Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Шартты коффициент А және В мөлшерін есептеміз, бұл R, r және d мәндері үшін қажет. 1 часть



 

 

4.10. «Жер беті су көздерімен гидравликалық байланысы жоқ жер асты су көздері үшін СҚА-ын анықтауң мәліметтері бойынша А - 45, жұмсақ жынысты және В – 0,0012, екінші белдеудің мөлшері жер асты ағысы бойынша төмен R = 130 м, жоғары қарай r = 80 м және бас тоғанның екі жағынан d = 100 м.

Бас тоған колонкаларынан поселкесінің су тұтынуы ҚР ҚНмЕ 4.01-02-2001 «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар және имараттарң құжаты бойынша, 1-кестеде, 1-ескертуде бір тұрғынға шаққандағы меншікті орташа тәуліктік су тұтыну қажеттілігі 30-50 л/тәулік, деп берілген.

Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуде судың тәуліктік есептік шығынын Q тәулік.m, м3/тәулік, келесі формула бойынша анықталады:

 

Q тәулік.m = = = 400 м3/тәулік,

 

где qт - меншікті су тұтыну, ҚР ҚНмЕ 4.01-02-2001 «Сумен жабдықтау. Сыртқы имараттар және тораптарң, 1-кесте; Nт - жайластыру деңгейі әр түрлі тқрғын ұқұрылыс ауданындағы тұрғындардың есептік саны.

Қорытынды: СҚА-ның екінші белдеуі жер асты ағысы бойынша R = 130 м, жоғары қарай r = 80 м және су тоғанның екі жағы бойынша d = 100 м. Құс шаруашылық фермасы 300 м қашықтықта орналасқандықтан, СҚА-ның екінші белдеуіне түспейді, негізінен ұңғыма дұрыс орналасқан.

Ұңғыманың дебиті (600 м3/тәулік) поселкенің меншікті су тұтынуынан (400 м3/тәулік) жоғары және тұрғындардың суға деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Мамандық: «Қоғамдық денсаулық сақтауң

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы

 

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстары (ОСӨЖ)

Тақырып:Жер асты және жер беткі су көздерінен су алу кезіндегі тазарту имарттарының сызбасы.



Курс: 4

 

Құрастырған:

доцент Арынова Г.А.

аға оқытушы Досмухаметов А.Т.

 

 

Алматы 2010 ж.

 

1. ТАҚЫРЫБЫ: Жер асты және жер беткі су көздерінен су алу кезіндегі тазарту имарттарының сызбасы.

2. Сабақтың мақсаты: Елді мекенді сапалы сумен қамтамасыз ету үшін коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер практикасында жер асты және жер беткі су көздерінен су алу кезіндегі тазарту имарттарының сызбасы дұрыс таңдау мағызды міндеттердің біріне жатады.

3. Оқыту міндеттері:

- студент білуге тиіс:

  • Ауыз суды өңдеулердің әдістері;
  • Тұндырғыштардың құрылымы;
  • Коагулянттың тиімді мөлшерін анықтау әдістемесі;
  • Коагулянттың түрлері;
  • Коагуляцияның түрлері;
  • Үрдістің жүруіне әсер ететін факторлар;
  • Сүзгілердің құрылымы;
  • Ауыз суды залалсыздандырудың түрлері;
  • Хлорлау әдістері және хлорлау тиімділігін бақылау ережелері.

- студент меңгеруі тиіс:

· «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарң туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар құжаты талаптарына сәйкес суды коагуляциялау тиімділігін бағалау;

· Коагулянттың мөлшерін бағалу;

· әр түрлі табиғи суларды залалсыздандыру үшін хлордың оптималды дозасын анықтау.

4. Өткізу түрі: нормативтік құжаттармен жұмыс істеу, практикалық дағдыларды бағалау.



5. Тақырып бойынша тапсырма:

№1 тапсырма. СНиП 4.01-02-2001 «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар және имараттарң №6 бөлім, құжатымен танысу.

