Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ырғи-қабақ» соғысы: шығу себептері, кезеңдері, мәні



Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі алғашқы айларда КСРО, Англия және АҚШ арасындағы бұрынғы одақтастық қарым-қатынастар сақталып қалған сияқты болды. Бірақ бұл тек көрер көзге ғана солай еді: бұл елдердің идеологиялары, сыртқы саясат жөніндегі доктриналары және көптеген басқа да жағдайлар бір-бірімен тек қана сыйыспайтын емес, сонымен бірге түбегейлі қарама-қарсы болды. Әрине , мұндай жағдайа бір-бірімен теке тіресе түспей-ақ, әр жақа өздері қалаған жолымен дами беруге болатын еді. Бірақ мұндай келешек ол кезде мүмкін емес болатын. АҚШ (одан төмендеу дәрежеде болса да Англия да) пен КСРО соғыс-экономикалық жағынан едәуір нығайды, бұл елдердің әрқайсысының билік орындары соғыстан кейінгі дүниедегі жетекшілік рөлден дәмелі болды. Ал бұл өздерінің талаптарының әншейін жеңіл-желтек емес екендігін білдіру үшін сыртқы саясат саласында және басқа да нақты қадамдар жасауды қажет етті. Сондықтан қарым-қатынастардың ауық-ауық шиеленісуі сөзсіз еді.

1946 ж. 5 наурызда Черчилль Американ қалашығы Фултонда сөйлеген сөзінде КСРО бұрынғы одақтастық келісімдерді бұзып, Шығыс Европаның үстінен «темір тор» орнатты деп мәлімдеді. Черчиллдің Фултондағы сөзін «қырғи-қабақ соғыстың» басталуы деп есептеу қабылданған, шын мәнісінде ол бұдан бұрынырақ басталған болатын. Дүниежүзі бірнеше ондаған жылдар бойы екі аса қуатты алып мемлекет – КСРО мен АҚШ–тың айналасына топтасқан екі лагерьге бөлінді. Экономианың дамуына көп зиян тигізген жанталаса қарулану жарысы кең өріс алды. Жанталаса қарулану жарысы соғыста АҚШ-қа қарағанда аса күшті зардап шеккен КСРО-ның барлық адам және материалдық ресурстары соғыс саласында тепе-теңдікке жетуге жұмсалып, ақыры оған қол жетті. Американдықтардың ядролық манополиясын жою жолындағы күрес кеңес ғалымдарын атом бомбасының құпиясын ашуға алып келді. 1949 жылы КСРО-да тұңғыш атом бомбасын сынауы сәтті өтті. Одан кйінгі уақыттарда қазіргі заманғы қару-жарақтардың небір түрлері жасалды. Соған қарамастан 40-жылдарының соңына қарай КСРО мен АҚШ-тың алып мемлекеттер деген мәртебелі халықаралық көлемде мойындалды, олардың әрқайсысының әскери соғыс күші қалаған мелекеттердің күштерін қосқанда да олардан әлде қайда артық болды. Д.Эйзенхауер былай деп еске алады: «АҚШ пен Ресей соғыстан жер бетіндегі ең аса қуатты мемлекеттер есебінде шықты. Бірақ АҚШ пен КСРо идеология жағынан бір-бірінен қарама-қарсы ұстанымдарда болды. Екі ұлы мемлекеттің басқару жүйелерінің арасындағы осы айырмашылықтардың салдарынан дүниежүзі екі, бір-біріне дұшпан, лагерь қалыптасты, ал осы келіспеушіліктер келешекте тағы бір қырғын соғыстың шығуына себеп болулары мүмкін». Жанталаса қарулану жарысының барысында біртіндеп күштердің арақатынасы тепе-теңдік жағдайында жаңа үлкен соғыста ешкімнің де түпкілікті жеңіске жете алмайтындығы, бірақ оны дүниежүзілік апатқа алып келетіндігі анық бола бастады. Содықтан да екі алып мемлекет те қарама-қайшылықтарды шектен тыс шиеленістірмей, өздерінің шектерін «қырғи-қабақ» соғыс шеңберінде жаңа одақтар тарту, локалдық (шектелген) қақтығыстарды жеңіске жету тағы басқалар есебінен нығайтуды көздеді. Сол кездегі өздерінің КСРО-ға байланысты саясатын Америка басшылары тойтару деп атады. «Қырғи-қабақ» соғыстың мәні дүниежүзінде өз күшімен, әрекетімен мемлекеттерді жаулап алу еді.





