Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шартты коффициент А және В мөлшерін есептеміз, бұл R, r және d мәндері үшін қажет. 3 часть



Хлораторлар орналасқан ғимаратта студенттер хлоратордың құрылымымен суды автоматты залалсыздандыру принциптерімен танысады, техникалық қауіпсіздікті және персоналдық еңбегінің санитарлық жағдайын (алып келіп-алып кететін вентиляциялық , сигнализацияның болуы) қамтамасыз етудің маңызы атап көрсетіледі. Су құбыры станциясын тексеру барысында студенттер бір реттік және екі реттік хлорлауда, сондай-ақ преаммонизациямен бірге хлорлауда хлордың қандай жеріне берілетінін меңгеруі керек.

Суды фторлау жүргізілетін болса, студенттер қондырғылардың құрылымына, құрамына фторы бар ерітіндіні дайындайды, оны суға мөлшерлеп қосуды, жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтауына көңіл бөлулері қажет. Суды озондау жүргізілетін болса, суды алдын-ала дайындаудың, озон мөлшерін дұрыс таңдаудың маңызын атап көрсету керек, себебі, лайлы ластанған су, темір және магний тұздары озоннның бактерицидтік әсерін төмендетеді, бір бөлігі ұшып кетеді. Осыдан байқау керек, суға енгізілген озонның барлығы тотығу процессіне қатыспайды. Студенттер озондау тиімділігін бақылауды ұйымдастыруға, қалдық озонға, су құбыры станциясының ауасына озонның түспеуін ескертетін шаралардың орындалуына, қызмет көрсететін персоналдың электр тоғымен зақымдасуының алдын-алуға көңіл бөлулері қажет.

2-ші қысыммен көтеру станциясының ғимаратында, оның маңызы мен құрылымын, таза су бассейнінен суды алу прнципін және олардың басты қондырғылар схемасындағы орнын түсіндіру қажет. Осы жерде студенттер суды тазарту торабына берер алдында оның сапасына бақылауды ұйымдастыруды: қалдық хлорды анықтау үшін, бактериологиялық анализге су сынамасын алуды меңгеруі қажет. Анализдерді тіркеу журналы көрсетіледі.

Су құбыры станциясын тексеріп бітерде студенттерді лаборатория жұмысымен таныстыру керек. Суды тарату торабына берер алдында және оны өңдеудің басқа да сатыларында судың құрамындағы реагенттерді сапалық зерттеу және коагуляция мен хлорлау жолымен суды сынақтық өңдеу арқылы су көзіндегі сапасына лабораториялық бақылауды ұйымдастыру.



 

Жер асты су көзінен алатын су құбырының басты қондырғыларын санитарлық тексеру

БАҒДАРЛАМАСЫ.

1. Скважина туралы жалпы мәліметтер. Аталуы, тұрғын мекен және орналасуы, кімнің қарамағында, мақсаты қызмет көрсету аумағы, салынған жылы.

Қосымша. 25-30 жыл бойына құбырлар коррозияға ұшырауы мүмкін. Кейбір жағдайларда топырақтың агерессивтілігіне байланысты коррозия ертерек жүруі мүмкін.

2. Басты қондырғылар орналасқан алаңды сипаттау, олардың тізімі, бір-бірімен сәйкес орналасуы.

3. Сулы горизонттың орналасу жағдайы, оларды грунт суынан қорғау. Статикалық және динамикалық (бұрғылау журналының мәліметтері бойынша) деңгейлерінің ауытқуының байқалуы.

4. скважинаның конструкциясы эксплуатацияға беріліп *** горизонттың ластану мүмкіндігі болатын жоғары және төмен жатқан горизонттардан изоляциялау мүмкіндігі.

5. Шахтаның орналасқан орны, оны грунт суларынан (қорғау тереңдігі, қабырға материалы, қабырға айналасында сазды құлыптың болуы, еден материалы, еденнің скважинадан еңістігінің, судың жиналуына қажетті шұңқырдың болуы, бір-біріне кигізілген құбырдың еден бетінен кем дегенде 0,5 м жоғары тұруы). Шахтаны атмосфералық жауын-шашыннан қорғау (люк, беткейлік суларды ағызу үшін еңістіктің болуы) Шахтылардың санитарлық жағдайы.



