Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Атмосфералық ауаның ластануын санитарлық бағалау үшін зертханалық әдістерді қолдану әдістемесі



Атмосфералық ауаның ластаушы көзін негіздегенде тексеру картасында нысанның аты, оның мекен жайы, ведомствалық тәуелділігі, жел бағытын ескере отырып оның селитебті территорияға қарағанда қала жоспарында орналасуы, санитарлық қорғаныс зонасының болуы, өндірістік сипаты, шығарылатын өнімі туралы мәліметтер көрсетілуі қажет.

Содан соң өндірістік кәсіпорынның учаскесінің санитарлдық сипаттамасын ретімен анықтау: оның мөлшерін, қолайлыландырылуын, атмосфералық ауаның ластаушы көзі болып табылатын цехтардың орналасуын, өндірістік қалдықтарды жинайтын жердің орналасуын, қалдықтардың мөлшері мен сипатын, алып кету әдісін, қалдықтарды зарарсыздандыру және утилизациялау.

Пайдаланылатын шикізаттың сипатын, оны сақтау орны мен жағдайын анықтау қажет.

Пайдаланылатын отынның сапасы мен түріне (күкірттің және күлдің құрамы), оның мөлшеріне көңіл бөлу қажет.

Сондай-ақ отынды жағу әдісі мен оны жағу жиілігін, күлдің мөлшері мен оны алып кету әдісін; құбырдың диаметрі мен биіктігін; қолданылатын күл және шаң ұстаушы қондырғыларды, олардың тазарту коэффициентін анықтау қажет.

Жеке цехтарды атмосфералық ауаның ластаушы көзі ретінде санитарлық сипаттауда анықтайды:

- технологиялық процесстің сипаты бойынша ауаға бөлінетін зиянды заттар;

- атмосфераның ұйымдастырылмаған тасымалдары және оның түсу себептерін;

- ұйымдастырылған тастама (тастама биіктігі мен диаметрі, жүйелілігі, атмосфераға түсетін тастамалардың мөлшері мен құрамы);

- қолданылатын шаң және газ тазартушы схемалар, олардың тиімділігі (жобалық және фактылары) газ және шаң тазартушы қондырғылардың жұмысын бақылау.

Нысанға санитарлық сипаттама беру үшін жорамалданып отырған өндірістер (өндірісті кеңейту, профилінің өзгеруі,, жабылуы, ауыстырылуы) және ауа бассейнін санитарлық қорғауда күтілетін тиімділік туралы мәліметтер қажет. Маңыздысы санитарлы-эпидемиологиялық тексеру, яғни атмосфераның ластану деңгейін халық денсаулығы көрсеткіштерімен салыстыру болып табылады.



Атмофералық ауаны санитарлық бағалау үшін тәжірибелік әдістерді пайдалану әдістемесі.

Сабақ атмофералық ауаның ластануын лабораториялық бақылауға арналған есептермен және ауа сынамасын алуға арналған аппараттар мен аспаптардың жұмыс істеу принципімен танысумен басталады.

Тұрғын мекендерде ауа сынамасы мынандай мақсаттармен алынады:

- тұрғын мекеннің ауасының ластану деңгейінің жалпы сипаттамасын алу үшін;

- атмосфералық ауаны ластайтын негізгі объектілердің тастамаларының таралуын зерттеу үшін;

- тазартушы қондырғылардың жұмысын бақылау үшін;

- атмосфераның зиянды тастамаларды төмендетуге бағытталған сауықтырушы шаралардың тиімділігін тексеру үшін.

Ауа сынамасын алатын орынды таңдау үшін қаланың (немесе жеке ауданның) жоспарымен, оның территориясында өндірістік кәсіпорындарының, тұрғын кварталдардың орналасуымен, «жел розасың туралы мәліметтермен танысу қажет. Егер атмосфералық ауаның ластаушы көзі өндірістік кәсіпорын болса, онда өндіріс технологиясымен танысу қажет. Атмосфералық ауаның сынамасы 3 түрлі бақылау орнында алынады: стационарлы, маршрутты және жылжымалы (факель астындағы). Сынама шаңға, күкіртті газға, азот диоксидіне, күкірт оксидіне, сондай-ақ осы тұрғын мекеннің ластаушы көзіне тән арнайы ингредиенттерге алынады.