№2 тапсырма.Ауыз суды өңдеудің әдістемесімен танысу. Оқытушы ауыз суды өңдеудің әдістемесін қарастыру бойынша өзіндік жұмысты тексереді.

6. Берілетін материалдар:

1. «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарң туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар.

2. ГОСТ «Источники централизованного хозяйственно-питьевого водоснабженияң.

3. СНиП 4.01-02-2001 «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар және имараттарң №6 бөлім.

4. Жағдайлық есептер.

5. Көрнекі құралдар: Ауыз суды тұндыру – №27. Фильтр АКХ – №29. Жылдам сүзгі – №30. Көлденең тұндырғыш – №31. Ауыз су сапасын жақсарту әдістері - №39.

6. Коммуналдық гигиена нысандарының макеттері: Артезиандық скважина - 3, Конденциондық бақылау құдығы – 4.

7. Қосымша.

7. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Неменко Б.А. «Коммуналдық гигиенаң Алматы, Ғылым, 2004, Б. 403-445.

2. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң Алматы, Гылым, 2003, С. 403-445.

3. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. «Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиенең Алматы, 2008. – 430 с.

4. «Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиенең Гончарук Е.И., Москва, 1990г., с. 368-403.

Қосымша әдебиеттер:

5. «Методические указания по гигиенической оценке объектов водоснабжения и организации деятельности санэпидслужбы в целях профилактики кишечных инфекций с водным фактором передачиң № 3.05.031-99, Алматы, 1999г., с. 16.

6. «Перечень материалов и реагентов разрешенных Главным санитарным врачом Республики Казахстан для применения в практике хозяйственно-питьевого водоснабженияң № 3.03.001-97

7. «Методические указания по осуществлению Государственного санитарного надзора за фторированием питьевой водың № 3.05.040-97.

8. «Руководство по гигиене водоснабженияң Черкинский С.А., Москва1975г.,с.23- 61.

9. Новиков Ю.В. «Экологические проблемы безопасности питьевого водоснабженияң. /Вест. Рос. Акад. Мед. наук. 2007, №9.

10. Королев А.А., Мазаев В.Т., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 1 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2005. – 304 с.

11. Мазаев В.Т., Гимадеев М.М., Королев А.А., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 2 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2006. – 336 с.

12. А.Н.Марзеев, В.М.Жаботинский «Коммунальная гигиенаң М., «Медицинаң, 1979 г.

13. Гигиена. / Под ред. акад. РАМН П.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР Медицина, 2000.

14. Пивоваров Ю.Л. Гигиена и основы экологии человека: Учебник для студентов высших медицинских учебных заведений. - М.: "Академия", 2004.

15. Пивоваров Ю.Л. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и экологии человека. - М.: ВУНМЦ МЗ РФ. - 1999.

8. Бақылау: ауызша сұрау(студент әдістемелік нұсқаудағы сұрақтарға дайын болуы қажет), жағдайлық есептердің шешуін тексеру.

Сұрақтар:

1. Жер беті су көздерінен су алатын қондырғылардың түрлері.

2. Жер асты су көздерінен су алатын қондырғылардың түрлері.

3. Су көзінен су алатын басты қондырғылардың құрамы.

4. Суды дайындаудың негізгі технологиялық схемалары.

5. Суды алдын-ала өңдеудегі барабанды сүзгілердің, микросүзгілердің маңызы.

6. Шаруашылық-ішу мақсатында пайдалану үшін су сапасын жақсарту әдістері.

7. Тұндырғыштар түрлері және құрылымдары.

8. Сүзгілердің түрлері және құрылымдары.

9. Суды жанама коагуляциялау әдісі.

10. Суды дайындау әдістері.

11. Тексеру кезінлегі күнделікті санитарлық бақылаудың сатылары.

12. Су құбырының құрылымына қойылатын санитарлық талаптар.

13.Су құбыры станцияларында су сапасына лабораторлы-өндірістік бақылауды ұйымдастыру.

