Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)






Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет



Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық жәнежергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акті.Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастардеп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, соңдай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджет-тер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды.

Бюджеттік құқық – бұл бюджеттік құрылымды ұйымдастыру кезеңінде пайда болған, сонымен қатар орталандырылған және жергілікті бюджеттерді пайдалануды қалыптасуда, бөлу және ұйымдастыруда пайда болған қатынастарды реттейтін қаржылық құқығының ерекше бөлігінің бөлімі.

Бюджеттік құқықтық пәні болып мемлекеттің бюджеттік қызметі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынас шығады, яғни ұйымдастырушылдың және материалдық бюджеттік қатынастар.

Бюджеттік құқықтың әдістері:

· Императивтік әдіс. Мемлекеттің ақшалық құралдарды бір жақты мәжбүрлік қайтару арқылы өндіріп алудағы бюджет қызметінде әдіс ең айқын көрінеді.



· Диспозитивтік әдіс. Экономикалық табиғаты жағынан немиелік болып келетін бюджеттік қатынастардың құқықтың реттеулері үшін қолданылады (мемлекеттік қарыздандырулар қатынастары мен бюджеттік несиелеу қатынастар).

Бюджеттік құқықтың мөлшерлері материалдық және ұйымдастырушылық болып бөлінеді. Бюджеттік құқықтың жүйесі екі бөліктен құралады: жалпы және ерекше.

Жалпы бөлімге келесі институттар кіргізіледі:

1) бюджеттік құрылым;

2) қаржы саласындағы басқару;

3) бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері;

4) бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері.

Ерекше бөлімге кіргізілетін институттар:

1) бюджет табыстарының құқықтық реттелуі;

2) бюджет шығындарының құқықтық реттелуі;

3) мемлекеттік несиенің құқықтық реттелуі.

Бюджеттік құқықтың жалпы бөлігінің мөлшері негізінен ұйымдастырушылық бюджетті қатынастарды, ал ерекше бөлігінің мөлшері материалдық бюджетті қатынастарды реттейді.

Бюджеттік құқық қатынастарының субъектілері:

1. Тұтасымен алғанда мемлекет;

2. ұлттық-аймақтық және әкімшілік-аймақтық ұйымдастырулар (егер мемлекет, мемлекет федеративтік болса, онда федерация субъектілерін кіргізе отырып);



3. Мемлекет үкіметінің өкілдік және орындаушы (атқару) органдары;

4. Құқықтық тұлғалар;

5. Жеке тұлғалар.

Республикалық бюджет жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды қаржыландыруға тағайындалған. Солардың арқасында мемлекет үкіметінің орталық органдары: ҚР Президенті және оның аппараты, Парламент, үкімет, Министерствалар және басқа орталық ведомстволар, сот жүйесі, еліміздің қауіпсіздігі мен қорғанысы қаржыланады, республика деңгейіндегі өндіріс және объектілер құрылысы саласындағы арнайы құрылыс бағдарламалары және тағы басқалар іске асырылады, яғни үсталады.

Жергілікті бюджеттер әкімшілік - аймақтың ұйымдастырушылықтардың керектерін қаржыландыруға тағайындалған. Солардың арқасында жергілікті өкілді және мемлекет үкіметінің атқару органдары, жергілікті деңгейде қаржыландыру қызметін жүргізушілер, халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы, үй бағдарламасы, жергілікті деңгейдегі өндіріс, объектілер құрылысының бағдарламасы және тағы басқалар іске асырылады.

2004 жылғы Бюджет кодексімен бекітілетін, түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілері жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін республикалық бюджет бағдармаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры» (1-бап).

Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттер – жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президенттің және Қазақстан Республикасы үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешілмін бекітілетің әкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары (1-тарау 10-бап). Жергілікті бюджеттер (әкімшілік – аумақтық бірліктердің бюджеттер) – облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа, қалалардағы аудандарды қоспағандағы), аудандардың бюджеттері.

ҚР Конституциясына сәйкес маслихат жергілікті бюджетті бекітеді, ал жергілікті өкілді органдар оның орындалуын қамтамасыз етеді.

Бюджет жүйесінің принциптері:

· Барлық бюджеттердің бірлігі;

· Бюджеттердің толықтығы;

· Бюджеттердің нақтылығы;

· Бюджеттердің жариялылығы;

· Бюджеттердің дербестігі.

Бюджеттің тағы екі түрі бар: мемлекеттік бюджет және облыс бюджеті.

Мемлекеттік бюджет – республикалық және жергіліктібюджеттердің олардың арасындағы өзара өтеу операциялары есептелмеген жиынтығы;

Облыс бюджетті – облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің олардың арасындағы өзара өттеу операциялары есептелмеген жиынтығы.

Қазақстан бюджеттік жүйесі барлық бюджеттердің бірлік және дербестік принциптеріне негізделген, республикалық және жергілікті бюджеттер өздері дербес қызмет атқарады.

 


Эта страница нарушает авторские права

allrefrs.ru - 2019 год. Все права принадлежат их авторам!