Сынаманы алғанмен қатар ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы, барометрлік қысымы, желдің бағыты мен жылдамдығы анықталды.

Автомагистралға жақын орналасқан тұрғын құрлыстың ауасына гигиеналық баға – ауадағы автотранспорттың қалдық газдарының негізгі компоненттерін (көміртегі тотығы, азот тотықтары, оксиданттар, альдегидтер) іс жүзінде анықтау арқылы берілуі мүмкін.

Сынаманы алу жағдайы, тастама көзіне байланыссыз әрбір анықталатын затқа құрастырылады да картаға енгізіледі.

Атмосфералық ауа сынамасын алу және талдау картасы.

Зерттелетін ингредиенттің аты _______________________________________

Талдау нәтижесі:_______ мг/м3; ШРЕК ________ мг/м3; ШРЕК-тен жоғарылату жиілігі ________ рет.

1. Сынаманы алу орны ______________________________________

2. сынаманы алу деңгейі ______________________________________

3. ауаны ластаушы көзі ______________________________________

4. Тастама факельдерінің түрлері: толқын тәрізді, конус тәрізді, жіп тәрізді, түтіндетуші, көтеріңкі (астын сызу керек)

5. Сынама алатын нүктелердің факелдерге қарағандағы орналасуы: факел астында, белгілі-бір қашықтықта ________ м.

6. ластаушы көзден қашықтығы ________ м.

7. Магистральдағы транспорт ағынының интенсивтілігі ________ екі бағы тағы 1 сағаттағы автомашиналар саны, олардың ішіндегі жүк машиналары ________% , орташа қозғалыс жылдамдығы ________ км/сағ.

8. Ауа-райы жағдайы: тұнық, айнымалы бұлтты, түтінді, тұманды, бұлтты, шаңды боран, шық түскен, жаңбырлы, қар (астын сызу керек).

9. Желдің бағыты: С, СШ, Ш,ОШ, О, ОБ, Б, СБ (астын сызу керек).

10. Желдің жылдамдығы: ______________________________________ м/с.

11. Ауаның салыстырмалы жылдамдығы ________%, құрғақ термометр бойынша температурасы ________ С0, ылғалды термометр бойынша ________ С0.

12. Атмосфералық қысым ________ мм сынап бағанасы бойынша.

13. сынама сипаты: бір реттік, орташа тәуліктік (астын сызу керек).

14. сынама алу уақыты: ________ сағ. ________ мин., аяқталуы________ сағ. ________ мин.

15. ауаны сорудың көлемдік уақыты: ______________________ л/мин.

16. жіберілген ауаның мөлшері ______________________ л.

 

Сынама «____ң________ 200__ ж. алынды

Сынама алушының фамилиясы, аты, жөні.

Қортынды құрамында болу қажет:

- тастама көзінің қысқаша санитарлық сипаттамасы;

- алынған сынамадан табылған зиянды заттар бойынша ауаның ластану деңгейін бағалау;

- тұрғын құрлыс территориясындағы атмосфералық ауаны сауықтыру кеңестері.

Ауа сынамасын алу үрдісі кезінде келесі талаптар қойылады:

1) ауа құрамынан шынайы сәйкес келетін сынаманы алу;

2) ізделіп отырған заттың мөлшерін анықтау үшін сынама ауасын жеткілікті толтыру.

Ауа сынамасын алу тәсілі қатарлар шамасына байланысты: 1) ауа ортасында (аэрозолді конденсация және дезинтеграция, бу, су) ізделінетін заттың агрегатты жағдайда болуы; 2) ізделінетін заттың ауа ортасымен химиялық өзара байланыста болуы;3) ауадағы зерттелетін зиянды заттардың мөлшері; 4) зерттеу әдістері және т.б.

