Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Экология саласы бойынша мамандар



Астана, 2016

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

«С.Сейфуллин атындағы БЕКІТЕМІН

Қазақ агротехникалық «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ»

университеті» АҚ Басқарма төрағасының бірінші әдістемелік кеңесінде қаралып, орынбасары

мақұлданды ______________ А.М.Әбдіров

Хаттама № 14.05.2016 «____» ________ 2016 ж.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Құрастырушылар: ф.ғ.к., доцент НұржановаА.С.,

аға оқытушы Оралова Г.М.

 

Пікір берген ф.ғ.к., доцент м.а. Носиева Н.Қ.

 

 

Оқу-әдістемелік кешен жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары бойынша білім деңгейлері С1, С2 (жалғастырушы) топ студенттеріне арналған.

 

 

«Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені қазақ және орыс тілдері кафедрасының отырысында №11 «20» сәуір 2016 ж. қаралып, мақұлданды.

«Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені гуманитарлық факультеттің әдістемелік комиссиясы отырысында № «14» мамыр 2016 ж. қаралып, мақұлданды.

МАЗМҰНЫ

Мазмұны
Алғы сөз
Силлабус жайлы мәлімет
1 модуль: Кәсіби сала Кәсіби сала бойынша мамандық
Лауазым
Ауылшаруашылығы саласының мамандары
ІІ модуль: Білім ордалары Кәсіби сала мамандарын дайындайтын білім ордалары
Қоғам және мамандық
Көп салалы оқу орны
ІІІ модуль: Кәсіби сала субъектілері Кәсіби сала
Мекеме
Кәсіпорын
ІҮ модуль: Кәсіби сала қызметін мемлекеттік реттеу Кәсіби сала қызметін реттеуші құжаттар
Кәсіби сала қызметін реттейтін негізгі заң және нормативті заң актілері
Заң және нормативтік құжаттар
Ү модуль: Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас Шетелмен байланыс
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқа салалармен байланысы
Кәсіби саланың шетел салаларымен байланысы
ҮІ модуль: Кәсіби сала қызметінде қолданылатын құрал-жабдықтар Жұмыс материалы мен қаруы
Кәсіби құрал-жабдықтар
Кәсіби салалада компьютер мен ғаламтордың рөлі
ҮІІ модуль: Кәсіби сала бойынша өндірілетін өнім түрлері Өнім және өндіруші
Экспорт және импорт
Өнім сапасы
ҮІІІ модуль: Кәсіби сала бойынша соны жетістіктер Кәсіби сала бойынша соны жетістіктер
Авторлық құқық
Патент
ІХ модуль: Кәсіби сала қызметінің құқықтары мен міндеттері
Еңбек тәртібі
Мемлекеттік қызмет түсінігі және мемлекеттік қызметшінің түрлері
Х модуль: Кәсіби мерекеСала қызметкерлеріне арналған награда, сыйлық, грант
Ұлттық және мемлекеттік мереке
Кәсіби мереке
ХІ модуль: Кәсіби сала қызметіне арналған басылымдарКәсіби сала қызметіне арналған отандық басылымдар
Кәсіби сала қызметіне арналған шетелдік басылымдар
Маған ұнайтын басылымдар
ХІІ модуль: Кәсіби сала қызметінің өзге сала қызметімен байланысы
Ғылым мен техника
Қазақстан ғылымы мен технологиясының жаңалықтары
ХІІІ модуль: Кәсіби сала қызметі бойынша отандық интернет сайттары
Қазнет туралы
Әлемдегі ең бай адамдар
ХІҮ модуль: Кәсіби сала қызметі бойынша радио, теле бағдарламалар
Кәсіби сала қызметі бойынша отандық радио бағдарламалар
Маған ұнайтын радио, телебағдарламалар
XV модуль: Кәсіби сала қызметі және экологияЭкология ғылымы және оның құрылымы
Ауыл шаруашылық экологиясы
Жер-ананы аялайық
Білімін тексеруге арналған тест сұрақтары
Глоссарий
Пайдаланған әдебиеттер

 





Алғы сөз

Қазіргі уақытта сапалы білім беру, нарық заманының талаптарына сай бәсекеге қабілетті, үш тілді меңгерген мамандар даярлау мәселелері күн тәртібінде тұр. Оның ішінде, мемлекеттік тілді білуге ерекше көңіл бөлінуде. Олай дейтініміз, бүгінгі студент- ертеңгі маман, жақсы маман- қоғам болашағының кепілі. Жаһандану үдерісі кезеңіндегі жастар жаңалыққа бейім, ақпараттық технологияларды жылдам әрі жетік игеруде. Алайда, сол соны жаңалықтар легімен қатар дамып жатқан жас буын бойындағы басты құндылық саналатын рухани байлық көзі- ана тілі екенін естен шығармау керек. Сондықтан ана тілін білетін, ұлттық болмысы қалыптасқан, отанын, елін жерін құрмет тұтатын, өркениет жаңалықтарынан жырақ қалмаған жан-жақты тұлға ғана егемен еліміздің тірегіне айналары сөзсіз деп айта аламыз.

