Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстарының(ОСӨЖ) әдістемелік нұсқасы



ТАҚЫРЫП: Елді мекен орындарында және тұрғын және қоғамдық ғимараттар бөлмелерінде шу тәртібін гигиеналық бағалау.

КУРС: 4

Құрастырған:

Проф. Неменко Б.А.

Доц., м.ғ.к. Бекказинова Д.Б.

2010 ж.

ТАҚЫРЫП: Елді мекен орындарында және тұрғын және қоғамдық ғимараттар бөлмелерінде шу тәртібін гигиеналық бағалау.

 

1. Тақырып: Елді мекен орындарында және тұрғын және қоғамдық ғимараттар бөлмелерінде шу тәртібін гигиеналық бағалау.

2. Мақсаты: Елді мекен орындарында және тұрғын және қоғамдық ғимараттар бөлмелерінде шу тәртібін гигиеналық бағалаумен студенттерді таныстыру.

3. Оқыту міндеттері:

Студент мынаны білуі керек:

- шудыңи параметрлері;

- қаладағы шудың адам ағзасына әсері;

- тұрғын үй құрлысы аумағындағы көлік шуының анықтау ;

- қоғамдық ғимараттармен тұрғын үйдегі шуды анықтау

 

Студент мыныаны істей алуы керек:

- тұрғын үй құрлысы аумағындағы көлік шуын өз бетінше анықтау ;

- тұрғын үй құрлысы аумағындағы көлік шуына күнделікті санитарлық бақылау бойынша баға беру;

- шу бойынша нормативті құжаттарды қолдану.

- 4. Сабақты өткізу түрі: нормативті құжаттармен жұмыс істеу, тәжірибелік әдісті қолдану,проектіні қарау.

- 5. Тақырып бойынша тапсырма:

- Тапсырма №1. тақырып бойынша нормативті құжаттармен танысу

- Тапсырма №2. студент көлік шуы бойынша ситуациялық есеп шығарады.

- Тапсырма №3. Студент шу өлшегішпен

- Тапсырма №4. Студент ғимараттағы шуды анықтап баға береді.

 

6. Берілітін құрал:

1.СНиП «Шудан қорғауң.

2.СанПиН №3.01.077.00 «Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттарды салуды жоспарлауң



3.ГОСТ «Шу. Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттард шуды өлшеу әдістері.ң

4.СанПиН 3.01.029.97 «Ашық алаңдағы ғимараттардағы шудың шектік мөлшері

мөлшерің.

5.СанПиН 3.011.035.97 «Қоғамдық ғимараттармен тұрғын үйдегі шудың шектік

6.Ситуациялық есеп.

7.Шумомер ВШВ.

8.Қөрнекі құрал.Шудың ағзаға әсері -№61, Шуы көп қала және онымен

күресу №62, шудың жіктелуі - №63

 

9.Проектер.

.

10.Ұсыныс.

7. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

 

1.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң Алматы, Гылым, 2003, С. 380-405.

 

2.Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б.. Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430 с.

 

3. «Коммунальная гигиенаң Акулов К.И., Москва, 2001г., с. 460-471.

 

4. «Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиенең Гончарук Е.И., Москва, 1990г., с. 315-368.

Қосымша әдебиеттер:

Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., М. 2006, - Киев, «Здоровьяң.

«Гигиеническая оценка шумового режима территории жилой застройкиң Карагодина И.Л., Путилин А.П., Коробкова В.Е., Гиг. и сан., 2005г., №5, с. 13-16.

«Гигиенические подходы к оценке шумового режима селитебной территории городаң Эппель С.И., Фоменко К.Д., Гиг. насел. мест, Киев, 2005г., вып. 24, с. 57-60.

«Промышленные предприятия, как источники шума для окружающей застройкиң Корнеева В.Е., Дружинин В.И., Гиг. труда и проф. заболеваний, 2002г., №12, с. 37-39.



«Влияние метрополитена на виброакустическую обстановку в помещениях зданий и совершенствование методов измеренийң Пресс А.Р., Сполитак В.Г., Худницкий С.С., Гиг. и сан., 2001г., №10, с.94-95.

«Методические подходы к оценке шумового режима курортов и мест массового отдыха населенияң Солдаткина С.А., Шишкина В.В., Карагодина И.Л., Гиг. и сан., 2002г., №2, с. 9-12.

 

Бақылау: ауызша сұрау (студент методикалық нұсқау бойынша дайындалуы қажетобязан ).

Сұрақтары:

1.Шу туралы түсінік

2.Шудың негізгі көрсеткіштері.Дыбыс қысымы мен дыбыстың эквиваленті туралы түсінік.