6. Су көтеретін құрылымдар (поршенді, орталықтан насос, вертикалды, ішіне енгізілген). Эксплуатацияға беру жағдайы және құрылымдары (орталықтан тебетін насостарды пайдаланғанда жұмыс басында оны қандай сумен және қандай әдіспен толтыратынын және бұл жағдайда ластаушылардың суға түсу мүмкіндігін тексереді).

7. Скважинаның аузы, көтеруге ыңғайлылығы, орналасқан құбырлардың арасындағы ашық жер толық бекітілгендігі, су сынамасын алуға арналған кранның болуы.

8. насостық станция бөлмесі, оның мақсаты, санитарлық жағдайы. Насостық станция мен скважинаның бір-бірімен сәйкес орналасуы. Үй және арнайы киімдерге арналған шкафтың болуы.

9. Су қысымды мұнараның бағы, оның құрылымы, ішкі әрленуі; бірінен екіншісіне құятын және лас құбырлардың тығыз жабылатын қақпағының болуы. Бактар орналасқан бөлмені изоляциялау. Резервуарларды дезинфекциялау және тазартудың іске асырылуы, арнайы инвентардың, киімнің және резеңке етіктің болуы, дезинфекциялау тәсілі, хлорлы әк ерітіндісінің концентрациясы.

10. Қызмет көрсетуші персонал, олардың саны. Медициналық бақылаудан өтуі. Санитарлық кітапшалардың болуы.

11. Су құбыры станциясы территориясында басты қондырғылардың бір-бірімен сәйкес орналасуын санитарлық тұрғыда бағалау.

12. Су сапасын кім және қандай жиілікпен тексереді (СЭС-тің ведомствалық лабораториясы).

13. Су құбырының санитарлық күзету зонасының болуы, олардың размері мен шекаралары. 1-ші және 2-ші белдеулерде бекітілген тәртіпті сақтау.

Ашық су көзінен алатын су құбырының басты қондырғыларын Санитарлық тексеру БАҒДАРЛАМАСЫ.

16. Облыс, аудан.

17. Су құбырының қарастырылуы.

18. Су құбырының қызмет көрсететін аймағы: тұрғын халық, кәсіпорын.

19. Су құбырының салынған жылы.

20. Су құбырының қоректену көзі.

21. Су көзінің сипаттамасы.

22. Су алу қондырғыларының түрі.

23. Қабылданған суды өңдеу схемасы.

24. Су құбырында қолданылатын коагулянттар, мөлшерлері, реагентті шаруашылық құрылымы, реакция камералары, коагулянтты сақтау жағдайлары.

25. Тұндырғыштардың құрылымы мен іске қосу тәртібі. Тұндырғыштарды тазарту тәртібі. Тұндыру тиімділігі.

26. Сүзгілердің құрылымы мен іске қосу тәртібі. Шаршы метрмен берілген алаңның түрі, сүзілу жылдамдығы, жуу тәртібі.

27. Залалсыздандыру әдістерінің сипаттамасы. Залалсыздандырғыш заттардың мөлшері, залалсыздандыру тиімділігі.

28. СКЗ-сы ұйымдастырылғандығы, кім бекіткен? Қандай белдеулерден тұрады? Зонада шаралар жүргізіледі ме, әлде жоқ па?

29. Су анализдерінің алынуы, жүйелілігі. Зерттеу көлемі. Анализдер қандай лабораторияда жүргізіледі?

30. Санитарлық минимумның маңызы және онда қызмет етуші персоналдың орындауы, сондай-ақ олардың денсаулығын жүйелі түрде бақылаудың болуы.

 

Мамандық: «Қоғамдық денсаулық сақта»

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы

 

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстары (ОСӨЖ)

Тақырып:Шахталы құдықтардың құрылымы. Шахталы құдықтардағы суды дезинфекциялау және заласыздандыру. Бұлақ каптаждары. Оның құрылымы және маңызы. ).

Курс: 4

 

Құрастырған:

доцент Арынова Г.А.

