Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Жылытылатын бөлмелердің қалыпты температурасы



Бөлмелердің аты Цельсий гр.темп.
Тұғын бөлмелер, коридорлар, жуынатын бөлме
Контор бөлмелері, күту орындары
Кластар, аудиториялар, зертханалар, жалпы залдар
Спортты-гимнастикалық залдар
Балалар бақшасы мен яслидің топтық бөлмелері
Балалар бақшасы мен яслидің ұйықтайтын бөлме.
Дәрігерлер кабинеті, ересектер үшін палаталар
Балалар үшін палаталар, жарақат таңу бөлмесі
Операциялық, босанатын бөлме, сумен емдеу залы, душты бөлме
Шешінетін және киінетін бөлмелер
Массаж жасайтын бөлме
Төсеніш беретін бөлме, тазарту бөлме
Шешінетін бөлме, сырт киім шешетін бөлме, Клуб бөлмелер
Сценалар, фойе, артистер бөлмелері
Ванналар, жүзу бассейндері
Булану бөлмелері
Дәріхана: қабылдау және тіркеу бөлмелері
Түскі ас ішетін зал, дайындайтын бөлмелер
Жартылай фабрикаттар және жемістер сақтайтын бөлмелер
Құрғақ азықтар, қышқыл капусталар сақтайтын бөлмелер
Бакалейлі тауарлар дүкені
Ет, сүт, тез бұзылатын тауарлар дүкені

Жобаны сараптаудағы есептеулер үлгісі.Аламты қаласынада цементті-құм ерітіндіге отырғызылатын, қалыңдығы – 540мм. керамикалық іші қуыс кірпіштен тұрғын үй құрылысын салу жобалануда. Санитарлық дәрігерге таңдалып алынға құрылыс материалдары үйдің бөлмелерінде қалыпты температуралық тәртіпті сақтауға мүмкіндік беретіндігін аықтауы қажет. Ол үшін төмендегі жағдайларды анықтап алуы қажет:

– қоршаушы құрылымының талап бойынша жылу беруге қарсыласуы Rтр;

– қоршаушы құрылымының іс жүзінде жылу беруге қарсыласуы R0;

– іс жүзіндегі қарсыласуды талап етілетін қарсыласумен.



 

Қоршаушы құрылымының талап бойынша жылу беруге қарсыласуы (R ) төмендегі флормула бойынша анықталады:

 

R = = м2 Һ 0С/Вт.

 

Қоршаушы құрылымның іс жүзінде жылу беруге қарсыласуын анықтау үшін алдымен қоршаушы құрылымның құрылыс материалының термиялық қарсыласуын бойынша (Rк) төмендегі формула анықтап алу қажет:

Rк = = 1,03 м2 Һ 0С/Вт

мұндағы δ – құрылыс материалдарының тұрғызып қойғандағы қалыңдық қабаты, м; λ – құрылыс материалының есептелген жылу беру коэффициенті, Алматы қаласының 2.04-03-2002 ҚНменЕ, 3 қосымша бойынша алынған Б зонасы және керамикалық іші қуыс кірпіштің жылу беруінің есептелген коэффициенті 0,52 Вт/(мҺ 0С) құрайды.

Осыдан соң қоршаушы құрылымның жылу беруінің іс жүзіндегі қарсыласуын R0, төмендегі формула бойынша анықталады:

 

R0 = = 1,18 м2 Һ 0С/Вт

 

Қорытынды. Алматы жағыдайындағы тұрғын үйдің қоршаушы құрылымның талап бойынша жылу беруге қарсыласуы 1,20 м2 Һ 0С/В болғанымен, іс жүзіндегі қарсыласуы – 1, 18 м2 Һ 0С/Вт., яғни айтарлықтай төмен. Соған сәйкес, кірпіш құймасының қалыңдығын қоршаушы құрылымның жылу беруінің қажетті қарсыласуға жеткізгенге дейін жоғарылату қажет не болмаса, құрылысқа жылу өткізгіштігінің коффециенті төменірек, мысалы керамзибетонның бір түрінің жылу өткізу коэффициенті едәуір (0,23 – 0,41 Вт/(мҺ 0С ) төмен, материал пайдалану қажет.



 

 

Тақырып: Жылыту жүйесі.

Есеп.

 

Қарағанды қаласындағы емхананың дәрігерінің кабинетіндегі (оңтүстік бағытта) жылыту жүйесінің шойын радиаторларының секцияларының қажетті санын есептеңіздер, егер кіре берістегі судың температурасы – 850С болса, ал шыға берістегі 600С. Кабинет ғимараттың ортасында орналасқан, ауданы 15м2, сыртқа қарайтын қабырғасының ені - 3 метр, бөлменің биіктігі – 2,7 м. Терезенің көлемі 2 м2, бір қабат әйнектелген ағаш терезе.

