Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Топырақты механикалық талдау. Топырақ түйіршіктерінің мөлшерін анықтау



Диаметрі бойынша топырақ бөлшектерінің бөлінуі үшін 7, 5, 3, 2, 1, 0,5 және 0,25 мм-дегі тесіктері бар метал елеуіштерінің жинағы қолданылады, жұмыс істеу кезінде бір-бірімен келесі кезекте байланысады: едәуір ірі тесіктері бар елегішті жоғары жағына, ал ұсақ тесіктері барын төмен жағына кигізеді. Төменгі елегіштің астында цилиндр болады.

Жоғарғы елегіштің қақпағын ашып, оған 100-300 г дайындалған ауалы-құрғақ топырақты себеді. Елегіштер жинағын ақырын шайқап, алынған топырақты елейді. Топырақ бөлшектері олардың мөлшеріне және елегіш тесігінің диаметріне сәйкес жеке елегіштер бойынша таралады.

№1, 2, 3, және 4-елеуіштерде бөлшектердің диаметрі 7 мм-ден жоғары, 7-5 мм, 5-3 мм, 3-2 мм мөлшердегі ірі бөлшектері (ірі, орташа, майда) жиналады; №5, 6, 7 елегіштерде бөлшектің диаметрі 1-2 мм, 0,5-1, 0,25-0,5 және 0,25 мм-ден төмен мөлшердегі құм (ірі, орташа, майда) жиналады.

Топырақтың негізі фракцияларына: а) топырақтың тіректік бөлігі болып табылатын, топырақтың «қаңқасынң құрайтын ірі түйіршіктері (1 мм-ден ірі бөлшектер), б) ұсақ түйіршікті – 1 мм-ден төмен диаметрдегі бөлшектер.

Әрбір елеуіштегі, сондай-ақ әрбір топырақ фракцияларын техникалық таразыда жеке өлшейді және топырақтың алынған салмағына сәйкес, процентпен көрсетіліп, мөлшері есептеледі.

Ұсақ түйіршікті топырақтарды бөлу ағынды суда жуу арқылы жүргізіледі.

Топырақ түйіршіктерінің мөлшерін анықтау үшін, Небель аспабы қолданылады, яғни судың ағысының біркелкі кезінде топырақтың жеке бөлшектері неғұрлым ұсақ және жеңіл болған сайын, солғұрлым әрірек жылжиды. Бұл аспап 4 алмұрт тәрізді шыны түтікшеден тұрады, олардың көлемі мына қатынасқа тең: 1:2:3:4.



Барлық түтіктер бір-бірімен шыны түтікшелермен байланысқан. Ең кіші түтік 1 жоғары орналасқан метал цилиндр А-мен түтікше арқылы жалғасқан; оған 9 л су құйылады. Ең үлкен түтік 4 шамамен 6 л сиымдылықтағы стаканға түсірілген түтікшемен жалғастырылған. Түтіктер ағаш штативке бекітілген.

Зерттеу үшін 2 мм диаметрдегі тесіктері бар елеуіштен өткізілген, ауалы құрғақ топырақтан 30 г алынады және 1,5-2 сағат бойы суда қайнатады, топырақтың түйіршіктерін езіп, әбден араластырады. Содан соң сынаманы бірнеше минут тұндырады, одан кейін лайлы сұйықтықты Небель аспабының 2 түтігіне құяды, ал барлық тұнбаны ақырындап 1 түтікке құяды.

Алмұрт тәрізді түтіктерді бір-бірімен тығыз жалғастырып, 20 минут ішінде барлық 9 л су барлық жүйеден ағып өтетіндей есеппен метал цилиндрдан жібереді.

Су өту барысында бөлшектер араласып, өзінің мөлшері бойынша сәйкес түтіктер бойынша тарайды; 1 түтігінде қиыршықты (хрящевой) құм тұнады, 4 түтікте сазды құм тұнады; стағанда саз тұнады.

Әрбір түтіктегі фракцияларды алдын-ала кептірілген және өлшенген сұзгілерде 1050 температурада тұрақты салмағына дейін кептіреді, өлшейді және топырақтық жеке фракцияларының салмағын өлшейді.



Стакандағы лайлы сұйықтық нашар сүзіледі, сондықтан алдын ала өлшенген ыдыста сұйықтықтың белгілі-бір мөлшерін булау тәсілімен, тұнбаны тұрақты салмағына дейін кептіріп, содан кейін саздың мөлшерін анықтайды.

Алынған барлық тығыз тұнбаны стакандағы барлық тұнба бойынша есептейді. Топырақтың барлық фракцияларын алынған топырақ салмағына орай, процентпен береді.

Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау

Кеуектілігін анықтау (саңылаулардың жалпы көлемінен)

Топырақтағы саңылаулардың жалпы көлемін судың ауамен жанасуы негізінде анықтайды. Бұл үшін тесігі бар тығынмен жабылған 1000 мл сиымдылықтағы өлшегіш цилиндрге 600 мл су құбыры суын құяды және оған 400 см3 ауалы-құрғақ топырақ себеді. 1000 мл-ге жетпейтін цилиндрде, 100 мл есеппен белгілеп, топырақтың жалпы көлемі проценпен анықталады.

Мысалы: 600 мл су және 400 см3 топырақ алынды. Цилиндрдегі қатты және сұйық фазалардың жалпы көлемі 880 мл-ге тең болды. Сонымен 400 см3 топырақта 120 (1000-880) мл ауа саңылаулары табылды; осыдан саңылаулардың жалпы көлемі 120/400Х100=30% болады.

Ылғалдылықты анықтау

Алғашқы топырақтың ылғалдылығын анықтау үшін, алдын ала өлшенген шыны бюкста (ыдыста) алғашқы топырақтың 10 грамын аналитикалық таразыда өлшейді және 5 сағат бойы 1050 температурада кептіру шкафында кептіреді. Кептіру кезінде бюкстің қақпағын алып, оны бюксқа сүйеп қою керек. 5 сағат өткен соң бюкстің қақпағын жауып, эксикаторда суытады (30-40 минут) және аналитикалық таразыда өлшейді. Проценпен көрсетілетін жоғалған салмақ, топырақтағы судың мөлшерін көрсетеді. Ылғалдылықты анықтау алынған топырақ үлгілерін екі параллельді түрде өлшеу арқылы анықтау ұсынылады.

Талдау нәтижесіндегі алынған деректер құрғақ топырақ бойынша проценпен есептеледі. Бұл есептеу алынған деректерді коэффициент К-ға көбейту арқылы жүргізіледі, ол төменгі формула арқылы анықталады:

К=100/100-Р

Мұндағы: Р- процентпен көрсетілген ылғалдылық.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!