аға оқытушы Досмухаметов А.Т.

 

 

Алматы 2010 ж.

 

1. ТАҚЫРЫБЫ: Шахталы құдықтардың құрылымы. Шахталы құдықтардағы суды дезинфекциялау және заласыздандыру. Бұлақ каптаждары. Оның құрылымы және маңызы.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттерді ауылдық жерлерді орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етуді санитарлық бағалау әдістемесімен таныстыру. Орталықтандырылмаған су көзінің суының сапасы мен оған әсер етуші түрлі факторлардың арасындағы байланысты таба білуге үйрету.

 

3. Оқыту міндеттері:

- студент білуге тиіс:

  • Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету қондырғыларының құрылымы мен оларға қойылатын талаптарды;
  • Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету көздері, олардың салыстырмалы сипаттамасын;
  • Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету көздерінің суына қойылатын талаптарды;
  • Дезинфекция көрсеткіштері.

- студент меңгеруі тиіс:

· Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық тексеру әдістерін қолдануды;

· Құдықтар суына санитарлы-химиялық анализ сынамаларын жүргізіп, санитарлық қорытынды толтыруды;

· Құдықтарды және оның суын дезинфекциялаудың әдістері.

 

4. Өткізу түрі: нормативтік құжаттармен жұмыс істеу, практикалық дағдыларды бағалау6 коллоквиум.

 

5. Тақырып бойынша тапсырма:

№1 тапсырма. Студенттер жергілікті сумен қамтамасыз ету көздерін тексеру әдістемесін, су сынамасын алуды меңгереді.

№2 тапсырма. Санитарлық тексеру актысын жазады.

№3 тапсырма. Судың органолептикалық қасиеттерін, рН-ын және тотыққыштығын анықтаумен танысады. Судағы хлоридтерді, аммиак азотын, нитриттерді, нитраттарды анықтаумен танысады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері құдықтың төл құжатынан алынған мәліметтерімен салыстырылады. Өз беттерімен сәйкес шешімдер мен ұсыныстар беріп қорытынды жазады.

№4 тапсырма. Құдықтарға дезинфекция жүргізу әдістемесімен және жағдайлық есептерді шығару. Алынған мәліметтерді талдау, студенттердің есепті шешу және қорытынды жазу барысында жіберілген қателіктерін талдау.

6. Берілетін материалдар:

 

1. СНиП 4.01-02-2001 «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар және имараттарң №6 бөлім.

2. «Санитарно-эпидемиологические требования к нецентрализованному хозяйственно-питьевому водоснабжениюң, Астана - 2005.

3. Көрнекілік құралдар: Схема залегания подземных вод – №24.

4. Коммуналдық гигиена нысандары бойынша макеттер: Трубчатый колодец – 1, Шахтные колодцы для питьевых и хозяйственных нужд – 2, Артезианская скважина - 3, Конденционный смотровой колодец – 4, Оборудование шахтного колодца – 6.

5. Қосымша.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Неменко Б.А. «Коммуналдық гигиенаң Алматы, Ғылым, 2004, Б. 112-180.

13. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң, Алматы 2003., С. 110-139.

14. Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң, Алматы 2004., С. 55-73.

15. «Коммунальная гигиенаң Акулов К.И., Москва, 2001г., с. 65-67; 75-107; 112-114.

16. «Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиенең Гончарук Е.И., Москва, 1990г., с. 51-61; 108-127.

17. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. «Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиенең Алматы, 2008. – 430 с.

 

Қосымша:

18. Позин С.Г., Филанов В.Г. «Обоснования алгоритма санитарно-гигиенических мероприятий по улучшению качества питьевой водың / Гигиена и санитария. 2008, №2 .

19. Нечаева А.В., Подгорная В.С. колесников В.В. «Результаты гигиенического изучения централизованного горячего водоснабжения в Санкт-Петербурге, осуществляемая по системе открытого водозабора из тепловых сетейң. / Гигиена и санитария. 2007. №3.

20. Онищенко Г.Г., «Гигиеническая задача в обеспечении санитарно-эпидемиологического благополучия населения на современном этапең Гиг. и сан., 2008 г., №1, с. 3-8.