Жалпы, пәннің өзіне келетін болсақ, «Қазақ тілі» жоғары оқу орындарында Мемлекеттік білім беру стандартына сай оқытылатын міндетті пәндердің бірі болып табылады. Және ол орта мектеп бағдарламасындағы қазақ тілі пәнінен өзгеше. «Қазақ тілі» пәні мемлекеттік міндетті әндер модулі аясында гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы факультеттердің орыс бөлімдерінде оқытылады. Біз құрастырып отырған бұл оқу-әдістемелік кешен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылдың 16 тамызындағы №343 бұйрығы негізінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен 2014 жылы Қарабаева Х.Ә., Омарова Б.А., Нұртазина А.Ө. авторлығымен әзірленіп шыққан типтік бағдарлама негізінде құрастырылды. Сондықтан бұл оқу-әдістемелік кешенге типтік бағдарламада көрсетілген модульдер мен тақырыптар енді.

Оқу-әдістемелік кешенде берілген материалдар сіздердің қоғам өміріндегі жайттардан хабардар болуларыңызды көздей отырып, сіздің қоршаған ортада қазақ тілінде еркін қарым-қатынасқа түсуіңізге, яғни сөйлеу біліктілігін жетілдіруіңізге, лексикалық қорыңызды молайтуға мүмкіндік береді. Жағдаятқа сәйкес ойыңызды еркін жеткізуге, қойылған сұраққа білікті, әрі ұтқыр жауап беруге дағдыландырады.

Еңбектегі лексикалық материалдар мен грамматикалық тапсырмалар мазмұндық жақтан сабақтасып, бір мақсатты жүйеде берілген. Сөйлеу әрекетінің төрт қағидаты (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) қамтылған. Мәтіндерге байланысты түрлі деңгейдегі сызба, кесте, жаттығулар түріндегі тапсырмаларды орындау арқылы сіз біліміңізді бекітіп, мәтінді еске сақтайтыныңызға сенімдіміз.

Оқу-әдістемелік кешенді жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарында 1 курста білім алатын тілді білу деңгейі С1, С2 (жалғастырушы топ) студенттерге қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылады.

 

 

1. СИЛЛАБУС

1. ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ: доцент НұржановаА.С.,

аға оқытушы Оралова Г.М.

2. ПӘН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Қазақ тілі (С1, С2 деңгейлі (жалғастырушы) топ студенттері үшін)

І курс

кредит саны - 3/3

практикалық сабақтар - 45/45

СОӨЖ – 22,5/22,5

СӨЖ – 67,5/67,5

семестр 1

оқытылатын орны - қазақ және орыс тілдері кафедрасының дәрісханалары

Модуль түрі: жалпы міндетті модуль

БОЛЖАМАЛЫ ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

Семестр

Семестр аптасы Барлығы
Практикалық сабақ                                  
СОӨЖ   1,4 1,4 1,4 1,4 1,4 1,4 1,4 1,4 1,4 1,4 1,4 1,4 1,4 1,4 1,4 22,5  
СӨЖ   4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 67,5  
Барлығы    

3. Пререквизиттер– қазақ тілі (орта мектеп базасы), қазақ әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, география, сөйлеу мәдениеті

4. Постреквизиттер -кәсіби қазақ тілі

5. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Бұл пән жоғары оқу орнының І курс студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік кешен мәтін және сол мәтінге байланысты бірнеше практикалық тапсырмалар легінен тұрады. Еңбекті құрастыруда қазақ тілінің тілдік ерекшеліктері мен ұлттық-танымдық сапалары ескерілген. Қазақ тілі курсы типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленгендіктен, сол бағдарлама шеңберіндегі тақырыптар меңгертіледі. Пәнді оқи отырып, студент қазақ тілінде сауатты, мәдени тұрғыда сөйлеуге, өз ойын еркін, қажетіне қарай толық не нақты түрде қысқа және анық жеткізуге дағдыланады.

Қазақ тілі пәнінің мақсаты:

Курстың негізгі мақсаты – сөйлесімнің айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым сияқты төрт түрі негізінде студенттерге қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қатысымның кез келген саласында (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси, кәсіби оқу, ғылыми) еркін қолдана алатындай дағдылар мен біліктілікті меңгерту.

