Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ші модуль. Электромагнитті өтпелі процесстерге жалпы мағлұматтар мен нұсқаулар



1. Есептеу элементтері

Бақылау сұрақтары

1.1. Режим параметрлері және жүйе параметрлері дегеніміз не?

1.2. Электрлік жүйеде апаттық өтпелі процесстердің өршуі қалай жүруі мүмкін?

1.3. Салыстырмалы бірлік жүйесінің атаулы бірлік жүйесінен негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

1.4. Базалық шартта таңдаған кезде неге нұсқау етіп қолдану қажет?

1.5. Түрлі трансформация сатысы үшін базалық шартта қалай есептеледі?

1.6. Қысқа тұйықталған тоқтардың есептік нәтижесі а) салыстырмалы немесе атаулы бірлік жүйелерін; ә) базалық шарттарды таңдауға байланысты бола ма? Неліктен?

1.7. Салыстырмалы бірліктегі кедергінің шамасы нені білдіреді?

1.8. Схема элементтерінің кедергілерін негізгі трансформациялау сатысына қандай жағдайда дәлдеп келтіру, ал қандай жағдайда жуықтап келтіру жүргізіледі?

1.9. Алмастыру схемасының параметрлерін жуықтап келтіру формуласы неге негізделген?

1.10. Алмастыру схемасы элементтерінің кедергілерін дәлдеп келтіру кезінде трансформация коэффициентерін есептеу үшін қандай кернеу пайдаланылады?

1.11. Неліктен атаулы бірлік жүйесінде есептеу жүргізу кезінде барлық кедергілерді бір трансформация сатысына келтіру қажет?

1.12. Қысқа тұйықталу тоқтарын тәжірибелік есептеуде қолданылатын негізгі жіберілулер қандай және тәжірибелік әдісте негізгі жіберілулермен қатар қандай қосымшалық жағдай қолданылады?

 

Тапсырмалар

Тапсырма 1.13 [1]. Ұзындығы 100 км және х=0,4 Ом/км электр тарату желісінінің индуктивті кедергісін базалық шартта қабылдап салыстырмалы бірлік жүйесінде көрсетіңіз: а) Sб=100 МВА, Uб=115 кВ; б) Sб=1000 МВА, Uб=230 кВ.

Тапсырма 1.14 [2]. Реактордың бастапқы берілгендері: Uн=10 кВ, Iн=600 А, хLR=4 %. Базалық шартта келтірілген реактордың салыстырмалы кедергісін есептеңіз: Uб=10,5 кВ, Sб=100 МВА.

Тапсырма 1.15 [2]. Келесі жағдай кезіндегі екі реактордың индуктивті кедергісі (оммен) мен индуктивтілігін (генриде) анықтаңыз: әр реактордың номиналды тоғы ILRн1 = ILRн2= 0,4 кА; бірінші реактордың номиналды кернеуі ULRн1= 6 кВ, екінші реактордың номиналды кернеуі ULRн2= 10 кВ.



Әрқайсысының номиналды жағдайға келтірілген салыстырмалы индуктивті кедергісі xLR1= xLR2= 5%.

Тапсырма 1.16 [1]. Тізбекте Iн= 300 A реактормен алмастыруы қажет Iн=150 A және Uн= 6 кВ кезінде xн= 5% реактор орнатылған.

Номиналды кернеу а) 6 кВ; б) 10 кВ кезінде, реакторды алмастырғаннан кейін тізбекте салыстырмалы кедергісі бұрынғысынша қалуы үшін, осы реактордың салыстырмалы индуктивті кедергісі (%) қандай болуы қажет.

Тапсырма 1.17 [2]. Бастапқы берілгендері бойынша реактордың индуктивті, активті және салыстырмалы номиналды кедергілерін есептеу қажет: ILRн= 400 А, ULRн= 10 кВ, LLRн= 3,68 мГн, фазадағы номиналды активті шығындар PLRн= 4,61 кВт.

Тапсырма 1.18 [1]. Тізбек ILRн= 300 А и ULRн= 6 кВ кезінде ILR =4% бірізді жалғанылған реактордан және кедергілері xW=0,076Ом/км және rW=0,153Ом/км ұзындығы lW= 2,5 км кабельден тұрады. Тізбектің активті, индуктивті және толық кедергісін, реактордың номиналды жағдайында оларды а) атаулы бірлік; б) салыстырмалы бірлік жүйесінде анықтаңыз.