21. «Методические указания по осуществлению Государственного санитарного надзора за фторированием питьевой водың № 3.05.040-97.

22. «Руководство по гигиене водоснабженияң Черкинский С.А., Москва, 1975г., с. 23-61.

23. Новиков Ю.В. «Экологические проблемы безопасности питьевого водоснабженияң. /Вест. Рос. Акад. Мед. наук. 2007, №9.

  1. Королев А.А., Мазаев В.Т., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 1 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2005. – 304 с.
  2. Мазаев В.Т., Гимадеев М.М., Королев А.А., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 2 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2006. – 336 с.

26. А.Н.Марзеев, В.М.Жаботинский «Коммунальная гигиенаң М., «Медицинаң, 1979 г.

  1. Гигиена. / Под ред. акад. РАМН П.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР Медицина, 2000.
  2. Пивоваров Ю.Л. Гигиена и основы экологии человека: Учебник для студентов высших медицинских учебных заведений. - М.: "Академия", 2004.
  3. Пивоваров Ю.Л. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и экологии человека. - М.: ВУНМЦ МЗ РФ. - 1999.

 

8. Бақылау: ауызша сұрау(студент әдістемелік нұсқаудағы сұрақтарға дайын болуы қажет), санитарлық тексеру актісінің толтырылуын тексеру.

Сұрақтар:

1. Жергілікті сумен қамтамасыз ету дегеніміз не?

2. Судың исін, дәмін, дәмділігін анықтау.

3. Судың түстілігін, лайлылығын, мөлдірлігін анықтау.

4. Тұрып қалған судың сапасының өзгеруін анықтау.

5. Шахталы құдықтар суы сапасына қойылатын санитарлық талаптар.

6. Шахталы құдықтар қондырғыларына қандай талаптар қойылады?

7. Шахталы қабырғаларын бекіту үшін қандай материалдар қойылады?

8. Жер бетінен ластанудың түсуін болдырмау шаралары.

9. Құдықтар суын хлорлау көрсеткіштері.

10. Құдықтар суын хлорлау әдістері.

11. Құдықтарды тазарту және хлорлау жүргізу әдістері.

12. Құдықтарды үйлерден, мал қораларынан, қазылған шұңқырлардан қандай қашықтықта орналастыру қажет.

13. Құбырлы құдықтар құрылымы.

14. Құдықты дезинфекциялау.

 

Аралық бақылау – коллоквиум (жазбаша, ауызша сұрау)

Коллквиумның сұрақтары:

  1. Жер асты су көздерінен алатын су құбырындағы бірінші белдеу шекараларының мөлшері.
  2. Жер беті су көздерінен алатын су құбырындағы бірінші белдеу шекараларының мөлшері.
  3. СКА-н жобалау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет, оларды кім жүргізеді?
  4. Жер асты су көздерінен алатын су құбырындағы СКА-ң екінші және үшінші белдеу шекараларын анықтау.
  5. Жер беті су көздерінен алатын су құбырындағы СКА-ң екінші және үшінші белдеу шекараларын анықтау.
  6. СКА-ғы жобаның құрамы және оның келісілуі.
  7. СКА-ның жобасына сараптама жүргізгендегі принципиальды сұрақтар.
  8. СКА-ның бірінші белдеуінің территориясында қандай шаралар жүргізіледі?
  9. СКА-ның екінші және үшінші белдеуінің территориясында қандай шаралар жүргізіледі?
  10. Су көздерінің микробты ластануының негізгі себептері және бактериалды ластанудан өзін-өзі тазартуға қажетті уақыт.
  11. Химиялық ластанудың негізгі көздері және одан жер беті және жер асты су көздерінің өзін-өзі тазартуы.
  12. Су нысандарында ластаушы заттардың таралу қашықтығы неге байланысты.
  13. Суды өзеннен алатын су құбырындағы су сапасын жақсарту әдістері.
  14. Ауыз су сапасын жақсартудың жалпы схемасындағы коагуляцияның маңызы.
  15. Суды коагуляциялау үрдісінің мәні.
  16. Судың сілтілігі және клагуляция үрдісіндегі оның маңызы.
  17. Су сапасын жақсарту және жалпы тазарту схемасындағы суды залалсыздандырудың маңызы.
  18. Судың хлор қажеттілік мөлшерін қандай фактор анықтайды?
  19. Ауыз суда қалдық хлордың рұқсат етілген деңгейі.
  20. Хлордың қандай дозасы оптималды деп есептелінеді?

