Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шартты коффициент А және В мөлшерін есептеміз, бұл R, r және d мәндері үшін қажет. 4 часть



Мөлшерлік анықтау үшін (градуста) Несслер цилиндріне 100 мл зерттелетін суды құяды және ақ қағаз фонында жоғарыдан қарау арқылы стандартты платина-кобальтты немесе бихоромат-кобальтты шкаламен салыстырады (№3 кестеге қараңыз).

Кесте

 

Шкала цилиндірінің
Түстілік градусы  

800 С-тан жоғары түстілік кезінде зерттелетін суды 2 немесе одан да көп рет дистилденген сумен сұйылту; нәтижені араласу жиілігіне көбейту керек. Лайлы суды міндетті түрде алдын-ала сүзу қажет.

Снеллен әдісі бойынша мөлдірлігін анықтау. Зерттелетін суды шайқап, цилиндрге құйып, түбінен шрифт 4 см қашықтықта болатындай етіп, оны шрифтің оқу мүмкіндігіне қарай, су бағанасының биіктігін анықтайды (см).

Лайлылығын анықтау. Визуальды әдіспен немесе Бейлис лайлылықты өлшегіште анықтау арқылы жүргізіледі. Визуальды әдіс бойынша аздап лайлылығын, әлсіз лай, айқын лай болып бағаланады.

Кубель бойынша тотыққыштығын анықтау. Тотыққыштық бұл суда болатын органикалық және органикалық емес заттардың тотығуына жұмсалатын оттегі мөлшері (мг/л). Осы көрсеткішпен судың тотықтырушы заттармен ластану деңгейін бағалайды. Кубель бойынша тотықтырғышты анықтау калий перманганаты тотықтырғыш болып табылады.

Кубель бойынша тотыққыштықты анықтау үшін міндетті түрде колбаны тотықтыру керек . Бұл үшін 250 мл көлемдегі конус тәрізді колбаға 100 мл дистилденген су құйады , үстіне бюреткадан 10 мл 0,1 KmnO және 5 мл H2SO4 ( 1:3 араластырылған) ерітіндісін құйады және плиткаға қайнағаннан бастап 10 минут қайнату керек . 10 минут қайнатқаннан леиін колба ішіндегісін төгіп тастайды,яғни осылай колба тотықтырылады.

Сосын 10 мл зерттелетін суды өлшегіш колбамен өлшейді ( 1құдық суын араластырмаса да болады), тотыққан колбаға құйып үстіне 10 мл KMnO4 ( формуада А1 деп белгіленген) және 5 мл H2SO4 (1 : 3). Ерітірдісін қосады. Колбадағы қоспаны тура 10 минут қайнатады содан сщң ыстық ерітіндіге бюреткадан 10 мл ыстық ерітіндіні 10 мл 0,01N ерітіндісімен ашық қзғылт түс болғанша титірлейді. Бұл кезде міндетті түрде титрлеуге жұмсалған KMnO4 мллилитр мөлшермен белгілеу керек.Бірден осы колбаға ерітірдіні төкпеи тұрып KMnO4, (формулада К әріпімен белгіленген) түзету коэффенцентін (титр) анықтау жүргізіледі. Титрді анықтау үшін ыстық ерітіндіге бюреткадан 10 мл 0,01N колбаға H2C2O4 ерітіндісін құйып, KMnO4 ерітіндісімен ашық-қызғылт түске енгенше титрлеиді.



Түзету коэффиценті мына формуламен есептеледі :

,

Мұндағы К-түзету коэффиценті; V-титрын анықтау кезінде титрлеуге жұмсалатын KMnO4 миллитрмен алынған мөлшері.

Зертелетін судың тотыққштығы мына формуламен есептеледі:

№2 құдық суының тотыққштығын анықтау үшін, оны дисстилденген сумен араластырады.Осылай 4 ретсұйытылған 25мл зертелетін суды Морапипеткасымен араластыра отырып, 100мл өлшегіш колбаға құйады және белгіге деиін дисстилденген сумен толтырады.Содан соң алдын – ла толтырылған тотықтырылған колбаға құйады,үстіне жоғарыда айтылып кеткен реакифтерді қосып №1құдық суын анықтаған жолмен тотықтығшын анықтайды.