Тапсырма 1.19. Тұтынушыдағы (К2 нүктесі) қысқа тұйықталған тоқты 10кА мәніне дейін шектеу шарты бойынша РБА-6-400 реактордың хLR % кедергісін анықтау қажет. Қорек көзі шинасында (К1 нүктесі) қысқа тұйықталу тоғы 40 кА құрайды.



 

Тапсырма 1.20 [1]. Қуаттары бірдей, бірақ номиналды кернеулері сәйкесінше 6,3 және 10,5 кВ G1 және G2 генераторлардың омда көрсетілген индуктивті кедергілерін қайдай қатынаста болатынын анықтаңыз, егер олардың салыстырмалы кедергілері өзінің номиналды жағдайларында бірдей болса.

Тапсырма 1.21 [1]. G1 және G2 генераторлардың оммен көрсетілген индуктивті кедергілері қандай қатынаста болатын анықтаңыз, егер олардың номиналды кернеуі бірдей, номиналды жағдай кезінде салыстырмалы кедергілері тең, ал номиналды қуаттары сәйкесінше S және nS тең болса.

Тапсырма 1.22 [2]. Үш фазалы екі орамды трансформатордың кедергісін анықтаңыз:

Параметрлері: Sтн = 16 МВА, Uв= 115 кВ, Uн= 6,6 кВ, Uк= 10,5 %:

1) атаулы бірлікте: а) төменгі жағына келтірілген кернеу; б) жоғарғы жағына келтірілген кернеу;

2) салыстырмалы бірлікте: Sб = 100 МВА, Uб= 6,3 кВ.

Тапсырма 1.23 [1]. Электр жүйесінің екі элементі, орамасының номиналды кернеуі 110 және 11кВ трансформатормен байланысқан. Жалпы базалық жағдайда олардың салыстырмалы бірліктегі шамалары бірдей болуы үшін, осы элементтердің омдағы кедергілері қандай қатынаста болуы қажеттігін анықтаңыз.

Тапсырма 1.24. Генератор шинасындағы кернеуден UG каскадты қосылған орамаларының кернеу қатынасы U1/U2=10,5/38,5 кВ, U3/U4=35/6,6 кВ, U5/U6=6/0,4 кВ үш трансформатордан кейінгі кедергіні zа) дәлдеп келтіру; б) жуықтап келтіру әдістерімен есептеңіз.

Тапсырма 1.25 [1]. Екі каскадты қосылған трансформатордың төменгі кернеу жағында омда келтірілген бірдей кедергі қосылған. Олардың бірінде ораманың номиналды кернеуі Uв1/Uн1= 121/6,3 кВ, ал екіншісінде Uв2/Uн2=110/6,6 кВ тең. Олардың салыстырмалы бірліктегі шамалары жалпы базалық жағдайда қандай қатынаста болатынын анықтаңыз.

Тапсырма 1.26. Үш орамды трансформатордың Sн=16МВА, Uн1=115кВ, Uн2=38,5 кВ, Uн3= 6,6 кВ, Uк(1-3)= 17%, Uк(1-2)=10,5%, Uк(2-3)=6% параметрлерін 115кВ кернеу сатысына келтіріп, оммен берілген кедергісін анықтау қажет.

Тапсырма 1.27 [1]. Жүйенің үш нүктесі бір-бірімен үш орамды трансформатормен байланысқан, номиналды параметрлері: Sн=31МВА, Uн1=110кВ, Uн2=11 кВ, Uн3= 6,6 кВ, Uк(1-2)= 17%, Uк(1-3)=10,5%, Uк(2-3)=6%.

11 және 6,6 кВ кернеу орамасы тізбегіне, жүйенің барлық үш нүктесі арасындағы кедергілер бірдей болуы үшін, бірізді қосылатын кедергілердің (ом) шамаларын анықтаңыз.

