Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Ақша-несие саясатының мақсаты және құралдары




Ақша-несие- бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі- Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Ақша-несие саясатының басты мақсаты-айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып,несиеге деген сұранысты азайту,соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендету,ұлттық валютаның тұрақтылығын,яғни оның төлем қабілеттілігі басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамаыз ету б.т.
Ақша-несие саясатының түрлері.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1) рекстрикциялық ақша несие саясаты;
2) экспанциялық ақша несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):



· несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;

· коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.

Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):

· ашық нарықтағы операциялар;

· міндетті резервтік талаптар;

· несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.

13 Валюта дегеніміз-заңды төлем қаражаты ретінде мемелкет қабылдаған әр түрлі ақша біріліктері немесе құнды банкноттар мен тиындар,оның ішінде қымбат металдардан жасалған стандарттар (оларға қоса айналымнан алынған немесе алынып жатқан,бірақ айналымдағы ақша біріліктеріне айырбастауға жататындары),сондай-ақ есеп шоттардағы халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттар.Валюталық бағамбiр елдiң ақша бiрлiгiмен шетелдiк ақша бiрлiгiмен немесе халықаралық валюталық бiрлiкпен берiлген бағасы.Валютамен жасалатын операциялар ақша-несие саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, олар бюджет жағдайына, экономикалық өсуге ықпал етеді. Валюта қатынастары халықаралық байланыстардың – тауар айналымы мен капитал қозғалысының, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың, мәдени айырбас пен туризмнің мазмұнын көрсетеді. Бұлардың бәрі валюта курсының динамикасы мен мемлекеттің валюта саясатынан тікелей тәуелді болады. Халықаралық саудада белгілі бір ара қатынаста валюта нарықтарында бір-біріне айырбасталатын әр түрлі ұлттық валюталар қолданылады. Оларға номиналды, нақты, икемді валюта курстары жатады.



Номиналды валюта курсы – бұл екі елдің бір валюталарының салыстырмалы бағасы, яғни бір валютаның басқа валюта бірлігінде көрсетілген бағасы. "Валюталық айырбас курсы" ұғымы осы номиналды валюта курсын белгілеу үшін қолданылады.

Елдің тауарлар мен қызметтер экспортының артуы ұлттық валютаның шетелдегі сұранысын арттырады және елдегі шетел валютасының ұсынысын қалыптастырады.

Икемді (өзгермелі, қалқымалы) валюта курстары тұсында айырбас курсы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың еркін ауытқуы нәтижесіндегі валютаның теңдестік бағасы ретінде қалыптасады.

Нақты валюта курсы – екі елде өндірілген тауарлардың салыстармалы бағасы. Номиналды және нақты валюта курстаының арасында байланыс бар. Оны келесі формуламен анықтауға болады: ЕR = EN • (Pd / Pf)

Мұндағы, ЕR – нақты валюта курсы;EN – номиналды валюта курсы; Pd – ұлттық валютамен берілген ішкі баға деңгейі; Pf – шетел валютасымен берілген шетелдегі баға деңгейі.

14.2.2 Атаулы және нақты бағам және оларға әсер ететін факторлар

Экономистер валютаның бағамын екіге: атаулы және нақты бағамға бөледі. Оларды жеке-жеке қарастырайық.

Атаулы багам.Ол екі елдің валюталарының айырбас бағасы. Яғни жоғарыда қарастырылған бағам түрі. Мы-салы, 1 доллар — 150 теңге атаулы бағамы бойынша ха-лықаралық нарықта 1 долларды 150 теңгеге айырбастай-мыз, ал доллар алғымыз келсе, онда өр долларға 150 теңге төлейміз.

Нақты багам.Ол скі елдсгі тауар багасының қа-тысы. Басқаша айтқанда, ол бізге елдің ііиінде Іпыга-рылған тауардың бағасын басқа елдегі шығарылған тауар бағасына салыстыра көрсетеді.

Бүл екеуін келесі мысал арқылы қарастырайық. Америкалық машиналардың қүны 1000 доллар. Ал жапондық сондай машина 2,4 млн. иена түрады. Атаулы бағам 1 доллар — 120 иена болсын. Одан көріп отырға-нымыздай америкалық машина жапондық машинаның жарты бағасын қүрайды. Осыдан нақты бағамның келе-сідей формуласы ІІІығады.

Нақты бағам = атаулы багам* ((өз елінде өндірілген тауар қүны) /(шетелде өндірілген өнім қүны)).

Оны мына формуламен нақтылап көрсетуге болады.

