Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарлары



АҚШ соғыстан кейін экономикалық және әскери жағынан капиталистік дүниедегі ең қуатты мемлекет болып шықты. Мұнда капиталистік дүниедегі өнеркәсіп өнімдерінің жартысынан көбі өндірілді. Америка әскерлері Германияға, Жопонияға, Италияға және басқада елдерге орналастырылды. Жер шарының түпкір - түпікіріне 500 – ден астам американың соғыс базарлары жасақталды. Америка флоты күндіз – түні мұхиттар мен теңізді жүзіп жүрді. АҚШ атомдық құруға бірден – бір ие болды. Ф. Рузвельттің қайтыс болуына байланысты 1945 ж. 12-сәуірде қызметке кіріскен АҚШ Президенті Гарри трумэн АҚШ өзіне дүниежүзі үшін жауапкершілікті алды деп мәлімдеді: «Бейтараптықтың», оның бергі жағында, 30-жж. Оқшауланудың күні артта қалды. Осыдан бастап АҚШ дүниежүзілік саясаттың орталығына айналды.

Реконверсия және мемлекеттік саясаттың соғыстан соңғы бағытын таңдау. Бейбіт өмірге оралу реконверсия немесе кері қайта құру деп аталды және мемлекеттік саясат пен ондаған миллион американдықтардың өмірлеріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Миллиондаған солдаттар отбасыларына және бейбіт өмірге қайта оралды. 1947 жылы армия қатарында 12 миллион солдаттың тек 1 миллионы ғана қалды. Армия қатарынан оралған солдаттарды жұмысқа орналастыру соғыстан кейінгі қайта құрудың негізгі мәселелерінің бірі болды. Соғысқа қатысқандарды орналастыру мәселесі бойынша бірнеше заң және үкімет шешімдері қабылданды. Соғыс кезіндегі баға мен еңбекақыға орнатылған бақылауды біртіндеп алып тастап, «толық жұмыспен қамтамасыз ету», еңбекақының сағаттық төлем мөлшерін арттыру, салықтарды қайта қарау сияқты аса ірі шешімдер қабылданды.

Соғыстан кейігі қайта құруда көп дау туғызған мәселерінің бірі соғыс кезіндегі салынған мемлекеттік зауыттардың келешегі туралы мәселе болды. Бұл жерде әңгіме американ экономикасындағы мемлекеттік сектардың тағдыры туралы көтерілді. Соғыстың 5 ж. Ішінде мемлекет өңдеуші өндірістің зауыттарын салуға 17 млрд. Доллар жұмсап, 2800-нан аса кәсіпорын салдырған болатын. Бір жылдан кейін олардың барлығын 250 корпорация жарты бағаларына сатып алды.



Ірі бизнес АҚШ – тағы өндіріс капиталының басты өкілі болды, мұнда Еуропадан ерекшелігі бұл салада мемлекеттік сектор жоқ еді. Дегенмен соғыстан кейінгі жылджарында мұнда ұсақ және орта кәсіпорындарының секторыда едәуір өріс алды. Елде 9 млн. жеке меншік фирмалар жұмыс істеді.

Г. Трумэн әкімшіліәгінің ішкі саясаты қайшылықтарға тола болды. 1946 ж. Қосымша сайлаулармен қайта сайлауларының нәтижесінде демократтардың реформистік саясатымен рузвельттік реформалауға қарсы шыққан республикашылардың позициялары күшейе түсті. 1947 ж. конгресс кәсіподақ қызметін және ұйымдар құру, ереуілдер ұйымдастыру құқын елеулі мөлшерде тежеген Тафт – Хартли заңын қабылдады. Бұл АҚШ саяси өмірінің жалпы оңға бетбұрыс жасағандығының көріністері болды. Бұған кеңеске қарсы науқандарды, сенатор Маккартиұйымдастырған бейтараптықты тексеруді (50 ж. саяси шыдамсыздық көрінісін білдіретін «маккартизм» ұғымы осыдан шыққан) қосуға болады. 1948 ж. президент сайлауында Г. Трумэн «әділетті бағыт» бағдарламасын ұсынды. Сайлау алдында Тумэн Тафт - Хартли заңына тиым салып, оны жоюға, әлеуметтік қамтамасыздандыруды кеңейтуге уәде берді. Бірақ президент тиымына қарамастан, Тафт – Хартли заңын екінші рет конгресс арқылы қабылданды, қара нәсілді американдықтардың азаматтық құқықтары туралы, денсаулық сақтау қауыпсыздандыруын енгізу, оқу орынддарына мемлекет тарапынан көмек беру туралы т.б. заңдар қабылданбай қалды.