Тапсырма 1.28 [1]. Жүйе үшін:

а) жоғарғы кернеу сатысындағы оның элементтерін атаулы бірлік жүйесінде көрсете отырып алмастыру схемасын құрастыру;

б) Sб=15МВА, UбG=6,3кВ базалық шамаларға генератордың номиналды қуаты мен кернеуін қабылдай отырып, оның элементтерін салыстырмалы бірлік жүйесінде көрсете отырып алмастыру схемасын құрастыру;

в) сол базалық қуат, бірақ Uб=30кВ базалық кернеу кезіндегі салыстырмалы бірлік жүйесінде алмастыру схемасын құрастыру.

Тапсырма 1.29 [1]. Жүйе үшін, параметрлері бірдей Т2 және Т3 трансформаторлардың төменгі кернеу жағына Sб=15МВА, UбG=6,3кВ қабылдап, оның элементтерін салыстырмалы бірлікте көрсете отырып алмастыру схемасын құрастыру.

Шешу жолын: а) элементтердің берілген номиналды кернеімен; б) әр саты үшін орташа номиналды кернеуді жуықтап келтіре отырып жүргізу қажет.

Тапсырма 1.30. Анықтамалық мәліметтерге негізделіп, базалық қуатқа Sб=100МВА, ал базалық кернеуге –сәйкес келетін трансформатордың трансформацияның жоғарғы сатысындағы орташы номиналды кернеуді қабылдап, кестеде көрсетілген электр жүйесі элементтерінің индуктивті кедергілерін салыстырмалы бірлікте анықтаңыз.

Кесте 1.30

Нұсқа Генератор СК Қозғалтқыш Трансформатор Реактор ЭТЖ
ТВФ-60-2 КСВБ-50 СТД-4000 ТДН-16000/110 РБ-10-400-0,35 АС-35/6,2 2 км
ТВФ-100 КСВБ-100 СТД-5000 ТРДН-25000/110 РБ-10-630-0,25 АС-50/8,0 2 км
ТВВ-160-2 КСВБ-160 СТД-6300 ТРДН-40000/110 РБ-10-630-0,4 АС-70/11 2 км
ТВВ-220-2 КСВБ-320 СТД-8000 ТРДЦН-63000/110 РБ-10-1000-0,25 АС-95/16 2,5 км
ТГВ-300 КСВБ-50 СТД-10000 ТРДЦН-80000/110 РБ-10-400-0,45 АС-70/11 3 км
ТГВ-500 КСВБ-100 СТД-12500 ТРДН-40000/220 РБ-10-1000-0,35 АС-120/19 3 км
ТВМ-500 КСВБ-160 СТД-4000 ТРДЦН-63000/220 РБ-10-1600-0,20 АС-150/24 3 км
СВ-375 КСВБ-320 СТД-5000 ТРДЦН-80000/220 РБ-10-1600-0,35 АС-185/24 3 км
СВ-780 КСВБ-100 СТД-6300 ТРДЦН-40000/330 РБГ-10-1600-0,20 АС-240/56 3 км
СВФ-1500 КСВБ-320 СТД-8000 ТРДЦН-63000/330 РБДГ-10-2500-0,25 АС-300/48 3 км

 

2. Алмастыру схемасын түрлендіру

Бақылау сұрақтары

2.1. Есептік шарттар (талаптар) дегеніміз не?

2.2. Алмастыру схемасын құрудың негізгі принциптері қандай?

2.3. Есептік алмастыру схемасын құру шарттары қандай?

2.4. Алмастыру схемасын эквивалентті түрлендіру шарттары мен негізгі әдістері қандай?

2.5. Алмастыру схемасын түрлендіру реттілігі қандай?

2.6. Алмастыру схемасындағы доғаның кедергісі қалай ескеріледі?

Тапсырмалар

Тапсырма 2.7 [1]. Ортақ түйінге екі генерациялаушы тармақ E1= 1,39, E2= 1,5, x1= 0,45, x2= 0,62 және xн = 3,2 жүктеме қосылған. Барлық өлшемдер ортақ базалық жағдай кезінде салыстырмалы бірлікте көрсетілген. Эквивалентті тізбектің ЭҚК және реактивтілігін табу қажет.

Тапсырма 2.8 [1]. а) қорытқы ЭҚК-ті және салыстырмалы бірліктегі ортақ базалық шартта берілген элементтердің кедергілері схеманың К нүктесіне қатысты реактивтілігін анықтау қажет; б) К нүктесі қысқа тұйықталған кездегі генерациялайтын тармақтардағы тоқтарды анықтау қажет; в) қысқа тұйықталған нүктеде тоқтардың шамалары сақталған кезде Е1 және Е2 мәндері қандай болуы қажет, егер генерациялайтын тармақтардың тоқтары бірдей болса.