Ауаға аз уақыт аралығында түсетін улы заттардың максималды концентрациясын анықтау кезінде, оның шектік рұқсат етілген концентрациясына (ШРЕК) сәйкес келуін және оны 15-30 минуттан аспайтындай аз уақыт ішінде алынуы талап етіледі. Орташа мәлімет алынбас үшін максималды бір реттік концентрациясы алынады.

Ауа ортасының жағдайын және ондағы зиянды заттардың құрамын зерттеу үшін, оның жылдамдылығын (динамикасын) ескеру қажет. Бұл бір жерден кем дегенде кезекпен 5 сынама алу қажеттігін көрсетеді. Сынама алу орны мен деңгейін, еденнен (1,5-2 м) қашықтығын алдын-ала санитарлық дәрігер белгілейді. Зерттеу жүргізіліп болғаннан кейін сынамалардан орташа концентрациясы есептеліп алынады. Ауа сынамасын алу кезінде желдің жылдамдығын және бағытын, ауаның температурасын және ылғалдылығын, ауа-райының жағдайын анықтайды.

Аспирациялық әдіс

Бұл әдісте негізінен сіңіру орталары арқылы ауаны сіңіріп, анықтауға арналған заттарды ұстайды. Сіңіру орталары заттардың агрегатты жағдайына байланысты таңдалады.

Ауада газ түрінде немесе бу түрінде кездескен заттардың сіңірілуі үшін арнайы ерітінділер немесе қатты сорбенттер (активті көмір, силикогель) қолданылады. Аэрозольдар (түтін, шаң, тұман) әртүрлі сүзілу материалдарымен ұсталады.

Зерттелетін ауаны сіңіру ортасы арқылы жүргізу үшін әртүрлі аспирациялық аспаптар қолданылады.

Электрлі аспиратор арқылы ауа сынамасын алу. Электрлі аспиратор тоқ көзіне қосылу арқылы жұмыс істейді. Бір мезгілде ауаның 4 сынамасын: 2 сынаманы 0,1-ден 1-ге л/мин дейінгі жылдамдықта, 2 сынаманы 1-ден 20 л/мин дейінгі жылдамдықпен жасауға болады.

Аспапты қолданар алдында оны міндетті түрде бір ұшын жерге қосу керек (заземление). Сонан соң аспапты тоққа қосып, сақтану (предохранительный) клапанын 1-ші жағдайға қойып, 5-ші ротаметрлер вентилін қабылдамауға дейін ашамыз. Тумблер электрлі двигателдерге қосылады және сорылатын ауаның қажетті жылдамдығы ротаметр вентілі тұтқасының бұралуы арқылы қойылады (ауаның қозғалу жылдамдығы жоғарғы бөлігіндегі қалқыма арқылы белгіленеді). Бұдан соң аспап іске қосылады және сіңірілу аспабы штуцерге қосылады. Ауаның қозғалу жылдамдығы 20 л/мин болғанда немесе жүктеме клапаны (1 жағдайда) ашық болса аспаптың жұмыс істеу ұзақтығы шектелмейді. Егер ауаның қозғалу жылдамдығы 20 л/мин кем болатын болса, онда жүктеме клапаны (2 жағдайда) жабық болса, жұмыстың үздіксіз жүмыс істеу ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек, мұндай жағдайда 10-15 минутқа үзіліс жасау керек.

Реометрлер ауа көлемін анықтауүшін, алынған мәліметтерден анализ жасау үшін қызмет жасайды. Олар құрғақ және сұйық болады.

Сіңіргіш аспаптар шыны түтікшелер тәрізді, ол сұйықтар немесе қатты сорбенттер салуға арналған. Сұйық сорбент ретінде дистелденген су, әртүрлі органикалық ерітінділер және реактивті ерітінділер қолданылады. Сіңірілу ерітінділері Петри, Полежаев, Тищенко және т.б. аспаптарына құйылады.