3.Қоғамдық ғимаратта мен тұрғын үй аумағындағы шудың санитарлық нормасының принціптері.

4.Шудың жабық ғимарат пен ашық ғимарат ішіндегі таралу ерекшелігі.

5.Қаладағы антропогенді шудың көзінің жіктелуі және оның акустикалық сипаты. 6.Тұрғын үй мен құрлыс алаңдарында көлік шуын төментету шаралары.

7. Қала шуын төмендетудегі архитектуралық –жоспар мен құрлыс-дыбысшаралары.

8.Қала шуының адам ағзасына әсері.

9.Көлік шуын анықтау әдісі.

10.Шуды құралмен өлшеу әдісі.

11.Көлік шуына әсер ететін фактор.

12.Ықшам аудандарда жоспарлы және қала салуда шудан қорғау шаралары.

 

Ескерту

ОСЫМША

Шуды гигиеналық бағалау үшін міндетті түрде келесі өлшеу аспаптарын қолдану қажет: шумомер, спектр анализаторы, ал арнайы жағдайда шуды өздігінен жазатын, дозиметрлер қолданылады. Шумомер арқылы дыбыс қасымының деңгейін және диапазон жиілігі 63-8000 Гц аралығындағы октавалық жолақта децибелде (дБ) және дыбыс деңгейін децибел А-мен (дБА) өлшейді. Шумомер құрылымы ГОСТ 17187-81 «Шумомеры. Общие технические требованиең құжатында берілген.

Отандық аспаптардан едәуір кең таралған «Шум-1ң, «ВШВ-003ң, «АШ-2Мң шумомерлері. Ал шет елдік аспаптардан «Брюль және Къерң фирмасының 1613 (Дания) октавалық сүзгісі бар 2204 типтегі шумомері, сондай-ақ OF-101 (ГДР) октавалық сүзгісі бар PSІ-202 шумомері қолданылады.

Кез-келген конструкциядағы шумомер үш негізгі түйіні бар: қабылдағыш-түзуші (датчик-преобразователь) (микрофон), күшейткіш, өлшегіш құрылымы бар блок-схемадан тұрады. Шумомер жеке (сызықтық «Линң, А,В,С) және уақытша (F-жылдам, S-баяу, І-импульс) сипатта болады. Дыбыс деңгейін (дБА) өлшеу кезінде А сипаттамасы қолданылады, ал октавалық жолақта дыбыс деңгейін өлшеу кезінде «Сүзгің қолданылады. S сипаттамасына шумомерді тұрақты және басқа да шу түрлерін ортақтандыру кезінде қояды, ал І сипаттамасына шудың импульстік деңгейін өлшеу үшін қояды. F сипаттамасы уақыт бойынша тербеліп тұратын шуды өлшеу кезінде қолданылады.

Тұрақты және үздікті шуды өлшеу кезінде дыбыс қысымының октавалық деңгейінің және дыбыс деңгейінің мәнін аспап көрсеткішінің тербелісі кезінде орташа көрсеткіш бойынша анықтайды. Уақыт бойынша тербелетін және импульстік шуды өлшеу кезінде аспап көрсеткшінің едәуір ауытқуы кезіндегі дыбыс деңгейін тіркейді.

ИВШ-1 аспабы дыбыс деңгейін, дыбыс қысымын, сондай-ақ вибрация параметрлерін өлшеу үшін арналған. Аспап алып жүруге ыңғайлы, қоректену көзіне “Марс” типті 8 элемент немесе 220 В болатын қуаттылықтағы электр торабы жатады.

Өлшегіш аапаптың алдыңғы панеліне келесі басқару тұтқалары жатады: “Кіру” – аспапқа микрофондық күшейткішті немесе ұзартқыш кабелін жалғау үшін; “Шығу” – талдау жасайтын немесе бақылау жасайтын құрылымды жалғастыру үшін; “Калибр” - өлшегіш аспапқа калибровка жүргізу кезінде микрофондық күшейткішті қосу үшін; “Бөлгіш-1” қосқышы 30-90 дБ шкаласы бар және бір бағалы 10 дБ болатын қосқыш; “Бөлгіш 11” 0-40 дБ болатын шкаласы бар; “Өлшегіш тегі” қосқышы “А”,“Б”,“С”, “Лин.”, “Сүзгі”; жағдайлары; “Жұмыс тегі” қосқышы аспапты өшіру (“Өшіру” жағдайы) үшін, қоректенуін бақылау үшін, сондай-ақ уақытша өлшеу сипаттамасы үшін (“F”,”S”); 16-8000 Гц аралығындағы “Жиілік” қосқышы; дыбыс (шу) параметрін өлшеу үшін “Дыбыс” жағдайына қойылған тумблер; “Вибрация” вибрация параметрін өлшеу үшін арналған. “Сүзгі” жағдайында октавалық жолақтағы жиілігі анықталады; “Лин.” жағдайында 10-10 000 Гц жиілік аралығындағы жолақта өлшеу үшін; “А”, “Б”, “С” жағдайында “А”, “Б”, “С” сүзгісі қосылады.