Мұндағы Х- 1 л оттегіне келетін органикалық заттардың мг-мен алынған мөлшері; А1 – қайнағанға дейін 0,01 KMnO4 ерітіндісінің миллилитр мөлшері: А2- титрлеуге жұмсалған 0,01 KMnO4 ерітіндісінің мл-мен алынған мөлшері; К - KMnO4 титірінің коэффициенті; 0,08 - KMnO4 1 мл мөлшері оттегінің миллиграмм мөлшеріне сәйкес: 10 – 1 л-ге есептеу (100 мл суды алуды анықтау үшін).

№2 құдық суы сұйытылғандықтан, жеке тотықтырлған колбадағы дисстилденген судыңтотыққыштығын формула арқылы анықтайды.

Су қоспасының тотыққыштығы (№2 құдық және дисстилденген) жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептеледі

№2 құдық суының тотыққыштығын түбегейлі есептеу дисстилденген су тотыққыштығын ескере отырып, мына формула бойынша анықталады:

,

мұндағы Х1 – №2 құдық судың тотыққыштығы; Х – формула бойынша есептелген қоспаның тотыққыштығы; Х2 – формула бойынша есептелген дистилденген су тотыққыштығы; Р – сұйылу (сәйкес 4 немесе 10 рет сұйылтылады).

Хлоридтерді анықтау. Сапалық реакция: 5 мл зерттелетін суды пробиркаға құйып, реакциядан корбонаттар мен фосфаттарды бөліп шығаратын концентрацияланған азот қышқылының 2-4 тамшысымен қышқылдандырады. Сосын үстіне 40 %-тік азот қышқылды күміс ерітіндісін қосады. Хлоридтердің жақын құрамын 4 кестеде келтірілген тұнбаға сәйкес анықтайды.

Кесте

Хлоридтер құрамын тұнба немесе лайлылығы бойынша анықтау.

Тұнба немесе лайлылық сипаттамасы Хлоридтер құрамы, мг/л
Аздап лайлану немесе әлсіз лай Өте лай Ақырын тұнатын үлпек Ақ үлкен тұнба 1-10 10-50 50-100 более 100

Мөлшерлік анықтау. Әдістің принципі индикатор ретінде хромқышқылды калий қатысуымен хлордың күміс нитратының тұнуына негізделген.

Хлорлы күміс натриімен титрлеу кезінде тұнба бірінші хлорлау күміс түріне ауысады. Хлормен байланысқаннан кейін, күміс нитраты хором қышқылды калиймен реакцияға түседі, нәтижесінде шоколад қызыл түсті хром қышқылды күміс түзіледі, ал титрленген ерітіндінің түсі жасылдау түстен сарғыш-сары түске өзгереді.

Сынаманы дайындау. Титрлеу нәтижесіне судың түстілігі , рН-ы, органикалық заттардың көп мөлшерінде болуы, күкіртсутегі және және т.б. әсер етуі мүмкін.

Егер де түстілік 300 –тан жоғары болса, 10 минут бойы сутегінің қос тотығымен қайнату (100 мл суға 2 мл сутегі тотығы) керек немесе күкірт қышқылды алюминий қосып коагуляциялайды, содан соң сүзу қажет. («аммиактарды, нитриттерді және нитратарды анықтауға суды дайындауң тақырыбына қараңыз). Зерттелетін судың рН-ы 6-10 деңгейде болуы керек. Егер де су өте қышқылды немесе өте сілтілі болса, онда сілтілік реакция кезінде фенолфталейн бойынша . 0,1 N күкірт қышқылды ерітіндісімен немесе қышқылды реакция кезінде күйдіргіш натрий ерітіндісімен немесе қышқылды реакция кезінде күйдіргіш натрий ерітіндісімен нейтралдау қажет.

Қышқылды суды нейтралдау әлсіз-қызғылт түске енгенше жүргізіледі, яғни хлорды анықтау алдында суды шайқап алады. Күкіртсутегі суды сутегі тотығымен қайнату арқылы жойылады. О2 тотыққыштығы 15 мг/л –ден жоғары болғанда, органикалық заттар 100 мл суды калий перманганаты кристалдарымен қайнату кезінде бұзылады.

Калий перманганаты артық бболса мөлшері этил спиртінің бірнеше тамшысын қосу нәтижесінде бұзылады. Содан соң суды түзілген марганец тотығы үлпектерінен сүзіп, суытады.