50 - 60 жж. халықаралық қатынастар. «Қырғи – қабақ соғыс» 50 ж. арасындағы ерекшеліктері.Соғыстан бейбітшілікке өту қарама – қайшылықтарға толы болды. Жеңімпаз мемлекеттер, ең алдымен КСРО мен АҚШ, бейбіт реттеу мәселелерін соғыс кезінде жасасқан келісімдерге сәйкес жүргізулері тиіс еді. Бірақ нақты халықаралық жағдайларда соғыстан кейінгі мәселерде шешуде олардың көзқарастарының әртүрлілігі мен өздерінің ұлттық мүдделерін қорғауғ бүйрек бұратындығы көрініс беріп отырды. Бұл мүдделер түбімен бір – біріне қарама – қарсы болатын себебі КСРО мен АҚШ әртүрлі идеологиялық принцптер мен позицияларды ұстанды. Ұлттық қауіпсіздікті олар өз жүйелерінің әлемде деңгейде салтанат құру деп түсінді.

Бір жағынан, дүниежүзілік революция және капитализмнің орнына социолзмнің орнауы, екінші жағынан, капиталистік қоғамның нығаюы және либералдық демократияның таралуы және қоғамының болашағы туралы осы екі қарама – қарсы тұжырым КСРО мен АҚЩ арасындағы қарама- қарсылықтың ғаламдық сипатын анықтады. Тіпті аймақтық қақтығыстарда осы екі ұлы мемлекеттердің қатысуынсыз өтіп көрген емес. Осыдан келіп Американ сыртқы саясатының тұжырымдыры комунизмді сыртқа лақтырып тастау, бастырмалар кек алу, отпен ойнау, шұғыл жауап беру, шектелген ядролық соғыс деп аталды. Бұл терминдер АҚШ – тың әр кездегі стратегиялық тұжырымдарын бейнеледі, бірақ олардың жалпы мәні бір болды – ол әлемдік капиталистік жүйені сақтау қос өрісті дүниедегі жанжалдарды әскери күш қолдану және қорқыту саясаты арқылы шешу болды. КСРО өзінің стратегиялық мақсаттарын мұндай ашық түрде жарияламағанымен, өзінің ықпал жүргізетін аймағын қорғап, әлемді бөлу және халықаралық қатынастарға «бейбітшілік, демократия және социолизм күштері » мен «реакция, империализм және соғыс күштері » деп шектеу бағытын ұстады. Крея соғысы 1951 – 1953 дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы тұңғыш қауіптегі халықаралық дағдарыс болды. Сайып келегенде «қырғи – қабақ» соғыстың басты белгісі – ол әлемдік саясаттағы текетірес болды, одан басқа белгілері: екі ұлы мемлекеттің айналасында әскери соғыс одақтарының құрылуы НАТО және ВШҰ жанталаса қарулану, онң ішінде ракеталық ядролық қарулану саласында әскери күш тұрғыдан ойлау бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жаудың бейнесін жасау.

Қақтығыстар мен сыртқы саясаттағы авантюризм. 50 – 60 – жж. кеңес – американ қатынастарында дұшпандық пен дау – жанжалдар басым болды. Екі елдің арасындағы қатынастардың негізінен халықаралық қатынастардың бағытын анықтайтындығын ескерсек, бұл аса қауіпті жағдай еді. Тек бірнеше аса қауіпті халықаралық дағдарыстарды бастарынан кешіргеннен кейін ғана екі жақ халықаралық шиеленісті бәсеңдетудің қажеттігін түсінуге жетісті.

Таяу Шығыс дағдарысы.Егер Еуропада әскери –соғыс одақтарының құрылуына байланысты белгілі тепе – теңдік орнаса, Таяу Шығыс аймағы 50 – жж. тұрақсыздық пен аса қатты қарама – қарсылықтаралаңына айналып, өз құшағына Еуропаның жетекші капиталистік елдерін, КСРО мен АҚШ – ты тартты. Қарама – қарсылықтар түйіні бұл жерде екінші дүниежүзілік соғыс бітісімен – ақ түйілген болатын. Сол кезде Сирия, Ливан, Трансиордания тәуелсіздік алд да , Ұлыбритания арабтар мен Еврейлер мекендейтін Паоестинаны басқару жөніндегі мандатын сақтап қалды. БҰҰ – ның шешімі бойынша 1947 ж. қаршада Палестинаның онына екі – араб және еврей мемлекеттері құрылуға, ал Иерусаоимге жұрттың барлығына ашық еркін қала мәртебесі берілуге тиіс болатын. 1948 ж. еврей мемлекеті құрылды да араб мемлекеті құрылмай қалды. Аоабтар еврей мемлекетін танудан бас тартты. Таяу шығыстағы қақтығыстарға біраз Еуропалық елдер, АҚШ пен КСРО араласты. КСРО арабтарға болысты. АҚШ 1948 – 1949 жж. бірінші араб – израил соғысында соңғысында қолдау көрсетті. Соғыс араб елдерінің жеңілісімен аяқталды. Израиль араб мемлекетін құру үшін бөлінген аймақтан тыс орналасқан араб жерлерін басып алды. Халықаралық шиеленістің Таяу шығыстағы ошағы осылай пайда болып, бұл жан жал осы уақытқа дейін шешімін таппай келеді.

