Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ақша массасының бір айналымының ұзақтығы» көрсеткішінің мәні және оны есептеу әдістемесі



Ақша массасының (t) бір айналымының ұзақтығы:

 

, мұндағы,

К – кезең күндері: тоқсан – 90 күн, жыл – 360 күн;

ЖІӨ / К=б – жалпы ішкі өнімнің бір күндік өлшемі.

Бұл көрсеткіш ЖІӨ қызметіне бір айналым ақша массасы үшін орта есеппен қанша күн керек екендігін көрсетеді.

 

&&&

$$$002-016-100$Дәріс №016.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{1. Тауар айналымының статистикасының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

2. «Ақша массасы», «ақша базасы» ұғымдарының мәні неде?

3. Ақшалық агрегаттардың М0, М1, М2, М3 құрамын атаңыздар.

4. Ақша массасының факторлық талдау әдісін сипаттаңыздар. }

$$$002-017-000$3.2.17 Дәріс №017. Баға статистикасы

{1. Баға туралы түсінік, оның түрлері

2. Өнімді бағалау және қайта бағалаудың статистикалық әдістері

3. Баға және тариф өзгерістерінің статистикалық бақылауын ұйымдастыру }

&&&

$$$002-017-001$3.2.17.1.1. Баға туралы түсінік, оның түрлері

{ Баға дегеніміз – тауар құнының ақшалай көрінісі. Ал тариф – қызмет көрсету құнының ақщалай көрінісі. Бағаны қалыптастырудың негізін өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар туралы мәліметтер, сондай-ақ экономиклық циклды іске асыруға арналған кәсіпорынның табысы мен пайдасы құрайды.

Баға статистикасының міндеттері:

Тауар мен қызмет көрсету бағасын статистикалық зерттеудің міндеттері:

1. Тауар мен қызмет көрсету бағасына статистикалық бақылауды ұйымдастыру.

2.Тауар мен қызмет көрсету бағасын тіркеу. Баға туралы ақпарт жинау, оны республика аумағында жариялау.

3.Бағаның, инфляциялық процестердің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау.



4.Ішкі және ұлттық экономикада, тауар мен қызмет көрсетуді және экспорт пен импортты бағалауда бағаны пайдалану.

5.Аймақтық және республикалық деңгейдегі орташа бөлшек сауда бағасын және индексін есептеу.

6.Бөлшек сауда бағасының динамикасы мен деңгейіне әсер ететін факторларды статистикалық зерттеу.

7.Тұтынушының орташа бағасын және тұтынушы бағасының индексін өмір деңгейінің өлшемі ретінде есептеу.

8.Тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын бағаларды халықаралық, аймақтық деңгейде салыстыру.

Статистикалық органдардың экономикалық есептеулерінде және аналитикалық жұмыстарында барлық институционалды бірлік, экономика секторлары арасындағы операция рыногының келісім жасау сәтінде жүретін ағымдағы нарықтық бағалар қолданылады.

Ағымдағы нарықтық бағалардың көмегімен өндірілген, пайдаланылған және өткізілген өнімнің жалпы мөлшері анықталады; экономиканың секторлары мен салалары шегіндегі оның құрылымы есептеледі. Ағымдағы нарықтық бағаларға жататындар:

1. факторлық құн;

2. негізгі баға;

3. өндірушінің бағасы;

4. сатып алушының бағасы;

5. «ФОБ» бағасы;

6. «СИФ» бағасы;

Әр ағымдағы нарықтық бағаның ұғымы және оның құрамы



Есеп берулер мен шоттардағы операцияларды тіркейтін бағалар:

Факторлық баға (ФБ) –тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы:

ФБ=АТ+НКТ+ЖП(ЖАТ)

Мұндағы :ЖП – экономиканың жалпы пайдасы;

ЖАТ – жалпы аралас табыстар.

Негізгі баға (НБ) -өнімдерге төленетін салықты қоспағанда (ҚҚС пен импорт салығынан басқасы),бірақ өнімдерге субсидия, жәрдем ақшаны қосқанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы .

Өндірушінің бағасы (ӨБ)ҚҚС және импорт салығынан бөлек өнімдерге төленетін салықтарды қосқанда және өнімдерге субсидияны қоспағанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы .

Негізгі баға мен өндірушінің бағасы арасындағы өзара байланыстар :

а) ӨБ = НБ + өнімдерге ТС (ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) = НБ + өнімдерге салық (ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) - өнімдерге субсидия ;

б) НБ = ОБ + өнімдерге ТС ( ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) = ОБ - өнімдерге салық ( ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) + өнімдерге субсидия ,

Мұндағы : ТС – таза салықтар .

Тұтынушының нарықтық бағасы ( ТНБ) - өнімдерге және импортқа төленетін барлық таза салықтарды қосқанда сатып алушының тауар немесе қызмет үшін төлейтін бағасы .