Өлшеу жүргізбестен бұрын аспаптың стрелкасын механикалық коллектор көмегімен міндетті түрде шкаланың сол жақ шетіне алып келу қажет.

Егер де аспап электр торабымен қоректендірілетін болса, токтың бір ұшы жерге қосылады. “Жұмыс тегі” қосқышын “Қоректенуін бақылау” жағдайына қояды. Бұл кезде дабыл лампасы жанып-өшіп тұрады, ал аспаптың көрсеткіш стрелкасы “Батарея” секторында болады. Аспапты 5 минут қыздырғаннан кейін жұмысқа дайындайды. Егер аспаптың стрелкасы “Батарея” секторына жетпейтін болса, қоректену торабының блогы дұрыс жұмыс істемейді немесе “Марс” элементін ауыстыру қажет.

Аспаптың калибровкасын жүргізеді. Шуды өлшеу кезінде электрлік калибровка капсюль эквивалентін қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл үшін міндетті түрде эквивалент капсюлі және штектрі бар күшейткішті “Калибр” ұяшығына қояды. Аспаптың алдыңғы панеліндегі қосқыштарды келесі жағдайға қояды: “Бөлгіш-1” – 40, “Бөлгіш-2” – 40, “Өлшегіш тегі” – “Лин.”, “Жұмыс тегі” – “F”, тумблер – “Дыбыс”. “Дыбыс” деп жазылған белгінің үстінде орналастырылған прибордың стрелкасын қызыл белгімен бірігіп кетуін болдырмау қажет.

Шу деңгейін өлшеу үшін, аспаптың алдыңғы панелін келесі жағдайға қою қажет: “Бөлгіш-1” –80, “Бөлгіш-11”-40, “Өлшеу тегі”-“Лин.”, “Жұмыс тегі”-“ F ”, тумблер-“Дыбыс”. Егер де өлшеу кезінде аспаптың стрелкасы шкаланың сол жағында болатын болса, оны “Бөлгіш-1” қосқышымен оң жақ жағдайға өзгерту қажет, содан соң “Бөлгіш-11” қосқышын өзгертеді. Аспап өлшегіші бойынша көрсеткіштерді алып, аспаптың шкаласында көрсетілген “Бөлгіш-1”, “Бөлгіш-11” қосқышы бойынша көрсеткіштерін қосады.

Мысалы: Дыбыс деңгейін өлшеу кезінде қосқыштар келесі жағдайда болды: “Бөлгіш-1”-70, “Бөлгіш-11”-40; аспап стрелкасы –7 санында. Өлшеу нәтижесі мынаған тең болады: 70+40+7=117 дбА.

А,Б,С сипаттамасы бойынша дыбыс деңгейін өлшеу, “Лин.” сипаттамасы бойынша өлшеу арқылы жүргізіледі.

Дыбыс қысымы деңгейін октавалық жолақ жиілігінде “Лин.” сипаттамасы бойынша өлшегеннен кейін барып, жүргізеді. Сондықтан “Өлшеу тегі” қосқышын “Сүзгі” жағдайына қояды, ал “Жиілік” қосқышын кезекпен-кезек 16,31,5,63… 8000 Гц жағдайларына қояды, тек “Бөлгіш 11” қосқыштарын ғана пайдаланады.

Төмен жиіліктегі шуды өлшеу кезінде, аспап стрелкасының флюктуациясы тууы мүмкін. Оны жою үшін “Жұмыс тегі” қосқышын “S” жағдайына қояды.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттар бөлмелерінде шуды қоршаушы құрылымдардан 1,2 м қашықтықта кем дегенде 3 нүктеден өлшейді. Есептеу нәтижесі ретінде ең жоғарғы анықталу деңгейін алады. Алынған шу деңгейін қалыпты параметрлермен салыстырады.

Тұрақты шудың қалыпты параметрлеріне дыбыстың эквивалентті (энергия бойынша) деңгейі LAэкв (дБА) және дыбыстың максималды деңгейі LAэкв дБА жатады.

Тұрақсыз шуды бағалау рұқсат етілген деңгейге сәйкес дыбыстың эквивалентті және максималды деңгейі бойынша қатар жүргізіледі.