21. Суды түссіздендіру және мөлдірлендіру.

22. Суды тұндыру. Тұндырғыштар, оның түрлері.

23. Коагулянт мөлшері қалай анықталады?

24. Су құбыры станциясында коагуляция тиімділігі қалай бақыланады?

25. Су коагуляциялау үшін қолданылатын реагенттер.

26. Коагуляция тиімділігіне әсер ететін факторлар.

27. Суды коагуляциялау үрдісіндегі флокулянттардың түрлері және олардың маңызы.

28. Суды сүзу. Сүзгілер түрлері, олардың артықшылығы мен кемшіліктері.

29. Суды хлорлау әдістері.

30. Суды хлормен залалсыздандыру үрдісінің мәні.

31. Ауыз суды хлорлаудың тиімділік көрсеткіші.

32. Суды хлорлау тәсілдері.

33. Суды хлорлау үшін қолданылатын заттар.

34. Судың сапасын жақсартудың арнайы әдістері.

  1. Жергілікті сумен қамтамасыз ету дегеніміз не?
  2. Судың исін, дәмін, дәмділігін анықтау.
  3. Судың түстілігін, лайлылығын, мөлдірлігін анықтау.
  4. Тұрып қалған судың сапасының өзгеруін анықтау.

39. Шахталы құдықтар суы сапасына қойылатын санитарлық талаптар.

40. Шахталы құдықтар қондырғыларына қандай талаптар қойылады?

41. Шахталы қабырғаларын бекіту үшін қандай материалдар қойылады?

42. Жер бетінен ластанудың түсуін болдырмау шаралары.

43. Құдықтар суын хлорлау көрсеткіштері.

44. Құдықтар суын хлорлау әдістері.

45. Құдықтарды тазарту және хлорлау жүргізу әдістері.

46. Құдықтарды үйлерден, мал қораларынан, қазылған шұңқырлардан қандай қашықтықта орналастыру қажет.

47. Құбырлы құдықтар құрылымы.

48. Құдықты дезинфекциялау.

 

Осымша

 

Тексеру актісінің мысал формасы: 12 маусым. Қарасу поселкесі.

Мен, яғни Н. ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері міндетін орындаушы Муратаев С.А. Бірлік совхозының өнгдірістік бөлімшесіне жататын, Қарасу поселкесінің шаруашылық-ішер суымен қамтамасыз етілуіне санитарлық тексеру жүргіздім.

Тексеру фельдшер Қайрақбаев А.С. және поселкенің қоғамдық санитарлық иниспекторы С.А.Королеваның қатысуымен жүргізілді.

Қарасу поселкесі автомобиоьдік жолдан 2 км қашықтықта орналасқан. Участке деңгейі биік, өзенге қарай оңтүстік жаққа айқын еңістік бар. Совхоз сүт-ет шаруашылығымен айналысады; поселке территориясының солтүстік бөлігінде шошқа өсіру фермасы орналасқан. Поселке тұрғындары бір қабатты территориясы бар 24 ағаш үйлер салынған, екі тұрғын кварталды территорияда орналастырылған. Шаруашылық-ішер сумен қамтамасыз ету екі қоғамдық шахтылы құдық есебінен жүргізіледі.

№ құдық 2,5х2 м өлшемдегі ағаш қоршауымен қоршалған және жеке учаскеде орналасқан. Құдық шахтасының диаметрі 1 м, тереңдігі 8 м. Шахта темір бетонды сақиналарымен бекітілген. Құдықтағы су бағасының биіктігі 3 м. Жыл мезгіліне байланысты айтарлықтай өзгермейді. Құдық шахтасы айналасында сазды құлып орналастырылған, беткей судың астаушаға (кювет) ағып кетуі үшін еңістік бар. Құдыққа ағаш қалқа (навес) бар. Қақпағы және қоғамдық шелек бар. Құдық суы мөлдір, жақсы органолептикалық көрсеткіштерге ие. Тұрғындар су сапасына шағым айтпайды.