 

Тақырып: Жылыту жүйесі.

Есеп.

 

Қалалық ауруханадағы балаларға арналған палатада шойын радиатордың секциясының саны қанша болу керек, егер ол ғимараттың ортасында орналасса және сыртқа қарайтын қабырғасының көлемі 9 м2, болса, терезенің көлемі 2,5 м2, екі қабатты әйнектелген ағаш терезе. Кіре берістегі судың температурасы 750С, шыға берістегі 500С. Бұл аурухана Талдықорған қаласында орналасқан, оңтүстік-шығыс бағытта.

Тақырып: Жылыту жүйесі.

Есеп.

Павлодар қаласындағы қалалық аурухананың (солтүстік-батыс бағытта) операция жасайтын бөлмесіндегі Н-150 жылыту приборларының қажетті көлемін есептеңіздер, егер бөлменің ауданы 45 м2 болса, ол ғимараттың ең шетінде орналасқан, сыртқа қараған қабырғаларының ені 5 және 9 метр, биіктігі 3,5 м. Терезелері екі қабатты әйнектеліп, металдан жасалған , жалпы көлемі 8 м2. Кіре берістегі судың температурасы 800С, ал шыға берістегі 600С.

 

Тақырып: Жылыту жүйесі.

Есеп.

 

Петропавл қаласындағы тұрғын үйдің бөлмесіндегі көп қырлы радиатордың қажетті көлемін анықтаңыздар, егер оның ауданы 15 м2 болса, ғимараттың ең шетінде орналасқан (бағыты солтүстік), сыртқа қарайтын қабырғаларының ені 5 және 3 метр, биіктігі 2,65 м, екі қабатты әйнектелген екі терезесінің көлемі 3 м2, кіре берістегі судың температурасы 950С, шыға берістегі 700С.

 

Тақырып: Жылыту жүйесі.

Есеп.

Ғимараттың ортасында орналасқан аудиторияның (оңтүстік бағыттағы) М-132 жылыту жүйесінің қажетті көлемін анықтаңыздар. Сыртқа қарайтын қабырғаның ұзындығы 17 м, биіктігі 8 м. Бір қабатты әйнектелген ағаш терезелердің жалпы көлемі 29 м2. Кіре берістегі судың температурасы 850С, ал шыға берістегі 700С. Ол Алматы қаласында орналасқан.

 

Тақырып: Жылыту жүйесі.

Есеп.

Қостанай қаласындағы қалалық аурухананың (оңтүстік-шығыс бағыттағы) үлкендерге арналған палатасындағы радиаторлардың секциясының санын есептеңіздер, егер бөлме ғимараттың ең шетінде орналасса, сыртқа қарайтын қабырғаларының ұзындығы 3 және 4 метр болса, биіктігі 2,7 м, бір қабатты терезелерінің жалпы көлемі 3,2 м2. Кіре берістегі судың температурасы 800С, ал шыға берістегі 600С.

 

Тақырып: Жылыту жүйесі.

Есеп.

 

Жамбыл қаласындағы кинотеатрдың ауданы 450 м2 көрушілер залында бір сыртқа қарайтын қабырға бар (бағыты – батыс), ұзындығы 30 м, биіктігі 7 м (терезелері жоқ). Егер кіре берістегі судың температурасы 950С болса, ал шыға берістегісі 500С болса, онда бұл бөлмеде шойын радиатордың секцияларының саны қанша болуы қажет.

 

Тақырып: Жылыту жүйесі.

Есеп.

Өскемен қаласындағы ауданы 12 м2 процедуралық кабинеті (бағыты солтүстік-батыс) ғимараттың ортасында орналасқан және сыртқа қарайтын қабырғасының ұзындығы 3 м, биіктігі 2,7 м. Қосақталған ағаш терезелерінің көлемі 2 м2. Кіре берістегі судың температурасы 750С, ал шыға берістегі 600С. Шойын радиаторлардың қажетті көлемі қандай және секцияларының саны қанша.

 

Тақырып: Жылыту жүйесі.

Есеп.

