Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Дәрігер балаға қандай диагноз қойды?



А)Бронхтық астма

В)Жедел бронхит

С)Созылмалы бронхит

D)Жедел пневмония

Е)Созылмалы пневмония.

Айлық кыз бала аймақтық аурухананың қабылдау бөліміне ылғалды жөтел, мазасыздық, тәбетінің төменеуіне шағымданып келді. Педиатр қызға жедел бронхит диагнозын қойды. Қан анализдерінде: лейкоцитоз,ЭТЖ жоғары. Педиатр науқасқа қандай ем тағайындайды?

А)Қақырық түсіретін, жөтелге қарсы дәрілер

В)Антибактериальді дәрілер

С)Витаминді ем

D)Физиотерапиялық ем

Е)Гормональді ем

Жасар бала анасымен қалалық аурухананың қабылдау бөліміне келді. Келген кездегі шағымдары: дене қызуының көтерілуі, басының ауруы,жағдайының нашарлап тәбетінің болмауы, ұйқысының бұзылуы. Дәрігер қарағанда: ылғалды жөтел және ентігу, өкпеде перкураторлы дыбыс қысқарған, қораптық дыбыс естіледі,крепитация және ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан анализінде: лейкоцитоз, лейкоформуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылаған. Рентген суретінде: оң өкпесінің төменгі бөлігінде ошақты көлеңкелер бар, өкпе түбірінің кеңеюі, өкпе суретінің күшеюі көрінеді. Дәрігер қандай клиникалық диагноз қойды?

A)Созылмалы бронхит

В)Интерстициальді пневмония

С)Жедел бронхит

D) Ошақты пневмония

Е)Созылмалы пневмония

Аймақтық дәрігердің қарауына 7жасар ұл бала анасымен келді.Шағымдары: көзінде бөгде дене тұрғандай сезім,жасаурау,жарықтан қорқу, ұстамалы түрде түшкіру, мұрыннан көп сұйықтық ағу. Қарағанда: жоғары ерін мен мұрын айналасының терісі қызарған және ісінген. Анасының айтуы бойынша көктем айларында және күзде осындай белгілер жиі байқалады. Қан анализінда және мұрыннан алынған жағындыда эозинофилия анықталды.



Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?

А) Тұмау

В) Жедел ларингит

С) Созылмалы ларингит

D) Поллиноз

Е) Фарингит

Жасар ұл бала қалалық аурухананың қабылдау бөліміне анасымен келді. Бала мұрнының бітелуіне, ұстамалы түрде көп түшкіруге, мұрыннан шырышты сұйықтықтың ағуына, тершеңдікке түнгі ұйқысының бұзылғанына және мұрнының бітелуінен аузымен тыныс алуына шағымданады. Сұрастыру барысында науқастың тағамдық заттарға және өсімдіктерге аллергиясы бар екені анықталды. Дәрігер баланың мұрнын қарап тексергенде мұрынның щырышты қабатының ісінгенін, қызарғанын көрді. Көз айналасының ісінуін, бетінің аздап ісініп қызарғанын да көрді. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

А) Аллергиялық обструктивті бронхит

В)Аллергиялық фарингит

С) Аллергиялық ринит

D)Тұмау

Е)Бронхтық астма.

Жедел жәрдем көлігімен аурухананың қабылдау бөліміне 10 жасар бала келді. Баланың келген кездегі жағдайы ауыр, дем шығару кезінде ентігеді, мұрны бітеліп түшкіреді, ұстамалы түрде жөтеледі, басы ауырады. Дәрігер тесергенде: АҚ-ның жоғарылауы, тахикардия, аускультацияда қораптық дыбыс, ”музыкалық” сырылдар естіледі. Біраз уақытқа дейін баланың дем алуы қиындап, түрі бозарды, жағдайы жеңілдегеннен соң қақырық тастады.



Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

А) Аллергиялық ринит

В) Поллиноз

С) Жедел бронхит

D) Пневмония

Е) Бронх демікпесі

Орталық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 14 жасар ұл бала келді. Бала 2 апта бұрын тұмаумен ауырған. Келген кездегі шағымдары : ентігеді, жүрек тұсы ауырады. Қарағанда: жалпы жағдайы ауыр, тахикардия, цианоз белгілері бар. ЭКГ-де ритмнің бұзылысы , PQ интервалының ұзаруы, Т тісшесінің өзгеруі, ST сегментінің төмендеуі анықталады. Аускультацияда қосымша жүрек шулары естіледі. ФКГ-де I-тон амплитудасының төмендеуі және деформациясы, патологиялық III-IV тон анықталды. Баланың клиникалық диагнозы қандай?

А) Миокардит

В)Ірі қан тамырларының транспозициясы

С)Қарыншааралық перденің ақауы

D) Жүрекше аралық ақауы

Е)Перикардит

Алалық емханаға дәрігердің қабылдауына 8 жасар баланы анасы алып келді. Шағымдары: дене температурасының көтерілген, буындары ісінген ,ауырсынған. Анасының айтуы бойынша баласы 3 апта бұрын баспамен ауырған. Дәрігер лабараториялық және аспаптық тексерулер нәтижелеріне сүйеніп ревматизм диагнозын қойды.

Дәрігер науқасқа қандай ем тағайындады?

А) Метилпред,Прозерин,Колхицин,Трилон

В)Пенициллин,Преднизолон,Вольтарен,Аспирин

С)Винкристин,Онкавин,Адриомицин

D)Гемодез,Альбумин ерітінділері,плазмоферез

Е)Эуфиллин,Диклофенак,Атропин,Новакаин

Аймақтық дәрігерге 5 жасар баланы анасы алып келді. Анасының айтуы бойынша: бала аз қозғалады, тез шаршайды, баланың орнынан тұруы қиын және жүрісі «үйрек» тәрізді . Қарағанда: көз айналасының ісінуі, көруінің нашарлағаны, буындарының қызарып, терісінің қабыршақтанғаны анықталды. ҚЖА: анемия, эозинофилия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Қан сарысуында: альдолазаның, трасаминазаның, креатиинфосфокиназаның деңгейі жоғары. Рентгенде тері және тері астына кальций жиналған. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?

А) Полиомиелит

В) Бұлшық ет дистрофиясы

С) Дерматомиозит

D) Жүйелі қызыл ноқта

Е) Ревмотоидты артрит

Жасар баланы қалалық аурухананың қабылдау бөліміне анасы алып келді. Баланың шағымдары: мазасыз, тәбеті төмен, жүрегі айнып 1-2 рет құсқан, іш аймағы және кіндігінің айналасы ауырады. Қарағанда: терісі бозғылт, тілі ақ жабындымен жамылған, басқанда эпигастрий аймағы ауырсынады, үлкен дәреті тұрақсыз.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!