Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ызмет көрсету нарығын кеңейту



Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.

 

Кәсіпорынды кеңейту

Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.

 

Экологиялық жүгі бар жобалар

Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.

Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма – жобалардың қай түріне назар аудару керек:

капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе;

ағымдағы шығындарды көбейте отыры, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.

 

Маңыздылығы аса жоғары емес жобалар

Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды.

 

Критерий



Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды.

Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийларді қолданады:

саланың пісіп – жетілуі;

кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы.

Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілген немесе ескірген.

Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.

Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.



Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты «торға» жататындығын білдіреді.

Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет:

стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;

егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.

Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қолданбайды» революциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың жауабына байланысты:

Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?

Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда көре аламыз ба?

Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды. Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі - маркетингтің жеткілікті болмауында.

Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:

Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық па немесе ішкі нарық па?

Жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арсындағы балансты ойластырама?

Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса, онда оның мақсаты мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ме?

4.Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары мемлекеттің ішкі саясатыны жауап бере ме?

Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны ары қарай қарастыру керек пе?

Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:

жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;

жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;

жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.

Инвестициялық жобаның қаржылық талдау бөлімінде көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады.

Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:

Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.

Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.

Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.

Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.

Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі.Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек.

Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар мен тұрақтыға бөлінуін қамтиды.

Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;

инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;

инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;

жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;

жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!