 

Жамбыл қаласындағы аурухананың қабылдау бөліміндегі ауданы 22 м2 жараны таңатын бөлме (бағыты – солтүстік), ғимараттың ең шетінде орналасқан, екі сыртқа қарайтын қабырғаларының ұзындығцы 4 және 5,5 метр, биіктігі 2,8 м. Екі қабатты әйнектелген ағаш терезелерінің жалпы көлемі 3,7 м2. Кіре берістегі судың температурасы 800С, ал шыға берістегі 600С. Шойын радиаторлардың секцияларының қажетті санын есептеңіздер.

 

Тақырып: Жылыту жүйесі.

Есеп.

 

Орал қаласындағы ауруханада ауданы 12 м2 жедел анализ жасауға арналған лабораториясында (бағыты оңтүстік-шығыс), ұзындығы 3 және 4 метр, биіктігі 2,5 метр екі сыртқа қарайтын қабырға бар. Терезелерінің жалпы көлемі 2,2 м2. Кіре берістегі судың температурасы 820С, ал шыға берістегі 700С. Жылытуға арналған шойын радиаторының қанша секциясы қажет.

 

 

Мамандық: «Қоғамдық денсаулық сақтауң

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы

 

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстары (ОСӨЖ)

Тақырып:Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың вентиляция жүйелерін санитарлық сараптау.

Курс: 4

 

 

Құрастырған:

доцент Арынова Г.А.

аға оқытушы Досмухаметов А.Т.

 

Алматы 2010 ж.

 

 

1. ТАҚЫРЫБЫ: Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың вентиляция жүйелерін санитарлық сараптау.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттерге желдету жүйесін ұйымдастыру бойынша жоба материалдарын санитарлық бағалау әдістемесімен таныстыру. Жабық бөлмелерде ауа алмасуды есептеуді үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

- студент білуге тиіс:

  • Жабық бөлмелердің ауа алмасуының маңызы;
  • Жабық бөлмелердің ауа алмасуының негізгі принциптері;
  • Жабық бөлмелердің ауасының ластануының деңгей көрсеткіштері;
  • Табиғи желдетуге әсер ететін факторлар;
  • Ауа баптауды қолданудың аймақтары.

- студент меңгеруі тиіс:

· Уақыт бірлігіне қарай ауа шығынын есептеуді;

· Жабық бөлмелерде ауа алмасуды есептеуді жүргізу;

· Желдету бойынша қажетті нормативті құжаттарды қолдануды.

 

4. Өткізу түрі: нормативтік құжаттармен жұмыс істеу, практикалық дағдыларды бағалау, жобаны қарастыру, есеп шығару.

 

5. Тақырып бойынша тапсырма:

№1 тапсырма. Студенттер тақырып бойынша нормативті құжаттармен танысады.

№2 тапсырма. Студенттер үлгі бойынша типтік жағдайлық есептерді шешеді.

№3 тапсырма. Есеп бойынша қорытынды жазады.

№4 тапсырма. Студенттер жоба бойынша әр түрлі бөлмелердің желдетілу қажеттілігін қарастырады.

Оқытушы студенттермен жоба бойынша дұрыс қорытынды жазуын, көңіл бөлетін негізгі сатыларды талдау. Талдай отырып жоба бойынша түсініксіз сұрақтарды шешу. Оқытушы студенттердің өзіндік жұмысын тексереді. Жалпы кеткен қателерді талдайды.

 

6. Берілетін материалдар:

1. ҚР ҚНжЕ 3.02-01-2001 «Тұрғын ғимараттарң.

2. ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 «Қоғамдық ғимараттар және имараттарң.

3. ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасың.

4. ҚР ҚНжЕ 2.04-11-2001 «Құрылыстық климатологияң.

5. ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001 «Жылыту, желдету және ауа баптауң.

6. ГОСТ 211.602-79 «Отопление, вентиляция и кондиционирование воздухаң.

7. «Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарының құрылымына және оларды пайдалану барысына қойылатын талаптарң санитарлық ережелер мен нормалар, Астана, 2002.

8. Жағдайлық есептер.

9. Көрнекі құралдар. Бактериальное загрязнение воздуха помещений - №68

10. ЕПМ және тұрғын ғимараттар жобасы.

11. Қосымша.

 

9. Қосымша.

 

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң Алматы, Гылым, 2003, С. 246-308.

2. Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң, Алматы 2004., С. 120-149.

3. «Коммунальная гигиенаң Акулов К.И., Москва, 2001г., с. 262-349.

4. «Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиенең Гончарук Е.И., Москва, 1990г., с. 279-315.

5. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430 с.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., М. 2006, - Киев, «Здоровьяң.

7. «Руководство по гигиене атмосферного воздухаң под ред. Буштуевой К.А., Москва, 1996г.