Негізінен қазақ тілі курсы үш түрлі мақсатты көздейді. Ол: қатысымдық мақсат, танымдық мақсат және тәрбиелік мақсат. Қатысымдық мақсат: студенттің осыған дейінгі аралықта қалыптасқан ауызекі сөйлей білу дағдысын жетілдіріп, грамматикалық қолданыстарды қажетіне қарай жұмсап, сөздік қорын одан әрі дамытып, еркін тілдесуге дағдыландыру. Танымдық мақсат: бағдарламада бекітілген мәтіндерді жүйелі меңгере отырып, қазақ халқының тарихы, мәдениеті, кәсібі, қазіргі кездегі білім беру жүйесі, отандық басылымдар туралы мағлұматтарды тереңдете меңгерту; Қазақстан Республикасының заң жүйелері, азаматтық құқықтарымен таныстыру. Тәрбиелік мақсат: оқу-әдістемелік кешенде қамтылған лексикалық тақырыптар арқылы тіл үйренушінің дербес ізденуін қалыптастырып, білуге, білімге құштарлықтарын арттыру; еңбекқорлыққа, кәсіби салаға деген құрметті қалыптастыру; отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әрбір деңгейдегі негізгі міндеттер сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асырылады.

Деңгейлік дескрипторлар:

1) тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту;

2) дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды студенттерге төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асырту:

- заң, тарих, экология, өнер және мәдениетке байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, ақпаратты дәлелдеу;

- белгілі бір тақырыпты (кәсіби салада) талқылау, өз қабылдауы бойынша баға беру;

- өмірден алынған әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл-күйін білдіру (қызығушылық таныту немесе танытпау));

3) ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрауы, қайталап сұрауы; кеңес беруі және нұсқау жасауы; нандыра алуы, байқампаздық танытуы; көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын, немқұрайлылығын білдіруі.

3.1 Сұхбат кезінде әріптесінің әңгімесіне көңіл аудару; қызығушылық таныту:

- мамандық бойынша бейтаныс мәтін мазмұнын жақсы түсіну;

- ресми-іскери кездесулерде сұхбат, олилог жүргізу.

3.2.1 Монолог түрінде:

- мамандық бойынша монолог мазмұнын еркін түсіну;

- оқу-танымдық, білім және ғылыми салада жағдаяттарды немесе оқиғаларды рет-ретімен өз көзқарасы бойынша сипаттау;

- оқыған материалын мазмұндау және дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіру;

- берілген тақырып бойынша алдын ала дайындалған, аса күрделі емес баяндама жасау.

3.3 Жазбаша түрде:

- мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

- тақырыптар мен тақырыпшалар аясындағы нақты жағдайларды немесе таныс заттарды/объектілерді сипаттау;

- белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу;

- ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс.

3.4 Тыңдалым дағдыларын түсінуі керек:

- мамандық, кәсіп бойынша хабарламаларды түсіну;

- өтілген тақырыптағы әңгімеде не туралы айтылғанын анық айыра білу;

- әңгімелесушінің сөзін аңдай алу;

- дыбысталуы нақты жүйеленген ақараттық құралдардағы мәліметтерден ақпарат ала білу;

- радиодан берілген жаңалықтардың негізгі хабары мен таныс тақырыптағы қарапайым баяу берілген мәтіндерді (интервью, қысқа дәрістер, репортаждар) тыңдап, түсінгенін әңгімелей алу.

3.5. Оқылым дағдылары:

- мәтіннің негізгі мазмұнын, оның жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық байланысты түсіне білу;

- оқылған ақпарат, дереккөздер бойынша түйіндеме жасап, авитордың ойына баға бере білу;

- электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметті ала білу;

- қызығушылық танытқан тақырыбы бойынша мәтіндегі нақты ақпараттарды оқу және түсіну:

- қажетті мәліметтерді оқи алу және оны өмірде қолдана білу.

Курс аяқталғанда студенттер төмендегі көрсетілген талаптарды білуі және түсінуі қажет:

А. Білуі және түсінуі: тілдік қарым-қатынас теориясының негізіне, қазақ және орыс тілдерінің ережелеріне сүйене отырып, сауатты сөйлей және сөз мағынасын ажырата білуі; айтылған не жазылған ақпаратты түсініп, ол бойынша өз ойын нақты және айқын білдіре алуы керек.

В. Түсіну қабілеттілігі мен білімін тәжірибеде қолдануы: оқылған материалды түсініп, сол бойынша ой бөлісе алуы; өз көзқарасын дәлелдей білуі; әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі қажет.

С. Қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру, өз идеясын, ойын айта білу қабілеттілігі: оқылған материал бойынша өз ойын ауызша және жазбаша түрде еркін және дұрыс жеткізе білуі; ой түйін жасай алуы; айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен еркін жауап беруі; тұжырымдау тәсілдеріне, қазіргі әдеби тіл нормаларына сүйене отырып, естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырта алуы тиіс.

Д. Қарым-қатынас жасау саласында білуі тиіс: тілдік және қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыра білуі; логика, тұжырым жасау теорияларының негізінде сөйлеу әдебін сақтай отырып, әдеби тілде сөйлесу дағдысын қалыптастыруы және оны тәжірибеде қолдана білуі шарт.