Египетке қарсы үштік басқыншылық.Қиыр Шығысты дау аймағына айналдыру мұнымен шектеліп қойған жоқ. Аймақтағы революциялық қозғалыстардың терңдеуі француздар мен британдықтардың осы жерлердегі мүддесіне қауіп төндірді. 1952 ж. Египетте революуия болып өтті, монорхия құлатылып. Шетел компанияларының қызметіне шектеулер қойылды. 1956 ж. Насер үкіметі ағылшын – француз капиталы басымдық құрған Суэц каналы компаниясын мемлекет қарамағына алу ниетінен қайтуға мәжбүр ету мақсатымен Египетке қарсы ағылшын – француз – израиль басқыншылығы басталды. КСРО, АҚШ әне БҰҰ басқыншылықты айыптыды. Оның үстіне КСРО егер басқыншылық тоқтатылмаса, Египетке көрсетілетіндігін және еріктілер жіберуге дайын екендігін мәлімдеді. Үш жақты басқыншылықтың сәтсіздікпен аяқталуы Англия мен Францияның бұл аймақтағы позицияларын нашарлатты. Керісінше, КСРО беделі артты. Бұрынғы отаршыл мемлекеттердің мүдделеріне 1958 ж. Ирактағы монархияны құлатқан революция жаңа соққы берді. Бұл жадайларда Эйзенхауэр доктринасы жарық көрді. Оның мазмұны Ұлыбритания мен Францияның Таяу Шығыста жеңіліс табуларына байланысты бос қалған кеңістікті АҚШ толтыруға тиісті деген тұжырым болды. Ирак пен СИрия тарапынан шабуылдан қорғау қажет деген сылтаумен Ливан мен Иорданияға американ және ағылшын әскерлері енігізілді.

Жоғары дәрежедегеі кеңес – американ кездесулерінің сәтсіздігі.50 – жж. екінші жартысында КОКП ХХ сеьзінен және Сталиннің жек басына табынушылықтың әшкереленуінен кейін КСРО сыртқы саясатта бірсыпыра жаңа бастамалар жасады. Армия 2 млн адамға қысқартылды., ел ішінде реформалар жасау жарияланды, мемлекет басшыларының кеңес – американ кездесулеін өткізуге ниет білдірілді. Бірақ бірнеше халықаралық дау – жанжалдар бұл бастамаларды аяқсыз қалдырды. 1960 ж. мамырдың ортасына жобаланған Н.С. Хрущев пен Д. Эйзенхауэрдің кездесуі болмай қалды. Кездесу қарсаңында АҚШ 1 мамырда кеңес – жойғыш самолеттері жете алмайды деп ойлаған биіктікте КСРО ауа кеңістігіне барлаушы – самолет ұшырды. Бірақ самолет атып түсіріліп, ұшқыш тұтқынға алынды, арандату әшекерленді. Жоғарғы дәрежедегі кездесу жайына қалды.

Кариб дағдарысы.1960 ж. қарашадағы сайлауда демократиялық партия жеңіске жетіп, Дж. Кеннеди әкімшілік басқарды. Президенттің бейбітшілікке ұмтылу туралы мәліметтеріне қарамстан, текетірес жалғаса берді. 1961 ж. сәуірдегі Куба контрреволюционерлері десантының АҚШ флоты мен авиациясының жәрдемімен аралға түсірілуімен Кариб дағдарысы басталды. Десант теңізгі қуып тасталды, бірақ АҚШ Кастро режимін құлату жоспарынан бастартпады. Куба үкіметімен құпия келіссөздер нәтижесінде Кубаға орташа қашықтықта әрекет жасайтын кеңес ракеталары орналастрылды. Кеңе үкіметінің бұл әрекеті тек қателік емес, сонымен бірге авантюристік қадам болды. КСРО мен АҚШ -* тың қақтығысуы нақты шындыққа айнала бастады. Тек созылған келіссөздерден кейін ғана тікелей соғыс каупі сейілгендей болды. КСРО өз ракеталарын Кубадан, ал АҚІП өз ракеталарын Түркиядан алып кетті. АҚШ Ку-банын тәуелсіздігіне қол сүқпауға уәде берді.