Анықтау әдістемесі. 250 мл көлемдегі екі колбаға 100 мл зерттелетін су құяды (хлоридтер жоғары мөлшерде болғанда 10-50 мл және үстіне 100 мл-ге жеткенше дистилденген су құяды). Екі колбаға да 1 мл-ден калий хромат ерітіндісін қосады және бір сынаманы бюреткадан күміс нитраты ерітіндісімен 15-20 мин бойы жойылмайтын әлсіз-сарғыш түске енгенше титрлейді. Екінші сынаманы түстілік стандарты ретінде пайдаланады. «Хң хлоридтер құрамын (1 л суда хлор – ионының милиграммы мөлшері) төменгегі формуламен есептейді:

 

,

Мұндағы: а – титрлеуге жұмсалған , күміс нитраты ерітіндісінің мөлшері, К – күміс нитраты титріне түзетуші коэффициент (оқытушыдан алады): V – анықтау үшін алынған су көлемі, мл.

Күміс титрін анықтау. Бұл үшін конус тәрізді колбаға 10 мл хлорлы натрий ерітіндісін, 90 мл дистилденген су және 1 мл хромқышқылды калий құяды. Бұл қоспаны лайлы ерітіндінің жасылдау түсінен 15-20 сек бойы араластырғанда жойылмайтын сарғыш-сары түске енгенше азотқышқылды күміс ерітіндісімен титрлейді. Содан соң титрленген сынамаға қызғылт түсі жойылғанша және сары түске енгенше 1-2 тамшы хлорлы натрий қосылады. Бұл сынама қайта анықтау кезінде түстілік бақылау болып табылады.

Натрий хлоридінің жаңа бөлігінде әлсіз өзгеріс түс пайда болғанша нитратымен титрлейді (сарғыш титрленген ерітіндіде және жасылдау стандартта).

3 титрлеу нәтижесі бойынша күміс нитраты титріне К түзету коэффициенті төменгі формула бойынша есептеледі:

,

мұндағы n1, n2, n3 – 3 титрлеудің әр қайсысына жұмсалатын күміс нитраты.

Аммиак азотын, нитриттерді, нитраттарды анықтау. Аммиак азотын азотын сапалық анықтау үшін пробиркаға 5 мл зерттелетін су құйып, үстіне 3-4 тамшы Несслер реактивін қосады. Аммиак шамалы мөлшерде болғанда - Сары түс, ал көп мөлшерде болғанда – қызыл-қоңыр түске боялады.

Азот нитриттерінің сапалық реакциясын анықтау үшін пробиркаға 5 мл зерттелетін су және 0,5 мл Грисс реактивін құяды. Сынаманы 10-2 минут қойып қояды немесе су моншасында 5 минут бойы қыздырады. Азот нитриті болса , қызғылт түс пайда болады.

Аммиакты, нитритті и нитратты сандық анықтау үшін, міндетті түрде коагуляциялау қажет. Бұл мақсатта 500 мл көлемдегі колбаға 300-400 мл зерттелетін су құяды, үстіне 1%-тік Na2CO3 ерітіндісінен 1 мл және 5%-тік Al2(SO4)3 коагулянт ерітіндісінен 1 мл қосып, термостатқа немесе асбест торында плиткаға қояды. Үлпек пайда болғаннан кейін суды сүзеді..

Аммиак азоты мен нитритті анықтау үшін, № 1 құдық суының сүзіндісін 100 мл-лік колбашада (Мора пипеткасымен немесе өлшегіш колбамен) өлшейді. № 2 құдық суының сүзіндісін 2 рет сұйылту керек. Бұл үшін пипеткамен 50 мл сүзінді алып, 100 мл-лік 2 өлшегіш колбаға құяды және аммиякты анықтау кезінде – аммияксыз суды, ал нитритті анықтау кезңінде – дистилденген суды белгіге дейін жеткізіп құяды. өлшегіш колбадағы қосындыны 100 мл-лік 2 конус тәрізді колбаға құяды.