ТНБ = ӨБ + СКҮБ ,

Мұндағы : СКҮБ – сауда – көліктік үстеме баға .

Есептеулерде тауар мен қызмет шығарылымдары негізгі және өндірушінің бағасында бағаланады . Сондықтан да келесі түзетулер жасалады . Берілгендерді сәйкес түрге келтіру үшін шығарылымды бір бағада қайта есептеуді іске асырады .

Кедендік статистика тауарлар экспортын ФОБ бағасымен (экспорттаушы елдің порты) , ал тауарлар импортын СИФ бағасымен (импорттаушы елдің порты ) есептейді .

«ФОБ» ағылшынның «fob» сөзінен шығады , яғни «бортта боссың» дегенді білдіреді . «ФОБ» бағасына мына компоненттер кіреді :

- өндіруші бағасымен есептелген тауардың бір бірлігінің құны ;

- экспортер елдің шекарасын кесіп өткен кезеңдегі тауарлар мен байланысты барлық қызметтер құны , атап айтсақ : тауарды жеткізу , сақтандыру , сақтау , кейінгі тасмалдау үшін тауарды тиеу ;

- төменгі экспорттық баж салығы мен алынған салықтық жеңілдіктер айырмасы

«СИФ» те ағылшынның «cif» сөзінен шығады , яғни бұл – «құн , сақтандыру», фрахты «тасмалдау» дегенді білдіреді.Сиф бағасы тауар бірлігінің құнын жәнежеткізілетін орынға дейінгі тауарды тасмалдау , сақтандыру мен байланысты барлық қызметтер құнын қамтиды .}

&&&

$$$002-017-001$3.2.17.1 1. 2. Өнімді бағалау және қайта бағалаудың статистикалық әдістері

{ Тауар экспорты мен импортының бағалары туралы кедендік статистиканың ақпараттары макростатистикалық есеп беру үшін, мысалы , Қазақстан Республикасының төлем балансын және сыртқы экономикалық байланыстың ұлттық шотын өндеуге негіз болады . Мұндай статистикалық есеп берулер Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайын , әлемнің басқа елдерімен сыртқы эканомикалық байланыстардың дамуын және күйін көрсетеді .

Экспорт және импорт операцияларына қандай бағамен және қалай қайта есептелу жүргізіледі ?

Төлем балансында және сыртқы экономикалық байланыс есебінде ҰШЖ – дың ұсынысы бойынша тауарларды бағалаудың әр түрлі әдістері есебінен макростатистикалық баланс динамикасын өзгеріссіз қалдыру үшін тауар экспорты мен импортының біркелкі бағалануына «ФОБ» бағасы қолданылады . Осы мақсатта , статистикалық органдар түзетулер мен қайта есептеу арқылы тауардың экспорты мен импортын бір «ФОБ» бағасы мен көрсете отырып, келесі әдістерді ұсынады :

- сауда счет – фактураларының ішінара бақылау мәліметтерін «сиф» және «фоб» бағасының қатынысымен қолдану негізінде ;

- «сиф» және «фоб» бағаларының қатынасына экспорттік бағалау қолдану негізінде .

Халыққа тегін берілетін немесе төмен бағамен берілетін өнім қандай бағамен бағаланады?

Үй шаруашылықтарына (мемлекеттік басқару , денсаулық сақтау , білім , қорғау ) төмен бағамен немесе тегін берілетін өнімді өндіру олардың өндірісіне кеткен шығын бойынша бағаланады. Шығындар келесі компоненттердің қосындысы ретінде есептеледі : аралық тұтыну + жалдамалы жұмысшылардың жалақысы + негізгі капиталдық тұтыну + өндіріс процесінде төленген таза салықтар + өз ғимаратын иеленгеннен түскен таза табыс .

Жеке тұтынуға, бартерге арналған өнім негізгі баға бойынша бағаланады .

Өнімнің жалпы құны мен құрылымын анықтауға , ағымдағы нарықтық бағаның маңыздылығына қарамастан , кемшілік тән . Ағымдағы нарықтық баға мен көрсеткіштер бағасы өндірістік және өткізілген тауарлар мен қызметтердің физикалық көлемінің өзгерісін көрсетпейді .Өнімді өндіру және өткізудің физикалык көлемінің динамикасы елдің нақты экономикалық өсу қарқынын , халықтың материалдық жағдайын көрсетеді , өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері еңбек өнімділігін , капитал қайтарымдылығын , пайдалалықты есептеуге негіз болады . Осыған орай өнім көрсеткіштерінің физикалық көлемінің динамикасы , мысалы ЖІӨ тек тұрақты бағамен зерттелуі керек .Тұрақты баға ретінде салыстыру базасы болып алынған жылдың ағымдағы орташа бағалары алынады .ҰШЖ тұрақты бағаны әр бес жыл сайын өзгертіп отыруды ұсынады .