Е. Оқыту саласында: оқылған материалдан негізгі қажетті ақпаратты ала білуі, одан ой-түйін жасай алуы, тілдік және кәсіби қарым-қатынас құзыреттілігін дамыта білуі керек.

6. Пәннің мазмұны

6.1. Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі

Семестр

Тақырыптар Сағсаны Әдебиеттер Ағымдық бақылау, ұпай  
 
Практикалық сабақ: Кәсіби сала СОӨЖ: Кәсіби сала бойынша мамандар,лауазымы СӨЖ:Мамандық таңдау   Н1, Н2, Қ3, Қ5, Қ6  
Практикалық сабақ:Кәсіби сала мамандарын дайындайтын білім ордалары СОӨЖ:Қоғам және мамандық СӨЖ:Мен білім алатын оқу орны Н1,Н3, Қ5, Қ6, Қ11  
Практикалық сабақ:Кәсіби сала субъектілері СОӨЖ:Кәсіпорын және олардың функциясы СӨЖ:Кәсіби субъектілердіңқұқықтары Н1,Н3, Қ5, Қ6, Қ11  
Практикалық сабақ:Кәсіби сала қызметін мемлекеттік реттеу СОӨЖ:Заң және нормативтік құжаттар СӨЖ:Кәсіби сала қызметін реттейтін негізгі заңдар және нормативтік заң актілер Н1, Қ4  
Практикалық сабақ: Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас СОӨЖ: С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дің басқа салалармен байланысы СӨЖ: Кәсіби саланың шетел салаларымен байланысы Н1,Н2, Н4, Н5, Қ10, Қ13, Қ14, Қ15  
Практикалық сабақ: Кәсіби сала қызметінде қолданылатын құрал-жабдықтар СОӨЖ:Кәсіби салалада компьютер мен ғаламтордың рөлі СӨЖ: Кәсіби құрал-жабдықтар Н1, Н2, Н3,Н4, Н5,Н6, Қ11  
Практикалық сабақ:Кәсіби сала бойынша өндірілетін өнім түрлері СОӨЖ:Экспорт және импорт СӨЖ:Өнім сапасы Н1, Қ16, Қ11, Қ13, Қ14, Қ15  
Практикалық сабақ:Кәсіби сала бойынша соны жетістіктер СОӨЖ:Авторлық құқық СӨЖ:Патент Н1, Н3, Н5  
Практикалық сабақ:Кәсіби сала қызметінің құқықтары мен міндеттері СОӨЖ:Еңбек тәртібі СӨЖ:Мемлекеттік қызмет түсінігі және мемлекеттік қызметшінің түрлері Н1, Н2, Н4, Н5, Қ7, Қ8  
Практикалық сабақ:Сала қызметкерлеріне арналған награда, сыйлық, грант СОӨЖ:Ұлттық және мемлекеттік мереке СӨЖ:Кәсіби мереке Н1, Н2, Н4, Н5, Қ7, Қ8  
Практикалық сабақ:Кәсіби сала қызметіне арналған отандық басылымдар СОӨЖ:Кәсіби сала қызметіне арналған шетелдік басылымдар СӨЖ:Маған ұнайтын басылымдар Н1, Н2, Н4, Н5, Қ11  
Практикалық сабақ:Кәсіби сала қызметінің өзге сала қызметімен байланысы СОӨЖ:Ғылым мен техника СӨЖ:Қазақстан ғылымы мен технологиясының жаңалықтары Н1, Н2, Н3, Н4, Н5, Қ11  
Практикалық сабақ:Кәсіби сала қызметі бойынша отандық интернет сайттары СОӨЖ:Қазнет туралы СӨЖ:Әлемдегі ең бай адамдар Н1, Н3, Н5, Қ11  
Практикалық сабақ:Кәсіби сала қызметі бойынша отандық радио, теле бағдарламалар СОӨЖ:Кәсіби сала қызметі бойынша отандық радио бағдарламалар СӨЖ:Маған ұнайтын радио, телебағдарламалар Н1, Н2, Н3, Н4, Н5  
Практикалық сабақ:Экология ғылымы және оның құрылымы СОӨЖ:Ауыл шаруашылық экологиясы СӨЖ:Жер- ананы аялайық Н1, Н2, Н5  
  Барлығы      

 

