Главная Обратная связь Поможем написать вашу работу!

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Білім мен дағдыға қойылатын талаптар



Оқытудың қажеттілігі мен өзектілігі

«Физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздері» курсы студенттер үшін әдістемелік және жалпы физикалық дайындау жүйеісінде аяқтаушы курс болып табылады. Физика пәнінің мұғалімін дайындау жүйесінде алатын оның орнын ғылыми-теориялық және практикалық әзірлеу нәтижесін шығаратын қорытындылаушы курс ретіндегі оның мазмұны мен мағынасын тағайындайды.Оқытушылар мен студенттер осы курсты оқу кезінде жалпы физика курсында, физиканы оқыту методикасы, педагогика мен психология курстарында игерген білімдері мен қабілеттерін кең пайдалануға мүмкіндік алады. Орта мектепте физиканы жоғарғы дәрежеде оқытуды қамтамасыз ететін мұғалімдерді дайындау ісінде бұл курс елеулі үлес қосады. Мұғалім әрбір сабақты оқушылардың дүние тану ынта – ықыласын және олардың өздігінен білімдерін толықтыра алу дағдысын арттыратындай етіп өткізуі тиіс.Физика пәні мұғалімінің мамандық сипаттамасына, физика-математика факультетін бітірушінің біліміне, қабілетті мен машығына қойылатын негізгі әдістемелік – ғылыми талаптар енгізілген, атап айтқанда мектеп бағдарламасы бойынша қиындығы әр түрлі дережеге есептерді шығару шеберлігі, оларды шығару әдістерін білу, оқыту үстінде туатын нақты жағдайларға лайықтап өздігінен есеп құру қабілеті енгізілген.Физика есептерін шығару студенттердің оқу материалдарын саналы түрде терең игеруіне қолайлы жағдай туғызады, олардың алған білімдерін пайдалана білу қабілетін қалыптастырады және бекітеді. Сонымен қатар есептерді шығару оқушылардың өздігінен ойлануын, қиыншылықтарды жеңуге деген жігерін және табандылығын арттыру құралдарының бірі болып есептелініп, оқу процесін жақсарта түседі. Жоғарғы оқу орындарында физика есептері практикалық сабақтарда, бақылау жұмыстарын орындау кезінде және өзіндік жұмыс істеу арқылы шығаралып отырады.Осы «Физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздері» студент – физиктерді арнайы әзірлеудің бөлінбес тұтас бір бөлігі ретінде семинар және практикалық сабақтардан тұрады.

2. Практикумның мақсаты мен міндеттері:

а) студенттердің педагогика, психология, физиканы оқыту әдістемесі курстарында, жалпы физиканың практикалық сабақтарында физика есептерін шығаруды үйрету жолында алған білімі мен қабілетін қорытындылау, толықтыру;

б) физика есептерінің әр түрлі типтерінің құрылымдық ерекшеліктерін талдау;

в) студенттерді есеп шығару сабақтарының әр түрлі типтерімен бақылау жұмыстарымен және олимпиадаларда өткізу істерімен, жоғары оқу орнында бар әдебиетпен (есеп кітаптарымен, оқулықтарымен, көрнекті құралдарымен т.б.) таныстыру;

г) студенттердің жалпы және теориалық физика курсында алған білімдерін элементарлық дәрежеге лайықтау қабілетін қалыптастыруға жағдай жасау;

д) әр түрлі типтегі есептерді құрастыру, шешу және тексеру әдістемесін үйрету.

Студенттерді есеп шығару әдістемесіне үйрету кезінде логикалық ойлау операциасы дәйекті болуына, ой пікірде формализм болдырмауға, стандартты жағдайда тұрақты машық алуға, физикалық жәй жағдайда талдай біілуіне және т.б. айырықты көңіл бөлу керек.