Қалалық магистралдарда транспорт арқылы түзілетін шу деңгейін анықтау үшін, аспаптық және есептеу әдітері қолданылады. Транспорттық шуды өлшеу, жерден 1,2 м биіктік деңгейден, транспорт қозғалысы жолағының ортасынан 7,5 м қашықтықта өлшенеді. Шумомердің микрофоны шу көзіне қаратылып, адамнан 0,5 м қашықтықта болуы қажет.

Дыбыс деңгейін өлшеу кезінде өлшеу аспабының жиілік сипаттамасының қосқышын “А” жағдайына қою қажет.

Автомобиль, мотоцикл, трамвай, троллейбус жүретін магистралдардағы транспорттық ағынын өлшеу үшін, екі бағыт бойынша кем дегенде 200 транспорттық ағын болуы қажет. Тек трамвай ғана кіретін транспорттық ағынды зерттеу кезінде екі жақ бағыт бойынша 20 трамвайдан кем болмауы қажет. Темір жол пойызының шу ағынын зерттеу кезінде кем дегенде 1 сағат уақыт бойынша өлшейді.

Автомобиль, мотоцикл, трамвай, троллейбус жүретін магистралдардағы шу ағынын зерттеу дыбыс деңгейінің стрелкалық индикаторы бар шумомер қолданылады. Өлшеу интервалының арасы 2-3 с болуы қажет. Өлшеу негізінен транспорт жүріп тұрған кезде және жүрмей тұрған кезде де өлшене береді. Өлшеу деңгейінің мәні аспаптың стрелкасының көрсеткіші бойынша 1 дБА дәлділігін есептеу кезінен бастап есептеледі.

Транспорттық ағын шуын есептеу кезінде қозғалыс интенсивтілігін және оның құрамын да бірдей анықтау қажет. Транспорттық ағын құрамына тек трамвай немесе темір жол пойыздары ған кіретін болса, дыбыс деңгейінің стрелкалық индикаторы бар шумомер көмегімен қозғалыс жылдамдығын да есептейді.

ГОСТ 20444-85 құжатына сәйкес, транспорттық шуды бағалау, дыбыс деңгейінің эквиваленті бойынша, дыбыс деңгейінің децибелдағы есептелуімен анықталады. Дыбыстың эквиваленттік деңгейі номограмма бойынша немесе статистикалық әдіспен есептеледі. Алынған нәтижелер нормативпен салыстырылады. Кей жағдайда қаланың шу картасын құрастыру кезінде шу тәртібін өлшеу және есептеу жүргізіледі.

Транспорттық шуды есептеу әдісімен анықтау кезінде төмендегі кесте бойынша сәйкес көрсеткіштер есептеледі. Бұл әдіс сақтық санитарлық бақылау кезінде болашақтағы шу деңгейін анықтауда маңызы зор.

Кесте1

Тұрғын және қоғамдық ғимараттар бөлмелерінде және құрылыс салыну территориясындағы шуды тудыратын дыбыс деңгейінің рұқсат етілген мәні

Бөлмелелер немесе аймақтың тағайын- далуы Тәулік уақыты Дыбыс қысымының деңгейі, дБ,орташа геометриялық жиіліктегі октавалық жолақтағы жиілік, Гц Дыбыс деңгейі және экви- валеттік дыбыс деңгейі, дБА Максимал. дыбыс деңгейі, дБА
Ауруханалар, санаториялардың па латалары, операция- лық бөлмелер 7-ден 23 сағ. дейін, 23-тен 7-ге дей.    
Емхана, амбулатория, диспансер, аурухана, санатория дәрігерле рінің кабинеттері 7-23 сағ. 23-7 сағ.
Класс бөлмелері, оқу кабинеттері, мұғалім бөлмелері, мектеп, оқу орындарының ау- диториялары, конференц. зал, кітапхана оқу бөлмелері 7-23 сағ. 23-7 сағ.
Пәтерлердің тұрғын Бөлмелері, демалыс үйлердің, пансионат- тардың, кәрілер үйі- нің, бала бақшалар- дың, мектеп-интер- нат бөлмелері 7-23 сағ. 23-7 сағ.          
Қонақ үй нөмірлері, жатақхана бөлмелері 7-23 сағ. 23-7 сағ.        
Аурухана, санатория ғимараттарына тиісті аймақтар 7-23 сағ. 23-7 сағ.    
Тұрғын үй, емхана, амбулатория, диспансер, демалыс үйі, пансионат, кәрі- лер үйі, бала бақша, мектеп, оқу орында- рына тиісті аймақтар 7-23 сағ. 23-7 сағ.          
Ықшам аудан,тұрғын үй тобы кәрілер үйі, бала бақша, мектеп, оқу орындарына ар- налған алаңдар 7-23 сағ. 23-7 сағ.

Кесте 2


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!