Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция



Лекция жоспары:

1. Уақытша тәртіп (1944—1946 жж.) және Төртінші республика кезеңі (1946—1958 жж).

2. Бесінші республика.

Әдебиеттер:

1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.

2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.

3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.

4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.

5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.

6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.

7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.

1. Уақытша тәртіп кезеңі(1944—1946 жж.)

Қарсыласу қозғалысы Франциядағы соғыстан кейінгі партиялық-саяси жүйенің қалыптасуы мен жаңа конституцияның сипаты-на өте үлкен әсер етті. Уақытша үкіметтің күрамына карсыласуға қатысқан негізгі саяси партиялардың — коммунистік партияның, социалистік партияның, католиктік партия Халықтық-республикалыц қозга-лыстың (ХРҚ) және басқалардың өкілдері енді. Үкіметті "Азат Франция" қозғалысының басшысы генерал де Голлъбаскарды.

Францияда парламетгік республика орньқты. 1946ж. конституциясы 1789 ж. Адам және азамат қүкықтар туралы деклараци-яда койылған азаматтардың дәстүрлі қүқыктары мен бостандықтарынан басқа еңбек етуге, демалуға, әлеуметгік

қамсыздандыруға, білім алуға, сонымен бірге еңбек-шілердің өндірісті басқаруға қатысуға, кәсіподак және саяси әрекеттерге құқықтарын жариялады.

1947 ж. мамырына дейін үкімет үш басты партияның келісімі негізінде құрылып келді. 1947ж. мамырында коммунистер үкіметтің ауызбіршілігін бұзды деген ай-ыішен біріккен үкімет катарынан шығарылды (олар Рено зауыты жұмысшыларының ереуілін колдаған болатын). Сол уақыттан бастап Төртінші республика қүлағанға дейін үкімет бірнеше партиялардың одақтасуы негізінде күры-лып келді. Кеп партиялык режимнің түрақсыздығының себептерінің бірі болды - 12 жыл ішінде 15 үкімет ауысты. Республиканың жылдан жылға тереңдеп келе жаткан дағдарысының екінші бір себебі — ол елдің билеуші топтарының 1946—1954 жж. Вьетнамда, 1954жылдан Алжирде жүргізген отаршылдык. соғыстары болды.



Экономиканы қалпына келтіру. 1948 ж. өнеркәсіп өндірісі соғыстан бүрынғы деңгейге жетті. Жанарту мен кайта күрудың бірінші жоспары (Монне жоспары) міндетті түрде болмағандығына қарамастан, француз эко-номикасын дамытуда маңызды роль аткарды. Жан Монненің "жаңару немесе күлдырау" деген сөзіоның жоспарлау жөніндегі бірінші бас комиссар лауазымын-дағы кызметін сипаттап берді. Бірақ саяси түрақсыздық, отаршылдық соғыстар, сырткы саясат жолдары туралы мәселелер бойынша қоғамдағы алауыздық елдің эконо-микалық және әлеуметтік дамуының жоспарларын дәйектілікпен іске асыруға бөгет болды.

Әлеуметтік қақтығысулар.50-жж. өлеуметтік какты-ғысулар шиеленісе түсті. Жүмысшы козғалысы бірнеше маңызды мәселелерді өз пайдасына шешті: үжымдық келісімдер туралы зан қабылданды, жалакы артты, еңбе-кақының кепілдік берілген ең төменгі минимумы енгізілді, ол орташа енбекакыньщ жартысына тең бол-ды. Шаруалардың жаппай қозғалысы әділ сатып алу бағаларын белгілеуді жөне салықтарды азайтуды талап етті. Үсак саудагерлер мен қолөнершілердің наразылығы дүкенші П.Пужад басқарған үкіметке карсы қозғалыска айналды.



Алжир дағдырысы.Шын мәнісінде Төртінші респуб-ликаның дағдырысы үздіксіз жүргізілген отаршылдык, соғыстарда анық көрініс тапты. Қоғамдағы алауыздық, негізгі партиялардың катарындағы келіспеушіліктер уль-траотаршылдык пен жаңаотаршылдықты жактаушылар тарапынан шықты. 1958 ж. басында Алжирде жеңіске жетуге қабілетті "күшті билік" орнатуды талап еткен ультраотаршылдар тарапынан қастандық дайындалып жатты. Қастандық үйымдастырушылар елде тәртіп ор-натуға күші келеді деп генерал де Голльді билік басына шақыруды талап етті. 1958 ж. 13 мамырда олар Ал-жирде бұлік шығарып, билікті де Голльге беруді талап етті. 1 маусымда Үлттық жиналыс де Голль үкіметіне сенім білдіріп, оған төтенші уәкілеттіліктер беріп, жаңа конституция жасауына келісті. Осыдан соң Үлттык жи-налыс өз кызметін тоқтатты. Төртінші республика кезеңі осылай бітті.