Аммияк азотын анықтау кезінде зерттелетін суы бар колбаға 50% -тік сегнет тұзы (KNaC4H4O6) ерітіндісінен 2 мл және Несслер реактивінен 2 мл қосады. Боялған ерітіндіні (әр түрлі интенсивті Сары түс) 50 мл-лік кюветаға құйып ФЭК-М көк түсті жарықтық сүзгішпен (светофилтр) колориметрлейді. ФЭК көрсеткіші сол жақ барабан бойынша алынады. Калибрлік қисығына сәйкес аммияктың сандық құрамын анықтайды. №2 құдық суы үшін нәтижесі 2-рет көбейтіледі.

Азот нитритін анықтау үшін зерттелетін суы бар колбаға 5 мл Грисс реактивін құйып, 20 минут өткен соң боялған (қызғылт) ерітіндіні ФЭК-Мжасыл түсті жарықтық сүзгіші бар (светофилтр) 30 мм кювете колориметрлейді. Калибрлік қисығы арқылы ( NO2 үшін) нитриттердің сандық құрамы анықтайды. №2 құдық суы үшін нәтижесі сәйкес 2 рет көбейтіледі.

Азот нитратын анықтау үшін фарфор табақшасына 25 мл сүзінді құйып, су немесе құм моншасында кептіреді. Табақша суыған соң 1 мл дисульфофенол реактивін құйып, шыны таяқшамен езгілейді. 5 минуттан соң табақшаға 15 мл дистилденген су және 10%-тік аммияктың сулы ерітіндісінен 15 мл қосады. Сары түстің пайда болуы суда нитраттардың бар екендігін көрсетеді. Табақшадағы қосындыны 100 мл-лік колбаға ауыстырады. Форфор табақшасы мен шыны таяқшаны бірнеше реет дистилденген суда шайқап, оны да ерітіндісі бар өлшегіш колбаға құяды. Содан соң үстіне белгіге дейін дистилденген су қосып, ФЭК-М көк түсті жарықтық сүзгішпен 30 мл-лік кюветада колориметрлейді. Калибрлік қисығы арқылы ( NO2 үшін) нитраттардың сандық құрамын анықтап, кептіру үшін 25 мл су алғандықтан, оны сәйкес 4 есе көбейтеді.

Содан соң қорытынды жазады, яғни онда құдық суының ластану мүмкіндігінің санитарлы-техникалық қондырғылармен байланыстылығын көрсетеді, қорытынды жасап, поселкені сумен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша , нақты ұсыныстар беріледі.

Қорытынды.

Қарасу поселкесінің сумен қамтамасыз ету жағдайын санитарлық тексеру кезінде анықталды

Судың химиялық және бактериологиялық анализдерінің мәліметтері көрсетеді, яғни

Қорытынды:

Ұсыныстар:

Н. ауданының санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы (фамилиясы, аты, әкесінің аты).

Алынған су сынамасы анализдерінің нәтижесі СӨЗЖ (УИРС) элементтерін пайдалана отырып біріктіледі, статистикалық өңделіп, кесте түрінде ұсынылады.

Профилактикалық мақсатта құдықтарды дезинфекциялау мынандай кездерде жүргізіледі: эксплуатацияға берілер алдында, толық жөндеуден және тазартудан соң және де көрсеткіштер бойынша (құдық жедел- инфнекциялық ішек ауыруының таралуының, судың нәжістермен, жануарлар өліктерімен ластану көзі т.б.).

Құдықты хлорлау алдында жақсылап толық тазартылып, жөнделінеді, көлемі мен суды алу тәртібі, құдықтың дебиті анықталады.

Құдықтағы судың көлемі көлденең кесу ауданын су бағанасының тік тереңдігіне көбейту арқылы анықталады. Су бағанасының тереңдігін жүк байланған жіппен өлшейді. Құдықтың көлденең кесіндісінің ауданы, егер құдық формасы тік төрт бұрышты немесе квадратты болса ұзындығы мен енін көбейту арқылы, ал цилиндрлі формада - формула бойынша суды есептейді:

,

мұндағы S – құдықьтың көлденең кесіндісінің ауданы, шаршы метрмен,; R – құдықтың көлденең кесіндісінің радиусы, метрмен анықталады.

Құдықтың дебитін анықтау үшін су бағанасының биіктігін өлшейді, белгілі бір уақыт ішінде суды тез шығарып алады да, оның мөлшерін өлшейді, содан соң судың алғашқы деңгейіне келу уақытын анықтайды және формула бойынша суды есептейді:

,

D – құдықтың дебиті (м3/сағ), V – шығарылып алынған су көлемі (м3), t – суммарлық уақыт, суды шығарып алу уақыты мен құдықтағы судың деңгейіне келу уақыты (мин), 60 – тұрақты сандық коэффициент.

