Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың алдындағы халықаралық қатынастар



Лекция жоспары:

1. 30-шы жылдардағы халықаралық қатынастар. Мюнхен келісімі.

2. Германияның агрессиялық саясаты.

3. Ымырашылдық саясаттың күшеюі.

4. КСРО мен Германияның жақындасуы. Риббентроп пен Молотов пактісі.

Әдебиеттер:

1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.

2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.

3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.

4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.

5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.

 

1. 30-шы жылдардағы халықаралық қатынастар. Мюнхен келісімі.

30-шы жылдардағы халықаралық қатынастардың даму барысы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуын сөзсіз жақындата түсті. Оның басталуынан бұрын әлемнің әр алуан аудандарында агрессиялық актілер болып тұрды. Фашистік – милитаристік блок елдері дүниені қару күшімен бөлісе бастады.

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың зардаптары да қиыншылық тудырып, жағдайды нашарлатты. Оны жою үшін ірі елдер арасында қарыздар мен төлемдер мәселесін реттеу қажет болды. Соған орай 1931-1932 ж.ж Германия репарациялар төлеуді, ал Еуропа елдері АҚШ-тан алған қарыздарын төлеуді тоқтатты. Бұл дағдарыстан әбден күйзелген елдерге елеулі жеңілдіктер әкелді. Алайда ірі елдер дағдарыстан шығуға қажетті шара ретінде кедендік салықтарды көбейту және ұлттық валюталарын алтынға айырбастау ережелерін қатаңдандыру саясатын ұстанғандықтан, олардың арасындағы сауда- экономикалық байланыстар нашарлап кетті. 1933 жылы Лондонда өткізілген Халықаралық экономикалық конференция ешқандай нәтиже берген жоқ.

Халықаралық жағдайдың шиеленісуі ең алдымен фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясатына байланысты болды. Басқыншылық саясатты Қиыр Шығыста Жапония бастады. Жапонияның басқыншылық мақсаттары «Танака мемарандумында» негізделді. Бұл құжатта бүкіл Қытайды, Монғолияны басып алу, одан кейін Оңтүстік Шығыс азия мен Үндістанға үстемдік орнату көзделген еді.



1931-1932 ж.ж Жапония Солтүстік- Шығыс Қытайды (Маньчжурия) басып алды да, «Маньчжоу-Го» деп аталған «қуыршақ» мемлекет құрды. Қытай Ұлттар лигасына арыз жолдады. Ұлттар Лигасы бұл мәселені тексеру үшін комиссия құрды. Комиссия Жапон әскерін Маньчжуриядан шығару және бұл жерді халықаралық бақылауға беру туралы ұсыныс жасады. 1933 жылдың басында Жапон әскерлері ішкі Қытайға ене бастады. Ұлттар лигасы Маньчжоу- Го мемлекетін мойындамау және Жапонияның халықаралық шарттарды сақтауға тиісті екендігі туралы қарар қабылдады. Бұған жауап ретінде 1933 жылы 27 наурызда Жапония Ұлттар Лигасынан шығатынын мәлімдеді. Германияда өкімет басына фашистік партияның келуі халықаралық жағдайды елеулі түрде шиеленістірді. Фашистік Германия бірінші кезекте Версаль бітім шартының күшін жоюға, сөйтіп шексіз қарулану мүмкіндігін алуға тырысты. Ал қарулану Германияға бүкіл Еуропаны басып алу және дүние жүзіне үстемдік орнату мақсатын іске асыру үшін қажет еді. Осындай ниеттегі Германия енді Ұлттар Лигасын өзінің қолын байлайтын бөгет деп есептеді де, 1933 жылы 19 қазанда Ұлттар Лигасынан шығып кетті.



Италия басқыншылық әрекетін 1935 жылы Эфиопияны (Абиссинияны) басып алудан бастады. Ұлттар Лигасы Италияны басқыншы деп айыптады. Алайда Италияға бұл шешім ешқандай да ықпал жасаған жоқ, ол 1936 жылы Эфиопияны толық басып алды. Италияның Эфиопияға қарсы басқыншылық әрекетіне Германияның жылы шыраймен қарауы және Испания республикасына қарсы бірігіп жорық жасау екі фашистік мемлекетті бір-біріне жақындата түсті. 1936 жылы Германия мен Италия арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. Бір айдан кейін Германия мен Жапония Коминтернге қарсы келісім жасады. Мұнда екі қол Коминтерннің басқа елдердің ішкі істеріне араласуына жол бермеу үшін Коминтерннің әрекеті туралы өзара хабарласып отыруға келісті. Коминтернге қамқоршы болып отырған Кеңес Одағы екендігін ескеріп,олар Кеңес Одағымен осы келісімнің рухына қайшы келетін саяси келісім шарттар жасамауға міндеттенді. Сонымен қатар осы екі мемлекеттің біреуі Кеңес Одағы тарапынан шабуылға ұшыраған жағдайда, екіншісі Кеңес Одағының жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік беретін шараларды қолданбауға уәде берді.

