Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ ЕСКЕРТКІШІ



Ескерткіш 1999 жылы салынған. Архитекторы – С.А.Фазылов, скульпторы – Е.А.Сергебаев. Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы 1925 жылы Алматы облысы Іле ауданы Шілкемер ауылында дүниеге келген. Тілендіұлы Нұрғиса – қазақтың әйгілі күйші-композиторы, дирижер, домбырашысы. Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлік факультетін бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген “Отырар сазы” халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай-ақ, 1968 жылдан “Қазақфильм” киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО-ның халық әртісі. Қазақстан Республика Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1999 жылы “Халық Қаһарманы” атағы берілді. Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б.

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал-серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм – Н.А.Тілендіұлы шығармаларына тән қасиет.

УӘЛИБАЙ МЕШІТІ

Уәлибай мешіті Орта Азия сәулет өнері үлгісімен тұрғызылған ескерткіш. 1892-1895 жылдары Қытай сәулетшісі Хон Пик Жаркент қаласында салған. Құрылыс композициясының кіндігі – ортадан салынған мешіт құрылысы. Қасбеті шығысқа қараған, ауданы – 28х54 метр, биіктігі – 14,5 метр, мұнарасының биіктігі – 19 метр. Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Антаблементі ағашқа түсірген әсем оймышпен нақышталған. Тянь-Шань шыршасынан дайындалған бұл бағаналардың құрылыс қаңқасын құруда, әрі әсемдік көрік беруде мәні зор. Бағаналарды құрастыруда шеге қолданылмаған, қиып, қашап қиюластырған. Интерьері әсем оймыш, нәзік өрнектермен безендірілген. Мешіт қабырғасы да шебер қиюластырылған бағаналардан құралған, төбесі қаңылтырмен жабылған.



 

ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ

Мемориалдық кешен 1985 жылы Алтынемел баурайында (Алматы обл. Кербұлақ ауд.) ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу құрметіне ашылды. Архитекторлары – Б.А.Ибраев, С.И.Рүстембеков, Р.А.Сейдалин; инженерлер – А.П.Котов, А.И.Гусев. Мемориалды кешен ғалымның бейітіне қойылған белгіден, ескерткіштен, мұражайдан, қонақ үйден және хауызды алаңнан тұрады. Ансамбльдің басты ғимараты болып Ш.Ш.Уәлихановтың ғылыми творчестволық мұрасын бейнелейтін мұражай үйі алынған. Мұражай үйінің сыртқы пішіні қазақ халқының мемориалды архитектурасының дәстүрінен туындаса, ішкі кеңістігі киіз үйді, жолаушының шатырын елестетеді. Интерьердің негізінен үш түсті еденінің қара, қабырғаларының қызыл, төбесінің шымқай ақ болуы дәстүрлі көркем мәдениеттегі үш әлемді символды түрде бейнелейді. Үйдің едені бұрандалы түрде бірте-бірте биіктеп, екінші қабатқа көтерілуге жағдай жасайды. Орталық зал бұрыштарынан бастап ортасына қарай еңіс диагоналды арқалықтарымен жабылған. 30 орынды кино зал мен келушілерге қызмет көрсететін жайлар бөлек орналасқан. Қонақ үйдің әсем интерьері музейдің композициялық құрылымын сақтай отырып жалпы ансамбльдің ішкі, сыртқы тұтастығымен үйлесімін табады. Ш.Уәлиханов мемориалды кешенінің жобасы 1987 жылы Софияда өткен «Интерарх» халықаралық конкурсында екінші орын алып, күміс медальга ие болды.



АПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫ

Қапшағай суқоймасы – Қазақстанның осындай типтегі ірі көлдерінің бірі, ұзындығы – 100 шақырым, ені – 25 шақырымға созылып жатыр. Қазіргі таңда бұл Алматы облысы бойынша жазғы уақытта жағалаудағы демалыс ретіндегі ең көп қабылдайтын аймақ болып табылады. Жағалаулық коттедждер мен көптеген демалыс үйлері орналасқан солтүстік жағалауы өте танымал болып келеді. Көптеген демалыс үйлері осындағы кешендердің бір бөлігі болып келеді. 1970 жылы су қойма толтырыла бастады. Жалпы суқойманың ауданы – 28,14 млрд. м3. Қыста су қойма қатып қалады. Жазғы уақытта мұнда өте ыстық, кейде ауа температурасы 40°-қа дейін жетеді. Су температурасы мамыр мен маусым айларында +18°С +20°С, шілде және тамызда +22°С +28°С-қа дейін жетсе, қыркүйек айында +18°С +20°С болады.

АПШАҒАЙ СЭС-І.

Алматы облысы Қапшағай қаласында 1975 жылы салынған. Бас инженері Г.Б.Герасимов. Ол – Алматы қаласынан 70 шақырым жердегі Іле өзенінің Қапшағай шатқалында орналасқан станция. СЭС-тің өзен арнасы 600 метрге дейін тар жар тасты шатқалға салынуы – су деңгейін 40 метрге көтеруге мүмкіндік береді. Қапшағай СЭС-тің белгіленген қуаты – 434 мың кВт сағ. Оның құрылысы 1965 жылы басталып, алғаш екі агрегаты 1970 жылы, үшіншісі 1971 жылдың аяғында іске қосылды. Су торабының құрамында ұзындығы 470 метр, көлденеңінен 450 метр, биіктігі 50 метр бетонды плотина бар. Ауданына ұзындығы 180 шақырым, көлденеңінен 22 шақырым бөген жасалды. Қапшағай құрылысына жұмсалған шығын екі жылда өтелді. Қапшағай СЭС жылына 1163 млн. кВт сағ. Электр энергиясын береді.

РАЙЫМБЕК БАТЫР ЕСКЕРТКІШ

Райымбек батыр 1705 жылы туған. Ол жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқан қазақтың белгілі батырларының бірі. Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін оған 17 жасында «батыр» деген атақ берілген. Ескерткіш 1996 жылдың 4 қыркүйегінде Сарыжау ауылынан 12 шақырым жерде Райымбек ауылында қойылған. Авторы – К.Егізбаев.

АРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ

Қарасай батыр ескерткіші 1998 жылы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында қойылған. Батырдың 400 жылдығына арналған сый еді. Жетісудағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық қозғалысының қолбасшыларының бірі болған, қазақтың батыры – Қарасай батыр. Ол – Алатаудың бөктерінде Іле өзенінің бойында туған. Қарғалы өзені, Ұзынағаш, Қарақыстақ, Қастек, Ырғайты және Қаракия, Ақтасты, Сарыжазық тауларындағы шайқастарға қатысқан. Суықтөбе тауының етегінде жаудың бекінісін бұзып, Қарасай батырдың інісі Қойшегір бастаған сарбаздардың жеңіске деген құлшынысын арттырды. Қарасай батырдың ерліктері Жамбылдың өлеңдерінде жырланған. Аңыз бойынша, 73 жасында Солтүстік Қазақстан аймағында, Мәдениет ауылына жақын жерде өмірден өткен.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!