№2 құдық поселкенің солтүстік бөлігінде, шошқа фермасынан 250 м қашықтықта орналасқан. Құдық тереңдігі түьбіне дейін 6 м. Шахта 1х1 мөлшердегі ағаш қыймаларымен бекітілген, қыйма (сруб) ескірген, саңылаулары бар. Құдық бағанасының биіктігі 2 м; сазды құлып жоқ, беткей сулардың ағып кетуі үшін еңістік жоқ. Құдықта қалқа және қақпақ жоқ, су жеке шелектермен алынады 15 м қашықтықта сіңіретін қазылған шұңқыр орналасқан.

Екінші құдықты пайдаланатын тұрғындар көктемде және жауыннан кейін судың лайланатынына, жағымсыз дәміне наразылық білдіреді. Тұрғындардың арасында асқазан-ішек жолдары бұзылыстары жағдайлары байқалады, құдықты тексеру барысында химиялық және бактериологиялық анализ үшін сынама алынады.

Судың физико-химиялық қасиеттерін анықтау.

Иісін анықтау. Алдымен 1 кестеде берілген жіктелу бойынша иістің сипатын анықтайды. Иіс интенсивтілігін бағалау бес балды шкала бойынша жүргізіледі. 150-200 мл кең мойынды көлемді колбаға оның көлеміне дейін су құяды, сағаттық шынымен жабады, айналмалы қозғалыспен сілкілейді, ашып, колбадағы ауаны иіскейді және иістің сипаты мен оның интенсивтілігін анықтайды

 

Кесте.

Белгі Иістің сипаты Иістің түрі
А ароматты Қиярдың, гүлдің иісі
Ұ ұйытқы Лайлы, балдырлы
Ш шірікті Фекальді, ағынды
Б бұтақты Ылғалды, жаңқалы
Т топырақты Шіріген, жаңадан аударылған жердің, сазды
К Көгерген Көгерген, іркілген (тұрып қалған)
Б балықтың Балық майы, балықтың
К күкіртсутегі Шіріген жұмыртқа
Ш Шөптің Шабылған шөп, пішен
Б белгісіз Табиғи, жоғарыда келтірілген иістерге ұқсамайды

Дәмін анықтау. Дәмнің сапалық бағаксы: ащы, тұзды, тәтті, қышқыл. Дәмдік сезімнің басқа түрлері дәмділік деп аталады. Судың дәмі мен дәмділігін анықтау үшін ауызға 15 мл мөлшерде су алып, жұтпай, бірнеше секунд ауызда ұстау керек. Дәмділіктің сапалық сипаттамасы мына белгілермен анықталады: хлорлы, балықтың, металдың және т.б. Дәмнің және дәмділіктің интенсивтілігі иісті анықтағандай бес балды жүйе бойынша анықталады (№2 кесте).

Ластанған судың дәмділігін анықтау 5 минут қайнатқаннан кейін және бөлме температурасында суытқаннан кейін барып жүргізіледі. Сондықтан, (қайнатылған судың дәмі деген белгі қойыладың.

Кесте.

 

балл интенсивтілігі сипаттамасы
жоқ Сезілетін иістің болмауы
өте әлсіз Тұтынушыларға иіс сезілмейді, ал тәжірибелі зерттеу лабораториясында анықталады.
әлсіз Тұтынушыларға иіс сезілмейді, бірақ егер де айтып көрсететін болса, сезуге болады.
білінетін Оңай сезіледі және суды пайдалануға күман тудырады.
айқын білінеді Су ішуге жағымсыз
өте білінеді Су ішуге жарамсыз

Түстілігін анықтау. Түстілікті сапалық анықтау дистилденген шыны стакандағы зерттелетін суды ақ парақ қағазы фонында жоғарыдан және бүйірден қарау арқылы жүргізіледі. Оны бағалау: түссіз, әлсіз сары, жасыл, қоңыр және т.б.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!