  1. Суды өзеннен алатын су құбырындағы су сапасын жақсарту әдістері.
  2. Ауыз су сапасын жақсартудың жалпы схемасындағы коагуляцияның маңызы.
  3. Суды коагуляциялау үрдісінің мәні.
  4. Судың сілтілігі және клагуляция үрдісіндегі оның маңызы.
  5. Су сапасын жақсарту және жалпы тазарту схемасындағы суды залалсыздандырудың маңызы.
  6. Судың хлор қажеттілік мөлшерін қандай фактор анықтайды?
  7. Ауыз суда қалдық хлордың рұқсат етілген деңгейі.
  8. Хлордың қандай дозасы оптималды деп есептелінеді?

9. Суды түссіздендіру және мөлдірлендіру.

10. Суды тұндыру. Тұндырғыштар, оның түрлері.

11. Коагулянт мөлшері қалай анықталады?

12. Су құбыры станциясында коагуляция тиімділігі қалай бақыланады?

13. Су коагуляциялау үшін қолданылатын реагенттер.

14. Коагуляция тиімділігіне әсер ететін факторлар.

15. Суды коагуляциялау үрдісіндегі флокулянттардың түрлері және олардың маңызы.

16. Суды сүзу. Сүзгілер түрлері, олардың артықшылығы мен кемшіліктері.

17. Суды хлорлау әдістері.

18. Суды хлормен залалсыздандыру үрдісінің мәні.

19. Ауыз суды хлорлаудың тиімділік көрсеткіші.

20. Суды хлорлау тәсілдері.

21. Суды хлорлау үшін қолданылатын заттар.

22. Судың сапасын жақсартудың арнайы әдістері.

  1. Жергілікті сумен қамтамасыз ету дегеніміз не?
  2. Судың исін, дәмін, дәмділігін анықтау.
  3. Судың түстілігін, лайлылығын, мөлдірлігін анықтау.
  4. Тұрып қалған судың сапасының өзгеруін анықтау.

27. Шахталы құдықтар суы сапасына қойылатын санитарлық талаптар.

28. Шахталы құдықтар қондырғыларына қандай талаптар қойылады?

29. Шахталы қабырғаларын бекіту үшін қандай материалдар қойылады?

30. Жер бетінен ластанудың түсуін болдырмау шаралары.

31. Құдықтар суын хлорлау көрсеткіштері.

32. Құдықтар суын хлорлау әдістері.

33. Құдықтарды тазарту және хлорлау жүргізу әдістері.

34. Құдықтарды үйлерден, мал қораларынан, қазылған шұңқырлардан қандай қашықтықта орналастыру қажет.

35. Құбырлы құдықтар құрылымы.

36. Құдықты дезинфекциялау.

 

Осымша

Студенттер су көзінің гидрогеологиялық, санитарлық-топографикалық сипаты, су алу орны (екі, тереңдігі, ағу жылдамдығы, өзен шығыны және т.б.) және су алу қондырғыларының құрылымы туралы анық түсінік алулары керек.

Басты су құбыры қондырғыларын тексеру, суды өңдеудің технологиялық процессіне сәйкес жүргізу қажет. Студенттер алдымен, бірінші қысымды көтеру станциясы ғимаратында орналастырылатын жағалық қабылдау құдықтарының құрылымы мен мақсатымен, торларды тазарту тәсілдерімен танысады. Осы кезде студенттерге 1-ші қысымды көтеру станциясы суды тазарту қондырғыларының ең жоғарғы нүктесіне беретіндігін, содан соң барлық өңдеу сатыларына өз бетімен ағатындығын айтып кеткен маңызды.

Коагулянт дайындалатын және сақталатын ғимараттарда, соңғы жолдары коагулянт процесін жақсарту және жылдамдату үшін яғни тұрақсыз бөлшектердің бір—біріне жабысуына ықпал жасайтын активаторлар (флокулянты), атап айтқанда полиакриламид пайдаланатына көңіл аударылады. Судың қалқыған бөлшектері заттарына және минералды коагулянттың үлпектеріне адсорбциялану арқылы, полиакриламид оларды ірі агломераттарға айналдырады. Полиакриламид үлпек түзілу процессін жылдамдатады, сонымен тұндырғыштардағы қалқыған бөлшекті заттардың тұнуына ықпал жасайды.