7 Пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру

Сабақтың тақырыбы СӨЖ тапсырмалары Тапсырма мақсаты мен мазмұны Тапсыру мерзімі Бақылау түрі Ұсынылатын әдебиеттер Ұпайы
1.Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым «Әр кәсіптің -өз жемісі бар» студенттерге интерьвю дайындату; Түрлі кәсіп мамандарымен тілдесу арқылы жаман кәсіп болмайтыны жайлы таныстырылым әзірлету;     Кәсіби саланың барлығы қоғам үшін аса қажет екендігін ұғындыру; апта     Таныстырылым мен интерьвю барысында студенттердіңсөз қолданысы мен сұрақ қоя білуін, тапсырманың мазмұндылығын бағалау Н1, Н2, Н5 Қ3, Қ5, Қ6,Қ10, Қ 7
2.Кәсіби сала мамандарын даярлайтын білім ордалары «Білім туралы Заң» конспект; «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ даярлайтын мамандықтар бағыты» таныстырылым жасау; Әр түрлі мамандық бағыты жайлы кейс жасату; Өз университетіміздің Миссиясы, мақсаты мен міндетіжайлы білім беру апта   «Білім туралы Заң» конспект Мазмұнын ауызша айту шеберлігі , «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ даярлайтын түрлі мамандық бағыты жайлы кейс құру білімдерін бағалау; Н1, Н5, Қ4, Қ5, Қ6
3.Кәсіби сала субъектілері Өз мамандығы саласындағы ЖШС-лар мен кәсіпорындар жайлы рефераттар дайындау; Кәсіби сала субъектілері тақырыбына 7-8 сұрақ әзірлеу Кәсіби сала субъектілері жайлы не білетіндерін анықтау апта   Кәсіби сала субъектілері жайлы сұрау, рефератты тексеру Н1, Н3, Н5, Қ4, Қ5, Қ6
4.Кәсіби сала қызметін мемлекеттік реттеу «Мемлекеттік реттеудің мәні мен міндеттері» конспект ҚР Нормативтік құжаттар жайлы танымын арттыру апта   «Мемлекеттік реттеудің мәні мен міндеттері» конспект тексеру Н1, Н4, Қ4, Қ11
5.Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас «Өз өнімі бар ел – тәуелсіз ел» тақырыбына эссе жазу; шетелдік өнімдердің жапсырмаларындағы қазақша аудармаларға талдау жасау; гендік модификацияланған өнімдерге ғылыми зерттеу жүргізу Қазақстанның және өзі оқитын оқу орнының шетелмен байланысы жайлы не білетіндерін анықтау апта   Эссені тексеру; шетелдік өнімдердің жапсырмаларына талдау жасау; қандай зерттемелер жүргізгендерін анықтау Н1, Н2, Н3, Н4, Н5, Қ10, Қ12, Қ13, Қ14
6.Кәсіби сала қызметінде қолданылатын құрал-жабдықтар Өз кәсібіне қатысты қолданылатын құрал-жабдықтар жайлы хабарлама жасату, олардың атаулары мен қай тілден енгені жайлы кейс жасату; Кәсіби сала қызметінде қолданылатын құрал-жабдықтар туралы не білетіндерін тексеру, термин сөздерді меңгерту апта   Кейсті тексеру; кәсіби құрал-жабдықтар атаулары мен термин сөздерді жатқа сұрау Н1, Н2, Н3, Н4, Н5, Қ8
7. Кәсіби сала бойынша өндірілетін өнім түрлері   «Қазақстанда жасалған» өнімдер жайлы өз кәсіби саласы бойынша таныстырылым жасату Кәсіби сала бойынша өндірілетін өнім түрлері жайлы не білетіндерін анықтау   апта   Кейс мазмұнын баяндау шеберлігін бағалау Н1, Н2, Н5, Қ10, Қ8, Қ12, Қ13, Қ14
8.Кәсіби сала бойынша соны жетістіктер «Экспо-2017 көрмесіндегі ғылыми жетістіктер» кейс жасату Кәсіби сала бойынша қандай соны жетістіктерді білетінін анықтау апта   Кейсті тексеру Н1, Н2, Н4
9.Кәсіби сала қызметінің құқықтары мен міндеттері   Мамандығы саласындағы кәсіби сала қызметінің құқықтары мен міндеттері туралы хабарлама дайындау     Өз маманды ғы бойынша кәсіби сала қызметінің құқықтары мен міндетте рін білу апта     Мамандығы бойынша кәсіби сала қызметінің құқықтары мен міндет тері туралы хабарлама дайындау. Мәтінді мазмұндау Н1, Н2, Н5 Қ3, Қ5, Қ6,Қ10, Қ 7
10.Сала қызметкерлеріне арналған награда, сыйлық, грант   ҚР Жоғары наградалары қандай? Кімге беріледі? Осы тақырыптарға кейс жасату; «Халықаралық сыйлықтың иегерлері»,   өз мамандығы саласындағы атақты адамдар туралы ақпарат дайындау   Халықаралық сыйлықтардың лауреатта ры туралы мәліметтермен таныстыру арқылы алдына мақсат қоя білуге тәрбиелеу апта   Дайындаан презента цияны қорғау. Халық аралық сыйлықтар дың лауреатта ры туралы білімдерін тексеру   Н1, Н5, Қ4, Қ5, Қ6
11. Кәсіби сала қызметіне арналған отандық (шетелдік) басылымдар.   ҚР қандай салалардың арнайы басылымдары шығатыны, олардың мақсатымен міндеттері жайлы таныстырылым дайындау;   Кәсіби сала қызметіне арналған отандық (шетел дік) басы лымдармен таныстыру   апта   Басылымдардың рөлі мен маңызын қалай түсінгенін бағалау, Дайындаған материалдарын тексеру Н1, Н3, Н5, Қ4, Қ5, Қ6
12. Кәсіби сала қызметінің өзге сала қызметімен байланысы   Салааралық байланыстар таныстырылым жасау; Кәсіби сала қызметінің өзге сала қызметімен байланы сын түсіндіру апта   Дайындаған материалдарын тексеру Н1, Н4, Қ4, Қ11
13.Кәсіби сала қызметі бойынша отандық интернет сайттары   Мәтінді аудару. Қазнеттің танымал сайттары туралы хабарлама дайындау Кәсіби сала қызметі бойынша отандық интернет сайттары туралы мағлұмат беру апта   Қазнеттің танымал сайттары туралы хабарламаны баяндау шеберліктерін тексеру Н1, Н2, Н3, Н4, Н5, Қ10, Қ12, Қ13, Қ14
14. Кәсіби сала қызметі бойынша отандық радио, теле бағдарлама лар Өзінің кәсіби қызметі бойынша отандық радио, телебағдарламалар туралы таныстырылым дайындау.   Өзінің кәсіби қызметі бойынша отандық радио, телебағдарламалар туралы түсінік қалыптастыру.   апта   Өзінің кәсіби қызметі бойынша отандық радио,телебағдарламалар туралы баяндаудағы сөйлеу шеберлігі мен білімін бағалау. Н1, Н2, Н3, Н4, Н5, Қ8
15.Кәсіби сала қызметі және экология.   Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелердің бүгіні мен ертеңі жайлы пікірталас ұйымдастыру. Мәтінді аудару Кәсіби сала қызметінің экологияға қатысы туралы пікірлерін білу апта   Ой бөлісуге қатысу белсенділі гін бағалау. Аударманы тексеру Н1, Н2, Н5, Қ10, Қ8, Қ12, Қ13, Қ14

Дебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1 Резуанова Ғ.Қ. Қазақ тілі (барлық мамандықтардың жалғастырушы топтарына арналған). –Астана, 2015.

2 Бектұров Ш., Бектұрова Н. Казахский язык для всех. - Алматы, 2004.

3 Күзекова З. Казахский язык. Просто о невероятно сложном.– Алматы, 2007.

4 Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы, 2009.

5 Құсайынова Ж.А. Қазақ тілі (бастауыш топтың барлық мамандықтарына арналған оқу құралы) - Астана, 2008.

Қосымша әдебиеттер

1 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Әдебиет және лингвистика. - Алматы: «Рауан», 2000. - 350 б.

2 Рустемова С. Баспасөз материалдарымен жұмыс. -Астана, 2002.

3 Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. 3-кітап. – Алматы: «Ана тілі», 2006. - 124 б.

4 Қазақстан энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақстан», 2001. 1- ші том

5 Оспанов Қ.И. Құқық негіздері: Оқу құралы. – Алматы: «Жеті жарғы», 2006. – 296 б.

6 Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті менқұқығының негіздері.2-ші кітап. - Алматы, 2009.– 368 б.

7 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия//Бас редакторы Бүркітбай Аяған. 8 том.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2006. – 728 б.

8 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия//Бас редакторы Бүркітбай Аяған. 7 том.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2005. – 704 б.

9 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия//Бас редакторы Бүркітбай Аяған. 6 том.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2004. – 753 б.

10 Тіл кабинеті// Құрастырған: Өтепберген Ақыпбекұлы. – Астана, 2006. -288 б.

11 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия//Бас редакторы Бүркітбай Аяған. 4 том.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2002. – 720 б.

12 Даналардан шыққан сөз. – Алматы, 1984. - 365 б.

13 Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы: «Қазақстан», 1990.

14 Кенжеахметов С. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: «Ана тілі», 1994.

 

9 Курстың саясаты (баса назар аударыңыз!)

· Сабаққа кешікпей келу;, (кешіккен жағдайда, студент сабаққа жіберілмейді);

· Сабақ үстінде сөйлеспеу, сағыз шайнамау, ұялы телефонды сөндіріп қою;

· Сабаққа сай киіну;

· Сабаққа қатыспаған жағдайда анықтама қағазын әкелу және болмаған сабақ бойынша тапсырмаларды сабақтан тыс уақытта оқытушыға тапсыру;

· Оқу үрдісіне белсене қатысу;

· Оқытушылармен, курстастарымен жақсы қарым-қатынаста болу;

· Берілген тапсырмаларды уақытында орындау;

· Оқу бөлмелерінде темекі шекпеу, ішімдікті пайдаланбау.

