей алмаймын» деген балада сенімсіздік пайда болады. Әрине, бұл балаға толық еркіндік бер деген сөз емес, басқалай, баланың бетінен қақпай отырып, ойын есебінде санасын, зейінін басқа жаққа бұру арқылы тәрбиелеу керек. Көп адамның мұндай тәсілге шыдамы жетпейді. Жапон елінің бала тәрбиесінде 5-6 жасқа дейін баланың бетінен қақпау қалыптасқан. Яғни осы уақыт аралығында балада болашақ тұлғаға лайық мінез қалыптасады деп саналады. Осы жерде баланы ойын арқылы санасын басқа жаққа бұру тәсілі қолданылады. Ал ары қарай 15 жасқа дейін балаға деген талаптар күшейеді. Бала 15 жастан кейін үлкендермен бірдей жағдайда қарым-қатынаста болады. Көптеген әдебиеттер осы Жапон елінің тәрбиесін үлгі етіп жазады. Отбасы құндылық ретінде әртүрлі басымдықтарға ие. Әлеуметтік зерттеулерге қарасақ, осыдан 25-30 жыл бұрын жүргізілген зерттеулерде «Сіз үшін не құнды?» деген сұраққа жастар: «Бірінші кезекте – Отан, екінші – махаббат, үшінші – отбасы, бала» деп жауап берген. Ал 2000 жылдың ортасынан бастап жастар «Алғашқы орында – материалдық жағдай, екінші – мансап, үшінші – білім алу» деп, отбасы, бала деген құндылықтар тоғызыншы, оныншы орындарға ысырылып қалды. Демек, бұл соңғы 25-30 жыл ішінде құндылықтар жүйесіндегі күрделі өзгерістерді көрсетеді.Отбасын құру, отбасында өмір сүру адамнан үлкен ептілікті, көрегенділікті, шыдамдылықты талап етеді. Ал бүгінгі жастардың, отау құрып жатқандардың көбі бір үйдің мәпелеп өсірген жалғыз-жарым ұл-қыздары. Бір отбасында ерке өскен балалар өзге азаматпен алғашында жарасып, тіл табысса да, уақыт өте келе оны тұрақты қарым-қатынасқа айналдыра алмай жатады. Соның кесірінен кеше ғана қосылған кейбір жастар ажырасып жатады. Өйткені, өзара түсіністік, шыдам, кешірім жоқ. Қиын-қыстау кезде бір-біріне қолдау көрсетуге дағдыланбаған.Кезінде бір отбасында кемі 5-6 бала өскен. Олар бірін-бірі жетелеп, бірінің киімін бірі киіп, біреуіне біреуі қолдау көрсетіп, үлкен дастарқан басында бір таба нанды бөліп жеп, ержететін. Қазіргі балалар тек өзіне ғана қарайды. Себебі, ол – жалғыз. Бүгінгі қоғамдағы өзімшілдік дерті – отбасындағы бала санының аздығынан.Қазақ ұлтында тастанды, жетім баланың болмауы – ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан менталитет еді. Әр перзент халықтың құндылығын өз бойына сіңіруге, ойында өрбітуге, бойында өрістетуге бейім жүретін. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың барлығына осындай қағиданы, тілін, дінін, тарихын білуді уағыздау керек.Көп жағдайда тастанды, жетім балалардың көбеюін аналардың мойнына жүктейміз. Ал ер азаматтардың опасыздығы, тұрақсыздығы, ұшқалақтығы, махаббат сезіміне жауапсыздығы – бұл да отбасындағы тәрбиеден жіберілген қателік деп білеміз. Сезімді түсіну, оны қадірлеу ер азаматтың негізгі міндеті болуы керек. Еркектің жауапкершілігі деген бар емес пе?!Жалпы, әйел мен еркек тең. Бірақ әлеуметтік тұрғыдан басшы болуы тиіс. Мемлекеттің басшысы болатыны секілді, отбасыға да басшы керек. Ол басшы қалыптасқан дәстүріміз бойынша, әлеуметтік мәртебесіне қарай, материалдық қосатын үлесі бойынша қазақта бас адам – әке болып саналады. Ер азаматтың міндетін еш уақытта әйел атқара алмайды. Бұл – ердің табиғат анықтаған орны. Әке отбасында, ұрпақ алдында жетекші – басшы орнында болған, солай болып қала беруі керек.Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі ер адамды отбасының қамқоршысы, елін қорғайтын тұлға ретінде қалыптастырған. Қазіргі кезде ақша табатын әйелдердің көбеюі, нарықтық экономиканың кіруі, ғылым мен техниканың күрт дамуы бүкіл әлемде капитализмнің енуімен отбасы құндылығы ретінде «табыс», «ақша» деген ұғымдарды кіргізді.Бүгінгі қоғамда әйелдердің өзімшілдігі байқалады. Себебі, заманауи әйел ер азаматпен бір деңгейде жұмыс істеп, кіріс кіргізуге қабілетті. Бұл әйелді қаржылық, әлеуметтік тұрғыдан тәуелсіз ете түспек. Ал ер азаматтар отбасын жоғалтып алудан қорықпайды, себебі, басқа отбасын құруға болады деп ойлайды. Рухани кедейленген, өзімшілдігі асқынған адам ғұмыр бойы өзін бір ғана адамға байлап қойғысы жоқ. Осындай өзімшілдік меңдеген қоғамда ер мен әйелдің бір-бірін түсініп, бір-бірінің ығына жығылып, айтқанына көнуі, бір-бірінің сөзіне құлақ асуы, отбасы мүшелерінің ортақ шаңырақ астында бірігуі, жылы қарым-қатынас орнатуы – күрделі мәселеге айналып кеткендей. Нарықтық қатынастар да баланы өмірге әкеле бергенше, мансап қуу керек дегенге бейімдеп бара жатқандай.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!