Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Салық салу ерекшеліктері



Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы

Салық салудың ролі.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі – салықтық реттеу болып табылады.

Салық салудың нәтижелілігі олардың атқаратын роліне тікелей байланысты. өйткені, егер салық салу тәжірибе жүзінде максималды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметтері арасында үйлесімді тепе-теңдік сақталатын болса бұл роль жағымды болып келеді. Салық салу мемлекеттің өз қызметін атқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолданылатын тиімді салық салу жүйесі қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайдан әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың тәуелділігін кемітуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық салудың ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвистициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалды.

Кірістер болжамының есептерінде жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының ұлттық қорына есепке алынатын мұнай секторы ұйымдарының тізбесі бойынша салық түсімдерінің есебі бір баррель үшін 19 АҚШ доллары болатын мұнайдың әлемдік тұрақты бағасы есепке алына отырып жүргізілгені ескеріледі. Әлемдік мұнай бағасы елеусіз төмендеген жағдайда мұнай өндірудің өсу қарқыны ЖІӨ-нің өсу қарқынынан төмен болуы есебінен орта мерзімді кезеңде мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін салықтар мен төлемдер түсімі азаяды. Кесте В-2 Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің 2001-2004 жылдардағы серпіні және 2008 жылға дейінгі болжамы.



Мемлекет салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвистицияны, шағын және орта бизнесті ынталандыруға тигізетін әсерін назарда ұстау шарт.

Салықтық реттеу процесі салық салудың оңтайлы деңгейін анықтаумен байланысты. Салық ставкаларын өзгерту арқылы өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысына әсер етуге болатынын ғылыми зерттеулер айқындап отыр. Салық ставкаларын салықтық құрал ретінде пайдалану барысында оның нақты кезеңдегі салық ставкалары мен салық түсімдерімен өзара байланысты, өндіріс қарқынына, кәсіпкерлік деңгейіне тигізетін ықпалын басты назарда ұстау шарт.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне

салық салу ерекшеліктері.

Бүгінгі күнде республикамызда шағын бизнес субъектілеріне салық салу қалай жүргізілуде деген сұрақ көптің көкейінде тұрары анық. Бұл ретте қазіргі кезеңде елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салық салудың арнайы салық тәртібі қарастырылған, яғни ол бір реттік талон, патент және қарапайым декларация негізінде жүргізілуде. Кәсіпкер бұл арада өзінің қызметінің меншігіне, алатын табысының мөлшеріне байланысты осындай немесе басқадай түрін қолдануға құқылы. Мұның өзі әр адамның өз шамасына қарай жұмыс істеуіне мүмкіндік берілген деген сөз. Енді әрі қарай кәсіпкерлік рұқсаттың қалай берілетінін талдап көрейік:



1. Бір реттік талонды пайдалану кәсіпкерлік қызметте эпизодтық сипатпен жүретін, яғни бірыңғай тұрақты емес жеке тұлғаның қызметін реттейді.

2. Салық салудың жеңілдетілген тәртібі патент негізінде, сауда, қызмет көрсету саласында шағын және орта бизнеске қолданылады. Мұндай жағдайдағы өлшем ретінде өткізуден түскен айналымға қатысты екенін айту керек.

Патент бойынша төленетін салық сомасы жарияланған салық төлеушінің алдын-ала табысынан 3% мөлшерінде белгіленген. Мұндайда табыс әрқашанда барлық шығындарды есепке ала отырып, жалпылама алынады. Патенттің құны бюджетке жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде тең үлесте енгізіледі. Патент негізіндегі жеңілдетілген тәртіп сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға да қолданылады. Патент құнына заңды тұлғаның табыс салығы, қосымша құн салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы енгізіледі. Патент құнын есептей келгенде бюджетке төленетін салықтар сомасы 80%-ға азаяды.

3. Жеңілдетілген декларация негізіндегі салықтарды төлеу шағын бизнес субъектілері үшін мемлекетпен есеп айырысудың негізгі практикалық нысаны болып табылады. Салық салудың осы тәртібі тоқсан аяқталған соң нақты алынған табыс бойынша салық міндеттемелерінің есептесуі болып табылады. Мұндайда салықтар шығыны есептеусіз бірыңғай ставка бойынша есептеледі.

Жеңілдетілген декларация, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай өлшемдерге сәйкес таратылады:

• жеке кәсіпкерлер үшін жұмысқа тартылған қызметшілердің саны 15 адамнан аспауы тиіс, оның ішіне кәсіпкердің өзі де кіреді, кәсіпкерлік қызмет түрлері 5-тен аспайды, тоқсандық табысы – 4,5 млн теңгеден аспауы тиіс;

• заңды тұлғалар үшін қызметшілердің орташа тізім саны 25 адамнан, кәсіпкерлік қызметтің түрі 7-ден, тоқсандық табысы 9 млн теңгеден аспауы тиіс.

Төлем төлеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша тек қана әлеуметтік және табыс салығын төлеу қарастырылған, оған төлем көздерінен ұсталған табыс салығы кірмейді.

Шағын бизнеске қатысты жүргізілген бұрынғы салық саясаты шағын кәсіпорындардың «көлеңкелі» экономикаға қарай бет бұруына себепші болғаны жасырын емес. Ал, қазіргі кезде сарапшылардың бағалауы бойынша ресми емес секторларда 20%-дан 40%-ға дейінгі шағын кәсіпорындар жүр. Кәсіпкерлердің өздерінің айтуы бойынша әрбір кәсіпорын өз табысының 50%-нан астамын, ал кәсіпорындардың 40%-ы 60%-нан астамын салық түрінде аударады. Әлемдік практикада таза табыстан 33-35% салық салу оңтайлы деп есептейді.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!