ЕнАх(Р/Р*)

Формуладан көріп отырғанымыздай атаулы бағам ел-дің тауарларының басқа елдің бағасымен салыстырган-дағы қүнын білдіреді. Егерде атаулы багам арзан болса елдің тауарларын алу тиімді болады жөне таза экспорт көлемі өседі, оның формуласы:

NX=NX (EH)

Мүнда: NХ — таза экспорт.

Таза экспорт пен нақты бағамның қатынасын біз келесі графиктен көре аламыз

Суреттен көріп отырғанымыздай нақты бағам көлемі таза экспорт көлеміне кері пропорционалды қатынаста. Суреттегі вертикал сызықтың деңгейі таза экспорттың көлемі теріс санға ауысуын, яғни импорттың экспорттан артық болуын көрсетеді.

Бағамның экспортқа әсерін графикпен көрсетейік

Мүнда тік қисық қор мен инвестицияның айыр-машылығын көрсетеді.

Сурет – 3 Сурет - 4

15. Сауда саясаты. Сауда саясаты – бұл салық, субсидия импорт пен экспортты тікелей шектеу арқылы жүргізілетін үкіметтің бюджет – салық саясатының бір бағыты.Көп экономисттер сыртқы сауданы ырықсыздандыру жағында, олардың пікірінше саудалық шектеулер тек қана қысқа мерзімдік сипатқа ие, ұзақ мерзімде тек еркін сауда ғана экономикалық ресурстарды ұтымды орналастырып, пайдалануға ықпал етеді. Дегенмен, еркін сауданың жолында үлкен кедергілер бар. Оларға квота, тариф, экспорттық – импорттық шектеу тағыда сол сияқтылар жатады.

Тариф – бұл импортқа салынатын кедендік баж салығы. Тарифтің енгізілуі импорттық тауар бағасын дүние жүзілік бағадан арттырып жібереді, яғни Pi = Pm + Pm * Kt

Мұндағы Pi – импорттық тауардың біздің ішкі нарығындағы баға, Pm – дүние жүзілік баға, Kt – тарифтік ставка, Pm * Kt – тарифтік көлем.

Сыртқы сауданы тарифтік реттеу әдісімен қатар тарифсіз реттеу де қолданылып тұрады. Оларға сапа стандарты, санитарлық шектеу, жабдықтардың экологиялық сипатына қойылатын талап, импорттау лицензиясын шектеу, белгілі бір елдерде жекелеген өнім түрлерін шығаруға әкімшілік тыйым салу, импорттық және импорттық квота. Квота бойынша жылына әкелінетін импорттық тауардың көлеміне немесе құнына шек қойылады. Ал тариф бойынша сандық жағынан шек қойылмайды. Тарифті де, квотаны да енгізу кезінде ішкі баға дүние жүзілік бағадан жоғары қойылады, импорттық тауарлардың ұсынысы азаяды.

Тұтыну мен жинақтау.

Жиынтық сұраныс кейнстік модельде төрт компоненттен тұратыны белгілі: тұтынудан (С), жеке инвестициядан (І), мемлекеттік шығындардан (G), таза экспорттан (Хn). Осылардың арасында тұтыну мен инвестициялау үлкен мәнге ие болып табылады. Өйткені жиынтық сұраныстың 2/3-сі тұтынудың үлесіне тиеді. Сондықтан да үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары экономикалық тәртіптің маңызды детерминанты болып табылады. Тұрақты баға жағдайында тұтыну табыстан тәуелді екендігі түсінікті. Үй шаруашылықтары табыстарының бір бөлігін тұтынуға жұмсаса, қалған бөлігін жинақтайды, яғни :У = С + S

Егер тұтыну өссе, жинақ азаяды және керісінше. Жинақтау мен тұтыну табыстың көлемінен тәуелді болады. Осы тәуелділікті көрсету үшін тұтынуға деген орташа бейімділік (АРС ), тұтынуға деген шекті бейімділік ( МРС ) шамалары қолданылады.

Тұтынуға деген орташа бейімділік табыстың қанша бөлігі тұтынуға жұмсалатындығын көрсетеді: АРС = С/У

Тұтынуға деген шекті бейімділік табыс өзгерген кездегі тұтынудың қаншаға өзгеретіндігін көрсетеді: МРС =Δ C/ΔУ

Дж. Кейнс “табысы өскен сайын тұтынушы тұтынуды арттырады, бірақ тұтынудың өзгерісі табыстың өзгерісіне қарағанда кіші болады” деп есептеді. Бұл Кейнстің “Негізгі психологиялық заңы ” болып табылады.


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!