Бесінші республика.

Де Голль жасаған жаңа конституцияны 1958 ж. қыркүйекте өткен референдумға қатыскандардьщ 79% мақүлдады. Оның негізінде екі турдан туратын мажори-тарлық жүйе бойынша Үлттык жиналыстың сайлауы өткізілді. Сайлау қарсаңында де Голльдың жактастары "Жаңа республиканы корғау одағы" деген атпен жаңа саяси партия қүрған болатын. Сайлауда олар "төуел-сіздермен" бірлесіп, жиналыстағы орындардын көпші-лігіне ие болды. Желтоқсанда де Голль президент бо-лып сайланды.

1962 ж. президентті сайлау тәртібіне өзгеріс енгізілді. Жаңа заңға сәйкес президент бүкілхалыктың дауыс беру жолымен сайланатын болды, бұл оны Үлттық жиналы-стан жоғары койды.

Де Голль өз қолына барлык билікті топтастырды. Негізгі мәселелер бойынша ол референдумға жүгінді, бірнеше маңызды мәселелерді бүкілхалықтық дауыс бе-руге үсынды. Ол ішкі және сыртқы саясатты және Алжирге байланысты саясатты да жеке өзі басқарды. "Жеке билік" режимі осылай орнады. 1960 ж. Францияның Африкадағы 14 отарына тәуелсіздік берілді. Уль-траотаршылдардың карсылығын жеңіп және Алжирдегі әскер басшыларының бұлігін басып, де Голль Алжир республикасымен келіссөздер бастады, сөйтіп 1962ж. наурызда Әвиан қаласында Алжирге тәуелсіздік беру туралы келісімге цол қойылды.

Отаршылдық соғыстарды бітіріп, де Голль және Франция үкіметі де Голльдың ең басты арманы - тәуелсіз сыртқы саясат пен экономикальщ жөне әлеуметтік жаңарту жолындағы Францияның буры-нгы щылыгын қалпына келтіруді іске асыруға кірісті. Сыртқы саясаттағы маңызды іс-әрекеттер Франциянын НАТО соғыс ұйымынан шығуы, американ әскери база-ларын елден өкеттіру болды. Де Голль Вьетнамға аме-рика интервенциясын айыптады.

Экономиканы жаңарту.Францияның ұлылығын қалпына келтіру жөніндегі өз идеясын іске асыра отырып, де Голль экономиканы жаңартудың кең жоспарын іске асырды. Жалпы үлттық маңызы бар салалардағы (көмір шахталары, металлургия көсіп-орындары, көлік, электростанциялары т.б.) мемлекеттік кәсіпорындар қызметі министрліктер тарапынан катаң реттелінді. Дәл осы мезгілде жаңарту жеке кәсіп-керлердің алдына мемлекеттік кәсіпорындармен бірлесе отырып және мемлекет тарапынан көрсетілетін ұйым-дастырушылық және қаржылай көмекке сүйене оты-рып, самолет күрылысын, атом энергетикасын, космос-тық техника мен ракета күрылысын түбегейлі өзгерту міндетін койды.

Франция экономикасын терең күрылымдық өзге-рістерден өткізді, техникалық жаңартуды іске асырып, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін орташа батысеуропалық деңгейден асырды.

Ауыл шаруашылығында маңызды өзгерістер орын алды. Франциядағы бүрыңғы үсақ және жері аз шару-алардан фермерлік қалыптасып, кооперативтік қозғалыс нығайды, оларға мемлекет тарапынан елеулі көмек көрсетілді Ауыл шаруашылығьшьщ қүрылымы түбегейлі өзгеріске үшырады. Ол ауыл шаруашылығына қызмет ететін өңдеуші және басқа да өнеркәсіппен тығыз байла-нысты қазіргі заманғы тауарлы фермерлік өндіріске ай-налды

1968 ж. мамыр дағдарысы. Бірак экономиканы жаңарту мен кыска мерзім ішінде осылай тез дамудың жағымсыз салдарлары де болды. Дәстүрлі күрылымдар-ды бүзу жүрттың барлығьша бірдей үнай қоймады, жаңа жағдайлар мен өзгерістерге бейімделе алмағандар да жеткілікті болды. Бизнес пен еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеулер жүртты жалықтьфды, әлеуметтік саладағы артта қалушылық, инфляция түңілушілік ту-ғызды. Енді мүның барлығы әлеуметті жарылыс дайын-дады. Тек оны түтандыру ғана қажет болды.