Теке тірестен келіссөздерге. Кариб дагдарысының бейбіт жолмен шешілуінен 60-жылдардағы кеңес-амери-кан қатынастарындагы бетбурыс басталды. Ашық теке тірестен келіссөздерге және халықаралық шиеленісті бәсендетуші алғашқы келіссөздердің жасалуына көшуді байкатқан бірнеше маңызды күжаттар кдбылданды. 1963 ж г тамызда Үш ортада: атмосферада, космос кеңістігінде және су астында ядролык сынауга тыйым салу туралы у>ш мемлекеттің Мәскеу шартына қол койылды (Фран­ция мен Қытай бүл шартқа қосылмады). Бүл ядрөлық қарулануды шектеу жөніндегі түңғыш келісім еді.

Еуропада көп жылдар бойына 18 мемлекеттің комитеті жиналып, қару-жарактарды, оның ішінде әдеттегілерді де, қысқарту мәселелерін талқылады. 1970 ж. комитет келіспеушіліктерді жеңіп, ядрөлык қаруларды таратпау туралы шартты жасап шығарды, оған 100-ден аса мем-лекет кол қойып, 1970 ж. күнііне енді.

Қосылмау қозғалысы. Үлы мемлекеттер арасындағы қарама-қарсылыктар және оларға Азия, Африка және Латын Америкасы елдерін араластыру жөніндегі әрекет-тер кейбір мемлекеттердің, оның ішінде жакында ғана отаршылдық күлдықтан қүтылған бірсыпыра елдердің басшыларын саяси-соғыс одактарына косылмау, әлемнің жетекші мемлекеттерінің арасындағы дау-жанжалдар-дан аулак болу позицияларын үстауға мәжбүр етті.

Индияның премьер-министрі Дж. Нерудің, Югосла­вия президенті И. Броз Титоның Египет президенті Г.А. Насердің бастамалары бойынша 1961 ж. қыркүйекте Белградта 25 елдің үкімет басшыларының конференциясы болып, онда қосылмау қозгалысының негізі каланды. Қозғалысқа қатысушылардың көпшілігі АҚШ пен КСРО халыкаралық шиеленіс пен жанталаса қару-лану үшін бірдей жауапты деп есептеп, саяси-соғыс одақ-тарына қатыспайтындыктарын, халықтардың отаршылдыққа және әлемдегі экономикалық теңсіздікке қарсы, тәуелсіздік пен бейбіт қатар өмір сүру үшін күресін қолдайтындықтарын мәлімдеді.

70-90 жж. халықаралық қатынастар. Еуропадағы бәсеңсу. 70-жж. жалпыеуропалық про­цесс. 60-жж. соңында Еуропадағы халықаралық катынастар әртүрлі мемлекеттердің шиеленісті бәсендетудің жолдарын карастыру әрекеттерімен сипатталынды. Әскери-стратегиялық тепе-теңдік жағдайында күш қолдану саясатының болашағы жоқ екендігіне көз жетті. Батыстың реалистік тұрғыдан ойлайтын билеуші топтары мен үкіметтерінде келіссөздер жүргізу идеясы қолдау таба бастады.

Еуропалық мемлекеттердің Еуропадағы үжымдық кауіпсіздікті камтамасыз ететін шартгары талқылау жөніңдегі кеңесін шақыру бастамасын Кеңес Одағы мен басқа да социалистік елдер көтерген болатын. Бірақ бұл үсыныстар көбінесе насихаттык сипатта болып, кеңес басшылығыньң теке тіреске негізделген жалпы бағытын өзгерте алмады. Бүл бағыттың бір көрінісі ВШҮ мүшесі бес елдің әскерлерін 1968 ж. ешқандай негізсіз Чехословакияға енгізу болды. Бүл оқиға бәсеңсу процесін біраз уақытқа тежеп тастады. Дегенмен Еуропа мемлекетерінің бей-бітшілік пен кауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы ынтымақтастықка үмытылыстары жалғаса берді.