Практикалық сабақтарда жеке – жеке тақырыптар: кинематика, динамика, газ зандары және т.б. тақырыптар бойынша есептерді шығару әдістемесі жаттықтырылып шындалады, физикадан алған білімдері тиянақты дәлелденіп, қалыптасып бекітіледі.Әрбір практикалық сабақ физика курсының белгілі бір тақырыбына арналуы тиыс және олар әдістемелік жағынан шамамен бірдей құрылуы тиіс. Сабақтың бас кезінде студенттермен бірге негізгі ұғымдарды, формулаларды, ережелерді, теңдеулерді, заңдарды және олрдаң аналитикалық өрнектеу әдістерін қайталау керек. Есептерді шығару әдістемесін Қарастырған кезде есеп шығарудың жалпы және дербес алгоритмдерін тауып оларды қолдана білуге жаттығу керек. Тақырып бойынша есептердің негізгі типтерін талдау керек. Берілген тақырыптағы есептерді шығаруға арналған сабақтың конспектісін талқылау керек.Физиканың әрбір бөлімінің аяқталу кезінде бақылау жұмыстары өткізеді.

Білім мен дағдыға қойылатын талаптар.

Білімгер таныс болуы қажет:жалпы физика курсының элементтерімен.

Білімгер білуі қажет:

- есептердің классификациясын;

- есептердің түрлерін;

- есептер шығару алгоритімін;

- есептеу, сапалық, графиктік, сурет есептерін шығару әдістемесін;

- шығармашылық есептерді шығаруды.

Студенттер «Физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздері» пәнін оқып үйренуде жалпы және теориялық физика курсына, педагогика және психология, математикалық теңдеулер мен программалау пәндеріне сүйенеді.«Физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздері» бөлімін оқып бітірген



білімгер үйрену қажет:

-тақырыптық бақылау жұмыстарын дайындауды;

- белгілі тақырыпқа байланысты тест құрастыруды;

- әр түрлі есептер құрастыруды.

-физикалық есеп түрлерінің әдістемелік жабдықталуын жақсы деңгейде меңгеріп шығуы қажет.

4. Пререквизиттер мен постреквизиттер:

Пререквизиттер:элементарлық физика,механика,молекулалық физика,психология, педагогика.

Постреквизиттер:кванттықфизика,статфизика,астрономия.

Курстың сипаттамасы

Физика есептерін шығару тәжірибесі курсында 15 сағат лекция, 30 сағат практикалық сабақ өткізіледі. Студенттер осы курсты оқу кезінде жалпы физика курсында, педагогика және психология курстарында игерген білімдері мен қабілеттерін кең пайдалануға мүмкіндік алады. Орта мектепте физиканы жоғары дәрежеде оқытуды қамтамасыз ететін мұғалімдерді дайындау ісінде бұл курс елеулі үлес қосады.Физика есептерін шығару сабақтарында жеке-жеке тақырыптар: кинематика, динамика, газ заңдары, элнктростатика, фотометрия т.б. тақырыптар бойынша есептерді шығару әдістемесі жаттықтырылып шыңдалады, физикадан алған білімдері тиянақты дәлелденіп, қалыптасып бекітіледі.

Пәннің мазмұны

Кіріспе.Физика есептерін шығару тәжірибесінің семинарлық сабақтары. Есептердің классификациясы. Есептер шығару алгоритмі. Есептеу, сапалық, графиктік, сурет есептер шығару әдістемесі, шығармашылық есептер және олардың түрлері, әр түрлі есептерді құрастыру әдістемесі. Тақырыптық бақылау жұмыстарын дайындау, өткізу, бағалау әдістері.Тесттік есептерді құрастыру және өткізу, бағалау тәсілдері қарастырылады.Механика, молекулалық физика және термодинамитка, электр және магнитизм, оптика және атомдық физика бойынша есептер шығару.

 

 

6.1 Лекциялық сабақтың күнтізбелік-тақырыптық

Жоспары


Просмотров 982

Эта страница нарушает авторские права



allrefrs.ru - 2022 год. Все права принадлежат их авторам!