Тұндырғыштарды көрсеткенде олардың құрылымы, олардағы судың қозғалу жылдамдығының маңызы түсіндіріледі. Сүзгілер негізгі конструктивті элемент төселетін минерал екендігін студенттер білуі қажет. Ол жұмыс істеу тәртібін атап айтқанда сүзілу жылдамдығын анықтайды. Сүзу процесін және сүзу материалдарын судың кері ағынымен жууды көрсеткен дұрыс. Егер контактылы - мөлдірленгіштер болса, міндетті түрде құрылымы мен жұмыс істеу принципі түсіндіріледі, санитарлық тиімділігі мен басқа сүзгілерге қарағанда артықшылығы атап айтылады.

Хлораторлар орналасқан ғимаратта студенттер хлоратордың құрылымымен суды автоматты залалсыздандыру принциптерімен танысады, техникалық қауіпсіздікті және персоналдық еңбегінің санитарлық жағдайын (алып келіп-алып кететін вентиляциялық , сигнализацияның болуы) қамтамасыз етудің маңызы атап көрсетіледі. Су құбыры станциясын тексеру барысында студенттер бір реттік және екі реттік хлорлауда, сондай-ақ преаммонизациямен бірге хлорлауда хлордың қандай жеріне берілетінін меңгеруі керек.

Суды фторлау жүргізілетін болса, студенттер қондырғылардың құрылымына, құрамына фторы бар ерітіндіні дайындайды, оны суға мөлшерлеп қосуды, жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтауына көңіл бөлулері қажет. Суды озондау жүргізілетін болса, суды алдын-ала дайындаудың, озон мөлшерін дұрыс таңдаудың маңызын атап көрсету керек, себебі, лайлы ластанған су, темір және магний тұздары озоннның бактерицидтік әсерін төмендетеді, бір бөлігі ұшып кетеді. Осыдан байқау керек, суға енгізілген озонның барлығы тотығу процессіне қатыспайды. Студенттер озондау тиімділігін бақылауды ұйымдастыруға, қалдық озонға, су құбыры станциясының ауасына озонның түспеуін ескертетін шаралардың орындалуына, қызмет көрсететін персоналдың электр тоғымен зақымдасуының алдын-алуға көңіл бөлулері қажет.

2-ші қысыммен көтеру станциясының ғимаратында, оның маңызы мен құрылымын, таза су бассейнінен суды алу прнципін және олардың басты қондырғылар схемасындағы орнын түсіндіру қажет. Осы жерде студенттер суды тазарту торабына берер алдында оның сапасына бақылауды ұйымдастыруды: қалдық хлорды анықтау үшін, бактериологиялық анализге су сынамасын алуды меңгеруі қажет. Анализдерді тіркеу журналы көрсетіледі.

Су құбыры станциясын тексеріп бітерде студенттерді лаборатория жұмысымен таныстыру керек. Суды тарату торабына берер алдында және оны өңдеудің басқа да сатыларында судың құрамындағы реагенттерді сапалық зерттеу және коагуляция мен хлорлау жолымен суды сынақтық өңдеу арқылы су көзіндегі сапасына лабораториялық бақылауды ұйымдастыру.

 

Жер асты су көзінен алатын су құбырының

басты қондырғыларын санитарлық тексеру

БАҒДАРЛАМАСЫ.

1. Скважина туралы жалпы мәліметтер. Аталуы, тұрғын мекен және орналасуы, кімнің қарамағында, мақсаты қызмет көрсету аумағы, салынған жылы.

Қосымша. 25-30 жыл бойына құбырлар коррозияға ұшырауы мүмкін. Кейбір жағдайларда топырақтың агерессивтілігіне байланысты коррозия ертерек жүруі мүмкін.

2. Басты қондырғылар орналасқан алаңды сипаттау, олардың тізімі, бір-бірімен сәйкес орналасуы.