1969 ж. наурызында ВШҮ елдері жалпыеуропалық кеңесті іс жүзінде дайындауға кірісу жолында барлық Еуропа елдеріне арнап үндеу кабылдады. Бүл бастаманы Батыс Еуропаның бейтарап елдері қолдады. Бүл мәселеде әсіресе Финляндия аса маңызды рөл аткарды, фин үкіметі 1969 ж. мамырда Еуропалык елдерге, АҚШ пен Канадаға Кеңестің шақырылуын үйымдастыруға өз қызметін үсынды. Мемлекетаралық өзара кеңесулер бас-талды, олар халықаралық қатынастарда жаңа қүбылыс-жалпыеуропалык процесті ашты.

КСРО мен АҚШ жәе КСРО мен Батыс елдерінің

арасындағы қатынастардың біршама жақсаруы негізінде алдын-ала пікір алысу басталып, нәтижесінде 30-июльдеде Хелъсинкиде мемлекет басшылары деңгейінде Еуропадагы бейбітшілік пен цауіпсіздік жөніндегі Кеңес апіылды, ал 1975 ж. 1 тамызда Кеңестің Қорытынды актісіне кол кою салтанаты болып өтті.

Қорытынды акт шарт түріндегі міндеті қүжат емес еді, дегенмен оның аса зор моральдық-саяси маңызы болды, себебі о л халыкаралық қатынастарға жалпыевро-палық шеңбердегі жаңа прогрессивтік нормалар енгізді.

80-жж. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастардың шиеленісуі.70-80 жж. түйісінде КСРО мен АҚШ арасы қайтадан теке тіреске бағыт алды. Мүның себептері әр түрлі еді. 70 жылдардағы энергетикалык. дағдарыс "үшінші дүниеге" жататын көптеген елдер мен дамыған капиталисте елдер арасындағы қатынастарды шиеленіс-тіре түсті. Әлемде революциялық жаңару процестері өтіп жатты. Бүрынғы Португалия отарлары Ангола мен Мозамбикте 1975 ж. революция, Никарагуадагы 1979 ж. Сомоса режимінің құлатылуы, сол жылы Иранда орын алған шахка қарсы революция, міне, осы оқигалар-дың барлығын АҚШ - тың билеуші топтары өздерінің жеңілісі деп кдрастырса, аса оңшыл топтар үкіметтің "осалдығы" немесе колынан іс келмейтіндігінің, тіпті "Мәскеудің қастандығының" нәтижесі деп бағалады.

70-80 жж. халықаралық қатынастардағы текетіреске бүрылыс Кеңес Одағының Еуропадағы бейбітпіілік пен қауіпсіздік жөніндегі Кеңестің Қорытынды актісінің ережелеріне тікелей қарама-қарсы бірсыпыра сыртқысая-сат әрекеттеріне, оның ішінде ВШҮ елдерінде кеңестік орта қашықтыктағы ракеталарды орналастыруына да байланысты болды. Әсіресе 1979 ж. желтоксандағы ке-ңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілуі мен 1981 ж. жел-тоқсандағы Полыпадағы соғыс жағдайының жарияла-нуы әлем жүртшылығының наразылығы мен ашу-ыза-сын келтірді. Нәтижесінде дүниежүзінде КСРО-ға қарсы наукан басталды, жанталаса қаруланудың жаңа дүмпуі орын алып, халықаралық жағдай бүрынғыдан да піиеленісе түсті.

80-жж. екі ел арасында карама-карсылық пен ескери-күпі салыстырудан бүрынғыша бой көрсетулері көп жағ-дайларда екі жақтың да өзгеріп отырған халықаралык. жағдайға сын көзімен карап, әділ бағалауға шамалары келмегендіктерін және мемлекеттердін өзара төуелділік процестері мең әлем тағдырының біртүтастығымен ай-шықталатын халықаралық өмірдің жаңа талаптарына бейімделе алмағандығының корінісі болды. Екі жүйенің араларындағы қарым-қатынастарды олардың екеуі де бітіспес қарама-карсылық жағдайында болу деп түсінді.

7090 жж. халықаралық және аймақтық қақтығыстар. 70ж. Еуропа континентінде халықаралық қаты-настарда кақтығыстар сиреді. Бірақ, мүндай жағдай бәсеңсу процесінің барлық аймақтарға, әсіресе дамушы елдерге де тарағандығын білдірмеді, керісінше, оларда түрлі кактығыстар үшін себептер мен сылтаулар жетіп зкатты. Үлы мемлекеттердің саясаттары да әртүрлі аймақтарда түрліше қак.тыгыстардьш. туійНаа^Шіа. "€§61&х болып отырды.

