Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салық салудың шешілмеген мәселелері мен оларды шешу жолдары



Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші объектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам мүддесін қолдауға болады. Салық ауыртпашылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі де кемиді.

Бүгінгі күндешағын және орта кәсіпкерлікке жасалып отырған барлық жеңілдіктердің өзінде жеке тұлға үшін табыс салығы белгіленген пайыздық мөлшерінің әлі де жоғарылығы, кәсіпкерлердің әлемдік практикаға сәйкес емес, біршама жоғары мөлшерде салық төлеуі сияқты мәселелер шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежеп отыр. Салық салудың жеңілдіктері арқылы салық салудан жартылай немесе толық босату, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық төлеу мерзімін ұзарту, салық ставкасын төмендету сияқты мәселелердің әлі де қажетті деңгейде жетілдірмеуі шағын және орта бизнестің жедел дамуына кері әсер етуде. Сондай-ақ салық салуда кәсіпкерліктің қолайсыз жағдай әсерлеріне ұшырауы немесе айрықша салаларда жұмыс істеуі ескерілмейді.

Бұл мәселелердің оңды шешілуіне септігін тигізетін мынадай ұсыныстарға көңіл аударайық:

1. Шағын бизнес субъектілері үшін салық ставкаларының дифференциациясын қарап, олар өндіретін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің, қосымша құнның деңгейін немесе оның тиімділігін негізге ала отырып, қызмет түрлері бойынша жүргізу.

2. Жалдамалы қызметшілердің еңбек ақысы қорының деңгейіндегі бастапқы мәнін арттыра отырып, табыс салығының сомасын азайту бойынша есептесуге қабылдайтын әрбір жалдамалы қызметшіге 2,5-тен 4-ке дейінгі ең төменгі еңбекақы мөлшері бойынша еңбекақыны жою жолымен алмастыру.



3. Әрбір жалдамалы қызметшіден 1,5-тен 0,7-0,5%-ға дейін есептелген табыс салығын азайта отырып, жеңілдік нормасын төмендету.

4. Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру аясында жаңа жоғарғы технологиялық өнім түрлерін құруға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындар бойынша жеңілдік салықтарды бекіту.

Осындай ұсыныстарға сүйене отырып, қазіргі кезеңде жағдайға қарай салық саясатын дұрыс жүргізе білу ел экономикасының одан әрі қалыптаса беруіне жол аша береді.

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

 

Жоба мәні мен мазмұны

 

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.



Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

 

Циклдері

 

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.

 

Жобаның тұжырымдалуы

 

Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.

Жобаны дайындау

Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.

 

Жобаны сараптау

 

Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

 

Жобаны іске асыру

 

Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

 

Нәтижелерді бағалау

 

Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрірнің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.

 

Түрлері

 

Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері мынадай:

 

Ондырғыларды ауыстыру

Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдей керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.

 

Шығындарды азайту

Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым тиімді бола бермейді.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!