10 Білімнің бағалануы туралы ақпарат

Ағымдық бақылау

- берілген тапсырмаларды уақытылы орындау;

- бағдарлама тақырыбы бойынша пікір айта білу;

- жағдаяттық сұхбаттар құрастыру;

- тақырып бойынша әңгіме құрастыра алу;

- жазбаша тапсырмаларды орындау;

- презентация жасау;

- реферат жазу;

- рөлдік ойындарға қатысу.

Аралық бақылау

-ауызша сұхбат;

- лексика-грамматикалық тест;

Қорытынды бақылау

- емтихан.

Ағымдық бақылау Аралық бақылау Емтихан Барлығы
  Практика лық сабақ СӨЖ Реферат 1-аралық бақылау 2- аралық бақылау    
I cем

11 Баға қою саясаты

Пән бойынша білімді бағалау кестесі

Студенттердің орындайтын жұмыс түрлері Ұпай саны Min/ max
  1. Ағымдық бақылау: - практикалық сабақтар - өздік жұмыс - реферат 50/100 50/100 50/100
  2. Аралық бақылау: Семестрде 2 рет аралық бақылау болады   50/100
  Жиынтығы: 50/100 ұпай
3. Қорытынды бақылау Емтихан   50/100
  Барлығы: 50/100 ұпай

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік жүйемен Бағалау Ұпайдың сандық баламасы Ұпайдың пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйемен Бағалау
А 4,0 95 – 100 өте жақсы
А - 3,67 90 – 94
В+ 3,33 85 – 89 Жақсы
В 3,0 80 – 84
В - 2,67 75 – 79
С + 2.33 70 – 74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65 – 69
С - 1,67 60 – 64
Д + 1,33 55 – 59
Д 1,0 50 – 54
F 0 – 49 Қанағаттанарлықсыз

 

І модуль

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Кәсіби сала. Кәсіби сала бойынша мамандық

Грамматикалық тақырып: Сөз тіркесі

1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп-қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен, сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысты. Оған дәлел – қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерлерді өңдеді. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетінін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған.

Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына ауыл шаруашылық дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.

(Ғаламтор материалдарынан)

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақтар қандай мал асырады?

2. Неліктен сиыр малын аз ұстады?

3. Қазақ жерінде қандай дақылдар өсірілді?

4. Мал шаруашылығы халыққа қандай пайда келтірді?

5. 90 жылдарға дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін қандай шаруашылықтар құрады?

6. Қазіргі ауылшаруашылығының агроөнеркәсіп кешені қандай бағытта жүргізіледі?

 

3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Первые профессии начали появляться ещё в доцивилизационную эпоху, когда человек начал создавать оседлые поселения, заниматься сельским хозяйством, овладел гончарным и кузнечным делом. Один и тот же человек ввиду ограниченности своих сил не мог одновременно лепить горшки, выковывать металлические инструменты и заниматься выращиванием пищи, поэтому начал развиваться товарный обмен.

Новый виток развития профессионального деления людей возник с появлением централизованного государства. Правителям требовались воины для охраны своих владений и управляющие для управления ими. Так начали формироваться военные и управленческие профессии. Человечество окончательно встало на путь профессионального разделения труда.

С началом индустриализации появилось множество новых профессий, связанных с разработкой и обслуживанием машин: инженеры, рабочие на заводах, машинисты и т.п.. Из-за возросших потребностей цивилизации в новых видах и больших количествах ресурсов также расширились списки добывающих профессий: появились шахтёры, нефтяники и др.

(Ғаламтор материалдарынан)

грамматикалық түсініктеме

Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

Сөз тіркесінің екі сыңары болады. Ол: бағыныңқы және басыңқы сыңар.

Сөз тіркесі Бағыңқы сыңары Басыңқы сыңары
Біз – студентпіз біз (есімдік) студентпіз (зат есім)
Университет – осы университет (зат есім) осы (есімдік)
Менің үйім менің (есімдік) үйім (зат есім)
Ағаш есік ағаш (зат есім) есік (зат есім)
Жиырма екі бала жиырма екі (сан есім) бала (зат есім)
Тез жүру тез (үстеу) жүру (етістік)

Басыңқы сыңар сөз тіркесінің негізгі бөлігі болғандықтан, басыңқы сыңардың қандай сөз табынан жасалғанына қарап сөз тіркесінің түрлерін анықтаймыз. Мәселен, Басыңқы сыңары зат есім, сан есім, есімдік, сын есімнен болса, онда ол есімді тіркес болғаны. Ал егер басыңқы сыңар етістіктен болса, ондай сөз табын етістікті сөз тіркесі дейміз.

Есімді тіркес Етістікті тіркес
Болашаққа (неге?) аманат Асықпай сөйледі
Алтын (қандай?) сағат Ерте келді
Ағасы (кімі?) осы Тез жүрді
Барлығы – он алты Қуанышқа кенелді

4-тапсырма. Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға түсінгеніңіз бойынша жауап беріңіз.