Таяу Шығыстағы жанжалдар. Палестина мәселесінің шешілуі және Израилдың көрші араб елдерімен дау-жанжалдары 70—90-ж.ж. Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке жиі-жиі катар туғызып отырды. Тек 90-жж. соңында ғана палестиналықтарға шектеулі авто­номия беру туралы келісімге кол жеткізілді, бірақ Таяу Шығыс мәселелері әлі де болса әділ шешімін таба алма-ды.

Иран-Ирак соғысы (1980—1988) жәе Ирактың Ку­вейтке қарсы басқыншылығы (1990—1991 жж.). Ирак төңірегіндегі халықаралық дау-жанжалдардың өрбуіне алып келді және өз шеңберіне БҮҮ, НАТО сияқты үйымдар мен АҚІН, Ресей т.б. елдері де тартты.

1971 ж. Үнді-пәкстан соғысы екі ел арасындағы бүрыннан келе жатқан копжылдык дау-жанжалдардың карулы жалғасы және Батые пен Шығыс Пәкстан ара-сындағы карама-қайпіылыктардьщ көрінісі болды. Соғыс пен ішкі жанжал Пәкстанның жеңілуі және тәуелсіз Бангладештің қүрылуымен аякталды.

70—90-жж. басқа аймақты қақтығыстар. Осы жыл-дары Африка территориялык, экономикалық, этникалык, діни және тайпалык кайшылықтар негізінде пайда болған толассыз өзара қырқыстар, соғыстар мен тазала-улар аймағына айналады.

Баска аймақтық кактығыстар еуропалық елдер және баска елдер арасында орын алды (Кипрдегі грек-турік жанжалы, Гибралтар айналасындагы испан-агылшын мудделерінің цактыгысуы, Фолкленд аралдары ушін агыл­шын- аргентина қарулы қақтыгысы).

.Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада орын алған коптеген қақтығыстар үлтшылдық пен фундаментализмнің өсуіне тікелей байланысты болдьі. Кейбір кақтығыстар АҚШ-тың кішігірім мемлекетердің ішкі ісіне арсыздыкпен араласуы нәтижесінде шыкты (1983 ж. Гренадага басып кіру, Ливияны бомбылау, Иракқа қауіп тудыру т.б.). Осы басқада аймақтық қақтығыстардың шешімі оңай болған жоқ, көбісі әлі де шешілген жоқ, себебі олардың алдын алу және шешудің халықаралык механизмдері әлі жасалған жоқ, оның бергі жағында осы жанжалдарды бастаушыларда өздерінің әділетсіздік әрекеттері үшін жауапкершілік сезімдері жоқ.

Қарусыздану мәселесі. Соғыстан кейінгі уакыт барысында екіүшты әлемдегі жанталаса карулану процесі тіпті қарапайым "кыр көрсету — жауап кайтару" процесі бойынша жүргізіліп келді.

Әскери-стратегиялық жағынан Кеңес Одағынан басым болу жоспарын алдарына қоя отырып, АҚШ билеуші топтары, әдетте, ядролык, космостық жөне басқа да каруды жаппай өндіру ісінің бастамашысы болды, Кеңес Одағы 80-жж. ортасына дейін бүған қарсы шаралар колдану арқылы жауап беріп келді, арадағы келіспеушіліктерді саяси әдістердің, келіссөздердің көмегімен шепіуді барлык уақытта колданып отырмады.

Нәтижесінде әлемде қаружарақ қорлары тау-тау болып үйіліп жатты. 1986 ж. казанына карай КСРО-да стратегия лык тасығыштарға орнатылған 10 мың ядро­лық заряд болса, АҢІП-та әрқайсысының куаты Хироси-мо мен Нагасакиге тасталған бомбалардан артык 14,8 мың заряд болды. Ядролық кару қоры әлдеқашан ақылға сиярлық деңгейден асып кеткен болатын.

Шабуылдық кару-жарақтардың осынша зор дәрежеде корлануы соғыс күші түрғысынан ойлаудың және ядро­лык каруды жасауға сандык тұрғыдан караудың көрінісі болды. Әскери-стратегиялық тепе-тендік мәселесіне де көзқарас осы тұрғыдан болды. 70-жж. қол қойылған шарттардың топтамасы (ПРО, ОСВ-1, ОСВ-2) іс жүзінде каруланудың деңгейін растады, тек олардың көбеюі мен сапалық көрсеткіштерін белгілі бір шектеулермен тежеді де қойды. Рейкьявиктегі кездесуден соң 1987 ж. қарашада Вашингтонда КОКП Орталык Комитеттің Бас секретары М.С. Горбачевпен АҚІПпрезиденті Р. Рейганныңкездесуі ба-рысында КСРО мен АҚШ арасында орта және қысқа қашықтықтарға үшырылатын ракеталарды жою туралы шартқа, сонымен бірге ракета құралдарын жою тәртібі мен бакылауға байланысты хаттамаларға қол койылды.