Өнімді ағымдағы бағадан тұрақты бағаға ауыстырудың негізгі әдістері:

1) тікелей қайта бағалау әдістері ;

2) дефляцилау әдісі .

Тікелей қайта бағалау әдісінің маңызы мынада : тұрақты бағадағы өнім көрсеткіштерін тұрақты бағаны есептеу кезеңіндегі өндірілген өнім санына көбейту арқылы есептеу .

Дефляциялау әдісі бойынша ағымдағы бағадағы өнім (ЖІӨ) көрсеткіштері индекс – дефлятор арқылы тұрақты бағада есептеледі. Дефлятор бағаның жиынтық денгейін, яғни бір жылдағы эканомикадағы бағаның орташа мәнінің шамасын сипаттайды. Дефлятор дегеніміз – бұл агрегатталған баға индексі , себебі дефляторды құру негізінен баға индексін есептеу құрайды :

 

∑ p1q1 ∑ p0q1
p0q1 іp  

∑ p0q1 = ∑ = ∑ p1q1:

 

Мұндағы : ∑ p0q1 есептегі кезеңдегі тұтынудың ағымдағы баға бойынша жалпы құны немесе тауарлар мен қызметтердің номиналды құны ;

 

∑ p1q1 / ∑ p0q1 = І - баға индексі ;

 

∑ p0q1 - есептегі кезеңдегі тұтұнудың тұрақты бағасы бойынша жалпы тұтыну құны немесе тауарлар қызметтердің нақты құны ;

q1 – есептегі кезеңдегі тауарлар мен қызметтер саны

p1 – есептегі кезеңдегі бағалар .

Нақты ЖІӨ құны туралы алынған мәліметтер негізінде ЖІӨ -нің физикалық көлемінің динамикасы сәйкес индексі Іq арқылы есептеледі :

Іq = ∑ p1q1 , ∑ p0q0

 

мұндағы, Іq – ЖІӨ-нің физикалық көлемінің индексі, есептегі кезеңдегі ЖІӨ - нің нақты құнын (p0q1) базистік кезеңдегі ЖІӨ (p0q0 ) құнымен салыстырады. }

&&&

$$$002-017-001$3.2.17.1 1. 3. Баға және тариф өзгерістерінің статистикалық бақылауын ұйымдастыру

{Нарыққа өту жағдайында Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі арнайы баға методологиясы бойынша төмендегілерге ішінара бақылау жасайды:

а) тауардың бөлшек сауда бағасына ;

ә) бақылау жасайтын баға әдістемесін жасй отырып тауар және қызметтердің тұтын бағаларына және тарифтеріне.

Бағаларды бақылаудың мақсаты - халыққа уақыттың ағымдағы кезеңіне сәйкестендірілетін тауарлар мен қызметтерді сату бағалары мен тарифтерін тіркеу және бөлшек сауда бағасы мен тұтыну бағаларын есептеу .

Бағаларды ішінара бақылауды ұйымдастыру типтік іріктеу әдісіне, яғни халық ұдайы сатып алатын тауарлар мен қызметтердің шектелген тізіміне негізделген. Сату – сатып алу операцияларының көпшілігінің ішінен типтік жағдайлар іріктелініп алынады. Бақылау үшін іріктеліп алынған сауда және ақылы қызмет нысандары базалық болып саналады, оларда бағалар мен тарифтерді тіркеу ұдайы жүргізіліп отырады. Базалық кәсіпорындар бойынша тұтыну және бөлшек сауда бағаларының индексін, баға деңгейі туралы оперативті мәліметтерді есептеу мақсатында, халықаралық салыстыру бағдарламалары үшін ақпарат жиналады.

Қазақстанда тауарлар мен қызметтерді іріктеп алу келесі белгілер бойынша іске асырылады :

- аумағы бойынша ( 2 астана және барлық облыс орталықтары );

- сауда және ақылы қызмет нысандары ( аймақтағы саудалық кәсіп орындар) ;

- тауар ( қызмет) өкілеттілігінің тізімі бойынша .

Тауарға деген бағалар егер олар бір асортиментке тіркелсе, біркелкі сапалық сипатқа ие болса және сауда тіркелген базалық кәсіпорындарда өткізілсе , екі кезеңде сәйкестендіріледі. Түрі бойынша іріктеліп алынған тауарлар мен қызметтер тұтыну қоржынын құрайды. Тұтыну қоржыны табыс деңгейі әр түрлі халық тобының тұтыну шығындарының нақты құрылымын көрсету негізінде қалыптасады.}

&&&

$$$002-017-100$Дәріс №017.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{1. Ұлттық Шоттар Жүйесінде қолданылатын бағаларды, олардың құрамын атаңыздар.

2. Тұтыну бағасының бөлшек сауда бағасынан айырмашылығы неде?

3. Бөлшек сауда бағасының индексі республика деңгейінде қалай анықталады?

4. Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасын, оның индексін есептеу үшін ішінара бақылау қалай жүргізіледі }


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!