«Қырғи қабақ» соғыстың басталуы, КСРОмен теке тірес және Еуропадағы капитализмнің іргетасын қайта қалпына келтіруге қамқорлық жасау елдің ішіндегі реформашылдық әрекеттердің қанат жаюына мүмкіндік бермеді. Ақырында, АҚШ 1950 ж. маусымында басталған Корея соғысына араласты.

1952 ж. президент сайлауының қарсаңында демократиялық партия елге Рузвельт саясаты қалдырған реформашылдық мұраның көп бөлігінен айырылып қалған болатын. Көп жылдар бойына оппозицияда болып келген республикалық партияға үкімет басына келу мүмкіндігі туды. Республикашылдар бұрын ешқандай партияға қатысы жоқ атақты генерал Д. Эйзенхауэрді кандидат болуға шақырды. Ол Кореяға барып, көпшілік қолдамайтын соғысты тоқтатуға уәде берді. Бұл сайлауда республикашылдарға жеңіс әкелді. Д. Эйзенхауэр президенттікке 1956 ж. қайта сайланды. Осы жж. (1952-1960) республикашылдар әкімшілігімен оппозициядығы демократиялық партиялардың арасында саяси бағыт саласында ешқандай елеулі айырмашылықтар байқалдмайды.

Жж. реформашылдық.

Д. Эйзенхауэр әкімшілігі 50-жж. аяғында сенатор Маккарти басқарған сенаттың қосалқы комиссиясы тарапынан демократияшыл қайраткерлерді шектен ттыс қудалауға тиым салды. Аты дүние жүзіне соғыс қәупін төндірген дүдәмел тұжырымдарымен тығыз байланысты мемлекеттік джепартаменттің басшысы Даллес қызыметінен кетті.

Америкаға жаңару қажет болды. 1960 ж. президент сайлауынның қарсаңында демократтар осыны ұсынды. Олар Джон Кеннеди ұсынған – «жаңа шептерге» деген ұранмен жеңіске жетті. Кеннеди мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметін белсенділендіру жөніндегі кейнсшілдік теорияны қолдады. Оның «жаңа шептер» жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы «тиімді сұраныс » туралы кейнсшілдік теорияның арнасында болды және жаппай өндіріс пен жаппай тұтынудың тепе-теңдікте болуын көздеді.

1960 жж. 22-қарашасында Кеннедидің өлтірілуі Ақ үй басшысыныың ауысуына әкеп соқты. Ол вице-президент саясатын жалғастырды. АҚШ – та аса маңызды әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. «Кедейлікпен күрес» бағдарламасының негізінде табысы аз отбасыларына көмек көрсету туралы заң қабылданды, арзан үйлер салу, білім беру жүйесін дамыту бағдарламалары іске асырылды, жасы ұлғайған азаматтарға медициналық қауіпсіздендіру енгізілді, ал табысы кедейшілік деңгейінен төмен отбасылар медициналық көмек көрсетуді жеңілдіктерімен пайдаланатын болды. Нәсілщілдік кемсітуге шектеу қою жнінде де, өмірге сай келетін заңдар қабылдады. Бұл кемсітушілікке аса күшті әлеуметтік қарсылық қозғалысы – қаранәсіл американдықтардың бас көтерулеріне жауап шаралар болды. Қозғалысқа Мартин Лютер Кинг басшылық жасады. Бұл заңдардың ішіндегі ең маңыздысы 1964 ж. жұмысқа жалдау және көпшілік орындарда қызмет көрсету кездерінде кемсітушілікке тиым салу туралы заң болды. 1965 ж. қаранәсілді американдықтардың сайлау құқықтарын қорғау туралы заң, ал 1968 ж. тұрғын үйлерді сату және жалға беру кезінде нәсілдерді кемсітуге тиым салу туралы заң қабылданды.