1991 ж. шілдеде Мәскеуде КСРО мен АҚШ басшыларының жаңа кездесуі болып, оның барысында екі жақтың да стратегиялык шабуыл кару-жарақтарының үштен бірін қысқарту жөніндегі шартқа қол койыл­ды.

Өзара сенісу мен түсіністік жағдайын орнатуда 1989 ж. наурызында Венада басталған Варшава Шарты Үйымы мен НАТО-ға мүше 23 елдің әдеттегі кару-жарақтар және Еуропадағы Атлантикадан Оралға дейінгі жерлердегі карулы күштер жөніндегі Хельсинки процесі арнасындағы келіссөздері үлкен рөл аткарды.

Вена келіссөздері табысты аяқталып, Еуропадағы әдеттегі қару-жарақтар туралы келісім-шарт мәтіні жасалды, онда ВШҮ мен НАТО-ның Еуропада Атлантика мен Орал аралығында орналасқан қарулы күштерін едәуір қысқарту қарастырылды.

БҮҮ-ның халықаралық қатынастардағы ролі. 70— 90-жж. Біріккен Үлттар Үйымының халықаралық қатынастардағы рөлі едәуір артты. Соғыстан кейінгі алғашқы онжылдыктар барысында онда теке тірес ойлау мен әрекеттер басым болды. Сол кездегі БҮҮ-ны "батыс клубы", батыс елдер саясатының колшоқпары деп тегін-нен тегін атамаса керек.

Бірак БҮҮ-ны құрамы келе-келе отаршылдық үстемдіктен азат болған жаңа мемлекеттермен толған сайын ондағы күштердің ара салмағы өзгеріп, БҮҮ-ның Бас Ассамблеясы мен баска да органдарының күн тәртібінде қарусыздану, халыкаралық катынастарды демократияландыру, бейбітшілікті сактау, отаршылдықты түпкілікті жою және апартеидке қарсы күрес мәселелері көптеп орын ала бастады.

Тіпті 80-жж. бірінші жартысындағы халықаралық жағ-дайдың шиеленіскен кезінде де Біріккен Үлттар Ұйымы аса маңызды бейбітшілік орнатушылық рөл атқарды, БҮҮ-ның Бас Ассамблеясы теке тірестер мен қақтығы-старды айыптайтын бірнеше шешімдер мен каулылар кабыддады. 1984 ж. желтоқсанында ол карулану жары-сын ғарышқа шығаруды айыптап, ғарыш кеңістігін тек бейбіт мақсаттарға пайдалану туралы қаулы қабылдады.

Біріккен Үлттар Үйымы 80-жж. халыцаралыц қаты-настардагы жагымды багыттарды ныгайтуда аса маңыз-ды роль атцарды. БҮҮ-ның Бас секретары мен оның өкілдері аса күшті аймақтық дау-жанжалдар мен келіспеушіліктерді реттеуге үлкен үлес қосты. Оның біраз маңызды шешімдері экономикалық апаттардың ал-дын алуға арналды.

Қазіргі замандағы бірігу және ажырау процестері мен халықаралық қатынастар.90-жж. халыкаралык катынастарға батысеуропалық және солтүстікамерикалық экономикалық бірігудің онан әрі тереңдеуі, Латын Аме-рикасындағы, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африкадағы бірігу процестерінің дамуы тән болды. Дәл осы мезгілде Шығыс Еуропа елдері мен КСРО-да ортадан тепкіш процестер шиеленісе түсті. Чехословакияда, КСРО-да ұлттык кақтығыстар басталды. КСРО-ның ыды-рауы бұрынғы одақтас республикалардың барлықтары-ның өздерінің толық тәуелсіздіктерін жариялауымен аяқталды. Сөйтіп, қазіргі кезеңде әлемде екі қарама-қарсы сипаттағы процесс өтіп жатыр: біріншісі — капиталисты дцтіеде өтіп жатпцан шаруашылық байла-ныстарының бірігу, ынтымактасу процесі де, екіншісі — Ортпалык және Оңтустік-Шыгыс Еуропа мен КСРО-дагы щрылган көщлтты мемлекеттердің ыдырауы мен цлттык мемлекеттердің калыптасу процесі. Өздерін бұрын социалистік деп атаған елдердегі ажырау проце­стер бұрынғы халыкаралык ұйымдардын жойылуына (Өзара Экономикалык Көмек Кеңесі, Варшава Шарты Үйымы), Чехословакияның, Югославияның, КСРО-нъщ тарауына алып келді. Сөйтіп, казіргі халыкаралык каты-настар жуйесі Екінші дуниежузілік согыстан кейін қалыптаскан және жарты гасырдай өмір сурген жуйеден жаңа жцйеге өткінші болып табылады. Бул жаңа жуйеде, бір жагынан, мемлекетаралык және халыкаралык катынас-тардыц ескі принциптері мен турлері жойылса, ".кінші жагынан осы қатынастардың жаңа принциптері мен турлері курылды немесе курылу цстінде.