3. Сулы горизонттың орналасу жағдайы, оларды грунт суынан қорғау. Статикалық және динамикалық (бұрғылау журналының мәліметтері бойынша) деңгейлерінің ауытқуының байқалуы.

4. скважинаның конструкциясы эксплуатацияға беріліп *** горизонттың ластану мүмкіндігі болатын жоғары және төмен жатқан горизонттардан изоляциялау мүмкіндігі.

5. Шахтаның орналасқан орны, оны грунт суларынан (қорғау тереңдігі, қабырға материалы, қабырға айналасында сазды құлыптың болуы, еден материалы, еденнің скважинадан еңістігінің, судың жиналуына қажетті шұңқырдың болуы, бір-біріне кигізілген құбырдың еден бетінен кем дегенде 0,5 м жоғары тұруы). Шахтаны атмосфералық жауын-шашыннан қорғау (люк, беткейлік суларды ағызу үшін еңістіктің болуы) Шахтылардың санитарлық жағдайы.

6. Су көтеретін құрылымдар (поршенді, орталықтан насос, вертикалды, ішіне енгізілген). Эксплуатацияға беру жағдайы және құрылымдары (орталықтан тебетін насостарды пайдаланғанда жұмыс басында оны қандай сумен және қандай әдіспен толтыратынын және бұл жағдайда ластаушылардың суға түсу мүмкіндігін тексереді).

7. Скважинаның аузы, көтеруге ыңғайлылығы, орналасқан құбырлардың арасындағы ашық жер толық бекітілгендігі, су сынамасын алуға арналған кранның болуы.

8. насостық станция бөлмесі, оның мақсаты, санитарлық жағдайы. Насостық станция мен скважинаның бір-бірімен сәйкес орналасуы. Үй және арнайы киімдерге арналған шкафтың болуы.

9. Су қысымды мұнараның бағы, оның құрылымы, ішкі әрленуі; бірінен екіншісіне құятын және лас құбырлардың тығыз жабылатын қақпағының болуы. Бактар орналасқан бөлмені изоляциялау. Резервуарларды дезинфекциялау және тазартудың іске асырылуы, арнайы инвентардың, киімнің және резеңке етіктің болуы, дезинфекциялау тәсілі, хлорлы әк ерітіндісінің концентрациясы.

10. Қызмет көрсетуші персонал, олардың саны. Медициналық бақылаудан өтуі. Санитарлық кітапшалардың болуы.

11. Су құбыры станциясы территориясында басты қондырғылардың бір-бірімен сәйкес орналасуын санитарлық тұрғыда бағалау.

12. Су сапасын кім және қандай жиілікпен тексереді (СЭС-тің ведомствалық лабораториясы).

13. Су құбырының санитарлық күзету зонасының болуы, олардың размері мен шекаралары. 1-ші және 2-ші белдеулерде бекітілген тәртіпті сақтау.

 

Ашық су көзінен алатын су құбырының басты қондырғыларын Санитарлық тексеру БАҒДАРЛАМАСЫ.

1. Облыс, аудан.

2. Су құбырының қарастырылуы.

3. Су құбырының қызмет көрсететін аймағы: тұрғын халық, кәсіпорын.

4. Су құбырының салынған жылы.

5. Су құбырының қоректену көзі.

6. Су көзінің сипаттамасы.

7. Су алу қондырғыларының түрі.

8. Қабылданған суды өңдеу схемасы.

9. Су құбырында қолданылатын коагулянттар, мөлшерлері, реагентті шаруашылық құрылымы, реакция камералары, коагулянтты сақтау жағдайлары.

10. Тұндырғыштардың құрылымы мен іске қосу тәртібі. Тұндырғыштарды тазарту тәртібі. Тұндыру тиімділігі.

11. Сүзгілердің құрылымы мен іске қосу тәртібі. Шаршы метрмен берілген алаңның түрі, сүзілу жылдамдығы, жуу тәртібі.

12. Залалсыздандыру әдістерінің сипаттамасы. Залалсыздандырғыш заттардың мөлшері, залалсыздандыру тиімділігі.