Құдықтың профилактикалық дезинфекциясының 2 сатысы бар: тазалау және дезинфекциялау. Эпидкөрсеткіш бойынша құдықты дезинфекциялауда құдықты өңдеу процессі 3 сатыдан тұрады: алдын-ала дезинфекциялау, тазарту және жөндеу, қорытынды дезинфекция (көлемдік әдіс).

Құдық дезинфекциясының кез келген түрінде алдымен срубтың жер бетілік сыртын дезинфекциялайды, содан соң оның бүкіл ішкі бетін гидропультпен 5% хлорлы әк ерітіндісімен (25% белсенді хлор) немесе 3% гипохлорит кальций ерітіндісімен 0,5 л ерітінді 1 м2 сруб бетінің ауданын өңдеуге есептелген.

Құдықтың су астылық бөлімін дезинфекциялау көлемдік әдіспен жүргізіледі – хлорлв әк немесе кальций гипохлорит ерітіндісімен, белсенді хлордың 100-150 мг 1 л құдық суын залалсыздандыруға есептеледі. Препараттың дезинфекцияға қажет мөлшері формула бойынша анықталады:

,

Р – хлорлы әк немесе кальций гипохлориді мөлшері (г), Е – құдықтағы су көлемі (м3), С – құдық суында берілетін белсенді хлор концентрациясы (г/м3), Н – хлорлы әктегі немесе гипохлориттегі белсенді хлор мөлшері (%), 100 – тұрақты сандық коэффициент.

Хлорлы әктің немесе кальций гипохлоридінің есептелінген мөлшерін алдын-ала шелектегі аздаған сумен сұйылтады, тұндырып алып, құдыққа құяды. 15 минут бойы суды шестпен немесе шелекті құдыққа түсіріп шығару арқылы араластырады және алдын-ала дезинфекциялау үшін 1,5-2 сағатқа , ал қорытынды дезинфекция үшін 6 сағатқа жанасу үшін қойып қояды. Хлорлы әк ерітіндісін түнге қарай қосқан жөн. көрсетілген уақыт өткен соң, судың таңғы интенсивті таратылуы кезінде . қалдық хлорды сандық мөлшерімен немесе исі бойынша анықтайды. Егер қорытынды дезинфекциядан соң судың хлорлы иісі болмаса, дезинфектанттың алғашқы мөлшерінің 1/3 немесе ө қосып, 3-4 сағат күтеді. Егер хлорлау нәтижесінде судан хлорлы иіс шықса, иісті жою үшін немесе концентрациясын азайту үшін, судың біраз мөлшерін төгіп тастайты. Жергілікті сумен қамтамасыз ету үшін сауықтыру шараларының ішінде керамикалық патрондардың көмегімен құдықтағы құдықтағы суды үзіліссіз залалсыздандыру маңызды орын алады. Бұл әдісті кеңінен қоллданудың шынайы мүмкіндігі, қазіргі уақытта патрондардың өнеркәсіптерінде өндірілуімен қамтамасыз етіледі. Үзіліссіз хлорлауды микробиологиялық және санитарлы-химиялық анализдерді бақылау арқылы жүргізу қажет. Оның тиімділігі құдықтың санитарлы-техникалық жағдайына және ондағы судың сапасына байланысты. суда темір тотығы көп болғанда, құдықта қалдық хлор анықталмады және патрондарды 3,5 ай бойы қолданғанда, судың бактериалды құрамы жақсармады.