8. «Техника обеспечения чистоты воздухаң Кноп В., Теске А., Москва, 2000г., 200 с.

9. «Охрана воздушного бассейна от загрязненийң Бертшнайдер Б., Курфюрст И., 1999г., с. 288.

10. «Защита атмосферы от промышленных загрязненийң Калверт С., Инглунд Г.М., Москва, 2002г., ч. 1-2.

  1. Королев А.А., Мазаев В.Т., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 1 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2005. – 304 с.
  2. Мазаев В.Т., Гимадеев М.М., Королев А.А., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 2 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2006. – 336 с.

13. А.Н.Марзеев, В.М.Жаботинский «Коммунальная гигиенаң М., «Медицинаң, 1979 г.

  1. Гигиена. / Под ред. акад. РАМН П.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР Медицина, 2000.
  2. Пивоваров Ю.Л. Гигиена и основы экологии человека: Учебник для студентов высших медицинских учебных заведений. - М.: "Академия", 2004.
  3. Пивоваров Ю.Л. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и экологии человека. - М.: ВУНМЦ МЗ РФ. - 1999.

 

8. Бақылау: ауызша сұрау(студент әдістемелік нұсқаудағы сұрақтарға дайын болуы қажет).

Сұрақтар:

1. Ауа алмасудың гигиеналық маңызы, ауаның ластану деңгейінің көрсеткіші, ауа кубы.

4. Желдету жүйесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

5. Бөлмеде жылу жоғалту ненің есебінен жүреді.

6. Жылдың суық мезгілінде сыртқы ауаның температурасын есептеу неге байланысты, ол қай нормативті құжатта берілген.

7. Табиғи желдетілуге әсер ететін факторлар.

8. Ауаның ластану деңгейінің көрсеткіштері.

Желдету туралы түсінік (ауа алмасуы, оның маңызы).

7. Әртүрлі қоғамдық ғимараттарда қажетті ауа көлемін есептеудің принциптері. Есептеу критериялары.

8.Ауа алмасу жиілігі мен интенсивтілігіне анықтама беріңіз.

9. Тұрғын ғимараттардағы табиғи желдетілу, әсер ету принциптері, конструктивті элементтері.

10. Жасанды желдетілу туралы түсінік, оның ерекшеліктері.

11. Ауа баптау. Оның қолдану аймағы. Ауа жинатын, ауа өңдейтін құрылымдарға қойылатын талаптар.

Осымша

Тұрғын үйлердегі табиғи ауа алмасуды ұйымдастыруды, онымен бірге вентиляцияның жалпы алмасу қондырғыларын және оның пайдалану төмендегі формула бойынша ауаның шығыны, яғни уақыт бірлігіндегі бөлмеге түсетін (шығарылатын) мөлшері (м3/сағат) есептеледі:

 

L=VxSx3600

 

ондағы: L – ауа шығыны, м3/сағат; V – ауа қозғалысы жылдамдығы, м3/сағат; S – ауа өтетін тесіктің көлденең кесіндісінің ауданы, м2.

Ауа шығынын анықтау нәтижесі негізінде бөлімінің ауа алмасу жиілігі төмендегі формула бойынша есептеледі:

мұндағы: L – ауа шығыны, м3/сағат; V – бөлменің ауданы, n – ауа алмасу жиілігі, яғни бөлмедегі ауаның 1 сағат ішінде неше рет алмасатынын көрсететін сан («плюсң - алып келетін, «минусң - алып кететін).

Жалпы алмасу вентиляциясы кезінде қажетті ауа алмасуды анықтау төмендегі формулалар бойынша жүргізіледі:

 

А) артық жылуды жұту үшін

Б) артық ылғалды жұту үшін

В) зиянды газдарды сұйылту үшін

 

Мұндағы: L – қажетті ауа алмасу, м3/сағ; Q – артық бөлмедегі жылу бөлінудің артық мөлшері, ккал/сағ; t р.е. – бөлмедегі рұқсат етілген ауа температурасы, 0С; t .алып келетін – алып келетін ауа температурасы, 0С; Д- бөлмеде ылғал бөліну, г/сағат; d р.е. – бөлме ауасындағы рұқсат етілетін ылғалдылық, мөлшері, г/м3; G – бөлмеге бөлінетін газдар мөлшері, мг/сағ; g р.е. – газдың рұқсат етілген концентрациясы, мг/м3; g .алып келетін – алып келетін ауадағы берілген газдың мөлшері, мг/м3 ; С – ауаның көлемді жылу сыйымдылығы, шамамен, 0,3 ккал/ м3 градусқа тең.