1937 жылы бұл келісімге Италия қосылды Осылайша «Берлин-Рим-Токио өзегі» деп аталатын одақ құрылды. Батыс Еуропа елдерінің Германияны «пейілдендіру» саясаты Мюнхен келісіміне әкелді. Германияның басшылары Судет облысындағы немістердің ұлттық құқықтарын қорғау қажет деген сылтаумен осы облысты Чехословакиядан бөліп, Германияға беруді талап етті.

1938 жылы 29-30 қыркүйек айында Мюнхен конференциясы ашылды. Конференция жұмысына Гитлер, Муссолини, Даладье және Чемберлен қатысты. Конференцияның күн тәртібінде «Чехословак мәселесі» қаралғанымен, Чехословак президенті Э. Бенеш қатыстырылмады. Мюнхен келісімі бойынша Судет облысы Германияға берілді. Судет облысында 5 млн халық тұрса, соның 3 млн халқы немістер болатын. Судет облысында Чехословакия өнеркәсібінің 40% орналасқан еді. Мюнхен келісімінен кейін Германияның шекарасы Прага қаласынан 40 шақырым жерде болды. Мюнхен келісімі екінші дүниежүзілік соғыстың бастауы болды. Мюнхен келісімінен кейін Гитлер Венгер сыртқы істер министрі Чакимен кездескенде былай деген: «Неслыханное достигнуто. Вы думаете, что я сам полгода назад считал возможным, что Чехословакия будет мне как бы поднесена на блюде ее друзьями? Я не верил, что Англия и Франция вступят в войну, но я был убежден, что Чехословакия должна быть уничтожена военным путем: то, что произошло, может произойти лишь раз в истории»

Мюнхендегі келісім нәтижесінде Орталық еуропадағы жағдай түбегейлі өзгерді. Гитлерлік Германия өзінің стратегиялық позициясын елеулі нығайтты. Чехословакия маңызды экономикалық аудандарынан, сондай-ақ өн бойында бекіністер салынған табиғи қолайлы шекарасынан айрылды. Жасанды түрде белгіленген жаңа шекара мемлекет ішіндегі байланысты қиындатып жіберді. Түрлі ұлттың өкілдері қоян-қолтық тұратын территорияның тартып алынуы нәтижесінде 1 млн. астам чехтар мен словактар еріксіз Германияның қол астына түсті. Англия мен Франция Гитлердің Чехословакияны суверенді мемлекет ретінде толық жойып жіберуіне іс жүзінде қолайлы жағдай жасады.

Версаль шартының әскери статьяларын Германия қайта қарағаннан кейін британ және француз позициялары әлсірей бастаған болатын. Бұл Мюнхен келісімінің нәтижесінде жоғары деңгейіне жетті. Мюнхендегі келісім соғысқа тосқауыл қою мүлде қолынан келмейтінін көрсеткен Ұлттар Лигасының да жойылуы деген сөз еді.

Мюнхендегі ымыраласу айдан анық антикеңестік бағыт алды Гитлер мен Чемберлен шабуыл жасаспау жөніндегі ағылшын-герман деклорациясына қол қойды. Бұл деклорация Германияның шығыс еуропа елдеріне, алдыменен КСРО-ға қалай деп тапса солай, қимыл әрекет жасауына ерік берді. 1938 жылдың желтоқсан айында осындай деклорацияға Франция мен Германия қол қойды. Франция өзінің осы іс әрекеті арқылы Кеңес Одағымен жасасқан өзара көмек көрсету шартын іс жүзінде жоққа шығарды.

Англия мен Францияның басшы қайраткерлері Мюнхеннің Шығысқа нацистік экспанция ашып бергенін жасырмады. Алайда оқиғалардың даму барысы көрсеткендей, кешікпей Германияның КСРО мен қақтығысатыны жөніндегі болжам негізсіз болып шықты. Гитлершілдер алдыменен осал жауға соққы беруді ұйғарды.

Мюнхен келісімі 1938 жылдың 29 қыркүйегі (үзінді)

Германия, Құрама Корольдік, Франция және Италия Судет-неміс облысын беруге қатысты әлдеқашан нақты қол жеткен келісімге орай осы ымыраның мынадай шарттары мен тұрпаттары туралы, сондай-ақ, осыған қажетті шаралар туралы уәделесті және осы келісімге сәйкес әрқайсысы өзін оны іске асыруға қажетті шараларды қамтамассыз етуге жауапты деп жариялайды. Көшіру 1 қазаннан басталады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!