Мамандық таңдау оңай жұмыс емес. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын таңдайды. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты.

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.

«Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар,сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестатын не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббаткерек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.

Сұрақтар:

1. Сіз мамандықты өзіңіз таңдадыңыз ба?

2. Сізге мамандық таңдауға ата-анаңыз кеңес берді ме?

3. Сіз өз мамандығыңызға ҰБТ нәтижесіне қарай келдіңіз бе?

4. Болашақта қандай маман боламын деп ойлайсыз?

5. Өз мамандығыңыз ұнайды ма?

 

5-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен алты есімді тіркесті тауып бір бағанға, алты етістікті тіркесті тауып бір бағанға көшіріп жазыңыз.

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Лауазым

Грамматикалық тақырып: Қиыса және матаса байланысқан сөз тіркестері

1-тапсырма. Лауазым жайлы ақпаратпен танысыңыз.

Лауазымды адам (ағылш. official, functionary;) – мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаратын адам. Лауазымды адамның Конституцияда, заңда немесе қаулыда, ережеде көрсетілген өз өкілеттілігіне сәйкес қызметін атқаруға қажетті өзіндік құқықтары мен міндеттері белгіленген. ҚР Конституциясының 40-бабы бойынша Қазақстандағы ең жоғарғы лауазымды адам – ҚР Президенті.

(Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Сіз болашақта қызмет жасайтын салада қандай лауазымдар болады?

2. Сіз қандай лауазымды қызмет атқарғыңыз келеді?

3. Лауазымды тұлғаларға қандай міндеттер жүктеледі?

4. Лауазымды тұлғалар қандай жеке қасиеттерге ие болуы тиіс?

5. Лауазымды тұлғалардың тілдік құзыры қандай деңгейде болуы керек?

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Ұйым басшысының лауазымдық міндеті – ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқаратын ұйым (филиал) қызметіне басшылық жасау. Ұйым мүлкінің сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету. Ұйым басшысы, сонымен қатар, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Ұйымның банкті қоса алғанда, мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, жеткізушілер, тапсырыс берушілер және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ, шаруашылық және еңбек шарттарын (келісімшарттарын), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарларды орындауын қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы техникалар мен озық технологияларды, еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту бойынша шаралар қабылдайды. Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді. Ұйымның штаттық кестесін, қаржылық жоспарын, жылдық есебін және жылдық бухгалтерлік теңгерімін бекітеді. Қызметкерлерге уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді. Ұйымның ұйымдастыру-басқарушылық құрылымын, жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіреді. Ұйымның қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Сотта, арбитражда, мемлекеттік органдарда ұйымның мүліктік мүдделерін қорғайды. Ұйым қызметкерлерінің қосымша кәсіби білім алуын (біліктілікті арттыру, кәсіби қайта даярлау) ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Ұйым қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Ұйым қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз етеді. Конференцияларға, семинарларға, көрмелерге қатысады. Өндірістік жарақат алуды және кәсіптік ауруларды болдырмау бойынша алдын алу шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді.

(Ғаламтор материалдарынан)

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ

Бастауыш пен баяндауыштың бір-бірімен жақ және сан жағынан байланысын қиыса байланысқан сөз тіркесі деп атаймыз. Мәселен, Бексұлтан оқу және ғылым жағынан ең үздік студент ретінде танылды. Бұл сөйлемдегі «Бексұлтан» (ол) деген бастауыш ІІІ жақта келгендіктен, «танылды» деген баяндауыш та ІІІ жақта келген және бастауыш бір ғана адам болғандықтан, баяндауыш та жекеше түрде тұр.

4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз және қиыса байланысқан сөз тіркестерінің астын сызыңыз.

Ұйым басшысы, ұйым мүлкі, кәсіби білім, қамтамасыз ету, мүліктік мүдде, біліктілік арттыру, еңбек тәртібі, ұйым қызметкерлері, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі, семинарға қатысу, лауазымдық міндеттемелер, өндірістік жарақат.

5-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Директор по IT должен знать:

- руководящие и нормативные документы, касающиеся методов программирования и использования вычислительной техники при обработке информации;

- технико-эксплуатационные характеристики, конструктивные особенности, назначение и режимы работы оборудования, правила его технической эксплуатации;

- технологию механизированной обработки информации;

- методы классификации и кодирования информации;

- нормализованные языки программирования;

- методы программирования;

- порядок оформления технической документации.

Директор по IT руководствуется в своей деятельности:

- законодательными актами РК;

- Уставом компании, Правилами внутреннего трудового распорядка, другими нормативными актами компании;

- приказами и распоряжениями руководства;

- настоящей должностной инструкцией.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Ауылшаруашылығы саласының мамандары

Грамматикалық тақырып: М


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!