Қажетті ауа алмасуын есептеу кезінде, көмір қышқыл газының тұрғын бөлмелерде бөлінуі (Cr) л/сағатпен, ал оның ауадағы құрамы g л/ м3-пен айқындалады. Бұл газдың ауадағы рұқсат етілген концентрациясы ретінде 0,1% , сонымен бірге 1 л/ м3 мөлшері қолданылады.

Жылулық қысымсыз – қажетті ауа алмасу мөлшеріне дефлектордың диаметрін таңдау төмендегі формула бойынша жүргізілдеді:

Ондағы d - дефлектордың диаметрі, м; Vж – жергілікті жер үшін орташа жел жылдамдығы (сан-Петербург үшін – 4 м/сек).

Есепті шешуге арналған мысал; 60 м3 (V) кубатурадағы палата 3 адамға арналған (сағ.). Вентиляция көлденең кесіндісінің ауданы 0,15 м3 –қа тең форточка арқылы жүреді.

Форточка арқылы өтетін ауа қозғалысының жылдамдығы (V) 1 м/сек-қа тең. Желдету әрбір сағат сайын 10 мин.жүргізіледі. Палата вентиляциясына баға беру керек.

Шешуі: 1. 1 сағатта палатаға түсетін (бөлінетін), (10 мин), ауа көлемін есептеу (L).

L=VxSx3600 (1 сағ.сек.мөлшері) =1х0,15х3600=540 м3/сағат.

10 мин.үшін =---------= 90 м3/сағат

 

2. Ауа алмасу жиілігін есептеу (n):

3. вентиляцияның қажетті көлемін есептеу (К):

Мұндағы:R- 1 сағат ішіндегі адамнан бөлінетін (22,6 л) СО2 мөлшері, r – палатадағы адам саны, С1 – бөлмедегі максималды рұқсат етілген СО2 мөлшері (0,4 л/м3).

4. Ауа алмасудың қажетті жиілігі есептеледі (n):

Аурухананың операциялық блогында вентиляцияны ұйымдастыру бойынша жобалық материалдарын қарастыру кезінде, міндетті түрде ауаны кондиционерлеудің принципиалды схемасына, сонымен бірге вентиляцияны ұйымдастыру бойынша СанПиН 3.01.042-97 «Санитарные правила устройства и содержания лечебно-профилактических учрежденийң құжатының талаптары ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Жобаны қарастыра отырып, біріншіден түсініктеме қағазбен танысу керек, одан ғимараттың сипаттамасы және жеке бөлмелердің міндеті, жобаланған вентиляция жүйесі, жеке бөлмелер бойынша ауа алмасу жиілігі, вентиляциялық жүйелермен ауа алу мен шығаруға арналған орын мен қондырғылар, алып келетін ауаны дайындау үшін қондырғылар мен қолданатын әдістер (тазарту, жылыту және т.б.) бөлмелерден ауаны шығаруға арналған орын мен қондырғылар, бөлмеге берілетін ауа жылдамдығы, вентиляциялар жұмысынан шығатын шу және вибрациямен күрес шаралары анықталады. Осымен паралельді түрде графикалық материалдар қарастырылады: вентиляциялық құрылымдары көрсетілген технологиялық қондырғылар орнатылған бөлмелердің жоспары мен кесіндісі және олардың бөліктері (вентиляциялық камера, ауаны дайындау үшін қондырғы, ауаны алу, бөлмеден шығару және сыртқа ауаны тастау және т.б.), жеке алып келетін және алып кететін құрылымдардың аксонометриялық схемасы; операциялық бөлмелер үшін ұсынылған К5 және К5 2 вентиляциялық жүйенің жобалық варианттарының гигиеналық дұрыстығы бағаланады.

Жабаны қарастырып болғаннан кейін, сәйкес форма бойынша, санитарлық қортынды толтырылады. Жобаның кемшіліктері топпен талқыланады.

 

Тақырып: Желдету.

Есеп

Тұрғын бөлменің (көлемі 18 м2, биіктігі 2,7 м2 вентиляциясына баға беріңіздер, егер бұл бөлменің ауасының тазартылуы форточка арқылы жүргізілсе. Форточканың көлемі 0,2 м2, бұрынғы ауаның қозғалу жылдамдығы 0,1 м/с. Ауаның тазартылуы әр-бір сағатта 5 минуттан жүргізіледі. Бұл бөлмеде екі адам тұрады.

Тақырып: Желдету.

Есеп.