Тапсырма 2.9 [1]. Схеманың К нүктесі қысқа тұйықталған кезде, 5-ші тармақтағы тоқтың оның х5 реактивтілігіне тәуелділігін орнатыңыз.

Тапсырма 2.10 [3]. Алмастыру схемасын К нүктесіндегі қысқа тұйықталуды есептеу үшін ыңғайлы түрге түрлендіріңіз.

Тапсырма 2.11. Алмастыру схемасын К нүктесіндегі қысқа тұйықталуды есептеу үшін ыңғайлы түрге түрлендіріңіз.

Тапсырма 2.12. Алмастыру схемасын К нүктесіндегі қысқа тұйықталуды есептеу үшін ыңғайлы түрге түрлендіріңіз.

Тапсырма 2.13. Ес және Ед тармақтарын біріктіру мүмкін болмайтын жағдайдағы К нүктедегі қысқа тұйықталу тоғын есептеу үшін схеманы алмастыру қажет.

Тапсырма 2.14. Әр кернеу көзінің ЭҚК бірдей деп қабылданған схеманың К нүктесіндегі қысқа тұйықталу тоғын анықтаңыз.

Тапсырма 2.15 [3]. Әр элементтің реактивті кедергісі көрсетілген схема үшін, анықтау қажет: а) 1-ші түйінге қатысты реактивті шамаларды және тоқтардың бөліну әдісін пайдаланып осы түйін мен 2, 3, 4, 5 түйіндердің арасындағы өзара реактивтіліктерді; б) осы шамаларды сземаны түрлендіру арқылы; в) бөлу коэффициенттері және 1, 2, 4 ,5 (кернеу көзі бар) нүктелері мен 3 нүктесі (потенциалы нөлге тең) арасындағы өзара реактивтерді.

 

 

2-ші модуль. Үш фазалы тізбектің симметриялы электромагнитті өтпелі процесстері

3. Үш фазалы қысқа тұйықталу тоқтарын есептеу

Бақылау сұрақтары

3.1. Электрлік жүйедегі қысқа тұйықталу деген не?

3.2. Қысқа тұйықталудың пайда болуының негізгі себептері.

3.3. Қысқа тұйықталудың қауіпті салдарлары.

3.4. Қысқа тұйықталуды ажыратудың қажеттілігі.

3.5. Қандай мақсатта және қандай тапсырмаларды шешу үшін қысқа тұйықталуларды есептеу жүргізеді.

3.6. Электр және қосалқы станциялардағы электр техникалық жабдықтарды таңдау және тексеру кезінде есептік ретінде қысқа тұйықталудың қандай түрі қолданылады?

3.7. Электрмагнитті өтпелі процесстерді практикалық есептеулерде қолданылатын негізгі жіберілулер.

3.8. Қандай жағдайда алмастыру схемасының активті кедергілері ескеріледі.

3.9. Салыстырмалы бірлік жүйесі дегеніміз не?

3.10. Қысқа тұйықталудың орныққан режимі дегеніміз не?

3.11. Жүктеменің а) орнықталған режимдегі; б) қысқа тұйықталудың бастапқы моментіндегі қысқа тұйықталудың тоқ шамасына әсері.

3.12. Қысқа тұйықталудың орныққан режимін есептеу кезінде жүктеменің жуықталған есебі неден тұрады?

3.13. Синхронды машинаның реактивтілігі және өтпелі (аса өтпелі) ЭҚК дегеніміз не?

3.14. Атаулы бірлік жүйесі дегеніміз не?

3.15. Алмастыру схемасы және олардың түрленуі дегеніміз не?

3.16. Қысқа тұйықталудың қандай түрлері бар?

3.17. Қысқа тұйықталуды есептегенде, беттесу ұстанымын қолдану неге тиімді болып саналады?

3.18. Синхронды машинаның орнықталған жұмыс режимі қалай анықталады?

3.19. Жүктеменің әсерін еске алу қандай шама-шартқа қатысты?