Батысеуропалық бірігу: жаңа кезеңі. 1991 ж. 11 желтоқсанындаГолландияның Маастрихт каласында Голландия, Германия 2КӘНӨ Бельгия шекаралары түйіскен жерде.Еуропа лық одаққа мүше елдердін мемлекет және үкімет басшыларының кездесуінде осы елдердің валюталық-экономикалық және саяси одақ туралы құжаттарға қол койылды. Батыс Еуропада 1957 ж. Еуропадағы экономикалык ынтымактастық туралы Рим піартынан басталатын экономикалык жене саяси бірігудін тереңдеуінің жаңа кезеңі басталды.

Валюталық-экономикалық шарт ЕО елдерінің 1999 ж. 1 каңтарынан бастап бірыңғай ақша бірлігіне — евроға көшуін карастырды.

Маастрихтта кол койылған екінші шарт батыс-еуропалық елдердің саяси одағын тереңдете түсуді кара-стырған. Бүл қүжат жалпы сыртқы саясат женіндегі бағыт пен корғаныс саясатын түжырымдауды көздеген. Саясаттың негізгі бағыттарын Еуропалық Кеңес анық-тайды. Бүл шарттағы жаңа принцип белгілі бір мөселе жөнінен шешім кабылдау үшін бірлестіктің 12 мүшесінен кем дегенде 8 мүшесінің "білікті көпшілігінің" болуын қарастырған. Бұл жаңа формула ЕО-қа кіруші елдердің сыртқы және соғыс саясаты салаларында өз егемен-діктерінің белгілі бір бөліктерінен ішінара бастартатын-дықтарын білдіреді.

Одак туралы саяси шартта Еуропалык одактың әлеуметтік саясат, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп, мәдениет, денсаулық сақтау салаларындағы ұлттарүстілік өкілеттіліктерін кеңейту шаралары да карастырылған. Шарттарда карастырылған саяси және валюталық одақтарды қалыптастыру кем дегенде екі он жылдай уакыт алады және біртұтас үкіметтің кұрылуын теріске шы-ғармайды делінген. Сейтіп, ЕО-тың үзақ мерзімдік даму стратегиясы кдбылданды.

Осы екі арада ЕО үлкен экономикалык. қиыншыльщта-рға кездесті. ЕО елдерінде жаппай жүмыссыздық (жүмыс күшінің жалпы көлемінің 11% мөлшерінде) етек алуда, Еуропалық тауарлар өздерінің бәсеке кабілетгіліктерін жо-ғалтуда, олардың әлемдік саудадағы үлесі 1978 ж. 24%-тен 1997 ж. 18% азайды. ЕО-ның жаңаша технология мен ғылыми жаңалықтар ашуда АҚІП пен Жапониядан артта калушылығы жойылған жок.

1988 ж. АҚПІ пен Канада арасында еркін сауда тура­лы келісімнен басталған солтүстікамерикалық бірігу 1993 ж. оған Мексиканың қосылуына байланысты одан әрі кдрай дами түсті. Сөйтіп, солтүстікамерикалық қүрлық біртүтас шаруашылык-экономикалық кепіеніне айналу-да. Мемлекетаралық келісімдер мен атқарушы биліктің үлттар үстінен біріккен органдарының негізінде іске аса-тын еуропалык бірігуден айырмашылығы — бірігудің солтүстікамерикалык нүсқасы ең алдымен азаматтык. қоғамдардың өзара араласуына, яғни жекеменшіктік ша-руашылық бірлестіктерінің, кәсіпорындардың және тағы баска да мемлекеттік емес қүрылымдардың араласу деңгейіне негізделген. Бірақ бүл жағдайларда да баскару мен реттеудің үлттарүстілік органдарын күрмағанмен, үкіметтер деңгейінде "ойын ережелерін" анықтау қажеттіліктері туып түрады. Бірігу процесі Латын Америкасында, Оңтүстік-Шыгыс Азияда және Африкада да жедел дамуда.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!