13. СКЗ-сы ұйымдастырылғандығы, кім бекіткен? Қандай белдеулерден тұрады? Зонада шаралар жүргізіледі ме, әлде жоқ па?

14. Су анализдерінің алынуы, жүйелілігі. Зерттеу көлемі. Анализдер қандай лабораторияда жүргізіледі?

15. Санитарлық минимумның маңызы және онда қызмет етуші персоналдың орындауы, сондай-ақ олардың денсаулығын жүйелі түрде бақылаудың болуы.

 

Мамандық: «Қоғамдық денсаулық сақтауң

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы

 

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстары (ОСӨЖ)

Тақырып:Коагулянттың оңтайлы дозасын таңдау. Коагуляциялау тиімділігіне зертханалық бақылау. Хлордың оңтайлы дозасын таңдау. Ауыз суды залалсыздандыру тиімділігінің көрсеткіштері.

Курс: 4

 

Құрастырған:

доцент Арынова Г.А.

аға оқытушы Досмухаметов А.Т.

 

Алматы 2010 ж.

 

1. ТАҚЫРЫБЫ: Коагулянттың оңтайлы дозасын таңдау. Коагуляциялау тиімділігіне зертханалық бақылау. Хлордың оңтайлы дозасын таңдау. Ауыз суды залалсыздандыру тиімділігінің көрсеткіштері.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттерді ауыз суды тазартудыңмаңызымен, жүргізу ережелерімен, үрдістің жүруіне әсер ететін факторлармен таныстыру. Су сапасы мен тазарту үрдісінің тиімділігі арасындағы байланысты таба білуге үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

- студент білуге тиіс:

  • Коагулянттың тиімді мөлшерін анықтау әдістемесі;
  • Коагулянттың түрлері;
  • Коагуляцияның түрлері;
  • Үрдістің жүруіне әсер ететін факторлар;
  • Сүзгілердің құрылымы;
  • Ауыз суды залалсыздандырудың түрлері;
  • Хлорлау әдістері және хлорлау тиімділігін бақылау ережелері.

- студент меңгеруі тиіс:

· суды өңдеу әдістерінің тиімді түрін таңдай білу;

· «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарң туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар құжаты талаптарына сәйкес суды коагуляциялау тиімділігін бағалау;

· Коагулянттың мөлшерін бағалу;

· әр түрлі табиғи суларды залалсыздандыру үшін хлордың оптималды дозасын анықтау.

 

4. Өткізу түрі: нормативтік құжаттармен жұмыс істеу, практикалық дағдыларды бағалау.

 

5. Тақырып бойынша тапсырма:

№1 тапсырма. СНиП 4.01-02-2001 «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар және имараттарң №6 бөлім, құжатымен танысу.

№2 тапсырма.Ауыз суды өңдеудің әдістемесімен танысу. Оқытушы ауыз суды өңдеудің әдістемесін қарастыру бойынша өзіндік жұмысты тексереді.

 

6. Берілетін материалдар:

 

1. «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарң туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар.

2. ГОСТ «Источники централизованного хозяйственно-питьевого водоснабженияң.

3. СНиП 4.01-02-2001 «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар және имараттарң №6 бөлім.

4. Жағдайлық есептер.

5. Көрнекі құралдар: Ауыз суды тұндыру – №27. Фильтр АКХ – №29. Жылдам сүзгі – №30. Көлденең тұндырғыш – №31. Ауыз су сапасын жақсарту әдістері - №39.

6. Коммуналдық гигиена нысандарының макеттері: Артезиандық скважина - 3, Конденциондық бақылау құдығы – 4.

7. Қосымша.

7. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Неменко Б.А. «Коммуналдық гигиенаң Алматы, Ғылым, 2004, Б. 403-445.

2. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң Алматы, Гылым, 2003, С. 403-445.

3. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. «Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиенең Алматы, 2008. – 430 с.

4. «Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиенең Гончарук Е.И., Москва, 1990г., с. 368-403.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!