3.20. Қоздыруды автоматты басқаруды есептеудің шама-шарттары неге байланысты?

3.21. Кездейсоқ өзгеретін режимнің бастапқы мезеттің анықталуы неге байланысты?

3.22. Бастапқы асқын өтпелі процесстің болуы және қысқа тұйықталудың соғу тоғын есептеудегі негізгі шама-шарттары қалай анықталады?

3.23. Синхронды машинаның қоздыру тоғын автоматты реттеу және қоздыру жүйесінің шамасын анықтау дегеніміз не?

3.24. Үш фазалы қысқа тұйықталу тоғын анықтау неге байланысты?

 

Тапсырмалар

Тапсырма 3.25. Sт=10МВА, Uв/Uн=110/10кВ, Uк=10% параметрлері бар трансформатордан кейінгі қысқа тұйықталу тоғын анықтаңыз.

Тапсырма 3.26. Схеманың К1 және К2 нүктесіндегі қысқа тұйықталу тоқтарын атаулы және салыстырмалы бірлікте, генератордың қысқа тұйықталуға дейін бос жүрісте жұмыс жасаған деп есептеп, олардың кедергілерін дәлдеп және жуықтап келтіру арқылы есептеңіз.

Схемадағы бастапқы берілгендер.

, ; , ;

, ; , ;

, , , ;

, ; ; , , ;

; , , .

Тапсырма 3.27. 220 кВ жүйе шинасына ажырату тоқ шегі Iоткл=20кА ажыратқыш Q арқылы қуаты Sт=63МВА, Uв/Uн=220/10кВ, Uк=10% трансформатор қосылған. Осы трансформатордан кейінгі үш фазалы қысқа тұйықталу тоғын есептеңіз. Жүйенің ЭҚК Е=1.

Тапсырма 3.28. Екі трансформаторлы қосалқы станцияның қуаты 16МВА, Uк=10% параллель қосылған трансформатордың 6,3кВ төменгі кернеу шинасында үш фазалы қысқа тұйықталған тоқ 30кА шамасында құрайды. Ненің есебімен бұл тоқты, жаңа жабдыққы енгізбей-ақ және қандай шамаға дейін төмендетуге болады? Жүйенің ЭҚК Е=1.

Тапсырма 3.29. Жүйе шинасындағы кернеуді тұрақты 6,3кВ деп есептеп, параллель қосылуы мүмкін кабельдік желінің ең көп жіберілу п санын анықтаңыз. К нүктесі қысқа тұйықталған кезде, соғу тоғы 20кА артпайды. Алмастыру схемасының параметрлері суретке көрсетілген.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Щедрин Н.Н., Ульянов С.А. Задачи по расчету коротких замыканий. М.;Л., ГЭИ, 1955. - 231 с.

2. Авербух А.М. Релейная защита в задачах с решениями и примерами. Л.: Энергия, 1975. - 416 с.

3. Ульянов С.А. Электромагнитные переходные процессы в электрических системах. М.: Энергия, 1970. 520 с.

4. Ульянов С.А. Сборник задач по электромагнитным переходным процессам в электрических системах. М.: Энергия, 1968. - 496 с.

5. Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Электрооборудование станций и подстанций. М.: Энергоатомиздат, 1987. - 648 с.

6. Справочник по проектированию электроэнергетических систем / Под ред. С.С. Рокотяна и И.М. Шапиро. - М.: Энергоатомиздат, 1985. - 352 с.

7. Неклепаев Б.Н., Крючков И.П. Электрическая часть электростанций и подстанций: справочные материалы для курсового и дипломного проектирования. М.: Энергоатомиздат, 1989. - 608 с.

8. Электротехнический справочник: В 3 т. Т.3: В 2 кн. Кн.1. Производство и распределение электрической энергии / Под общ. ред. профессоров МЭИ. -М.: Энергоатомиздат, 1988. - 880 с.

9. Руководящие указания по релейной защите. Вып. 11. Расчёты токов короткого замыкания для релейной защиты и системной автоматики в сетях 110 -750 кВ. М.: Энергия, 1979. - 152 с.

10. ГОСТ 28249 - 93. Короткие замыкания в электроустановках. Методы расчёта в электроустановках переменного тока напряжением до 1 кВ. М.: Изд-во стандартов. 1994. - 63 с.

 

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!