Аурухананың палатасында 5 адам жатады. Палатаның ұзындығы 5 м, ені 4 м, биіктігі 2,6 м. Вентиляция екі форточка арқылы жүргізіледі (әр-қайсысының көлемі 0,07 м2). Олардың ауасының тазартылуы әр-бір сағатта 10 минуттан жүргізіледі. Ауаның қозғалу жылдамдығы 0,3 м/сек.

Палатадағы ауаның алмасуының қажетті жиілігін анықтаңыздар.

 

Тақырып: Желдету.

№3 есеп.

Ауданы 30 м2 қызмет бөлмесінде 8 адам отырады. Бөлменің биіктігі 3 метр, форточканың кесінділерінің жалпы ауданы 0,3 м2, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,5 м/сек. Бөлмедегі желдетуге баға беріңіздер.

 

Тақырып: Желдету.

Есеп.

Ауданы 450 м2, биіктігі 4 метр аудиторияда 250 адам бар. Вентиляция екі форточка арқылы жүргізіледі. Әр-қайсысының ауданы 0,6 м2, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,9 м/сек.

Желдетудің жағдайына баға беріңіздер.

 

 

Тақырып: Желдету.

Есеп.

Ауа алмасуының қажетті қайталануын анықтаңыздар: егер,

1) бөлменің кубатурасы 125 м3 тең болса;

2) бөлмедегі үлкен кісілердің саны 10 адам болса.

 

Тақырып: Желдету.

Есеп.

Аурухананың төрт керуерттік палатасының көлемі 18 м2, биіктігі 35 м. Бір сағат ішінде 45 м3 ауа шығарылды.

Табиғи желдетудің тиімділігіне баға беріңіздер.

 

Тақырып: Желдету.

Есеп

Ауданы 50 м2, биіктігі 3 м кластық бөлмеде 30 оқушы бар. Вентиляция жалпы ауданы 0,40 м2 екі форточка арқылы жүргізіледі, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2 м/сек.

Табиғи желдетуге баға беріңіздер және ұсыныстарыңызды дәлелдеңіздер.

 

Тақырып: Желдету.

Есеп

Оқу бөлсесінде (7х4х2,5) 15 адам бар. Бөлмедегі ауа алмасу форточка арқылы жүргізіледі. Оның ауданы 0,4 м2, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,5 м/сек.

Табиғи желдетуге баға беріңіздер.

 

Тақырып: Желдету.

Есеп.

Көлемі 0,1 м2 форточка арқылы ауасы алмасатын тұрғын бөлмеде 2 адам бар. Бөлменің ауданы 11 м2, биіктігі 2,5 м, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,13 м/сек.

Табиғи желдетуге баға беріңіздер.

 

Тақырып: Желдету.

Есеп.

Ауданы 14 м2, биіктігі 2,7 м, қызмет бөлмесінде 4 қызметкер отырады. Форточканың кесіндісінің көлемі 0,2 м2, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,1 м/сек.

Табиғи желдетудің тиімділігіне баға беріңіздер.

 

Тақырып: Желдету.

Есеп.

Селолық мектептің ауданы 30 м2 класында 24 оқушы бар. Вентиляция екі форточка арқылы жүргізіледі, әр-қайсысының көлемі 0,15 м2. Кластың биіктігі 2,8 м, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,1 м/сек. Желдетуге баға беріңіздер.

 

 

Мамандық: «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы

 

 

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстары (ОСӨЖ)

Тақырып:Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимараттарды санитарлық тексеру. Жабық бөлмелердің микроклиматын зерттеу әдістемесі.

Курс: 4

 

Құрастырған:

доцент Арынова Г.А.

аға оқытушы Досмухаметов А.Т.

 

Алматы 2010 ж.

 

 

1. ТАҚЫРЫБЫ: Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимараттарды санитарлық тексеру. Жабық бөлмелердің микроклиматын зерттеу әдістемесі.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттерге жабық бөлмелердің микроклиматының санитарлық-физикалық зерттеу әдістерін меңгеру.

 

3. Оқыту міндеттері:

- студент білуге тиіс:

- микроклиматтың көрсеткіштерін;

- жабық бөлмелердің ауа температурасын анықтау әдісін;

- жабық бөлмелердің ауа ылғалдылығын анықтау әдісін;

- ауа қозғалысының баяу жылдамдығының анықтау әдістемесін;

- студент меңгеруі тиіс:

- ауа температурасын анықтайтын аспаптарды пайдалануды;

- бөлмелердегі орташа температураны анықтауды;

- психрометр мен гигрометрді пайдалануды;

- барометр мен барографты пайдалануды;

 

4. Өткізу түрі: нормативтік құжаттармен жұмыс істеу, практикалық дағдыларды бағалау.