Петри сіңіргіші диаметрі 2 см және ұзындығы 18-20 см болатын цилинрдлі шыны, жоғарғы бөлігінде екі түтүкше дәнекерленген: біреуі түбіндегі склянкаға дейін жетіп және тік бұрыш жасап сыртқа қарай иілген, ал екіншісі цилиндрдің бүйір қабырғасына дәнекерленген. Ұзын түтікше бірнеше ұсақ тесіктері бар жартылай шариктермен бітеді.

Сіңірілетін ерітінділер ортаңғы түтікше арқылы пипеткамен немесе бюреткамен енгізіледі, ал бүйіріндегісін алып тастайды.

Полежаев сіңіргіштері үлкен және кіші көлемде болады, олардың Петри сіңіргіштерінен айырмашылығы тек сыртқы түрінде ғана: жоғарғы бөлігі алмұрт тәрізді, төменгі бөлігі қысыңқы, ал ішкі түтікшесі капилляр болып табылады. Жоғары бөлігінің кең болуы аспирациялық ауаның жоғары жылдамдық кезінде ішіндегі сұйықтықтың төгілуінен қорғайды, ал төменгі қысыңқы бөлігі жұтатын ерітіндісі бар бағана биіктігін ұлғайтады.

Осы принцип бойынша жұмыс істейтін, сонымен қатар, Зайцев жұтқышы, Реберг жұтқышы, Дерксель және Тищенко склянкалары және тағы да басқа аспаптар бар.

Сіңіргіш ерітіндісімен ауаны сору кезінде жанасу бетін ұлғайту үшін арнайы аспап қарастырылған, онда ауа тесікті шыны пластиканкасы арқылы өтеді.

Қатты сіңіретін орта ретінде гигроскопиялық немесе шынылы мақта, натронды әк, кальций хлориді, активті көмір, силикагель қолданылады. Қатты сіңіргіш U тәрізді немесе қатпарлы шыны түтікшелерге, сіңіргіш колонкаларға орналастырылады.

Сүзгіні қолдану арқылы ауа сынамасын алу.Ауадан жоғары дисперсті аэрозолдарды сол сияқты түтіндер, тұмандар, шаңдарды ұстау үшін, әртүрлі сүзуші материалдар: қағазды және мембраналы сүзгілер, жіңішке талшықты материалдардан жасалған сүзгілер, ФПП – 15 (Петрянов сүзгісі), әртүрлі номерлі шыны тесікті сүзгі, шынылы немесе минералды мақталар қолданылады. АФА маркалы аналитикалық аэрозолды сүзгі кеңінен қолданылады.

Өлшеу жүргізу және аэрозолдарға химиялық анализ жүргізу үшін жұмысшы ауданы 10 см2 (АФА-В-10) және 18 см2 (АФА-В-18) сүзгілер қолданылады. АФА сүзгісі дискі тәрізді шеті тығыздалған, ФПП перхлорвинилді матадан жасалған, қатты қағаздан шығыңқы жері бар, қорғайтын шеңбердің ішінде орналасқан. Бұл сүзгілер арнайы патрондарда орналасады. Матадан жасалған ФПП сүзгілерінің тиімділігі жоғары және аэродинамикалық кедергісі төмен, сондықтан ауаны жоғары жылдамдықпен (100 л/мин дейін) соруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл матадан жасалған сүзгілер қалыпты салмағына дейін кептіруді қажет етпейді, себебі ол маталар суды бойына сіңірмей, итеретін қасиеті. Егер сынама өте жоғары салыстырмалы ылғалдылықта (100 пайыз шамасында) алынатын болса, онда бұл қасиетін жоғалтуы мүмкін. Мұндай жағдайда сынама алып болған соң сүзгіні өлшер алдын термостатта 55-600С температурасында 20-30 минут немесе эксикаторда 2 сағатқа қойып, сонан соң 1 сағат бөлме температурасында ұстайды.

Химиялық анализ үшін АФА-ХА, АФА-ХМ, АФА-ХС сүзгілері қолданылады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!