Париж студенттерінің білім беруді реформалауды та-лап еткен бас көтеруі 1968 ж. саяси дағдарысына түрткі болды. Ереуілші студенттер университет ғимаратына бекінді. Полиция студенттерді аюандықпен үрып-соқты. 13 мамырда жүз мыңдаған париждықтар де Голль режиміне қарсылық ереуіліне шықты. Сұраунамалар ас-тана халқының 4/5 студентгерге ниеттес екендігін көрсетті кейбір ультрарадикалдық "гошистік"1 басшылар поли-цияны күш қолдануға итермелеп, арандатушылық әре-кеттер қолданып бакты, өздерінің кенет революция жа-сау ниеттерін іске асьфу үшін тобырды кауіпті әрекет-терге итермеледі.

Бірақ елде революциялық жағдай жоқ болатын. Эко-номика өрлеу үстінде болды. Үлт рухани қайта түлеу үстінде еді. Әскери бөлімдерге жасырын барып кайтқан де Голль олардың өзін қолдайтындығына көз жеткізді. Парижге оралысымен де Голль Үлттық жиналысты та-ратып жіберді де, 23 маусымға жаңа сайлау тағайында-ды, реформалар өткізуге және "жана коғам" құруға уәде берді. Сайлауда голлистер партиясы женіске жетті, ол "Республиканы қорғау жөніндегі одақ" (ЮДР) деген жаңа ат алды. Барлық солшыл партиялар - коммунис-тер, радикалдар сайлауда үлкен сәтсіздікке үшырады. Аса солшыл үйымдар дауыстардын 5% жинай алмаған-дықтан, Үлттьщ жиналыс та бірде бір орынға ие бола алмады.

Де Голльдің орнынан кетуі. 1968ж. мамыр оқигалары де Голль үшін күтпеген және ауыр соққы болды. Сайлауда жеңіл шыққанына қарамастан, ол әлеуметтік кақтығыстарды басу және оларды келісім мен әлеуметтік әріптестік арнасына түсіру үшін кейбір реформалар жүргізу қажеттігін түсінді. Олардың ішіндегі ең алғаш-кыларының бірі "катысу" саясатының рухындағы жергілікті баскаруды реформалау болды. 1969 ж. сәуірде сайлаушылардың көшпілігі жергілікті баскаруды рефор-малаудың жобасын қабылдамай тастады. Дауыс берудің корытындысы белгілі болысымен де Голль орнынан түсетіндігін хабарлап, жеке иелігіне кетіп қалды. 1970 ж. карашада генерал де Голль қайтыс болды.

Франция голлизм дәуірінен кейін.1969 ж. Францияның жаңа президенті болып генералдың жакын серік-терінің бірі Жорж Помпиду сайланды. Сайлаудан соң ол өзінің бағытын "Сабақтастық және диалог" деп жария-лады. Формуланың бірінші бөлігі де Голльдің саясатын жалғастыра беретіндігін білдірсе, екінші бөлігі оппозици-ямен жақындасуды меңзеді: үкімет қүрамына "тәуелсіз" республикашылардың басшысы Валери Жискар д"Эстен шақырылды.

Сыртқы саясаттағы сабақтастық сыртқы саяси пози-цияларды нығайтуға және тәуелсіз саясат жүргізуге алы-нған бағытты жалғастыруды білдірді.

Диалог саясаты еуропашыларға "еуропальщ құры-лыс" мәселелерінде ымыраға келетіндікті карастырды. Франция Англияның Ортақ рынокке кіруге қарсылы-ғын тоқтатты.

Әлеуметтік-экономикальщ стратегияда жаңа либера-лизмге арқа сүйеу, "рыноктық катьшастардьщ тиміділігін калпына келтіруге" карай бетбұрыс орын алды.

Рынокке қарай бұл бетбұрыс және де Голль уәде берген біртіндеп "жаңа коғам" мен әлеуметтік әріптестік бағдарламасынан бас тарту үкіметке кертартпа күштер мен ЮДР тарапынан кысымның нәтижесінде орын алды. Нәтижесі көп күттірген жоқ: 1973 ж. наурыздағы сай-лауда ЮДР 4 млн дауыс жоғалтты. Түңғыш рет гол-лизм дағдырысы ашық көрініс тапты. 1974ж. прези-дент Ж. Помпидудің кенет қазасы процесті аяқтады.