 

5. Тақырып бойынша тапсырма:

№1 тапсырма. Аспаптың құрылымымен танысыңыздар.

№2 тапсырма. Бөлмедегі орташа ауа температурасын, оның ылғалдылығын, ауа қозғалысының жылдамдығын және атмосфералық қысымды өлшеу.

№3 тапсырма. Зертханалық тексеру хаттамасын толтырыңыздар, алынған нәтиже бойынша баға беріңіздер.

№4 тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер және есептерді шешіңіздер.

Студенттер оқытушылармен бірге аспаптар құрылымын талдайды, микроклиматтың параметрлерін анықтауды жүргізеді. Зертханалық тексеру хаттамаларын толтыру кезінде студенттердің жалпы жіберген қателерін және алынған нәтижелерді бағалау бойынша талдау жүргізеді.

 

Берілетін материалдар:

1. ҚР ҚНжЕ 3.02-01-2001 «Тұрғын ғимараттарң.

2. ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 «Қоғамдық ғимараттар және имараттарң.

3. ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасың.

4. ҚР ҚНжЕ 2.04-11-2001 «Құрылыстық климатологияң.

5. ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001 «Жылыту, желдету және ауа баптауң.

6. ГОСТ 211.602-79 «Отопление, вентиляция и кондиционирование воздухаң.

7. «Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарының құрылымына және оларды пайдалану барысына қойылатын талаптарң санитарлық ережелер мен нормалар, Астана, 2002.

8. Кафедраның әдістемелік нұсқаулары (қосымшаны қараңыз).

12. Термометрлер.

13. Ассман аспираторлық психрометрі.

14. Кататермометр.

15. Электротермометр.

16. Барометр-анероид.

17. Көрнекі құралдар.

9. Қосымша.

 

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң Алматы, Гылым, 2003, С. 246-308.

2. Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң, Алматы 2004., С. 120-149.

3. «Коммунальная гигиенаң Акулов К.И., Москва, 2001г., с. 262-349.

4. «Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиенең Гончарук Е.И., Москва, 1990г., с. 279-315.

5. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430 с.

Қосымша әдебиеттер:

6. Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., М. 2006, - Киев, «Здоровьяң.

7. «Руководство по гигиене атмосферного воздухаң под ред. Буштуевой К.А., Москва, 1996г.

8. «Техника обеспечения чистоты воздухаң Кноп В., Теске А., Москва, 2000г., 200 с.

9. «Охрана воздушного бассейна от загрязненийң Бертшнайдер Б., Курфюрст И., 1999г., с. 288.

10. «Защита атмосферы от промышленных загрязненийң Калверт С., Инглунд Г.М., Москва, 2002г., ч. 1-2.

11. Королев А.А., Мазаев В.Т., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 1 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2005. – 304 с.

12. Мазаев В.Т., Гимадеев М.М., Королев А.А., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 2 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2006. – 336 с.

13. А.Н.Марзеев, В.М.Жаботинский «Коммунальная гигиенаң М., «Медицинаң, 1979 г.

14. Гигиена. / Под ред. акад. РАМН П.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР Медицина, 2000.

15. Пивоваров Ю.Л. Гигиена и основы экологии человека: Учебник для студентов высших медицинских учебных заведений. - М.: "Академия", 2004.

16. Пивоваров Ю.Л. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и экологии человека. - М.: ВУНМЦ МЗ РФ. - 1999.

 

8. Бақылау: ауызша сұрау(студент әдістемелік нұсқаудағы сұрақтарға дайын болуы қажет).

Сұрақтар:

1) Жабық бөлмелердің микроклиматының көрсеткіштері.

2) Адам организмінің жылу реттелуі.

3) Әр түрлі метеорологиялық жағдай кезінде физикалық жылу реттелудің маңызы.

4) Әр түрлі метеорологиялық жағдай кезінде химиялық жылу реттелудің маңызы.

5) Адам организмінен жылу берілудің жолдары.

6) Жоғары және төменгі температура кезінде жылу алмасуға ылғалдылықтың әсері.

7) Организмнің жылу алмасуына ауаның қозғалу жылдамдығының әсері.

8) Ауа температурасын анықтау үшін қолданылатын аспаптар.

9) Максималды, абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылықты анықтау.

10) Ауаның ылғалдылығын анықтау әдістері.

 

Аралық бақылау – коллоквиум. (жазбаша, ауызша сұрау).

Коллоквиумның сұрақтары:

1. Құрылыс салу жүйесі.

