Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Электрондық үкіметке кіріспе



АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Тақырыбы:«Электрондық үкімет. Мақсаты. Міндеті. Негізгі ұғымдары»

Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырған:Меирбекова О.Д.

 

Қарағанды, 2010


Кафедра отырысында талқыланып, бекітілген

Хаттама №_____ «____»______ 2010 г.

 

Кафедра мең.__________________ Койчубеков Б. К.


Тақырып: «Электрондық үкімет. Мақсаты. Міндеті. Негізгі ұғымдары»

МАҚСАТЫ:Электрондық үкіметпен ақпараттық алмасу болып табылатын адам түсінігін қалыптастыру. Азаматтар мен ұйымдарды мемлекеттік қызметтермен жылдам және сапалы байланыспен қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдарды ақпараттық коммуникациялық технологияның кең қолданылуы жолымен функциялау эффективтілігін арттыратын жүйе ретінде электрондық үкіметтің маңыздылығын анықтау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

· Электрондық үкіметтің мақсаттары және міндеттерімен таныстыру.

· Электрондық үкімет құрылымы мен жалпы архитектурасы туралы түсінік беру.

· Электрондық үкімет субъектілері арасындағы қатынасты қарастыру.

· Электрондық үкіметпен орындалатын қызметтерді қолдануды үйрену

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

· электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттерін

· электрондық үкіметтің негізгі компоненттерінің инфрақұрылымын

· электрондық үкіметтің архитектурасын

· электрондық үкіметтің субъектілері арасында дамитын қатынастардың ерекшелігін

· электрондық үкіметпен орындалатын қызметтерді

· азаматтар үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану

· бизнес үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану



· мемлекеттік қызметкерлер мен ведомствалар үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану

 

 

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

· Электрондық үкіметке кіріспе.

· Электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Негізгі ұғымдары

· Электрондық үкіметтің архитектурасы

· Электрондық үкімет субъектілері арасындағы қатынас

· Электрондық үкімет қызметтері.

 

ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ:

Әңгімелесу.

Тақырып бойынша материалдарды талқылау.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРОГРАММА формирования «Электронного правительства» в Республике Казахстан на 2005-2007 годы, утвержденная Указом Президента Республики Казахстан от 10 ноября 2004 года №1471;

2. Концепция электронного правительства Республики Казахстан – Астана, 2004.

3. Гельман В.Я. Компьютерные коммуникации в медицине. - СПб, СПбМАПО, 2000.-59с

 

 


БАҚЫЛАУ

I. Бастапқы білім деңгейі бойынша таст-бақылау.

II. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

1. «Электрондық үкімет» түсінігіне анықтама беріңіз.

2. Электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттерін атаңыз.

3. Электрондық үкіметтің инфрақұрылымының негізгі компоненттері.

4. Негізгі ақпараттық – коммуникациялық технологияларды атаңыз.

5. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?

6. «Сыртқы контур», «Ішкі контур» түсінігіне анықтама беріңіз.



7. Куәландыру орталығы дегеніміз не?

8. «Ақпараттық қауіпсіздік» түсінігіне анықтама беріңіз.

9. Электрондық үкімет қандай қызмет көрссетеді?

10. Электрондық үкімет қызметінің принципі қандай?

11. Электрондық үкімет архитектурасы қандай құраушы бөліктерден тұрады?

12. Электрондық үкіметтің бірыңғай архитектурасының жалпы құрылымына не кіреді?

13. Электрондық үкіметтің басты приоритеті не болып табылады?

14. Электрондық үкімет порталына сипаттама беріңіз?

15. Электронды цифрлық жазу (подпись) қалай құрылады?

16. Web-қызметіне қандай қызметті жатқызуға болады?

 

III. Өтілген материал бойынша тест-бақылау.


Қосымша 1.

Сабаққа ақпараттық-дидактикалық материал

 

Электрондық үкімет. Мақсаты. Міндеті. Негізгі ұғымдары

 

электрондық үкіметке кіріспе

Электрондық үкімет –халықтарды ел үкіметімен тікелей байланыстыруды қамтамасыз ететін жүйе.Бұл процессазаматтардың саясаттық қатысуымен қызмет көрсету процесінің және техникалық орталық, Интернет және қазіргі заманғы СМИ көмегімен ішкі және сыртқы қатынастардың өзгеруі жолымен жүретін басқару процесінің үздіксіз оптимизациясы.

Қазақстанда«Электрондық үкімет»азаматтар мен ұйымдарғамемлекеттік органдардың қызмет көрсетуі сапасының жоғарылығы мен қысқа мерзімділікке және мемлекеттік органдардың қызметінің ақпараттық базасымен байланысты қамтамасыз етуге, мемлекеттік аппарат құрамы бойынша эффективті және тиімді құрылуына бағытталған

«Электрондық үкімет» азаматтардың мемлекетпен өзара әсерін және мемлекеттік қызметпен байланысын тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн, географиялық орналасуы мен жыл мезгілдерінен тәуелсіз қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекеттік мекемелердің барлық қызмет түрлері әрбір адамға кез-келген уақытта қызмет көрсетуі тиіс.

«Электрондық үкіметтің» басты приоритеті Интернетпен байланыс, ақпараттық – коммуникациялық технология шеңберінде білім деңгейін арттыру, сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесі модернизациясын өткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Осы бөлімді оқу барысында электрондық үкіметтің мақсаты, электрондық үкіметтің міндеттері қарастырады, сонымен қатар, электрондық үкіметтің субъектілері арасындағы қатынасты зерттеуге, электрондық үкіметтің қызметтерімен танысуға бағытталған. Материал азаматтардың, басқарушы субъектілердің, мемлекеттік қызметкерлердің Электрондық үкімет жұмысымен тәжірибе алу үшін ұсынылған.

 

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Электрондық үкіметтің негізгі түсінігіне мыналар жатады: мемлекеттік берілгендер базасы, «Жеке тұлға», «Заңды тұлға», «Мекен-жайлық теркеу», «Қозғалмайтын мүлікті тіркеу»; электрондық құжаттардың жүйесі; бірыңғай транспорттық орта; мемлекеттік орган; ақпараттық қауіпсіздік; ақпараттық-коммуникациялық технология; ақпараттық жүйе; электрондық үкімен порталы; мемлекеттік органдар үшін куәландыратын орталық; электрондық қызметтер; web-қызметтер; е-қызметтер (болып табылатын қызмет); е-үкімет (мемлекеттік органдар функционерлеу механизм, ақпараттық-коммуникациялық технология кең қолданылуы жолымен азаматтарды және ұйымдарды қызметпен қамтамасыз ету); мемлекеттік қызметтер (мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік процедураларды орындауға бағытталған қызмет); АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар); е-банкинг (ұйымдармен банкілік есептеулерді басқаруды Интернет арқылы байланыстыру); ақпараттық теңсіздік (халықтардың әртүрлі әлеуметтік топтарымен әртүрлі білім деңгейі түрінде АКТ-ды қолданудың тепе-теңсіз мүмкіндіктері; е-қызметпен қамтамасыз етушілер (мемлекеттік органдар, ұйымдар мен басқа да басқарушы субъектілер, АКТ қызмет орталықтарын ұсынушылар); е-қызметті тұтынушылар (азаматтар, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен басқа да басқарушы субъектілер); е-қызмет регламенті (әкімшіліктік және басқа да процесстерге бағытталған тізбекті әсерлердің жиыны).

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!