70-жж. Франциядағы партиялық-саяси күштердің қайта топтасуы.Жетіжылдық мерзімге Францияның президенті болып Жискар д'Эстэнсайланды, ол "тәуелсіз" республикашылдар тобының және олармен бірігіп "Француз демократиясы үшін одақ" деп аталған басқа да үсак партиялардың бірлестігінің басшысы бола-тын. Премьер-министр қызметіне "Республикаға қолдау көрсету бірлестігі" (ОПР) деп аталатьш басқа саяси парти-яның басшысы Жак Ширактағайындалды. Ол голлистік партияның калдықтарын сақтап калу және өзінің маңай-ына елдің оңшыл саяси қанатын біріктіру мақсатын көздеген болатын. Парламент сайлауы Франциядағы партиялық-саяси жүйенің қайта қүрылғанын көрсетті. Кейінгі 2 жыл ішінде парламенттік одақтарды қүрып келген оңдаған парламенттік топтардың орнына саяси күштердің ірі партияларға бөлінуі келді: ОПР, СФД, социалистік партия және компартия шамамен 20—25% дауыс алды.

Төртінші Республика түсында пайда болған көппарти-ялык жүйе 70—90-жж. екі басты оңшыл және солшыл партиялардың қосүйектік жүйесімен ауысты. Президенттер В.Жискар д'Әстен, Ф.Миттеран, Ж.Ширак бірінен соң бірі либералдық, солшыл және оңшыл саяси ағымдардың атынан өкілдік етті.

Президент В.Жискар д'Эстен (1974—1981) мемлекет басында киын жылдарда отырды. Дүниежүзілік экономикалық және қүрылымдық дағдарыстар (1974—1975,1980—1982) басталды, ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі өріс алды.с жүзінде жаңа бастамаларды талап еткен дүние-жүзілік тарихтың жаңа дәуірі басталды XX ғ. соңғы ширегінде бірінің орнына бірі келген Франция президент-терінің ойында бір ғана ғаламдық және үлттық проблемалар түрды, олардың өрқайсысы бұл проблемаларды өзінше шешуге әрекет жасады.

В.Жискар д'Эстен Францияның саяси өміріндегі либералдыц агымның өкілі еді. Оның идеясы "революциясыз, реформалар жолымен" "үлгілі либералдык, коғам" орна-ту болды. 70-жж. төменгі жалақы мөлшері бірнеше мәрте өсірілді. Сайлау цензы 20-дан 18 жаска дейін кемітілді, аборт жасауға рүқсат етілді және басқа да бірнеше реформалар іске асты. Президент экономика-лық дамудьщ рыноктік әдістерін жақтады.

Социалистік және коммунистік партиялардың 1972 ж. қабылданған бірлескен бағдарламасы елдің әлеуметтік экономикалык мәселелерін шешудің басқаша жолын үсынды. 1981 ж. сайлауда солшылдар тек елдің президенттігіне Ф.Миттеранды сайлап кана коймай, Үлттық жиналыста басьш көпшілік алды 1948 жылдан кейін бірінші рет коммунистерге бірлескен үкімет қүрамына енуге үсыныс жасалды. Үкіметті социалист П.Моруа басқарды. Оның мақсаты бірлескен бағдарламаға сәйкес барлық банктер мен ірі өнеркәсіптің бір бөлігін (Франци-яның 9 аса ірі корпорациясын) мемлекет қарамағына алу, әлеуметтік шиеленісті босаңсыту, әлеуметтік теңсіз-дікті азайту, толық жүмыспен қамтамасыз ету болды. Кейнсшілдік бағытта төлем кабілетті сүранысты артты-руға бағытталған маңызды реформалар іске асырылды. Бірақ елде жүмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталынып қалды.

1984 ж. Үлттық жиналыстың сайлауында оңшыл партиялар көпшілікке жетісті, президент — социалистің түсында оңшыларды үкіметі күрылып, ол үлттық меншіктен айыру процесін бастады және бюджеттің үлкен дефицитін қысқарту мақсатымен қатаң үнемдеу тәртібін орнатты, бұл консерватизмге бетбүрыстьщ көрідісі еді.

Бұл жағдай Ф.Миттеранға 1988 ж. президент сайлау-ында да жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Солшыл призе-дент пен оңшыл үкімет арасында карама-карсы түру жағдайы президенттің икемді саясатьшың аркасында аса күшті дағдарыстарға үштаспады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!