2. Тұрғын секция туралы түсінік.

3. Ықшамклиматтың көрсеткіштері.

4. Бөлменің ықшам климатына қойылатын талаптар. Адам денсаулығына бөлме жағдайының әсері.

5. Тұрғын құрылысын жүргізу кезіндегі сақтық санитарлық бақылау бойынша санитарлық дәрігердің жұмысының сатылары.

6. Жобаның құрамы. Тұрғын ғимараттың жобасына сараптама жүргізу кезіндегі негізгі гигиеналық сұрақтар.

7. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарға күнделікті санитарлық бақылау кезіндегі санитарлық дәрігердің жұмысы.

8. Тұрғын пәтерді жоспарлаудың принциптері. 1 адамға шаққандағы қажетті тұрғын ауданның гигиеналық негізі. Тұрғын және көмекші бөлмелердің мөлшеріне қойылатын талаптар және оның гигиеналық маңызы.

1. Жарықтандырудың физиологиялық және гигиеналық негіздері.

2. Жарық, табиғи жарықтану және инсоляция түсіктерінің арасындағы айырмашылықтар.

3. Жарықтық климат, оны анықтаушы факторлар.

4. Табиғи жарықтандыруды анықтаудағы сыртқы және бөлме ішіндегі факторлар.

5.Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда табиғи жарықтандыруды гигиеналық нормалаудың негіздері.

6. Жобаны қарастыру стадиясында және КСБ кезінде бөлменің жарықтандырудың әдістері.

7. Жарықтық коэффициент, оны тұрғын және қоғамдық ғимаратта нормалау.

8. Табиғи жарықтандыру коэффициенті.

9. Табиғи жарықтандыру коэффициенті нормаланатын бөлме ішіндегі нүктелер.

1. Адам организмінің жылу берілу жолдары.

2. Тұрғын бөлмелердің микроклиматына қойылатын санитарлық талаптар.

3. Бөлменің жылу жоғалтуы неге байланысты?

4. Жылдың суық мезгілінде сыртқы ауаның температурасын есептеу неге байланысты, ол қай нормативті құжатта берілген.

 

5. Жылыту жүйесінің жіктелуі. Жергілікті және орталықтандырылған жылыту жүйесінің арасындағы принципалді сұрақтар.

6. Сумен және бумен жылытатын жүйені салыстырмалы санитарлық бағалау.

7. Сәулелік жылыту жүйесі, оның гигиеналық сипаттамасы.

8. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар бөлмелеріндегі ықшам климатты регламенттейтін нормативті құжаттар.

9. Жылыту аспаптарына қойылатын гигиеналық талаптар.

1. Ауа алмасудың гигиеналық маңызы, ауаның ластану деңгейінің көрсеткіші, ауа кубы.

4. Желдету жүйесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

5. Бөлмеде жылу жоғалту ненің есебінен жүреді.

6. Жылдың суық мезгілінде сыртқы ауаның температурасын есептеу неге байланысты, ол қай нормативті құжатта берілген.

7. Табиғи желдетілуге әсер ететін факторлар.

8. Ауаның ластану деңгейінің көрсеткіштері.

Желдету туралы түсінік (ауа алмасуы, оның маңызы).

7. Әртүрлі қоғамдық ғимараттарда қажетті ауа көлемін есептеудің принциптері. Есептеу критериялары.

8.Ауа алмасу жиілігі мен интенсивтілігіне анықтама беріңіз.

9. Тұрғын ғимараттардағы табиғи желдетілу, әсер ету принциптері, конструктивті элементтері.

10. Жасанды желдетілу туралы түсінік, оның ерекшеліктері.

11. Ауа баптау. Оның қолдану аймағы. Ауа жинатын, ауа өңдейтін құрылымдарға қойылатын талаптар.

11) Жабық бөлмелердің микроклиматының көрсеткіштері.

12) Адам организмінің жылу реттелуі.

13) Әр түрлі метеорологиялық жағдай кезінде физикалық жылу реттелудің маңызы.

14) Әр түрлі метеорологиялық жағдай кезінде химиялық жылу реттелудің маңызы.

15) Адам организмінен жылу берілудің жолдары.

16) Жоғары және төменгі температура кезінде жылу алмасуға ылғалдылықтың әсері.

17) Организмнің жылу алмасуына ауаның қозғалу жылдамдығының әсері.

18) Ауа температурасын анықтау үшін қолданылатын аспаптар.

19) Максималды, абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылықты анықтау.

20) Ауаның ылғалдылығын анықтау әдістері.

 

ОСЫМША

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!