Керамикалық патрондарды немесе тесіктері бар полиэтиленді қапшықтар көмегімен құдықтағы суды үздіксіз залалсыздандыру төмендегідей кездерде жүргізіледі: а(ішек инфекциясы ошағында құдықты дезинфекциялағаннан кейін ошақты толық ( жойғанға дейін; б( құдықты профилактикалық дезинфекциялау ондағы су сапасын жеткілікті деңгейде тазартпаса (судың коли-титрі 100 ден төмен), ластану көзін анықтағанға дейін. Патронды толтыратын хлорлы әктің немесе кальций гипохлоридінің қажетті мөлшерін анықтау үшін құдықтағы су көлемін, оның дебитін тұрғындарға сұрақ жүргізу арқылы тәулік көлеміндегі алынатын су мөлшерін анықтайды, судың хлор жұтуын анықтайды. Препараттың қажет мөлшерін формула бойынша есептейді:

Х1 = 0,07 Х2 + 0,08 Х3 + 0,02 Х4 + 0,14 Х5,

Х1 – патронды толтыруға қажетті препарат мөлшері, Х2 – құдықтағы су көлемі (м3), Х3 – құдық дебиті (м3/сағ), Х4 – су алу (м3/тәулік), Х5 – судың хлор жұтуы (мг/л).

Формула 52% белсенді хлоры бар кальций гипохлоридінің мөлшерін есептеу үшін берілген. Хлорлы әкпен дезинфекциялағанда (25% белсенді хлор) препараттың есептелген мөлшерін 2 есе көбейту керек.

Қыста құдық суын залалсыздырғанда да есептелгенен төмен болса, мына формуламен қайта есептеу жүргізіледі:

,

Р – хлорлы әк немесе кальций гипохлориді мөлшері (кг), Х1 – (алдыңғы формула бойынша) кальций гипохлоридінің есептелген мөлшері (кг), Н2 – есептеуде қолданылған (52%) кальций гипохлоридіндегі белсенді хлор, Н1 – гипохлорит немесе хлорлы әктегі белсенді хлордың шынайы мөлшері (%).

Кеуекті материалдан (су өткізгіш саздан немесе топырақтан) жасалған патронды толтырмас бұрын суда 3-5 сағат ұстайды, сосын патронға хлорлы әктің немесе кальций гипохлоридінің есептелген мөлшерін саламыз, 100-300 мл су қосып араластырып, керамикалық немесе резина тығынымен жауып, құдыққа түбінен 20-30 см тереңдікте іліп қояды (0,5 м су деңгейінен төмен).

Патрон қабырғасының кеуектілігі арқасында белсенді хлор суға түсіп тұрады. Саңалаулардың беттерінен кальций карбонаты тұнбасын алып тастау үшін патронды сірке қышқылының әлсіз ерітіндісіне (1:250) 1-6 сағат салып қойып сосын қайта қолданады.

Өзіндік жұмыс. Студенттер өз беттерімен құдықтағы су шығыны мен көлемін анықтайды. Жеңілдетілген әдістеме бойынша олар судың хлор жұтуын және дезинфектанттың қажетті мөлшерін анықтайды.

Есеп.

Талапты поселкесіндегі құдық суын залалсыздандыруға ұсыныс беру қажет. Соңғы уақытта баклаборатория мәліметтері бойынша құдық суы сапасының микробиологиялық көрсеткіштері төмендеген.

Құдық 1х1 м тік бұрышты, бағана биіктігі жер бетінен 1 м жоғары орналасқан, құдық тереңдігі (суға дейін) 3 м.

10 мин ішінде құдықтан 18 шелек су алған (шелек көлемі 10 л), су деңгейі 20 минуттан соң қайта қалпына келді. Судың хлор жұтуы 0,8 мг/л.

Жауап беру үшін міндетті түрде анықтау қажет: 1) құдық дебитін; 2) құдық қабырғасын залалсыздандыру үшін 5%-тік хлорлы әк ерітіндісінің қажетті мөлшерін (25%-тік белсенділік); 3) құдық суының төменгі бөлігін дезинфекциялау үшін қажетті хлорлы әк ерітіндісінің мөлшері; 4) құдық суын керамикалық патрондар көмегімен залалсыздандыру үшін қажетті хлорлы әк мөлшерін.

 

Утвержден

приказом Министра здравоохранения

Республики Казахстан

от 23 февраля 2004 года № 178

______________________________________________ местонахождение объекта ______________________________________________ банковские реквизиты, регистрационный номер налогоплательщика (далее – РНН)

Акт

санитарно-эпидемиологического обследования

 

Мною (нами) ______________________________________________________

должность, фамилия, имя, отчество (далее – ФИО)

____________________________________________________________________________________________

наименование государственного органа санитарно-эпидемиологической службы

с участием _________________________________________________________

указать других специалистов, участвовавших в обследовании

__________________________________________________________________


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!