Еңбек қатынастарына байланысты бірсыпыра шаралар қабылданды, олардың ішінде «Әділетті жалдау және еңбек жағдайлары туралы» заңды атап өтуге болады. әлеуметтік бағдарламалады іске асыру мемлекеттік шығындарды анағұрлым арттыруды талап етті. Осы әлеуметтік мақсаттарға 60-жж. федералдық бюджеттің 40 % дейін жұмсалды.

Бірақ әлеуметтік бағдарламаладың іске асырылуы барысында тіпті АҚШ сияқты бай капиталистік елде елеулі кедергілер мен жетіспеушіліктер орын алды, бұл сыртқы саяси мәселелрге байланысты болды. 60-жж. аяғында АҚш – тан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан Вьетнамдар 500 мыңдай американ армиясы соғысып жатты. Вьетнамға интервенция жасау келесі президенпен конгресс сайлауында демократтарға жеңіліс таптырды.

Жж. Америка.

Бұл жылдары бүкіл дүние жүзі сияқты АҚШ – та ғылыми – техникалық революцияның жаңа кезеңінде экономикалық және әлеуметтік саясаттың ауысуы нәтижесінде пайда болған дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық дағдарыстарға байланысты ірі құрылымдық өзгерістерді басынан кешірді. Сонымен бірге осы кезде АҚШ-та саяси жанжалдар мен Ветнамдағы жеңілісі үшін күйзеліс (вьетнам синдромы) орын алды.

1968 ж. сайлауда республикашылар жеңіске жетті. Ричард Никсонпрезидент болып сайланды. 1972 ж. ол бұл орынға қайта сайланды, бірақ 1974 ж. президент орнынан кетуге (демократтардың штаб - пәтеріне Никсонның адамдарының тыңдаушы қондырғылар орнатқандығына байланысты Уотергейт жанжалы) мәжбүр болды. 1976 ж. президент болып демократиялық партияның кандидаты Джимми Картерсайланды. Америкадан үкіметтердің экономикалық саясатында кейнсілшіліктен бастап, неоконсерватизмге дейінгі маңызды ауытқушылықтар орын алды. 70-жж. әр түрлі көмек көрсету жүйесі өріс алды: табыстары кедейліктің ресми деңгейінен төмен отбасылар мемлекеттен арнайы көмек алып тұруға құқылы болды, бұл жәрдем ақылар әлеуметтік қауыпсыздандыру жүйесін толдықтырды. Одан басқа азық-түлік тағамдарынан көмек алушы адамдардың жалпы саны 70-жж. ортасында 33 млн-ға жетті. Дәл осы кезде Никсон әкімшілігі кәсіподақтарға қарсы қатаң саясат жүргізіп, олардың белсенділігін тежеуге арналған бірнеше заңдар қабылданды.

Республикашылдардың сыртқы саясаты да қайшылықтарғатола болды. Вьетнамдағы соғысты жеңіске жете алмайтындығына көзі жеткеннен кейін, 1973 ж. тоқтатуға тура келді. 70-жж. кеңес-американ қатынастарында елеулі өзгерістер болды. Мәскеуде КСРО мен АҚШ арасында Ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу туралы шартқа және стратегиялық шабуыл қрау жарақтарына шектеу қою саласында кейбір шаралар туралы уақытша келісімге қол қойылды (ОСВ) жасалды.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!